Сарғалдақ * Са5 Со5 А ∞ G ∞ ;
Пияз * P 3+3 А3+3 G (3) ;
Құртқашаш * P (6) А3+3 G (3) ;
Бұршақ ↑ Са(5) Со 1,2, (2) А (5+4),1 G1;
Алма * Са5 Со5 А ∞ G (5);
7 Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. Өздігінен тозаңдану. Айқас тозаңдануы
Тозаңқап пісіп ашылғаннан кейін, ондағы тозаңның «микроспораның» аналық аузына барып түсуін тозаңдану процесі деп аталады.
Өздігінен тозаңдану да қос жынысты бір гүлдің өзінің аталық тозаңының сол гүлдегі аналық аузына барып түсуі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер автогамиялық өсімдіктер деп аталады. Бұл жағдайда өсімдіктердің ерекше бейімделуі қажет емес, ауа райының жағдайына байланыссыз орындалатын процесс. Өсімдік өзінің сорттық, түрлік қасиеттерін таза сақтайды. Сонымен қатар өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде пайда болған ұрпақтар өзгеріссіз, біркелкі болады.
Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүл аналығының аузына келіп түсуін айқас тозаңдану деп атайды.
Айқас тозаңдану әртүрлі гүлдерде, индивидтерде пайда болған, сондықтан сапалары бірдей емес гаметалар қосылады.
Соның нәтижесінде тіршілікке бейімдірек, өзгергіштеу жаңарған ұрық пайда болады.
Айқас тозаңданудың түрлері:
Бунақденелілер арқылы энтомофилия;
Жел арқылы анемофилия;
Құс арқылы - орнитофилия;
Су арқылы гидрофилия.
Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлғ екінші жерінде аталық гүл өссе, бір үйлі өсімдік деп аталады.
Егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүл екінші данасында өссе екі үйлі өсімдік деп аталады.
Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер де, дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктер көпүйлі немесе көп некелі өсімдіктер деп аталады.
9 Жемістер анықтамасы. Құрғақ жемістер. Шырынды жемістер.
Жатыннан пайда болған жемістер нағыз жемістер деп аталады. Олар жай (бір аналықтан түзіледі) және күрделі (бір гүлдің бірнеше немесе көп аналығынан пайда болады) жемістер болып бөлінеді.
Жеміс гүлді өсімдіктерде қосарынан ұрықтану нәтижесінде жатыннан пайда болады және оны перикарпий немесе жеміс серігі қоршайды. Перикарпий шырынды, етженді немесе құрғақ, сүректі болуы мүмкін. Перикарпий мынадай үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы (экзокарпий), ортаңғы (мезокарпий) және ішкі (эндокарпий).
Кейде жеміс түзуге жатыннан басқа гүл табаны немесе гүл жабыны да қатысады, ондай жемістер жалған жеміс деп аталады. Мысалы: бүлдіргенде – жидек тәріздес жалған көптұқымша «жидек» шырынды, боялған кеңейген гүл табанынан тұрады. Онда ұсақ, құрғақ жатыннан дамыған тұқымша орналасады. Алма тәріздес жемістер алмада, алмұртта жеміс серігі біріккен шырынды бөліктен тұрады: гүл табаны және жатын қабырғасы.
Құрғақ жемістерде мезокарпий нашар дамыған, кейде тек бір қатарлы клеткалардан тұрады. Жемістердің бұл тобында мезокарпий қабаты клетка құрамдарын жоғалтқан, сүректене бастаған паренхималық, склеренхималық және қабыршақ клеткаларынан тұрады.
Қақырайтын қүрғақ жемістер. Бұлар көп тұқымды құрғақ жемістер, жеміс пісіп жетілген кезде, перикарпий қақырап, түқымдары еркін шашылады.
Топтама жеміс — бір жеміс жапырақшасышан пайда болған бір ұялы жеміс. Алдыңғы (бауыр) жағындағы жігімен қақырайды (тегеурінгүл). Шемішгүл, қалтагүл және т.б. өсімдіктердің күрделі гинецейінен күрделі топтама жемісі жетіледі.
Бұршақбас (боб) — бір жеміс жапырақшасынан пайда болған бір үялы, тұқымдары бір қатарлы орналасқан жеміс. Піскен кезде бауыр және арқа жағындағы жіктері бірдей қақырайды. Бұршақбас бұршақтар тұқымдасына тән өсімдіктердің жемісі (асбұршақ, үрме бұршақ, егістік сиыржоңышқа және т.б.). Бұлардың кейбір түрлері бұршақбастың ішінде орналасқан және тұқымдарының екі арасы кесе көлденеңінен бөлініп жатады. Мұндай жемісті бунақты немесе бөлшекті буршақбас деп атайды. Бұршақ бастар үзынынан екі жақтаулы болып қана қақырамай, кейде көлденең бөліктерге де бөлінеді (мия). Сонымен қатар серіппе (спираль тәрізді ширатылған (кәдімгі жоңышқа), қақырамайтын бір тұқымды бұршақбаста (эспарцет) кездеседі.
Б ұ р ш а қ қ ы н — екі жеміс жапырақшаларынан пайда болған, екі ұялы кеп тұқымды жеміс. Арқа және бауыр жағындағы жіктері арқылы екі жақты, төменнен жоғары қарай қақырайды. Бұршаққынның тұкымдары ұзына бойы тартыла біткен калтарысқа орналасады. Жемістің ұзыңдыгы көлденеңінен бірнеше есе артық. Бүршаққынды капуста және т.б. кресттүдділер өсімдерінен көруге болады.
Бұршаққынша — құрылысы бүршаққын тәрізді, айырмашылығы жемісінің көлемінде ұзындығының көлденеңіне қатысы 2-3 еседен аспайды.
Қауашақ (қорапша)— екі немесе бірнеше жеміс жапырақшасынан тұратын, жеміс жапырақшаларының санына байланысты екі және көп ұялы болатын жеміс. Кейде кекнәрдағы (7-11 жеміс жапырақшасы) және қалампырдағы (5 жеміс жапырақшасы) сияқты жеміс жапырақшаларының са-ньна байланыссыз қауашақ бір ұялы. Қауашықтың қақырау тәсілі әр түрлі. Көкнәрдің қауашығы тесіктері арқылы, мендуананің — қақпақшасы, қалампырдің — тісшелері, сасық мендуананың — жақтаулары арқылы қақырайды.
II. Қақырамайтын (жаңғақ тәрізді) күрғақ жемістер.
Мұңдай жемістер пісіп жетілген кезде қақьфамайды, бір тұқымды.
Жаңғақ немесе жаңғақша- жеміс серігі сүректенген, сүйекке үқсайды. Жемісі көпшлігінде бір, кейде 2-3 жеміс жапырақшаларынан тұрады, бір тұқымды, тұқымы перикарпий ішінде бос жүреді. Құрылысы жағынан емен жаңғағын осы топқа жатқызуға болады. Жаңғақтан айырмашылығы, ол үш жеміс жапырақшаларынан тұрады және жабьн жапырақтарының ұлғайып өсіп сүректенуінен жемісі еніп тұратын тостағанша тәрізді қосымшасы жетіледі. Шәмшат пен талшынның жаңғақшаларының әрқайсысы тікенекті қосымшаларда орналасады және де олардың З-4 жаңғақшасының сыртын тағы да ортақ қосымша қоршап тұрады.
Т ұ қ ы м ш a — екі жеміс жапырақшасынан пайда болады. Бір тұқымды тұқымы жеміс серіктерімен кірікпей, бос орналасады. Кейбір өсімдіктер тұқымшасының бір шетінде айдаршасы бар. Тұқымша күрделігүлділер және валерианалар тұқымдасының өкілдеріңде кең таралған. Орман бүлдіргені мен сарғалдақтарының кейбір түрлерінде күрделі гинецейден күрделі тұкымша болады.
Қанатты жеміс — жеміс серігініңтері немесе жарғақ тәрізді қанатты өскіншесі бар тұқым (қарағаштар).
Д ә н — Бір тұкьмды, екі жеміс жапырақшасынан пайда болған кұрғақ жеміс. Мұның жеміс серігі тұкым қабығымен кірігіп, кебекке немесе қауызға айналған. Бүған астық тұқымдастардың (бидай, арпа, сұлы, жүгері және т.б. (жемістері) дәндері жатады.
Бұлар бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларьшан пайда болады, жемістерінің ішкі бөліктері шырынды, көпшілігі кеп тұқымды келеді.
Жидек — бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзілген, көп тұқымды, жеміс серігі — шырыңды. Жидек жемістердің (жүзім, қарлыған, қарақат, қызанақ, баклажан, алқа, құрма және т.б.) құрылысы алуан түрлі. Кейбір өсімдіктерде, мысалы, қарлығаңда жөне қарақатта жидектің шырыңды бөлігі жеміс серігінен емес, тұқымның шырынды жабыңдарынан бөлінеді, ал жемісті жеміс серігі жауып тұрады.
Асқабақ жеміс-төменгі жатыннан қалыптасатып, үш жеміс жапырақшасынан тұратын көп тұқымды шырыңды жеміс. Экзокарпийі қатты, сүректі эндокарпиі шырынды болып келеді. Асқабақтар тұқымдасына (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз және т.б.) тән.
Алма жеміс — бес үялы жеміс. Бес жеміс жапырақшаларына мәңгі жатып ғана емес, гүддің тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының, аталықтарының негіздері қатынасады. Алма жемісінің эңдокарпийі салыстырмалы түрде қатты және тері тәрізді, ол ұяларды екі-екіден бос орналасқан тұқымдарымен қоршап түрады (алма жеміс алмұрт, алма және т.б.).
Померанец (тері қабықты жүмсақ жеміс) — экзо-мезокарпийі (жемістің қабығы) терілі борпылдақ, көп ұялы, көп тұқьмды шырыңды жеміс. Жеміс серігінің шырынды бөлігі эндокарпийі жатынның шырынды қалташаларға айналған ішкі эпидермасының қалындаған түктерінен пайда болған. Бұл жеміс цитрустарға (лимон, апельсин, мандарин) тән.
Гетерокарпия және гетероспермия. Өсімдіктің бір данасында (особь) әр түрлі жемістер мен түқымдардьың жетілуі. Бұл ерекшелік орта жағдайларына кең түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Ал алаботада тұкымының 3 типі бар: ірі ашық қоңыр, орташа қара және ең майдасы жылтыр кара түсті. Гетерокарпия мен гетероспермияның әр түрлі нұсқалары әсіресе алаботалар, айкышгүдділер, шатыргүлділер, астықтар тұқымдасына тән.
Гетероспермияның ерекше түріне түкымдардың физиологиялық әр тектілігі жатады. Мысалы, бұршақтар тұқымдасының көптеген өкілдерінде бір өсімдіктің өзінде жеңіл ісінетін тез өсетін, және ісінбейтін тұқымдар жетіледі. Соңғысы өзінің тіршілік қабілетін ондаған жылға дейін сақтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |