Гиперәлдостеронизм Біріншілік гиперәлдостеронизм Конн синдромы ретінде белгілі. Ол бүйрекүсті бездері сыртқы қабатында әлдостерома өспесі өсуінен дамиды. Бұл өспе басқа тіндерде де (анабезде, ішектерде, қалқаншабезде) өсуі ықтимал. Әлдостерон аденогипофизде АКТГ өндірілуін тежемейтін болғандықтан бүйрекүсті бездері сыртқы қабатының атрофиясы дамымайды.
Кейде біріншілік гиперәлдостеронизм бүйрекүсті бездері сыртқы қабатының шумақты аумағының гиперплазиясынан пайда болады. Бұндай жағдай аутоиммундық түрткілердің әсерінен болуы мүмкін – деп жорамалданады.
Конн синдромы кезінде рениннің белсенділігі төмен болады. Үйткені: әлдостеронның біріншілік көптігінен қан көлемі көбеюі мен артериалық қысымның көтерілуі ренин түзілуін тежейді.