8. Өткізгіш шоқтар.
Ксилема мен флоэмада қатар орналасқан -қабат түзейді, ол өткізгіш шоқтар деп аталады., өткізгіш шоқта олар әртүрлі орналасуы мүмкін.
Бірнеше түрі бар:
Коллетаральды ашық шоқ флоэма мен ксилеманың арасында камбий болады;
биколлетаральды ашық шоқ ксилема, флоэма аралас болады (асқабақ). Жабық шоқта камбий болмайды.;
концентрлі шоқта ксилема флоэманы қоршаса - амфивазальды шоқ флоэма ксилеманы қоршаса - амфикрибральды.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлпаларға жалпы түсініктеме беріңіз.
2. Ұлпалардың жіктелуін схемамен сызыңыз.
3. Түзуші ұлпалар немесе меристемаларды сипаттаңыз.
4. Жабындық ұлпаларға мысал келтіріңіз.
5. Эпидерма-алғашқы жабындық ұлпа құрылысын сипаттаңыз.
6. Перидерма-соңғы жабындық ұлпа құрылысын сипаттаңыз.
7. Қыртыс немесе ритидомды талдаңыз.
Дәріс 9-10
Тақырыбы: Ұрық және өскін – гүлді өсімдіктер онтогенезінің бастапқы кезеңі. Тамыр және тамырлар жүйесі.
Тұқымның морфологиялық типтері.
Тұқымның өсуі және оған қажетті жағдайлар.
Өскіннің құрылысы және типтері.
Тамырдың анықтамасы, атқаратын қызметтері.
Тамыр аймақтары.
Тамыр түрлері.
Тамыр жүйесі.
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы.
Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы.
Тамыр метаморфозы.
1. Тұқымның морфологиялық типтері
Өсімдіктер организмнің негізін құрайтын және оның өмір сүруінің негізгі қызметтерін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады . Тұқымды өсімдіктердің негізгі вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ тұқымның ұрығынан бастама алады.
Гүлді өсімдіктер тұқымының құрылысы жетілген тұқымы-ұрықтан, қоректік заттардан және тұқым қабығынан тұрады. Қоректік заттар ерекше қоректік ұлпаларда (эндосперм және периспермде) немесе тұқым жарнақтарында жинақталады.
Ұрық зигота туындысы, қосарлы хромосомды.
Эндосперм ұрық қалтадағы триплоидты күрделі құрам.
Тұқымның қоректік заттардың орналасуына қарай түрлері: қосжарнақты эндоспермді тұқым, қосжарнақты эндоспермсіз тұқым, қосжарнақты периспермді тұқым, даражарнақты эндоспермді тұқым, даражарнақты эндоспермсіз тұқым, ұрығы жетілмеген немесе редукцияланған тұқым.
2. Тұқымның өсуі және оған қажетті жағдайлар.
Өсімдік тұқымының өнуіне біршама қолайлы табиғи жағдайлар қажет: ылғал, ауа, температура, жарық.
3. Өскіннің құрылысы және типтері.
Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым суды сіңіріп, ісінеді де, өскін (plantula) түзіледі. Бірінші тамыры өсе бастап осының нәтижесінде өскін топыраққа бекінеді. Ұрық тамыршасынан негізгі тамыр пайда болады. Көптеген өсімдіктердің сабағы иілген болып келеді. Кейіннен сабақ тік қалыпқа енеді. Кейбір өсімдіктердің (күнбағыс, үрмебұршақ) өскіндерінде тұқым жарнақ топырақ беткейіне шығып, жасылданады, уақытша жапырақтың қызметін атқарады. Тамыр мен сабақтың аралығын тамыр мойыны деп атайды. Тұқымжарнағы жапырағы мен тамыр мойыны аралығындағы сабақ бөлігі гипокотиль деп аталады (тұқым жарнағының астыңғы иіні). Барлық қосжарнақты өсімдіктердің гипокотилі жақсы көрінбейді. Кейбір өсімдіктердің гипокотилінің ұзындығы өте кіші, ол топырақтың астында қалғандықтан, тұқым жарнағы топырақтың үстіңгі қабатына шықпайды. Тұқым жарнағы мен алғашқы нағыз жапырақтың арасындағы сабақ аймағы эпикотиль деп аталады (тұқым жарнағының үстіңгі иіні). Өскіннің алғашқы нағыз жапырағының ересек өсімдікке тән формасы болмайды, сондықтан ювенильді деп аталады .
Астық тұқымдасының тұқымы өнгенде тұқым жарнағы тұқымда қалады. Ол эндоспермнің қорек заттарын сіңіреді. Топырақ арқылы ұрық жапырақшасы – колеоптильмен қоршалған бүршік шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптильді жарып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |