Геометриялық оптиканың Қосымша тараулары пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет4/21
Дата21.04.2017
өлшемі2,46 Mb.
#14204
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Тақырып: Айна

Дәрістің мазмұны: Жазық айна. Сфералық айна. Ойыс айна. Дөңес айна. Айнаның бас оптикалық осі. Айнаның полюсі. Сфералық айнаның формуласы. Жазық айнада кескін тұрғызу. Сфералық айнада кескін тұрғызу.

Айна, о п т и к а л ы қ — беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің оптикалық кескінін беретін шыны немесе металл дене.

Айнадан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырып шағылады. Айна арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геометриялық оптика заңдары бойынша анықталады. Ең көп тараған түрі — о п т и к а л ы қ ж а з ы қ айна. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералық,параболалық, эллипсоидтық т.б. шағылдырғыш беттері бар д ө ң е с және о й ы с айналар да қолданылады.

Айна бетінің пішіні математикалық жағынан неғұрлым дұрыс болған сайын, олардың сапасы солғұрлым жоғары болып келеді. Айнаның шағылдырғыш бетінің тегіс еместігі (микробұдырлығы) жарық толқыны ұзындығымен салыстырғанда аз болуы керек. Жазық емес айналардың барлығына абберация құбылысы тән. Жазық айна — абберациясыз кескін бере алатын жалғыз оптикалық жүйе. Жазық емес айнадағы дененің орны мен кескіні мына қатынас бойынша анықталады: 1/s + 1/s! = 2/r, мұндағы r — қисықтық радиусы, s — айна төбесінен денеге дейінгі, ал s! — айна төбесінен дене кескініне дейінгі қашықтық. Бұл қатынас айнаның оптикалық осі мен айнаға түскен жарық сәулесі арасындағы бұрыштың шамасы өте аз болған жағдайда ғана орындалады. Айна астрономиялық (айналы телескоптарда), спектрлік, жарықтандырғыш құралдарда (прожекторларда, фарларда т.б.), сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратуралар мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.

9 дәріс

Тақырып: Оптикалық жүйелер.

Дәрістің мазмұны: Фотоаппарат. Объектив. Объективтің жарық күші. Салыстырмалы саңылау. Проекциялық фонарь. Эпидиаскоп. Линзаның фокустық қашықтығын анықтау.

Оптикалық жүйелердің аберрациясы. Аберрация көздері. Сфералық аберрация. Кома. Хроматикалық аберрация. Дисторсия. Астигматизм. Көлбеу жарық шоқтарының астигматизмы. Анастигматтар. Оптикалық жүйелердің кемістіктері. Көру приборлары. Көру бұрышы. Бұрыштық ұлғаю. Лупа. Микроскоп. Кеплер трубасы. Телескоп-рефлектор. Телескоп-рефрактор.Галилей трубасы. Оптикалық приборлар. Микроскоптың үлкейтуі. Телескоптың көру бұрышы. Көру трубасы.

Фотоаппарат, фотографиялық аппарат, фотокамера – нәрсенің оптикалық кескінін фотопленканың, фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына түсіруге арналған оптикалы-мех. құрылғы.

Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді. Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді.



Лупа ( фр. loupe ,орыс. измерительная лупа ) — көзге нашар көрінетін ұсақ нысандарды (объектілерді) бақылауға арналған оптикалық аспап. Бақыланатын нәрсе ОО1 (1-сурет) Лупаның f фокустық қашықтығынан (FF —фокаль жазықтығы) аз ғана кішірек қашықтыққа орналастырылады. Осының нәтижесінде Лупа нәрсенің тура, үлкейген және жорамал ОО1 кескінін береді. ОО1 кескіннен шыққан сәуленің көзге түсу бұрышы () нәрсенің өзінен шыққан сәуленің түсу бұрышынан ( бұрышы) үлкен болады: Лупаның үлкейту әсері осымен түсіндіріледі. Лупаның үлкейтуі (Г) деп  бұрышының нәрсе Лупасыз ең жақсы көрінетін D=250 мм қашықтықтан көріну бұрышына () қатынасын айтады. Лупаның үлкейтуі оның фокустық қашықтығымен Г=250/f қатынасы арқылы байланысқан; Лупаның құралымына байланысты Г-ның мәні 2-ден 40 — 50-ге дейінгі аралықта жатады. Қарапайым Лупалар жинағыш жазық-дөңес линза болып табылады; әдетте олардың үлкейтуі аз (2 — 3) болады. Орташа үлкейту (4 — 10) кезінде екі және үш линзалы жүйелер қолданылады (2-сурет). Аз және орташа үлкейтетін Лупаларда кескіннің көріну бұрышы () 15 — 20Ә-тан аспайды. Үлкейтуі үлкен Лупаның көріну бұрышы 80 — 100Ә-қа дейін жетеді. Мұндай Лупаның кемшілігі: нәрседен Лупаға дейінгі қашықтықтың тым аз болуынан жарықталынудың қиындайтындығы және бірқатар қолайсыздықтың туындайтындығы. Мұндай кемшілік алыстағы нысанды (Г=2,5), сондай-ақ, жақындағы нысанды (Г=6) бақылауға қолданылатын телелупаларда жойылған. Сонымен қатар, призматикалық линзалармен бинокльдер үйлестіріліп жасалған, аздап қана үлкейтетін бинокулярлық (стереоскоптық) Лупалар да қолданылады.
10 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет