География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе



бет19/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

Қорытынды.

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейіигі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы "Балаларды табиғатпен таныстыру" бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі үғым-түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау — экологиялык тәрбие жұмысымен үштастырылды.


Экологиялық тәрбие — жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым-қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағаштардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

  • табиғаттағы әр түрлі окцғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;

  • балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ак, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;

  • табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;

  • табиғатпен тілдесу, әсемдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау бакылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, колға үйрету мен белгілі бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;

  • тәжірибе жасау-бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабактасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

  • тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгімеге диалогқа қатысу;

  • табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;



бақылау — өз бетінше танымдык іс-әрекеттерін дамытумен бірге
табиғат туралы жәие табиғаттағы адамдардын іс-әрекеттері жөнінде
мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды суреттерді
тамашалау, шағын шығармалар оку балалардын табиғат жөніндегі қалыптасқан тусініктерін айқындайтын және жаңа мәліметтерден хабардар болуға ықпал ететн іс-әрекет түрлері.
Баланын табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп. қабылдау дағдысы өзнен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологилық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танытып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін камтамассыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
“Тіршілік иелерінің өміріне қажетті жағдайларды туғызу және қолдау әдісі” балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі
саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және
оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету -осы әдіс түрінің тәжірибе мен модельденген іс-
әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ак, заттарды күтіп-
баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті,
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау — табиғатты сезімдік тұрғыда тану әдісі максатқа бағытталған қабылдау сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен. қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзак мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тән болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады осынау, әсерінен баланың дүние танымы кеңейіп қоршаған ортаға деген өзіндік көзкарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі-экологиялық тәрбие жүйесінде өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланысты алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары баладардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежеде рухани байлық көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым калыптастырады.
Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай "табиғатты бейнелеу әдісінен" "сөздік-әдеби әдісін" өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызметті атқарады. Мәселен, "диалог" түрінде (әңгімеде, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. "Монолог" арқылы (мұғалімнің әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімнің жаңа саласына енеді.
Тіл дамытудың үшінші формасы өте маңызды. Онда балалармен белгілі бір ой жүйесіне негізделіп құрылған әңгіме барысында баланың табиғатпен байланыс жөніндегі түсінігі қалыптасады. тіршілік объектісінің өмір сүру ортасына тәуелділігі, құбылыстардың заңдылықтарын түсіне білуі жүзеге асырылады. Осындай әңгіменің көмегімен балалар табиғат құбылыстарын түсінудің жаңа деңгейіне көтеріледі. Бұл экологиялық ойдың, экологиялық сананың қалыптасуының бастауы болып табылады.
Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынамыз:
балабакшаның немесе мектептің, туған қаласының орнын кар-
таға белгілеп, тәрбиеші көмегімен желімдеу;

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет