«Географияны оқыту әдістемесі» пәні



Дата17.02.2017
өлшемі134,54 Kb.
#9601
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

«Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Семей 2014ж
Студенттің өздік жұмысын сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 4 курс 5В011600 «география» мамандығының студенттеріне арналған

Тарих және география кафедрасы

Құрастырған: ___________________________________________

1.Тақырыбы: География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану

Сабақтың мақсаты: География сабағында топсеруен ұйымдастыру жолдары мен оның түрлерінің ерекшеліктерін сипаттама беру.
Негізгі сұрақтары:
1. Туристік өлкетану материалдарын пайдалану ерекшеліктері

2. Топсеруен – мектептегі география оқыту формалары


Тапсырма: Экскурсия, туристік – өлкетану туралы түсінік қалыптастыру. Экскурсия оқушылардың зерттейтін объектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделуі сипатын талдау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Экскурсиялардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге экскурсияда алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі сабақтарда пайдаланылады. Экскурсиялардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін кеңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді. Өсімдіктердің топырақпен, жануарлардың өсімдікпен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды экскурсияларда жергілікті жерде бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттағы бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауға, үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруын сипаттау арқылы конспект жазу.

Есеп формасы: Конспект

3 апта 4балл

2.Тақырыбы: Географиядағы салыстырулар

Сабақтың мақсаты: География ғылымындағы әртүрлі салыстырулар ерекшеліктерін анықтау.
Негізгі сұрақтары:
1. География сабағында географиялық салыстыруларды пайдалану жолдары

2. Географиялық салыстырулар түрлерінің ерекшеліктеріне талдау жасау


Тапсырма: Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың арасындағы ерекшелігін анықтау. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысын анықтап салыстыру. Географияны оқыту барысында қолданылатын әдіс – тәсілдердің ерекшеліктерін өзара салыстыру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысын салыстыру. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысын салыстыру. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістеріне талдау жасау арқылы басқа ғылымның зерттеу әдістерімен салыстыру. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеуді құру логикасы. Әдістеме ғылымының қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі: зерттеудің ғылыми-теориялық негізі. Оқушылардың географияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасу арқылы жүргізілген салыстырулар жұмыстарына талдау жасау.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

4 апта 4балл

3.Тақырыбы: География сабағында картамен жұмыс жасау жолдары

Сабақтың мақсаты: География пәнінде оқушыларға сабақты түсінікті әрі қызықты жеткізуде картаны міндетті түрде пайдаланып, онымен жұмыс жасау жолдарымен таныстыру.


Негізгі сұрақтары:
1. География ғылымының негізі болып саналатын картография ғылымының зерттеу әдіс – тәсілдері

2. Карталар және оның жіктелуі

3. География пәніндегі қолданылатын карта түрлерін пайдалану ережелері
Тапсырма: Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу: қабырға, үстелге жайылатын, мәтінде берілген және оқулыққа қосымша берілген карталар түрлерін ажырату; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшеліктерін талдау. Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты және олармен мектеп географиясы курстарында жүргізілген жұмыстармен танысу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Глобус – Жердің моделі. Картаның мазмұны және картаны түсінуді оқытудағы негізгі әдістер мен картографиялық ұғымдар жүйесін талдау. Картаны оқуға үйрету әдістерін қарастыру. Басты картографиялық іскерліктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығын сипаттау. Картаны білуді қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстарды сипаттау.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

5 апта 4балл

4.Тақырыбы: Оқушыларға экологиялық білім тәрбие беру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға география пәнін оқытуда, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде экологиялық білім берумен таныстыру.


Негізгі сұрақтары:
1. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде білім мен тәрбие беру жолдары

2. Оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыру үшін үйірмелер, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру


Тапсырма: Экологиялық білім беру адамзат қауымы мен қоғамның үйлестігі нәтижесінде жүзеге асатын білім беру жүйесі мен оқыту үрдістерінің ең тиімді жолдарын көрсету. Бұл мақсаты жүзеге асырудағы географияның рөлі мен ондағы экологиялық білімдер жүйесіне талдау жасалынып, оны сабақ үрдісінде ұтымды пайдалана отырып, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері қарастырылады.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Экологиялық білім мен тәрбие жас жеткіншектердің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәденетінің негізін қалайды. География негізгіэкологиялық мәселелерді ашу мен шешу жолдарын жан – жақты сипаттауда жаратылыстану пәндерінің ішінде ерекше орын алады. Экологиялық білім - экологиялық тәрбие - экологиялық мәдениет - экологиялық сана - жалпы халықтық міндет. География сабағында экологиялық білім беру білім стандартына негізделіп жүргізіледі.Сабақта экологиялық білім берудің бірнеше әдіс тәсілдерін; табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның әдістерін байқау, бақылау,өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ластануы жайлы ғылыми материалды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарларды пайдалану сиякты түрлі әдіс – тәсілдеріне конспект жазу.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

6 апта 4балл

5.Тақырыбы: География курстарындағы пәнаралық байланыстар

Сабақтың мақсаты: Географияны оқыту курсында басқа пәндермен курсаралық өзара байланысының ерекшеліктерін сипаттау


Негізгі сұрақтары:

  1. Географияны оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдалану әдістері

  2. Географияны оқыту барысында курсаралық байланысты пайдалану әдістері

Тапсырма: Бұл әдiстеме курсы студенттердiң педагогика ғылымына, әдiстерін ойлауды, iскерлiктi жүйемен ұйымдастыруда, iскерлiктi жоспармен үнемдеп пайдалануды, ғылыми жұмысқа, географияны әдістемеге сай оқыту жолдарын қалыптастырады. Сондықтан студенттердің жан – жақты яғни педагогикамен, психологиямен, тарих және т.б. курстармен өзара байланыса отырып жұмыс жасау жолдарын сипаттау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географияны оқыту әдістеме курсы студентерді педагогикалық ғылымға, әртүрлі топпен жұмыс істегенде тәсілдерді ойлауға, алуан түрлі міндеттерді әдіспен шешуге педагогикалық іскерліктерін, педагогикалық мамандану жүйесінде жүргізуге тек географияны оқыту әдістеме дұрыс бағыт бере алады. География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент жасау.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

7 апта 4 балл

6.Тақырыбы: География курсы бойынша сарамандық жұмыстар, оларды орындаудың әдістері

Сабақтың мақсаты: Әр сынып бойынша сарамандық жұмыстар түрлерімен танысу керек.


Негізгі сұрақтары:
1. Сарамандық жұмыс сабақ құрылымы

2. Жоғары және орта сыныптар сарамандық жұмыстар ерекшеліктері мен олардың өзара байланысуы мен орындалу деңгейі


Тапсырма: Оқушылардың сабақтан немесе сыныптан тыс жұмыс түрлері айрықша мәнге ие. Географиядан әртүрлі факультативтік курстар арқылы мектеп оқушыларын танымдық, шығармашылық талап тілектерін ойдағыдай қанағаттандырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға, мектептегі олимпиада, сарамандық жұмыстарды орындауға, дарынды, қабілетті балалар шығаруға әсер ете алу тиіс.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Сарамандық жұмыс мектепте географияны оқыту формасының бірі. Географиядан өткізілетін сарамандық жұмыс сабақтар осы пәннен алатын білімнің белгілі бір саласын тереңдетуге,оқушылардың қалап алған бағыты бойынша қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл сабақтардың болашақ мамандықты таңдау ісіне бағыттауда, географиялық білімнің қолданбалы маңызын арттыруда мәні зор. Олардың оқушыларға білім, тірбие жіне кәсіптік бағдар берудегі рөлі. Сарамандық жұмыстар сабақтарын ұйымдастыру әдісі мен формаларын қарастыру. Білім мен іскерлікті тексеру ерекшелігін сипаттау.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

8 апта 4балл

7.Тақырыбы: Ақпараттық технология оны география сабағында қолдану

Сабақтың мақсаты: Ақпараттық технологияның қалыптасуы мен дамуы және онда қолданылатын элементтер түрлерін ажырату және сипаттау.


Негізгі сұрақтары:


  1. Ақпараттық технологияның география сабағында қолданылатын элементтері

  2. Ақпарат алмасу технологиясы

Тапсырма: Ақпараттық техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдеріне сипаттама.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделу ерекшеліктерін қарастыру. Оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу - білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды дамыту жолдарын кесте арқылы орындау.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

9 апта 4балл

8.Тақырыбы: Қайталау сабағын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: География сабағында бөлімдерді қайталау мақсатта қайталау сабағын ұйымдастыру құрылымдарымен танысу.


Негізгі сұрақтары:
1. Қайталау сабақтарындағы қолданылатын әдіс – тәсілдер түрлері

2. Қайталау сабақтарының түрлеріне құрылатын құрылымдарына сипаттама


Тапсырма: География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу. Осы принциптерге сүйене отырып, география сабағында қайталау сабақтарын ұйымдастыру жолдарын талдау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географияны оқыту процесінің бірнеше ерекшелігі бар, оның басты себебі, жоғарыда айтылғандай - дидактиканың жалпы зандылықтары оқыту процесінен алшақ болуы, ол география ғылымның тек қана зерттеу әдісін, маңызын, проблемасын, пәнін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, географияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеттерінің қатарына төмендегі проблемалар жатады: біріншіден, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың табиғи-ғылыми негіздері туралы білімдерді сараптау; екіншіден, ғылыми географиялық зерттеудің маңызы мен проблемасына сәйкес келетін білімнің калыптасу әдісін қолданып қайталау сабақтарын зерттеп дайындау.

Есеп формасы: Конспект

Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

10 апта 4балл

9.Тақырыбы: География сабағы бойынша менің жоспар – конспектім

Сабақтың мақсаты: География сабағын өткізуде кез – келген тақырып бойынша сабақ жоспарын құру жолдарын үйрену.


Негізгі сұрақтары:

1. География пәні бойынша жоспарланған сабақ жоспарлары

2. География сабағын өткізуде кез – келген тақырып бойынша сабақ жоспарын құру жолдары
Тапсырма: Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа техналогияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылатын күнделікті сабақ жоспарларын ұйымдастыру жолдарына талдау жасау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Сонымен болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін қарастырсақ, ол 4 кезеңнен тұрады.

I кезеңде болашақ педагогтер өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді:



  • Сабақтың техналогиялық картасын құру;

  • Студент пен оқушылар әрекетін бөліп көрсету.

II кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын – сабақтың техналогикалық бағдарламысын жасайды:

  • Сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған техналогияны ғылыми тұрғыдан негізделу;

  • Сабақтың техналогиялық картасын жасау және оны дәлелдеу;

  • Сабақтың нәтижелігін негізделу.

III кезең Микросабақты беру (студенттік дәрісханада сабақ өту).

IV кезең Микросабақты талдау, педагогикалық техналогияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақты барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау.






Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Осы сабақ құрылымын ескере отырып кез – келген тақырып бойынша сабақ жоспарын ұйымдастыру.

Есеп формасы: Конспект



Тапсырманы орындау уақыты және студент білімінің бағасы:

11 апта 4балл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет