Гүл кіндігінде - түғырында гүлдің мүшелері шеңберлі немесе спиральді орналасады да, біріншісі - циклді, ал екіншісі - ацикілді гүл деп аталады. Кейде гүл серігінің сыртқы жапырақшалары шеңбер тәрізді, ал ішкілері спиральді орналасады. Мұндай гүлдер гемициклді (жартылай шеңбер) деп аталады. Морфологиялық эволюция процесінде ациклді гүлдер циклді гүлдерден бұрын пайда болған.
Шеңбердегі бөліктерінің санына карай гүлдер: мономерлі немесе бір мүшелі шеңберде гүлдің бір ғана бөлігі болса (тал, терек): димерлі немесе екі мүшелі - шеңберде, екі белігі болса (шаршыгүлділерде); үшмүшелі - даражарнактыларда; төртмүшелі - шеңберде төрт бөлігі; бесмүшелі - шеңберде бес бөлігі болса және т.б.
Көптеген өсімдіктердің гулдерін симметриялық ерекшеліктеріне карай, өсі арқылы өтетін тік жазықка, ең аз дегенде екі бағытта тендей бөлуге болады. Бұл дұрыс немесе актиноморфты гүлдер. Егерде оларды тен, жарғаңда бір ғана симметрия жүретін болса, ондай гүлді -зигоморфты (грек. дзигон - жұп) деп атайды бұршақ, сабынкөк, тары түкымдастарында.
Гүл толық және толық емес болып бөлінеді. Толық гүл мынадай мұшелерден тұрады:
1) тостағанша – гүлдің сыртқы жасыл түсті бөлігі - жапыракшалар;
2) күлте – гүлдің әртүрлі әсем, әр түске боялған бөлігі, жеке жапыракшадан тұрады;
3) аталық - жьныс мүшесі, олардың жиынтығын андроцей дейді;
4) аналық - ол бір немесе бірнеше жеміс жалырақтарынан тұрады, аналық жиынтықтары гинецей деп аталады.
Егерде жоғарыда келтірілген мүшелердің біреуі жоқ болса, онда гүл толық емес деп аталады. Гүлде аталықта, аналықта болса - кос жынысты, ал тек аталығы немесе аналығы болса -дара жынысты деп аталады.
Бір өсімдіктің бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, оны бір үйлі өсімдік деп, ал баска өсімдіктің аналық гүлі бір данасыңда. атальқ гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ т.б.).
Гүл серігі - тостағанша және күлте, гүлдің жамылғысын қүрайды. .Гүл серігінің болуына, не болмауына және олардың кұрылысына байланысты гүлдің мынадай түрлерін ажыратады:
1) Ахламидті (жалаңаш) - гүл серіктері жок, жалаңаш (тал, шаған).
2) Галло немесе монохламидті - гүл серігінің жапырақшалары тек бір шенберде ғана орналаскан, олар тостағанша тәрізді (калақай, көкпек, қарағай).
3) Гетерохламидті (толық) - гүл серігі косарлы, күлтелі және тостағанша тектес (қалампыр, коңыраугүл, беде).
4) Гомохламидті (жай) – гүл серіктерінің жапырақшалары әдетте бірдей және өте жиі, спиральді орналасқан, күлтеше тектес түсті боялған немесе тостағаншалы (лалагүл, күнгелді), демек, гүл серігі қарапайым, дара.
Гүл формуласы латын әріптерімен жазылады. Гүлдің формуласы былай құрылады:
Дұрыс, актиноморфты гүл - *
Бұрыс, зигоморфты гүл - ↑
Дара жынысты аналық гүл-♀
Дара жынысты аталық гүл- ♂
Жай гүл серік-перигониум (Perigonium ) P әрпімен белгіленеді.
Қосарланған гүл серікте тостағанша –күлте- каликс (Calyx)- Ca, королла (Corolla)- Co, аталықтар жиынтығы- андроцей –А, аналықтар жиынтығы – гинецей-G әріптерімен белгіленеді.
Гүл бөліктерінің саны араб сандарымен төменгі жағына жазылады. Санау 12 ге дейін жүргізіледі, одан көп болса шексіздік белгісі қойылады. Біріккен гүл бөліктері жақша ішіне алынады. Гүлдің бір бөлігі гүл табанында бірнеше шеңберде орналасса, саны көрсетіліп, белгісі қойылады. Одан кейін келесі шеңбердегі гүл бөлігінің саны көрсетіледі. Жоғары және төменгі жатынды белгілеуде сызықша (-) қойылады. Жоғары жатын болса сызықша - гинецей санының астына, төменгі жатында – санының үстіне қойылады.
Гүл диаграммасы гүл бөліктерін схема түрінде кеңістікте белгілеу.
Әртүрлі өсімдіктер гүлінің құрылысын морфологиялық талдауда мынадай жоспар бойынша анықтайды:
гүл серігі- жай немесе қосарланған екендігін,
тостағанша-тостағаншасының дұрыс немесе бұрыс екендігін, тостағанша жапырақшаларының біріккен немесе бірікпегенін, тостағанша жапырақшаларының санын;
күлте-күлтенің дұрыс немесе бұрыс екендігін, күлтежапырақшаларының біріккен немесе бірікпегенін, санын;
аталығы- аталығы санын, біріккен немесе бірікпеген;
аналығы- аналығы және жеміс жапырақшаларының санын;
жатын- жоғарғы, ортаңғы, төмен екендігін.
Мысалы: Күйдіргіш сарғалдақ гүлдері. Қосарланған гүл серігі бар, тостағаншасы 5 бірікпеген тостағанша жапырақшалардан, күлтесі 5 бірікпеген күлте жапырақшалардан (әрқайсысында шірнелігі бар). Аталығы мен аналығының саны көп. Жатыны - жоғарғы, гүл серігі арқылы симметрияның бірнеше осін жүргізуге болады, яғни гүлдері актиноморфты.
Пияз гүлдері. Тостағанша мен күлтесін бөліп ала алмайсыз, сондықтан гүлсерігі –жай. Ол түсі ақ, бірікпеген 6 күлте жапырақшаларынан тұрады, яғни күлтелі гүл. Аталығы - 6, аналығы - 1. Аналығында жоғарғы жатын анық байқалады, гүлі актиноморфты.
Құртқашаш гүлдері. Пияздың гүлі тәріздес, гүлсерігі – жай, алайда ақ күлте жапырақшалары біріккен. Аталығы 6, аналығы 1, жатыны жоғары. Дұрыс гүл.
Бұршақ гүлдері. Қосарланған гүл серігі бар, тостағанша және күлте жапырақшаларынан тұрады. Күлте жапырақшасының ең ірісі – желкен, екі жанында - қанаты, төменгі екі біріккен күлтесі- қайықша деп аталады. Аталық саны -10, оның тоғызы біріккен, біреуі жалғыз. Аналығы біреу, жатыны жоғарғы, гүлі бұрыс гүл, яғни зигоморфты.
Алма гүлі Гүлсерігі қосарланған, тостағанша мен күлте жапырақшалары бірікпеген. Саны-5. Аталығы 17-20 немесе одан да көп. Ортасында 5 аузы бар, жатыны тостағанша негізімен біріккен. Бұл төменгі жатын. Дұрыс гүл.
Гүл формуласы: