«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация



бет1/11
Дата27.03.2018
өлшемі1,72 Mb.
#39699
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация



7-сынып

Мазмұны

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат 3

  3. Күтілетін нәтиже 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 4

  6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5

  7. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
  1. Күтілетін нәтиже Білу:


- бастапқы географиялық ұғымдарды, атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін; адам іс-әрекертінің қоршаған ортаға әсерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, және Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, Қазақстан Респуликасының экономикалық-географиялық жағдайын, аумақтық-әкімшілік бөлінуін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.

Түсіну:


- табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің

ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін.


Қолдану:


- тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін.

Талдау:


- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми–жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның географиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.

Жинақтау:


- кесте, сызбанұсқа, хабарлама түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.

Бағалау:


- түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттамасы

Ұсынылған тапсырма түрі

Білу және түсіну

География пәнін ғылым ретінде тани отырып, осы ғылымның дамуын үлес қосқан саяхатшылар мен ғалымдардың еңбектерімен танысады, географиялық қабық және оның құрамдас бөліктері туралы білім негіздерін қалыптастырады, әлем халықтарымен, жеке мемлекеттердің орналасу ерекшеліктерімен танысады, табиғат ресурстарының түрлері мен ерекшеліктерін түсінеді, шаруашылық ұғымымен

танысады, негізгі салаларын ажыратады.



КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Саяхатшылардың жолдарын, географиялық нысандарды картада көрсетеді, кескін картада белгілейді географиялық қабықта болатын үрдістерді АКТ арқылы әртүрлі форматта көрсетеді (кестелер, диаграммалар, макеттер т.б.), дүниежүзі халықтарының тығыздығын есептейді, халықтардың нәсілдік, этникалық және діни таралу аймақтарын картадан көрсетеді, картадан мемлекеттердің орналасуына қарай бөліну түрлерін ажыратады және көрсетеді, шаруашылықтың салаларын анықтайды.

ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

География ғылымының дамуына қосқан саяхатшылардың үлесін талдап, бағалайды, географиялық қабықта болатын құбылыстардың себебі мен салдарын анықтап, алдын алу жолдарын ұсынады, халықтың қоныстануы мен тығыздығына, этнолингвистикалық және діни таралуына байланысты туындайтын мәселелерге экологиялық, экономикалық баға береді,

шаруашылық салаларын талдайды, табиғат ресурстарының қорына баға береді.



ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


    Тоқсан

    Білу және түсіну

    Қолдану

    Жоғары деңгей дағдылары

    I

    33%

    44%

    23%

    II

    40%

    40%

    20%

    III

    37%

    37%

    26%

    IV

    14%

    43%

    43%

    Барлығы

    32%

    40%

    28%
  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны -25



Тапсырманың түрлері:

КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.

Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.

Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім/Бөлімше

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма

*



Тапс ырма түрі*

Орындалу

уақыты, мин*

Балл

*

Бөлімге берілетін балл

саны

Географияны зерттеу тəсілдері

- Зерттеу мен зерттеушілер



7.1.1.1 географияның зерттеу

нысандарын анықтайды



Білу және

түсіну


1

1

КТБ

1

1

11

7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта,сурет, мәтін, фотосуреттер,

графикалық материалдар



Қолдану

1

4

ҚЖ

3

2

7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үрдістердің ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелейді: диаграмма, профиль, график

Қолдану

1

5

ҚЖ

5

2

7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан

үлесін сипаттап, баға береді



Жоғары деңгей дағдылары

1

8

ТЖ

10

6

Картография және деректер базасы – Географиялық карталар

7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді

Қолдану

1

6

ҚЖ

4

4

4

Физикалық география- Литосфера

7.3.1.1 литосфераның құрылысы

мен заттық құрамын анықтайды



Білу және

түсіну


1

2

КТБ

1

1

10

7.3.1.4 литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді

Білу және түсіну

1

3

КТБ

1

1

7.3.1.2 Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан

көрсетеді және сипаттайды



Қолдану

1

7

ҚЖ

5

2

7.3.1.3 Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг

Жоғары деңгей дағдылары

1

9

ТЖ

10

6

Барлығы
















40

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

7



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет