Өте икемсіз сұраныс
– тауар бағасының өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне
алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда сұраныс көлемінің тұрақты болып
қалуы.
Өте икемсіз ұсыныс
– тауар бағасының өзгеруі ұсыныс көлемінің өзгеруіне
алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда ұсыныс көлемінің тұрақты болып
қалуы.
Пайда
– табыстар мен шығындар арасындағы айырма; кәсіпкерлік
қабілеттіліктерін экономикаға ұсынатындардың алатын таза табыстары.
Пайдалылық
– тауарлардың немесе қызметтердің бір немесе бірнеше
қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті.
Пайыз мөлшерлемесі
– ақшаны немесе капиталды пайдаланудың бағасы.
Позитивтік экономика
– нақты деректер мен фактілерге негізделген
экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.
Рейганомика
– ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган әкімшілігінің
саясаты.
Ренталық табыс
– экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз ететін
тұлғалардың алатын табыстары.
Ресурстар нарығы
– үй шаруашылықтары ресурстарды сататын және
фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.
Ресурстардың шектеулілігі
– адамдардың шексіз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет сияқты
факторлардың жетіспеушілігі.
Сала
– ұқсас тауарларды өндірумен айналысатын фирмалар тобы.
Салық
– үй шаруашылықтары мен фирмалардың үкіметке заңдық тәртіппен
төлейтін міндетті төлемдері.
Салыстырмалы артықшылықтар
– қандай да бір тауарды өндіруде басқа
өндірушіге қарағанда салыстырмалы түрде ең аз шығын жұмсау принципі.
Сатып алушылық қабілетінің паритеті
– ұлттық валюталардың айырбас
бағамдары олардың сатып алушылық қабілетіне тең болатынын сипаттайтын
ереже; кез-келген екі валютаның айырбас бағамдарының нақты екі елдегі бағалар
деңгейінің айырмашылықтарын көрсетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |