Гиперкортицизм бүйрекүсті бездері сыртқы қабаты гормондарының артық өндірілуімен көрінетін жағдай. Этиологиясы



бет9/13
Дата06.02.2022
өлшемі34,48 Kb.
#81016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тиреоидит

Феохромоцитома
Феохромоцитома бүйрекүсті бездері мыйлық қабатында немесе симпатикалық түйіндерде катехоламиндер өндіретін жасушалардың қатерсіз өспесі. Ол бүйрекүсті бездерінде адреналин мен норадреналин бірдей шамада өндірсе, симпатикалық түйіндердің өспесі тек норадреналин өндіреді. Сондықтан феохромоцитоманың көріністері негізінен жиі норадреналиннің артық өндірілуіне байланысты болады.
Науқастардың жартысынан астамында жиі (аптасына бірнеше реттен тәулігіне 25 ретке дейін) катехоламиндік ушығудың клиникалық көріністері байқалады. Көптеген науқастарда өспе аз гормон өндіруінен және тіндердің катехоламиндерге сезімталдығы төмен болуынан дерт сирек ушығулармен сүлде түрде өтеді. Кейде феохромоцитома әйгіленбей өтуі мүмкін.
Феохромоцитоманың ушығуы ұстамалы түрде қан қысымының қатты (с.б.б. 320 мм-ге дейін) көтерілуімен, жүрек қағуымен, тахиаритмия дамуымен, дене қызуынан кейін артынан қатты терлеумен көрінеді. Бұл көріністер науқастың қатты үрейленуімен, қорқуымен, бас ауыруымен, кеудеде, белде, іште ауыру сезімі пайда болуымен қабаттасады. Көздің торлы қабығының ишемиясынан және көз бұлшықеттерінің икемделу мүмкіншіліктері азаюынан қарашық кеңиді, қосарланып көріну, көрудің өткінші бұзылуы байқалады. Бұндай бұзылыстар 5 минуттан бір тәуліктен астам созылуы ықтимал. Катехоламиндік ушығу дамуына стресс, физикалық жүктеме, құрсақ қуысында қысым көтерілуі, моноаминоксидаза ферментін тежейтін немесе адренергиялық дәрілер қолдаушы ықпал етеді. Ушығу кезінде гипергликемия, гиперүшглицеридемия және гиперкалиемия, лактатацидоз байқалады.
Гипертензия тұрақты немесе мезгіл-мезгіл қайталанатын болуы мүмкін. Артериалық қысымның көтерілуі жүрек жиырылу күшінің артуынан және шеткері қан тамырларының жалпы кедергілік қасиеті ұлғаюынан болады. Шеткері тамырларда альфа-адренорецепторлар қоздырылуынан науқастың беті бозарады, қолдары салқындайды. Бас ауыруы мыйда қанайналым бұзылыстарынан және өспеде серотонин артық өндірілуінен дамиды.
Катехоламиндердің көптігі жүректің оттегіге мұқтаждығын күшейтеді. Содан коронарлық қанайналымның салыстырмалы жеткіліксіздігі жүрек қыспасы дамуына әкеледі. Артынан кардиомиопатия, жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Іш қатуы, ішектердің атониясынан ішек бітелуі дамуы ықтимал. Науқас тез арып жүдейді, бұл кезде босап шыққан май қышқылдарының қанда көбеюі жүрек аритмиясы дамуына қауіп төндіреді. Ушығу кезінде эндогендік пироген - интерлейкин-6 өндірілуінен дене қызымы көтеріледі. Қанда эритроцитоз, лимфоцитоз, эозинопения, нейтрофилдік лейкоцитоз, эритроциттердің шөгу жылдамдығы және қан ұюының артуы байқалады. Феохромоцитома жүректің жыпылық аритмиясымен, өкпе ісінуімен, миокардтың немесе бүйректің инфарктымен, әсіресе жиі мыйға қан құйылуымен асқынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет