География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе



бет17/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

III. Жаңа сабақты қорытындылау:
Арал, Балхаш, Каспий теңіз-көлдерінін экологиялық проблемаларына тоқталып өту.
IV. Окушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма: кайталау.


3.


3.1. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын . оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгсршілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдык пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.
Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.
Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.
Осындай ұлттық дәстүрімізге негізделген табиғатқорғау жұмыстарын біраз уақыттан бері экологиялық үйірме арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл үйірме жұмысына оқушылармен қоса сынып жетекшілері, ата-аналар да атсалысуда.
Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №151 орта мектепте экологиялық тәрбиеге байланысты «Қазақстандағы экологиялық жағдайы нашар «катерлі нүктелер атласы» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында үш ашық іс -шаралар көрсетілді: Мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманғалиева Гүлзина Абдоллақызы «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты сыныптан тыс іс-шара және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Проводникова Светлана Ивановна мен география пәні мұғалімі Қошқарбаева Ғалия Елтайқызы «Өз планетанды сақта! Өз республикаң Казақстанды сақта!» атты экологиялық кеш дайындап, «Экологиялық білім — білім беру жүйесін жетілдірудің приоритеттік бағыттарының бірі» деген тақырыпта баяндама жасады. Семинар соңында іс-шаралар талқыланып қорытындыланды. Семинарға қатысушылар №151 орта мектепте окушылармен экологиялық тәрбие беру жұмысы талапқа сай деген шешім кабылдап, семинарды өз мақсатына жетті деп таныды.
Өзім дайындаған «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты іс-шараға тоқталып өтейін. Мен осы мектепте қазақ тілінен тіл ұстартудан үш қазақ сыныбында аптасына 1 сағаттан сабақ беремін. Семинарға неге қазақ сыныптарын қатыстырмасқа деген оймен 5е, 6е,7д қазақ сыныптарының окушыларымен дайындыққа кірістім. Жалпы біздің мектеп аралас мектеп деп саналғанымен, (50 сыныптың 7-і ғана қазақ сыныптары). Бұл дайындық зая кеткен жоқ, қатысқан қонақтар ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. «Жер тағдыры — ел тағдыры» тақырыбын алудағы басты мақсат оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру еді. Іс-шара мынадай жоспар бойынша жүргізілді.
1. Табиғат — тіршіліктің көзі. Экологиялык білім жайлы кіріспе.
а) Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы. ә) Қоршаған ортаны корғаудың жолдары

  1. Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі а) Қазақстан қалаларының экологиясы

  2. Табиғатты қорғау — салт-дәстүрлерімізден

4. Қорытындылау. Табиғатты қорғаудың маңыздылығы
Көрнекілік: . Нақыл сөздер, адамдар, тағыларға жем етпей, Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар С. Мәуленов

  1. Рефераттар: «Табиғаттағы тіршілік», «Көгалдандыру, ағаштар мен бұтақтар», «Табиғатты қорғаудағы міндеттеріміз» т.б. Қызыл кітап, Қазакстанның флорасымен фаунасы.

  2. Қазакстанның картасы «Қатерлі нүктелер».

4. Оқушылар шығармашылығынан суреттер, табиғат, туған ел туралы ән. 5. М. Макатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс.
6. «Заманазапыраны» (Семей полигонынан зардап шеккендерге арналған стенд).
7. Семей ядролық полигонының жабылу тарихы Олжас Сүлейменовтін сөйлейтін сөзі. Назарбаевтың полигонды жабуға байланысты қаулысы (деректі фильм). Қазакстанның Қызыл кітабына кірген кұстар мен жануарлар суретінен стенд.
1-шара экологиялық білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы «қатерлі нүктелер» туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы «Полигон зардабы» деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің «Семей —Невада» қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді
Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты ақынымыз Мұқағали Макатаевтың «Аккулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның окушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамнын табиғатқа деген қарым-қатынасы ананың әлдиімен құлаққа сіңгенін, табиғаттың сұлулығын сақтай білу, одан рахат алу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау еңбасты мақсатымыз бен парызымыз болуы керек екенін ұғынды.
3.2. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру.


Жер ғаламшары Күн жүйесіндегі ең сулы ғаламшар, біздің ғаламшардағы су қоры шамамен 1500 миллион шаршы шақырым. Бұл судың көп бөлігін суы ащы мұхиттар мен теңіз сулары құрайды, тек екі пайыздайы ғана тұщы судан тұрады, Су адамзат өмірі мен қоғамында өте маңызды рөл атқарады. Белгілі ғалым В. И. Вернадский судың маңызын айта келе, «бір тамшы суда барлық химиялық
элементтер бар» деген екен. Ғалымның бұл көрегендік болжамы казір толық дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде ірі өндіріс орындарының күрт дамуы, өндіріс үрдісінде олардан бөлінетін улы заттар өзен, көл, теңіз, жер асты суларының ластануына әкеліп соқтыруда. Ал судың ластануы әр түрлі ерекше аурулардың тууына себепші болып отыр. Мысалы, Жапонияда «Тиссо» химия бірлестігінің тазаланбаған өндіріс қалдығын Миномата бұғазына жіберу салдарынан миномата ауруы таралып отыр.
Бұғаздан ұсталған балықты тағамға пайдаланудан адам бірнеше жыл бойы төсек тартып жататын жоғарыдағы ауруға шалдығады.
Судың қолданылмайтын жері жоқ. Әр адамға пайдалану үшін күніне екі литр су жеткілікті. Ал өндірісте, ауыл шаруашылығында су әлдеқайда көп қолданылады. Мысалы, 1 тонна шойынды қорытып, болат прокатқа айналдыру үшін 4000 м3, 1 тонна мыс үшін 500 м3, 1 килограмм резина жасау үшін 3500 м3, 1 тонна мақтаға 10000 тонна, 1 тонна бидайға 1500 тонна су жүмсалады екен.
АҚШ-тағы барлық көлдердің 2/3-сі. өндірістен түскен химиялық заттардың әсерінен түгелдей іске жарамсыз болып немесе істен шығуға жақын тұр. Дүние жүзінің дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттері — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италияға шектесетін теңіз жағалаулары адам айтқысыз ластануда. Францияның өнеркәсіп орындарынан өзендерге жылына 6 миллион тонна керексіз зиянды заттар төгіледі.
Шет елдерді айтпай-ақ өз өңіріміздегі өзен-көлдердің экологиясына көңіл белейік. Еліміздің Оңтустік Қазақстан облысының Оңтустік бөлігін киелі Ордабасы ауданы алып жатыр. Ауданңың халқы 77,6 мың адамнан астам (1994 ж.) Орталығы — Темірлан селосы. Аудан солтүстігінде Түркістан және Алғабас аудандарымен, батысында Қызылқұм және Арыс, ал шығысы мен оңтүстігінде Сайрам аудандарымен шектеседі. Аудан релефі Сырдария алды үстіртіне жатады. Солтүстік шығысында Қаратау жотасында 1000 — 1800 метрдей шектесіп жатыр. Ал оңтүстік-батысында Қаратау, Сырдария өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ауданның езендері Арал теңізі бассейініне жатады және Сырдария мен Шу өзендерін салаларымен біріктіреді.
Басты өзендері — Бөген және Арыс. Осы екі езенге Бадам, Бөржар, Боралдай, Шұбарсу салалары қосылып жатыр. Арыс езені облыс аумағындағы Сырдарияның оң жақ үлкен саласы. Ал Бөген езені Сырдария езеніне тек суы көп болған жылдары жетеді. Ол көлдік жүйемен аяқталады.
Топырақ жамылғысы негізінен кәдімгі оңтүстік күлгін топырақтан тұрады, Топырақ. жамылғысы топырақ қалыптастырушы түрге және ылғалдану жағдайына байланысты бірнеше генетикалық түрге бөлінеді. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды батпақты топырақ таралған.
География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ ұйымдастырдым.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және қызықты деректер келтіру арқылы пәнге қызықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет