Гиперкортицизм бүйрекүсті бездері сыртқы қабаты гормондарының артық өндірілуімен көрінетін жағдай. Этиологиясы


Қантты диабеттің клиникалық көріністері



бет11/13
Дата06.02.2022
өлшемі34,48 Kb.
#81016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тиреоидит

Қантты диабеттің клиникалық көріністері
Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы тіндерге өтуі азаяды, олардың ыдырауы артады. Аминотрансферазалар мен дезаминдеу ферменттерінің белсенділігі көтеріледі. Амин қышқылдарынан амин топтары бөлініп, зәрнәсілге (мочевинаға) айналуы көбейеді. Сондықтан қан мен несепте оның деңгейі артады. Әдетте ол 3-7 мМ/л (немесе 20-40 мкг%) болады. Амин қышқылдарының қалдықтары глюкоза түзілуіне пайдаланылады, глюконеогенез артады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшықеттердің атрофиясы дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, иммунитеттің жасушалық және сұйықтық тетіктері әлсірейді, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады,. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен сырқаттанған адамдарда жиі кездеседі. Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бүл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Май қышқылдарының артық ыдырауынан ацетил-КоА көптеп түзіледі. Ацетил-КоА Кребс оралымында, әдеттегідей тотықпай, тіндерде жиналып қалады. Артық ацетил-КоА холестерин түзілуін көбейтеді. Сонымен бірге, бұндай науқас адамдарға сырттан енгізілетін инсулин артерия тамырларындағы тегіс салалы ет жасушаларының өсіп-өнуін күшейтеді. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуы жиілейді. Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетондық денелер орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет