Тепе-теңдік баға
– бәсекелес нарықтарда сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін
теңестіретін баға.
Тепе-теңдік көлем
– бәсекелес нарықтарда тепе-теңдік баға кезіндегі сұраныс
пен ұсыныс көлемі.
Технология
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолдануға болатын
білімдер мен тәжірибелер жиынтығы.
Толық жұмысбастылық
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қажетті
барлық жарамды ресурстарды қолдану; циклдік жұмыссыздық нөлге тең болып,
нақты жалпы ішкі өнім өзінің әлеуетті деңгейіне тең болғанда және
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі ғана сақталатын кездегі жұмысбастылықтың
деңгейі.
Толық емес жұмысбастылық
– экономиканың қолданылатын ресурстар
арқылы тауарлар мен қызметтердің максималды көлемін өндіре алмауы.
Төлем балансы
– белгілі бір уақыт аралығында шетелдік мемлекеттерге
төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекеттерден алынған жалпы
төлемдер арасындағы айырма.
Төлем балансының тапшылығы
– ағымдық операциялар балансы мен
капитал қозғалысы балансының теріс сальдосы.
Тігінен бірігу
– дайын өнім өндірісінің әртүрлі сатыларын жүзеге асыратын бір
фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар тобы.
Тігінен қосылу
– дайын өнімнің әртүрлі сатыларын жүзеге асыратын екі
немесе одан да көп фирмалардың біртұтас фирма болып толығуы.
Тік кесінді
– толық жұмысбастылық жағдайында өндіріс көлемінің толық
өндірілуін сипаттайтын жиынтық ұсыныс қисығының тік сегменті.
Туынды сұраныс
– дайын игіліктердің сұранысына тәуелді болып табылатын
ресурстарға деген сұраныс.
Тұрақты шығындар
– фирманың өндіретін өнім көлеміне тәуелді болмайтын
шығындар.
Тұтынуға деген орташа бейімділік
– салықтарды төлеп болғаннан кейінгі үй
шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен қызметтерін сатып алуға жұмсайтын
табыстарының бір бөлігі; тұтыну шығындарының қолда бар табысқа қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |