фирмалардың қолданатын күрделі құрылыс түрлері (автомагистральдар, көпірлер,
қалалық көлік жүйелері, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелері, әуежайлар, суды
тазарту құрылғылары, т.б.).
Индукция
– жекелеген нақты мәліметтерден жалпы қорытын-дыға келу.
Капитал
– өндірістік қызметтің нәтижесінде жасалған және тауарлар мен
қызметтер өндірісі үшін қолданылатын кез-келген ресурстар; инвестициялық
тауарлар мен өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі адамдардың қажеттіліктерін
тікелей қанағаттандырмайтын тауарлар.
Капитал қозғалысының есебі
– капиталдың келуі мен кетуі тіркелетін елдің
төлем балансының бір бөлімі.
Капитал сиымды тауар
– өндірісінде капиталдың салыстыр-малы түрде
едәуір көлемі қолданылатын өнім.
Капиталдың келуі
– осы ел тұрғындарының қолындағы нақты және қаржылық
капиталды иемденуі үшін басқа ел тұрғындарының жұмсайтын шығындарының
сомасы.
Капиталдың кетуі
– капиталдың жоғары салық салудан, инфляциядан қашу
үшін немесе оның инвестициялаудың ең тиімді жолдарын қамтамасыз ету
мақсатында дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ағылуы.
Достарыңызбен бөлісу: