Гломеруло-нефриттер



бет3/10
Дата29.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#160245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
245521.pptx

Клиникалық көрінісі

  • Клиникалық көрінісі
  • Жедел гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері – ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның биіктеуі. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі – ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигоурия пайда болады. Ең алдымен бет пен қабақ ісінеді. Ісінудің негізгі себебі – шумақтық фильтрацияның азаюынан судың және натрийдің іркілісі. Науқастардың көбісі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Ентікпенің себебі – айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез биіктеуінен болатын жүрек шамасыздығы. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық қысым оншалықты биіктемейді, орташа деңгейге көтеріледі, әдетте 160/100 мм.сын.бағ.шамасында болады, оның 180/120 мм.сын.бағ. дейін биіктеуі сирек.
  • Артериялық қысымның тез биіктеуін эклампсиалды жағдайы деп бағалау керек. Жедел гломерулонефритте артериялық гипертония дамуының басты себептері – натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы. Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефритен айырықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады ( егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жедел гломерулонефритті созылмалы гломерулонефритен айырады.

Созылмалы Гломерулонефрит- Ұзақ ағымды екі бүйректің шумақтарының, түтікшелерінің иммундық қабынуымен сипатталынып және біртіндеп нефросклероздың дамып, бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі - шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек шамасыздығымен аяқталуы. Егер жедел гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған),

  • Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған),
  • нефротикалық (ісіну),
  • гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі),
  • гематуриялық және аралас түрі.
  • Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Терісі бозарып, құрғайды. Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет