Лордтар палатасы – Англия парламентінің жоғарғы палатасы
Маркиз – Батыс Еуропаның бірқатар елдеріндегі тұқым қуалайтын дворяндық титул, сондай-ақ сол титулдың иесі.
Мародер – 1. соғыс жүріп жатқан жердегі өлген, жаралы болған адамдардың заттарын және соғыс кезінде бейбіт халықты тонаушы. 2. бұйымды, затты арзанға алып, қымбатқа сатушылар.
Миграция – (лат. migratio – қоныс аудару) Халықтың бір елдің өз ішінде көшуі, орын ауыстыруы.
Миссия – 1. Мемлекеттің арнайы мақсатпен шетелге жіберетін өкілдері. 2. мемлекеттің басқа елдегі елші немесе кіші елші басқаратын тұрақты дипломатиялық өкілдігі. 3. Миссионерлік діни ұйым. 4. Жауапты тапсырма, рөл, орындауға тапсырылған істер.
Митингі – белгілі бір маңызды саяси оқиғаны және басқадай қажетті мәселелерді талқылау, ұсынылған талапты қолдау, немесе қабыл алмау жайын шешу үшін шақырылатын көпшілік қатысуымен болатын жиын.
Монарх – (гр. monarchos: monos – бір, archos-әкім) үкімет билігі басында бір өзі тұрған шексіз билік иесі.
Монархизм – Монархия мемлекеттің бірден-бір формасы деп танитын, әрі оны қорғайтын саяси бағыт. монархиялық басқаруды қолдайтын, әрі жақтайтын көзқарас.