«Түрлі түсті өрістер« әдісі
Интерактивті оқытудың әдісі. Сабақта психологиялық ыңғайлы ортаны қалыптастыру үшін қолданылатын әдіс. Оқушы жазу жазып жатқан уақытта, өрістерді түрлі түсті қаламдармен бояп отырады және де осы түстердің маңызы жоғары: қызыл – «барлығын тексеріп, қатесін туралап беріңізші, өтініш» – деп мұғалімге сұпанады, жасыл «тексеріп, қателерімді белгілеп беріңізші, өзім дұрыстаймын», көгілдір «тексеріп, қаталерімнің санын көрсетіңіз, өзім тауып, дұрыстаймын», қара «бұл жұмысқа өте қатты қарамаңыз, мен оны асығыстықта жаздым» және т.с.с.
Мысалы. Бұл әдісті орыс тілі сабағында қолдануымға болады. Диктант немесе бақылау жұмысын жазғанда, қателермен жұмыс жасағанда қолданылады.
Дереккөз: электронное периодическое издание «Эффективные образовательные технологии». Выпуск 1. 2008 г. Главный редактор, д.п.н. профессор Гузеев В.В Дистанционные технологии и обучение
"Телеграмма" әдісі
Сипаттамасы: субьективті тәжірибені қалыптастыратын әдіс.Өте қысқа жазба.
.Мысалы.Тілек сабағында ең басты не ұқтын соны қысқаша жазып көршілес партадағы балаға беру (алмасу).Телеграммаға шығарма авторына тілектер,лирикалық өлең шумақтарындағы кейіпкерге тілек жазу.Өзіне, сабақта оқығанның тұрғысынан тілек жазу және т.б.
Дереккөздері: Методы и приемы актуализации субъектного опыта учащихся на уроках литературы. Панова Т.С. Российский общественный портал.[17]Российский общественный портал".
«Уақыт ішіндегі ойлар» әдісі
Рефлексивті әдіс.Мұғалім жасырын сөз қояды,яғни ол тақырыпқа тығыз байланысты болады.1 минуттың ішінде қатысушылар жасырынған сөзге байланысты бастарына қандай ой келеді соны жазады.Уақыт өткеннен кейін оқушылар өзі туралы жазбаларды оқиды.Сосын ойша келесі сұрақтарға жауап береді.
Неге мен дәл осы сөздерді жаздым?
Мен осы сөздерді жазғанда не ойладым?
Мен жазбаларда нені өзгерткім келеді?
Менің жазғандарымның мағынасы бар ма жоқ па?
Достарыңызбен бөлісу: |