ГүЛ ҚҰрылысы



бет13/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
botanika darister

9 Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы

Жалаңаштұқымдылар және қосжарнақты өсімдіктерде алғашқы құрылыс өсімдіктің дамуының алғашқы өскін кезеңінде соңғы құрылысқа ауысады. Бұл өсімдіктерде соңғы құрылыс алғашқы ұлпалардан басқа, алғашқы меристемадан немесе тұрақты ұлпалардан соңғы ұлпалар қалыптасады. Тамырдағы өзгеріс соңғы түзуші ұлпа камбийдің қалыптасуынан басталады. Ол алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема аймағы арасындағы паренхимадан пайда болады. Алғашқы ксилеманың сәулесіне қарсы, камбий перициклден пайда болады. Паренхимадан пайда болған камбий клеткалары шетке қарай соңғы флоэманың элементтерін, ішке қарай соңғы ксилеманың элементтерін түзеді. Перициклден пайда болған камбий клеткалары радиальды паренхиманың сәулелерін түзеді.


Перицикл клеткаларынан феллоген қалыптасады. Феллогеннің қызметі нәтижесінде перидерма қалыптасады, ол тамырдың алғашқы қабығын орталық шеңберден бөліп тұрады. Алғашқы қабық өліп, түсіп қалады. Тамырдың жоғарғы беткейінде перидерма қалады. Перидерма мен камбий арасында флоэманың бөлігі- соңғы қабық, камбий астында– ксилема бөлігі немесе сүрек орналасады.


10 Тамыр метаморфозы.

Өсімдіктердің көптеген түрлерінің эволюция барысында тамырлары өзгеріп, метаморфозданады. Осыған сәйкес тамырлардың атқаратын қызметтері де, олардың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары да өзгерістерге ұшырайды.


Қор затын жинайтын тамыр. Қор затын жинайтын тамырлардың паренхимасы алғашқы қабығында, сүрегінде және өзегінде болады. Паренхимада қоректік заттардың көбірек жиналуы олардың орналасуына байланысты. Шығу тегі мен морфологиялық ерекшеліктеріне қарай қор затын жинайтын тамырлардың екі типін ажыратамыз. Олар: ет-женді жемтамырлар және түйнек тамырлар.
Жемтамырдың морфологиялық табиғаты күрделі, өйткені оның пайда болуына негізгі тамыр ғана емес, өскіннің тұқым жарнақтарының астыңғы (гипокотиль) және үстіңгі қылтасы (эпикотиль) қатысады. Бірақ бұл қылталар қатысы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Мысалы, жемтамырлар қант қызылшасында негізінен тамырдан түзіледі; сәбіз және мал азықтық қажет қызылшада – тамырдан және гипокотильден пайда болады.
Түйнек тамырлар өсімдіктердің қосалқы және жанама тамырларында қоректік заттар жиналып, олардың ет-женденуінен пайда болады. Түйнек тамырлар нарғызгүл (Dahlia), сүйсін (Orchis), фикария (чистяк – Fikaria). жұпаршөп (Platan thera) және т.б. жетіледі.
Бағана тәрізді тамырлар, балдақ тамырлар, тыныс тамырлар әлемдік мұхиттар мен теңіз жағалауларында өсетін тропикалық мангр ормандарының өсімдіктеріне тән. Бұл өсімдіктердің тамырларында механикалық ұлпа жақсы жетілген. Сондықтан мангр ормандарының өсімдіктері судың көтерілуі кезіндегі толқынның механикалық күшіне төтеп бере алады. Өсімдіктерді тамырдың жоғарыда аталған түр өзгерістерініің жетілуі олардың лай-батпақты ортада бекініп өсуіне мүмкіндік береді.
Бағана тамырлар – ағаштардың жер бетіне көлбеу бағытта орналасқан бұтақтарында жетілетін қосалқы тамырлар. Олар төмен қарай бағытталып топыраққа бекінеді де қуатты өсіп, бағана тәрізді пішінге ие болады. Сөйтіп ағаштардың бөрік басына таяныштық қызмет атқарады ( Үндістан баньяны).
Балдақ тамырлар өсімдіктердің өсіп тұрған орта ерекшеліктеріне байланысты ағаштардың діңінен доға тәрізді иіліп, тармақтанып жетіледі. Су көтерілген немесе тартылған кездің өзінде лайлы, батпақты топырақта өсімдік денесін кеңістікте ұстап өсу үшін балдық тамыры таяныш қызметін атқарады.
Тыныс тамырлар батпақты жерде өсетін өсімдіктердің тік бағытта өсіп жер бетіне шығатын тамырлары. Мұндай тамырлардың ұшында тыныс алу қызметін атқаратын саңылаулар (аэренхима) жетіледі.
Тартпа тамыр - өсу барысында өзінің негізінде қысқаратын тамыр. Топырақпен берік бітісетін бұл тамырлар өркенді (жуашық, тамыр, сабақ) төмен, жерге қарай тартады. Оның нәтижесінде бұлар өркеннің топырақ қабатына еніп, қолайлы тереңдікке орналасуына көмектеседіә. Тартпа тамырларды негіз бөлігінің қысқаруынан және тамыр бойындағы көлденең қатпарларынан тамырдың басқа түрлерінен ажыратады.
Микориза. Көптеген шөптесін және сүректі өсімдіктердің тамырларын саңырау құлақтар жайлап алады. Мұндай тамыр – саңырау құлақ тамыр – микориза (грекше «микос» - саңырауқұлақ, «риоза» - тамыр) деп аталады.
Микоризаның 3 түрін ажыратады: эктотрофты, эндотрофты және эктоэндоторфты.
Түйнекшелі тамыр. Топырақтағы бактериялар тамыр түктері арқылы тамырдың қабығына еніп, көбейіп паренхималық клеткалардың қуысын толтырады. Бұл клеткалардың қарқынды бөлініп көбеюін туғызады. Нәтижесінде бактероидты ұлпа пайда болады. Бұл ұлпадан тамырдың бет жағында көлемі әр түрлі түйнекшелері қалыптасады. Оларды тамыр түйнектері деп, ал оны түзетін бактерияларды түйнек бактериялар деп атайды. Түйнек бактериялары бұршақтар тқұқымдасының денесінде түзілетін органикалық заттармен қоректенеді. Сөйтіп, олдар ауадағы бос азотты жасыл өсімдіктер сіңіре алатын азотты қосылы
Бақылау сұрақтары:

1. Тұқымның морфологиялық типтерін атаңыз.


2. Тұқымның өсуі және оған қажетті жағдайларды атап көрсетіңіз.
3. Өскіннің құрылысы және типтерін сипаттаңыз.
4. Тамырдың анықтамасы, атқаратын қызметтерін талдаңыз..
5. Тамыр аймақтарының схемасын сызыңыз.
6. Тамыр түрлерін жіктеңіз.
7. Тамыр жүйесіне анықтама беріңіз.
8. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысын бейнелеңіз.
9. Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысын бейнелеңіз..
10. Тамыр метаморфозын жіктеңіз.
Дәріс 11-12
Тақырыбы: Өркен және өркендер жүйесі

  1. Өркеннің жалпы сипаттамасы.

  2. Бүршік-өркеннің бастамасы.

  3. Жапырақ орналасуы, олардың негізгі типтері мен заңдылықтары. Жапырақ мозаикасы.

  4. Жапырақтың анықтамасы және қызметі.

  5. Жапырақтың морфологиялық құрылысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет