ұйымдардың бюджеттерін мақсатты түрде қаржыландыру үшін тегін берілетін
мемлекеттік қаражаттың тіркелген көлемі.
Субсидия (көмекқаржы)
– мемлекет жергілікті үкімет органда-рына, заңды
және жеке тұлғаларға немесе басқа мемлекеттерге мемлекеттік бюджет есебінен
беретін көбінесе ақшалай нысандағы көмекқаржылары.
Сұраныс
– сатып алушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір бағамен
тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта сатып ала алу қабілеті;
төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Сұраныс заңы
– тауардың бағасы мен оның сатып алу көлемі арасындағы кері
байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Сұраныс қисығы
– сатып алушының белгілі бір уақыт аралы-ғында әртүрлі
бағамен тауардың немесе қызметтің қандай да бір көлемін сатып алуға деген
дайындығын көрсететін қисық сызық.
Сұраныс инфляциясы
– жиынтық сұраныстың өсуімен байланысты
туындайтын инфляция.
Сұраныс көлемі
– сатып алушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бағамен
сатып алғысы келетін тауарларының немесе қызметтерінің жалпы шамасы.
Достарыңызбен бөлісу: