1 Өркеннің жалпы сипаттамасы.
Өркен – бойында сабақ, жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Өркеннің барлық құрамды бөлшектері біртұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады да, бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Жапырақтың сабаққа бекінген жерін буын, екі буын арасы буынаралық деп аталады. Буыннан шыққан жапырақ пен жоғары өсетін сабақ арасындағы «бұрыштық» кеңістікті жапырақ қойнауы деп атайды.
Өркен метамерлі құрылысты, яғни буын және буынаралық қайталанып отырады. Өркеннің тамырдан айырмашылығы – жапырақтың болуы.
Өркеннің басты атқаратын қызметі– фотосинтез қызметін жапырақ атқарады, сабақ өткізгіш, арқаулық, тасымалдаушы, жерасты бөлігін жер жерүсті бөліктерімен байланыстырушы қызметін атқарады.
Өркен төбе мерисистемасынан пайда болады, яғни өркеннің негізгі осі – сабақ, ал бүйірлік мүшесі – жапырақ.
Өркенді буынаралықтың ұзындығына байланысты 2-ге бөлінеді:
Егер буынаралық ұзындығы анық көрінсе, ұзарған өркен деп аталады.
Егер буынаралықтар анық көрінбей, буындар жақын орналасса қысқарған өркен деп аталады.
2 Бүршік – өркеннің бастамасы
Бүршік – жаңа өркеннің бастамасы.
Бүршік 3-ке бөлінеді: вегетативті бүршік, генеративті бүршік, аралас бүршік.
Сабақта орналасуына байланысты бүршіктер төбе және жанама бүршіктер деп аталады. Жанама бүршіктерге қолтық және қосалқы бүршіктер жатады. Жапырақ қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер орналасуы мүмкін.
Орналасуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
Сериалды бір қолтықтан бірнеше бүршік дамиды да, бірінің үстіне бірі орналасады (мысалы: ақ қараған);
Коллатеральды немесе бүйірлес бүршік қолтықтан шыққан бүршіктер өзара бүйірлесе орналасады (мысалы: астық тұқымдас өсімдіктерінің бірнеше түрлері);
Биколлатеральды бүршік жазықтықта, таспалы екі қатарда бүйірлесе орналасады;
Айналмалы бүршік бір буын деңгейінде сабақты айнала орналасады (мысалы: қара өрік).
Бүршік сыртқы жағынан түрі өзгерген жапырақтар бүршік қабыршақтарымен қапталған. Оның астында өсу конусы, жапырақ бастамасы және қолтық бүршіктеріні төмпешіктері орналасады. Өсу конусының жоғары жағында немесе жапырақ қойнауында гүл бастамалары пайда болуы мүмкін.
3 Жапырақ орналасуы, олардың негізгі типтері мен заңдылықтары. Жапырақ мозаикасы
Жапырақтың сабақта белгілі бір заңдылықпен орналасуы (барлық жапырақ тақтасына күн сәулесі бірдей мөлшерде түсуі керек) жапырақ мозайкасы деп аталады.
Жапырақтың сабақ буынында белгілі бір тәртіппен орналасуы филлотаксис деп аталады. Жапырақтың мынадай орналасу типтері бар: кезектесіп, немесе спиральды буында бір жапырақ, қарама қарсы - буында екі жапырақ қарама қарсы дамиды, шоқтанып - сабақ айналасында бірнеше жапырақ (үш немесе одан да көп) орналасады.
4 Жапырақтың анықтамасы және қызметі
Жапырақ өсімдіктердің негізгі вегетативті мүшесі, фотосинтез, транспирация және газ алмасу қызметін атқарады. Кейбір өсімдіктерде қор заттарының жиналу жері және қорғану мүшесі болып табылады және вегетативті көбеюге қатысады.
5 Жапырақтың морфологиялық құрылысы.
Жапырақ жапырақ тақтасы, жапырақ сағағынан және негізінен тұрады. Кейбір өсімдіктерде сағақ дамымайды, жапырақ негізімен сабаққа бекінеді.
Көптеген өсімдіктерд жапырақ негізінде жапырақ серігі дамиды. Кейде жапырақ тақтасы немесе сағағы кеңейіп, қынап түзеді де, буынаралықтың төменгі бөлігін орайды. Қынаптың дамуы астық (Poaceae), шатыршагүлділер (Umbeliferaceae) тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына тән.
Әрбір жапырақтың тақтасында жүйкелер: түтікті–талшықты өткізгіш шоқтар көрінеді. Жапырақ жүйкеленуінің төрт типі бар: параллельді –жүйке ортаңғы жүйке және жапырақ шетіне параллель өтеді;
Доғалы – жүйке жапырақ шетіне параллельді доға түзеді; қауырсынды– жапырақ ортасында бір негізгі жүйке өтеді, одан жанама жүйкелер өтеді де, олар тағы да тарамдалады да ұсақ жүйкелердің торын түзеді (капуста, қызылша және т.б.);
Саусақты – сағақтан бірнеше жүйке шығып, жанына қарай тарамдалады (сарғалдақ).
Бақылау сұрақтары:
1. Өркенді жалпы сипаттаңыз.
2. Бүршік-өркеннің бастамасы.
3. Жапырақ орналасуы, олардың негізгі типтері мен заңдылықтары. Жапырақ мозаикасына мысал келтіріңіз.
4. Жапырақтың анықтамасы және қызметін сипаттаңыз.
5. Жапырақтың морфологиялық құрылысын сипаттаңыз.
Дәріс 13-14
Тақырыбы: Өркен және өркендер жүйесі
Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
Қылқанжапырақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.
Сабаққа анықтама және жалпы сипаттамасы.
Сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысы.
Сабақтың соңғы анатомиялық құрылысы.
Сүректің құрылысы.
Достарыңызбен бөлісу: |