3-ТОҚСАН
«Геометриялық оптика» және «Атомдық және кванттық физика»-бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік
жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың
жолдарын ұсыну;
11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.8.1.6 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін
есеп шығаруда қолдану
11.8.1.18 - де Бройль толқын ұзындығының формуласын
есептер шығаруда қолдану;
Бағалау критерийі
Білім алушы
транспортирді қолдана отырып, түскен сәуле мен сынған сәуле бұрышын анықтайды, берілген шынының сыну көрсеткішін анықтайды және шыныдан ауаға өткен сәуле жүрісін аяқтайды;
мәліметтерді және шартты белгілерді қолдана отырып, екінші линзадан шыққан кескінді салып көрсетеді;
фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтайды;
де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолданады;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1.Мына суретте жарықтың заңдары көрсетілген
а)суретте жарықтың қандай заңдары көрсетілгенін анықтаңыз
_____________________________________________________________[1]
b)жарық заңдарының формулаларын жазыңыз
_____________________________________________________________[1]
2.Жинағыш линзаның негізгі белгілері берілген
а)F фокуста тұрған нәрсенің жинағыш линзада кескінін алу үшін сәулелердің жолын салыңыз[2]
3. Фокус қашықтығы 10 см болатын жинағыш линзадан 30 см қашықтықта обьект орналасқан.
а)кескіннің линзаға дейінгі қашықтығын анықтаңыз
________________________________________________________________[2]
4. Кескіннің линзаға дейінгі қашықтығы 15 см, фокус қашықтығы 10 см.
а)нәрсенің линзадан қандай қашықтықта орналасқанын есептеңіз
_______________________________________________________________[2]
5.Егер фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы 4,5*10 -20 Дж, ал электрондардың металдан шығу жұмысы 7,6*10 -19 Дж болса,
( с=3*108 м/с ;h=6.63*10 -34 Дж*с)
а)толқынның ұзындығын анықтаңыз
______________________________________________________________[2]
6.Қараңғыда көп болған адамның көзі жаттыққан соң, сәуле толқындарының
ұзындығы 500 нм, ал қуаты 2,1*10 -17 Вт жарық қабылдайды.
( с=3*108 м/с ;h=6.63*10 -34 Дж*с)
а)Көздің торына 1 с-та түскен фотон санын анықтаңыз
___________________________________________________________[2]
7.Цезий толқын ұзындығы 0,589*10 -6 м сары монохроматты жарықпен
сәулелендірілген . Электронды шығару жұмысы 1,7*10 -19 Дж.
a)Цезийден ұшып шыққан фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясын есептеңіз
______________________________________________________________[2]
8.Иллюстрацияларды электрон моментінің өсуімен орналастырыңыз сосын де Бройль толқын ұзындығын есептеңіз.
(Мұндағы h = 6,6 . 10-34 Дж/с, me = 9,11 . 10-31 kг, 1 eВ= 1,6 . 10-19 Дж.)
9.Электрон энергиясы Е болсын. ( h=6.63*10 -34 Дж*с;е=1,6*10 -19 Кл)
а)Осындай электрон үшін де Бройль толқын ұзындығын есептеңіз
____________________________________________________________[2]
b)Электронның жылдамдығын анықтаңыз
____________________________________________________________[1]
Достарыңызбен бөлісу: |