Патогенездік ем Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықпен қолданылады. Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылмалыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:
жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның қайтуы баяу болса және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;
бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;
жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптималді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның барлығын 8.00-12.00 сағат аралығында ішкізген жөн. Бұл дозадағы емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.
Антикоагулянттық және антиагреғанттық ем Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының, шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиаг-реғанттарды қолдануды қажет етеді.
Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады. Теріс зарядты болуынан, гепарин тамыр қабырғасының теріс зарядын қалпына келтіреді, сол арқылы протеинурияны азайтады. Гепарин тромбоциттердің адгезиялық және агрегациялық қасиеттерін төмендетіп, тромбтардың түзілуінежолбермейді, осыған байланысты микроциркуляцияны жақсартады
Ацетилсалицил қышқылы. Аспирин, простагландин-синтетазаның ингибиторы болғандықтан, тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын тежейді. Антиагреғант ретінде аз дозада беріледі (0,25-0,5 г тәулігіне). Қолдану көрсеткіші — гемостаздың тромбоцитарлық буынының активациясы. Аз дозасы жанама әсер етпейді, бірақ ұзақ қолданғанда аспириннің гастропатиялық әсері есте болуы тиіс.