Мемлекеттік сатып алымдар
– мемлекеттің соңғы тауарлар мен қызметтерді
сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері.
Мемлекеттік сектор
– мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын ел
экономикасының бір бөлігі.
Мемлекеттің дәрменсіздігі
– мемлекеттік сектордың (үкіметтің) өз міндеттері
мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер арқылы орындау
салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмауы.
Меншікті капитал
– фирманың жиынтық активтері мен жиынтық пассивтері
арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің жалпы көлеміндегі үлесі.
Микроэкономика
– жекелеген экономикалық субъектілердің нарықтағы мінез-
құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты бағаларды, нақты тауарлар мен
қызметтерді, жекелеген нарықтарды қарастыратын экономикалық ғылымның бір
саласы.
Монетаризм
– кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы
балама теория;
жиынтық
өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша ұсынысының өзгеруіне
байланысты екендігін көрсететін бағыт.
Монополистік бәсеке
– нарықта көптеген фирмалар бір-бірінен ерекше-ленген
өнімдер шығаратын, бәсекелестіктің бағалық емес
әдістерін кеңінен қолданатын,
өнімнің сатылу бағасына шектеулі түрде бақылау
жасай алатын жетілмеген
бәсекенің бір типі.
Монополия
– ұсыныстың жалпы көлеміне және өнімнің бағасына толық
бақылау орната алатын нарықта бір ғана сатушының үстемдік жүргізуін
сипаттайтын бәсекелестіктің ең шеткі үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: