География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе



бет20/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

теңіздер мен мұхиттар жөнінде карапайым тусініктер беру;

  • өздеріне таныс қалаларды үлкен жолаушалармен белгілету;

    таныс немесе балалар өздері білетін жануарлар мен өсімдіктер
    түрлерін белгілеу;

    экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу.
    Картамен жүргізілетін мүндай жүмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын таныпбілуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, қүрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде өзінің ой-пікірін айтуға дағдыланып, белгілі бір тұжырым, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.
    Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жердегі экожүйелерге, орманға, жорықтарға шығу, көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру — экологиялық-сауықтыру мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл-қозғалыстарын бақьглайды. Тіпті тірі табиғатпен осылайша өзара қарым-қатынас жасау балалардың табиғат аясында тәртіп нормаларын сақтап, мәдениетті демалуға үйретеді.
    Жоғарыда үсынылған әдіс түрлері тек шартты түрде ғана теориялық топтарға бөлініп бөршіп отыр, ал оларды балалардың күнделікті іс-әрекетінде орынды пайдалана білу, белгілі бір нөтижеге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздардан кәсібіне сәйкес білімділікті, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуді талап етеді.
    Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында "Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үндеуіне шанысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік, дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады" деп атап көрсетілген.
    Иә, кай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті іскер де белсенді адамдар. Сондықтан да коғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу - ең маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының "Білім туралы занында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны мәлім. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу кажет.
    Табиғатты корғау - ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізі міндетті орындауды борышым деп білсе, табиғат артық ысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды.
    Табиғатты корғаудағы мақсаттың өзі, бір жағынан, табиғаттағы барды көбейту, жойылып азайғанның орнын толтыру болса, екіншіден, коғам мен мемлекетке керектігін пайдаға жарату. Алайда табиғаттан алу үшіп оның барын сақтау, көбейту, еселендіре түсу жағы ескерілуі тиіс.
    Экология - (грекше "oikos" - үй, мекен жай және "logos" - зерттеу) барлық тірі ағзалардың бір-бірімен және олардың сыртқы ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Бұл терминді 1866 жылы ұлты неміс австриялық ғалым Эрнст Геккель ұсынды. Экология ғылым ретінде XX ғасырдын басында ғана жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шықты, дегенмен де тек биология ғылымының саласы ғана болып отыр. Айналадағы барлық дүние "табиғат" деп аталады да, "экология" тек ғылыми ұғым болып табылады.
    Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзкараспен қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілігін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты калыптастыруды айтамыз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет