География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі. Жоспар. Кіріспе



бет3/6
Дата10.07.2017
өлшемі1,22 Mb.
#21034
1   2   3   4   5   6






Пән

Бағдарлама бөлімдері

Экологиялық білім мен біліктіліктер







Гидроефера

Адамның шаруашылық іс-әрекеттеріңің- нәтижесінде су қасиетінің өзгеруі. Ластаушыларды тасымалдауда мүхиттық ағыстардың рөлі. Материктердің ішкі суларың пайдалаиуда экологиядық зардаптардың байқалуы, олар-ды ескерту. Суды қорғау шараларын жүзеге асыру.







Атмосфера

Қалаларда ауа-райының өзгеруі, ластаушылардың желмен тасымалдануы. Шаруашылық іс-әрекеттің климатқа әсері. Атмосфераны қорғау шараларын жүзеге асыру.







Бирсфера

Биосфера мен адамның өзара әсері. Сирек және жойылып кету түрлері. Биосфераны қорғау шараларын жүзеге асыру.







Табиғат

Табиғат кешендерін адамның өзгертуі.







кешендері

Өз жерінің табйғат кешенінің шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде өзгеруін болжау, қолай-'"" сыз зардаптарды болдырмау. Экскурсия ауданының табиғат кешендерін қорғау шараларын дайындау.

2.

Материктер

Жер

Географиялық қабатта адам мен табиғаттың




мен

табиғатының

өзара әсер етуі. Географиялық қабаттың




мүхиттар

басты ерек-

экологиялық жағдаиын зерттеу.




географиясы

(7-сынып)

шеліктері

5-6 сыныптардың білімін жүйелеу..




Мүхиттар

Мүхиттар экологиясының ерекшеліктері.










Адамның мүхиттағы іс-әрекеті және сонымен байланысты экологиялық проблемалары, теңіз балық кәсіпшілігінің, теңіз көлігінің, теңіз аймағының рекреациясы, табиғат ресурстарының










өндірілуі. Мүхиттарды қорғауда халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдеу.







Африка

Экватррлық-тропикалық экожүйе жағдайында







Австралия

адам мен табиғаттың өзара әрекет ету ерекшелігін анықтау.







Оңтүстік

Оңтүстік материктердің экологиялық проблема-







Америка

лары. Оңтүстік материктерде тиімді және тиімсіз табиғатты паидаланудың мысалдары. Жеке территориялық табиғат кешенін ұтымды пайдалану және табиғатты қорғау шараларын дайындау..







Антарктида

Дүйиежүзілік экологиялық проблемалардың материктегі іздері. Табйғатты пайдалану мен қорғау ісінде дүнйежүзілік ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдеу.







Солтүстік

Тундра, тайга, аралас ормандар табиғат аймақ-







Америка,

тарыңда эколотиялық проблемалардың байқа-







Еуразия

луы (шығуы), олардың ёрекшеліктері. Әлеу-меттік-экономикалық дамуы әр түрлі деңгейдегі елдерде экологиялық проблемалардың пайда болу еебептері және шешу жолдарынқарас-

——







тьіру.-




География-

5-7 сыныптардағы экологаялық білімді жинақ-







лық қабат

тау курсы. Өз жерінің территориялық табиғат










кешенін қорғаудың проблемаларын шешу.





Пән

Бағдарлама бөлімдері

Экологиялық білім мен біліктіліктер

1.

Қазақстан-

Кіріспе.

«Табиғат - адам - өндіріс» жүйесінде геогра-

ның физика-

Табиғатты

фия және экологияның рөлі, Қазіргі география

лық геогра-

пайдалану

мен экологияның негізгі даму бағыттары, эко-

фиясы

негізі және

логиялық зерттеудің әдісі. Географиялық орта.

(8-сынып)

табиғатты

Адам денсаулығының қоршаған ортаға тәуел-




қорғау

ділігі. Табиғат ресурстары және оларды қорғау




жүйесі

тәсілдері. Антропогендік ландшафтар. Ласта-нудың негізгі кездері және оларды жіктеу. Табиғатты пайдалану. Табиғй ортаны оптимал-дандыру және қорғау. Табиғатты қорғау қүжаттары. Қорғалатын табиғи территориялар. Жеке табиғатты қорғау тәртібінің естелігін дайындау.









Қазақстан-

Табиғаттың кездейсоқ құбылыстарьі және олар-




ның табиғат

ды адамның жеделдетуі. Эрозияның үдеуі.




жағдайлары

Жер қойнауын қорғау және қалпына келтіру.




және

Адамның климатқа әсері. Климат және адам




ресурстары

денсаулығы, Негізгі атмосфераны ластаушылар және оны қорғау шараларын жасау. Су ресурстары, оларды пайдалану. Негізгі ластаушылар. Пайдалану және қорғау проблемалары. Суларды қорғау. Жер ресурстары. Эрозия. Топырақты қорғау және мелиорация. Адам және биосфера. Биоресурстардың үдайы өндірілуі және қорғау жолдарын қарастыру.







Қазақстан

Аймақтық экожүйелерге адамның әсері және




территория-

олардың экологиялық проблемаларының ерек-




сының

шеліктері. Аймақтық экожүйелерде табиғатты




табиғат

пайдаланудың тиімді жолдарын ұйымдастыру.




кешендері

Шаруашылық іс-әрекеттердің зардаптарын анықтау шамасы және оларды өз жерінде брлдырмаудың шараларын дайындау.



Оқушылардың табиғатты қорғау қызметін жетілдіру, сол арқылы жогарғы сынып оқушыларының экологиялық білім деңгейлерін одан әрі жетілдірумен, қосымша білім берумен тығыз байланысты.

Бұл мәселеде облыстық (аудандық) балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтарындағы мұғалімдердің қосымша білім кызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша то-лық анықталды деуге болады, өйткені экологиялык жағдайларға байланысты туындаған қиыншылықтармен күресу жекелеген адамдар арасында осы мәселені теріс түсінушілермен жұмысты бәсендетуге болмайтындығын дәлелдеп отыр.

Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) 80-жылдардағы көрсеткіштері бойынша адам денсаулығының 20 %-ы қоршаған орта жағдайынан (экалогия), 50 %-ы салауатты өмірде кездескен жағдайларға байланысты және тек 10 %-ы денсаулық сақтау қызметінің даму деңгейінің төмендігінен екендігі анықталды. Жарақаттанғандар мен ауруларды құтқаруда» дицинаның ролі жеткілікті болғанымен,өкінішке ораи жалпы денсаулық сақтау мәселесінде оның ықпалы болып отыр.

Қазіргі экологиялық баспасөз мәліметтер Тәуелсіз елдер достастығы аймағы бойынша алып карайтын болсақ, 2005 жылға қарай экологияның адамға әсері мынадай тұжырым жасалынып отыр: экологияның адамға әсері 40 %-ға дейін өспек, ал тұқым қуалашылық мәселесінің келеңсіз жайттарына сай тұқым қуалау факторының әсері 30 %-ға дейін өседі. Осы айтылған деректерге сүйене отырып, өз денсаулығының 25 %-ға, ал медицинаның өмір салты әсерінің 5 %-ға кемитіндігін болжай аламыз.

В.Вернадский адам мен табиғаттың бірлігі идеясын дамыта отырып, басқа әлем кабаты туралы армандап, жалпы айналаны қоршаған ортанын ерекшелігі туралы ілімді дамыта түсті.

Ю.Горский мен басқа авторлар экологиялык жағдайды шешудің жолдарын былайша түсіндірді қоршаған ортаны корғау және оны қалпына келтіруді басты мақсат еткен біртұтас дүние жүзілік


ұйым құру және планетарлық жүйені орталықтандыру табиғатты корғауды әр жеке адамның ісіне айналдыру, осы бағыттағы ұлттық-мемлекеттік білім беруді жетілдіру ақпараттық өркениетті қалыптастыру, яғни ақпараттың даму, өмір сүру, басқару үрдістерінде басқа да байлықтар сияқты роль атқаруы керек.

Бұл ғылыми қорытындылармен басқалар келіспеуі де мүмкін, бірақ үшінші мыңжылдыкқа қадам басқалы тұрған жас ұрпақ өкілдерімен жұмыс жасап жүрген ұстаздар қауымы үшін бұл қоршаған ортаны корғауды одан әрі жетілдіру, өз өмірін рухани жағынан жаңарту дағдыларын ұйрету мен қалыптастыру қызметінде өскелең ұрпақпен жұмыс жұргізудің негізі болуы тиіс.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебиеттермен танысу біздің болжамдарымызда дәлелденгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің ісқимыл бірлігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы — бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек жоғарғы сынып оқушыларымен жүйелі түрде жұргізілген экологиялық туристік-өлке-тану қызметі арқылы ғана. қол жеткізуге болады.

Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердін өзара байланысы қажеттілігін осы бағыттағы әдебиеттерге жасаған талдауларында көптеген көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы халық ағарту ісінің ұйымдастырушылары С.Т Шацкий, А.С.Макаренко, А.ВЛуначарский, ТА.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп береді.


2.3. Қазақыстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы және дүние жүзі экономикалық география курстарында

экологиялық тәрбие беру тәсілдері.

Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқарас пен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, оқушылардың білім сапасын жетілдіруді талап етуде. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді. Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, экологиялық, отаншылдық, эстетикалық бағытта тәрбиелеу қажеттілігі айқындалуда.



Ел Президенті Н.Назарбаевтың "Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын суюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды да, қадірменді парызы" деген сөздері жалпы білім беретін мектептердің жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы мақсаттарымен сабақтасып жатыр.

Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы табиғи қорларға бай ел, олай болса, қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғаттың аялайтын ұрпақ тәрбиесі мен біліміне көбірек көңіл бөлу қазіргі өмір талабы. Дүние жүзіндегі барлық халыққа деген сүиіспеншілік пен құрмет сезімін, олар атқарып жатқан ұлы істерге белсене араласу үшін туған елге деген патриоттық сезімде тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін дамытумен тікелей байланысты.

Жалпы білім беретін мектептегі география пәндері бойынша сабақ беру оқытудың әдіс-тәсілдері кунделікті өмірдегі талапқа сай жаңаша болуды қажет етеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, әрбір тақырыпқа және әр сынып оқушыларының жас шамасына қарай физиологиялық талапқа сай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік гео-графиясын оқып-үйрену өз Отанымыздың, өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын, халқын, оның экономикалық-экологиялық пробле-маларын терең білу ушін қажет. Бұл экономикалық-экологиялық географияның күрделі мәселелерін дұрыс талдауға, республикамыздың халық; шаруашылығы мен тыныс-тірлігінде болып жатқан экономикалық өзгерістердің мәнін түсінуге, табиғат және еңбек қорын орынды әрі: тиімді пайдаланудың маңызын саналы түрде аңғаруымызға көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік география ұдайы екі жақты байланыста адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуін зерттейді, табиғат жағдайлары мен байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді. Мәселен, табиғат байлықтары қандай, олар қайда орналасқан, оларды қалай барынша тиімді пайдалануға болады, адамның шаруашылық әрекеттің айналадағы ортаға қандай әсері бар, табиғат жағдайларының жиыны адамға, оның өмірі мен еңбегіне қалай әсер етеді? - деген сияқты сұрақтарға жауап береді.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша жаңа мағлұматтар әр түрлі деректер, статистикалық мәліметтер үнемі қажет. Сондықтан, география сабағында жаңа ақпараттар пайдаланып, интернет жүйесін техникаға сүйене отырып жүргізу, сабақты әр түрлі тәсілдермен түрлендіру қажет. Оқушылар үшін жаңалықтар, жаңа мағлұматтар мұғалімнің әңгімелесуі арқылы ғана емес, өз бетінше жұмыс жасау арқылы да беріледі.

Қазақстанның экономикалық саласында жаңа қолданып жүрген термин сөздерді, жаңа экономикалық ұғымдарды география пәнінде де пайдалану қажет.

Білім берудегі басты міндет - география пәнін оқытуда әдістемелік жұмыстарды қамтамасыз ету, жаңа талапқа сай, шеберлікті арттыру болып табылады. Оқушының қажеттілігі мен қабілетін үздіксіз дамытуда, жаңа технологиялық үлгілерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, соның ішінде тек оқулықпен ғана шектелмей, техникалық құралдарды, слайдфильм, диафильм, видеофильмді, электрондық оқулықтарды пайдалану жас ұрпақтың нәтижелі білім алуына көмектеседі.

Оқушыларға берілетін барлық оқу-тәрбие жұмыстары сабақ үрдісінде жүзеге асатындықтан, мұғалімнің сабақ барысында алға қоятын негізгі мақсаты - оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сондықтан да мұғалім жан-жақты ізденіп, қазіргі заманғы озық тәжірибелер негізінде сабағын түрлендірсе, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазіргі уақытта адамзат экологиялық қиын жағдайда тұр, ал оны дұрыс шешу үшін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы аса зор.

Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, коршаған ортаның ластануы Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.

Аралдың апатты жағдайға ұшырауы, т.б. су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәсслелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттык бағдарламалардың бірігуіне әкеледі.



Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық апатқа әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік - мемлекет аймақтарының стратегиялык міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді.

Ең бастысы, экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі.

Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі - қоғам мен экомомиканың даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі.



Тұрақты даму ұстанымдарында экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың құнарлығы, таза ауа, белгілі климат, азондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік басқару және табиғатты пайдалану саласындағы барлық мамандардың экологиялық дайыңдығының санасы маңызды деңгейде анықталуы тиіс.

XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар, білімді өзгертудің негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді.

Экояогиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына негізделген: — табиғи ресурстарды унемдеу;

қоршаған ортаның ластануын тоқтату;
— табиғи экожүйені сақтау;

- қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;

қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу, толық дайындықты қалыптастыру;



ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асыру және біріккен табиғатты қорғау- әрекеттерін жүргізу.

Экологиялық білім беру - ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың мүддесі мен қажеталігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам өмірінің жоғары бағалануы, ақпараттық-экологиялық қоғамның жүзеге асырылуы.

Экологиялық білім дегеніміз - үздіксіз оқу үрдісі және ғылыми-тажірибелік білім мен іскерлік Жүйесін қалыптастыруына бағытталған. Сонымен қатар ол тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің, экологиялық өмір салтын қалыптастырудың, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтынудың, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібінің құндылық бағдарлары болып табылады.



География — тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларға оқығанын көзбен көрсететін, табиғи зандылықтарды ұғындыратын бірден-бір ғажайып пән. Сондықтан сабақта топырақ туралы өткенде, табиғатқа саяхат жасап, (көктемгі, күзгі саяхат),топырақ қабаттарын көріп, оны зерттеу үшін арнайы шұңқырларды (шурфтар) қалай қазу керек екенін мұғалім өзі жетік білуі шарт. Бұл сабақтың оқушыларға өз беттерінше физикалық географиядан алған теориялық білімдерін өзіндік жұмыстармен ұштастырып, экологиялық тұрғыда саралап, талдап және корытынды жасай алуларына үлкен көмегін тигізеді. Экологиялық бағытта орындалатын өзім жүргізген бұл жұмысты әріптестеріме ұсынып отырмын.

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың дүние-танымын кеңейту, географиялық қызығушылығы мен ғылымға деген ынтасын, зерттеу, тәжірибе жасау және қорытынды шығара білуге кабілетін дамыту.

Білімділігі пәнаралық байланысты ұштастыра отырып, теориялық білімін дамытып, аралай және нақтылай түсуге, өздері қорытынды жасап талдай білуге баулу.

Тәрбиелілігі табиғатты сүюге, тірі денелерге, қоршаған ортаға ұқыпты қарап, оларға деген сүйіспеншілігін оятып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және эстетикалық, экологиялык-экономикалык тәрбиені үнемі басшылықта ұстау.

Сабақтың түрі: дала жағдайындағы орындалатын өзіндік жұмыстар. .

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: шағын қайла, үшкір басты күрек, дәптер, қарындаш, қаламсап, шағын қорапша, жиналмалы метр, сызғыш және целлофан қалталар.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет