Гиперкортицизм бүйрекүсті бездері сыртқы қабаты гормондарының артық өндірілуімен көрінетін жағдай. Этиологиясы



бет3/13
Дата06.02.2022
өлшемі34,48 Kb.
#81016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тиреоидит

Гиперкортицизм
Бүйрекүсті бездері сыртқы қабатын сергітетін заттардың эктопиялық өндірілу синдромы 5-15% жағдайда гиперкортицизм дамуына әкеледі. Иценко-Кушинг ауруына қарағанда бұл дертке көпшілік жағдайларда еркектер жиі ұшырайды. АКТГ артық өндірілуі жиі өкпенің бронхогендік обыр өспесінде, ішек-қарын жолдарының, қалқаншабездің, ұйқыбездің бета-жасушаларының қатерлі өспелерінде байқалады. Кейде ол сілекей бездерінің өспелерінде, феохромоцитома және нейробластома өспелерінде де өндіріледі. Бұл эктопиялық ошақтарда АКТГ-мен бірге липотропиндер, опиаттар, меланоциттерді сергітетін гормон және кортиколиберин өндіріледі. Бұл кездерде АКТГ-ның деңгейі Иценко-Кушинг ауруы кезіндегіден бірнеше есе артып кетеді және дексематозонды көп мөлшерде енгізуден глюкокортикоидтардың өндірілуі тежелмейді. Иценко-Кушинг синдромы. Эндогендік толық гиперкортицизмнің 15-30%-ы бүйрекүсті бездері сыртқы қабаты жасушаларының біріншілік аденомалардан дамиды. Бұндай бүліністерді АКТГ-тәуелсіз Иценко-Кушинг синдромы дейді. Гипофизде кортикотропин аз өндірілуіне қарамай, глюкокортикоидтарды артық өндіретін өспе -глюкостерома Иценко-Кушинг синдромын туындатады. Бұл өспе жиі бір жақ безде (өте сирек екеуінде бірдей) кездеседі. 55% жағдайда ол қатерсіз, ал қалған жағдайларда катерлі өспелерге жатады. Біріншісі әйелдерде, екіншісі еркектерде жиірек байқалады. Бұл дерт кезінде стероидтардың артық өндірілуі дексаметазонның әсерінен тежелмейді. Глюко- және минерало-кортикоид-тарды көп өндіретін глюкостерома өспесінің бір түрі қосымша андрогендер өндірілуін арттыратын глюкоандростерома делінеді. Бұндай жағдайларда ұл балаларда тым ерте жыныстық жетілу, ал әйелдерде вирилизм пайда болады. Андрогендік гормондарды жиі қатерлі карцинома өспесі өндіреді. Кейде Иценко-Кушинг синдромы жастарда бүйрекүсті бездері сыртқы қабатының гиперплазиясынан дамуы ықтимал. Көптеген ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, бұндай құбылыстар дамуында бүйрекұсті бездері сыртқы қабатына, оның өсуін сергітетін және АКТГ сияқты әсер ететін , аутоантиденелердің өндірілуі маңызды орын алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет