Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Халықаралық валюта қоры
– төлем балансының уақытша тапшылығын көріп 
отырған елдерге шетел валютасымен қарыз беру үшін және валюта бағамдарын 
қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін екінші дүниежүзілік соғыстан 
кейін құрылған мемлекеттердің халықаралық ассоциациясы. 

Циклдік жұмыссыздық 
– жиынтық сұраныстың және шығындардың 
жеткіліксіздігінен экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың барлық 
мамандық түрлері бойынша жаппай жұмыссыз қалуы. 

Шекті өнім
– ресурстың келесі бір бірлігін (басқа барлық ресурстардың көлемі 
тұрақты болғанда) қолдану кезінде өндірілген қосымша өнім; жалпы өнім көлемінің 
өзгеруінің қолданылатын ресурс көлемінің өзгеруіне қатынасы. 

Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы
– тұтынушының тауарлар мен 
қызметтерді тұтынуы барысында әрбір қосымша тұтынылатын тауар немесе 
қызметтің шекті пайдалылығының төмендей беруі. 

Шекті пайдалылық
– тұтынушының тауардың келесі бір бірлігін тұтынудан 
алатын қосымша пайдалылығы; жалпы пайдалылық өзгерісінің тұтынылатын өнім 


көлемінің өзгерісіне қатынасы. 

Шекті табыс
– фирманың өнімнің қосымша бір бірлігін сату нәтижесінде жалпы 
табыс көлемінің өзгеруі; жалпы табыстың өзгеруінің сатылатын өнім көлемінің 
өзгерісіне қатынасы. 

Шекті шығын

өнімнің келесі бір бірлігін өндіруге кететін қосымша шығындар; 
жалпы шығындар немесе өзгермелі шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне 
қатынасы. 

Ынталандырушы фискалдық саясат 
– мемлекеттік шығындарды арт-тыру 
және салықтарды қысқарту есебінен үкіметтің жиынтық сұранысты көтеруге және 
экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған саналы іс-шаралары. 

Экономикадан «жылыстау»

«табыстар-шығындар» ағынынан немесе 
экономикалық айналымнан жинақтар, салықтар және импорт түріндегі 
қаржылардың кетуі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет