Глоссарий абстракция


Олигопсония – бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін нарықтың  жағдайы.  ОПЭК



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Олигопсония
– бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін нарықтың 
жағдайы. 

ОПЭК
– мұнай экспорттаушы-елдер ұйымы; шикі мұнайды импортерлер-ге сату 
бойынша мұнай бағасы мен оның көлеміне бақылау жасап отыру үшін 1960 жылы 
құрылған, құрамында мұнай өндіруші 13 мемлекет бар халық-аралық картель; 
мұнайдың әлемдік экспорттының маңызды бөлігі тиесілі елдер картелі. 

Орталық банк
– ақша шығаруға құқығы бар және басты қызметі берілген елдегі 
айналымдағы ақша жиынына бақылау жасау болып табылатын эмиссиялық банк. 

Орташа жалпы шығындар
– фирманың жалпы шығындарының өндірілген өнім 
көлеміне қатынасы; орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың 
қосындысы. 

Орташа өзгермелі шығындар 
– фирманың өзгермелі шығындарының өнім 
көлеміне қатынасы. 

Орташа өнім
– ресурстардың бір бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің 
жалпы көлемі. 

Орташа табыс
– өнімді сатудан түскен жалпы түсімнің өнім көлеміне қатынасы; 
жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімнің бағасына тең шама. 

Орташа тұрақты шығындар
– фирманың тұрақты шығындарының өнім 
көлеміне қатынасы. 

Оукен заңы
– жұмыссыздықтың нақты деңгейінің толық жұмысбасты-лық 
жағдайындағы табиғи деңгейінен 1%-ға асып кеткенде нақты ЖІӨ-нің әлеуетті ЖІӨ 
деңгейінен 2,5%-ға қалып отыруын сипаттайтын қорытынды. 

Өзара тәуелсіз тауарлар
– қандай да бір тауардың немесе қызметтің бағасы 
мен басқа бір тауардың немесе қызметтің сұраныс көлемі арасында ешқандай 
байланысты тудырмайтын игіліктер; мысалы, бір тауардың бағасы өскенде немесе 
төмендегенде екінші бір тауарға деген сұраныстың өзгеріссіз қалуы. 

Өзгермелі шығындар

өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп 
отыратын шығындар, яғни олардың жалпы көлемі фирма өнім өндіруді 
арттырғанда (қысқартқанда) өсіп отырады (төмендейді). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет