География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе



бет18/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

Дамытушылық мақсаты оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге уйрету экологиялық сауаттылыққа бағдарлау
Газет материалдары, қорықтар, табиғат жайындағы әр турлі әдеби кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қабырғаларда нақыл сөздер, кестелер ілінді.
Сабақ барысы.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірген соң қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі ластануы мен одан қорғау жолдары жөнінде қысқаша әңгімелейді.
Конференция оқушылардың әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып дайындаған қызықты баяндамаларымен жалғасты. Мысалы, «Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары» жөнінде бір оқушы қазақ жеріне көмек керек екеніне, полигондардың зиянын, олардың тез арада жабылуы қажеттігіне тоқталды.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыруды өрістетуді міндеттегені баршаға аян.
Ауданымыздағы экологиялық ахуалды сауықтырып, турғындардың денсаулығын жақсартудың маңызды шараларының бірі - елді мекендерді көркейту, көгалдандыру.
Ата-бабамыз айтып кеткендей, "Ана көркі - алдындағы баласы, жердің көркі - желкілдеген ағашы". Олай болса, туған өлкемізді жасыл желекке бөлеу - өзіміз үшін де, өзгелер үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де улкен міндет. Себебі бір түп жасыл желектің өзі ауаны тазартып, оның ылғалдылығын арттырып, шуды азайтып, елді мекенді желден, құмнан, ыстықтан, суықтан, тұзды-шаң, улы газдардан сақтап, ауаны оттегімен қамтамасыз етіп отырады.
Адамның табиғатты өзгертуі қауіпті жағдайға айналып отырған кезеңде атамекенге қамқорлық қажет-ақ. Әсіресе, қуаңшылықты, экологиясы нашар біздің мекен ететін аймағымыз үшін қою көлеңкелі ағаштарды егу өте қажет.
Мен өзімнің туған мекенім Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне физ-географиялық сипаттама беріп, экологиялық ахуалына тоқталып өтейін.
Әйтеке би кенті - Қызылорда облысындағы 71 мың халқы бар 8 аудан орталығының бірі. Теңіз деңгейінен - 63 метр. Қайназой дәуіріндегі антропоген жуйесінің қазіргі шөгінді жыныстарының бетінде орналасқан.
Мезозойға дейінгі фундамент 500 метр тереңдікте орналасқан жерасты суының орналасу тереңдігі - 2 метр. Жерасты суы Қызылқум артезиан бассейніне жатады. Өзен аңғарлық террасада орналасқан. Жыл ішінде күннің түсу ұзақтығы 2900 сағат. Желдің соғу жылдамдығы 4-4,5 м/сек. Қаңтар айының орташа температурасы - 12°, абсолюттік минимум - 42°. Шілде айының орташа 1°-ы +26° аб. мин. +46°. Атмосфераның қурғақшылық орташа 85 см-ді құрайды. Қар жамылғысы 104 тәулік жатады. Бұрқасынды күндер 10 тәуліктен жоғары. Көктемде жергілікті ағынды және тұйық сулардың, қар, жаңбыр, грунт суларының есебінен судың деңгейі жоғарылап, топырақ туздылығы артып, тұзды көлшіктердің саны артады да, тұздар физикалық заңдылыққа бағынып, кристалдық структураға ие болып, жер бетіне шөгіп, көктем мезгілінде егілген ағаштың жас көшеттерінің 70%-ы өспей қурап қалады немесе жапырағы сарғайып, өсуі баяулап, вегетациялық дәуірін тоқтатады, әрі кеткенде 1-2 жылда қурап қалады.
Сондықтан, Әйтеке би кентіндегі топырақты сорланудан арылтып, ағаш түрлерін, әсіресе, қою көлеңкелі, тік тамырлы ағаштарды егіп көркейтудің бір жолы - топырақты жасанды жолмен құнарландыру, яғни, ағаштың өсуіне жағдай жасау, Әйтекеби кентін жасыл желекке айналдыру.
2007 жылғы ақпандағы Президентіміздің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында көтерілген бәсекеге қабілеттілік идеясы ел дамуының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар әлемдік жағдайда да ең басты идеяға айналды. Мұнда бастапқы және орта білім беру жиынтығын, кадрларды даярлауды дүниежүзілік стандартқа жақындату мақсатында Қазақстанды жан-жақты модернизацияландыру үшін негізгі бағыттар анықтап көрсетілді.
Білім беру қызметінің негізгі мақсатының бірі - жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және бас буын өкілдерін кәсіпке баулу. Бұл азаматтардың білім шамасының нығаюына әкеледі. Қазақстанда 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" заң көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Бірақ, сегіз жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Біздің қоғамымыз бүгін үдеулі қарқынмен дамып келеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға аса үлкен, маңызды мақсаттар қойып отыр. Сондықтан "Білім туралы" жаңа заң қабылдау уақыт талабы болды.
Жаңа заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі - біраздан әсері сөз болып, іске аспай келе жатқан педагогика қызметкерлерінің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Қабылданған жаңа заң білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының түгел білім алуына қатысты конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді. Оқыту сапасының ұлттық жүйесін дамыту нормаларын және әлемде мойындалған қоғамдық кәсіби аккредиттеуге сәйкес білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттау тәртібін де қамтиды. Заңнамалық деңгейде 12 жылдық орта білімге көшу қамтамасыз етілді, оның құрылымы да анықталып берілді. Жаңа нормаларына сәйкес Қазақстанда төрт деңгейлі оқыту жеті деңгейлі білім жүйесіне (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізілді) алмастырылады. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, олардың жеке адамдар арасындағы және этнос аралық қарым-қатынастарда жоғары мәдениеттілігін қалыптастыруға, тұлғанын ізін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады. Сапалы да жан-жақты білім алуда жаңа кепілдіктер белгіленді. Оқытуда жаңа технологияларды, оның ішінде жоғары оқу орындарында несиелік технология мен қашықтықтан оқыту негізделді. Пәнаралық оқыту мен сабақ беру тәсілі туралы көп айтылып келді. Бұл көбінесе сабақ берудегі қайталауды жою көзқарасы тұрғысынан қаралатын. Қазір бұл мәселе де шешімін тапты. Осы заңға сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде ықпалдастырылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Олар пәнаралық, деңгей аралық, жоғары оқу орындары аралық, халықаралық жоғары оқу орындары ғылыми білім беру және инновациялық қызметті нақты біріктіруге мүмкіндік беретін инновациялық білім беру бағдарла-маларын іске асыруға бағытталатын болады. Мұндай оқу орындары инновациялық университеттер болып аталады. Білім беру мониторингінің нәтижесі негізінде білім беру сапасын басқару алғаш рет енгізіліп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет