Глоссарий Агенттік



бет13/17
Дата12.09.2020
өлшемі32,58 Kb.
#78027
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Глоссарий

Партизандық соғыс – партизандық соғысты шет ел басқыншыларына қарсы оккупацияланған аймақтың халқы жүргізеді. Жау тылында жасырын күрес әрекеттерін жасаушы қарулы отрядтар соғысы.

  • Прогресс – алға жылжу, төменнен жоғарыға қарай даму, жай қалыптан күрделіге ілгерілеу, дамудың жоғарғы сатысына көшу.

  • Пролетарлар – капиталистік қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына меншігі жоқ, буржуазия қанауындағы жалдамалы жұмысшы табы.

  • Ратификация – (латынша, бекіту) – белгілі бір мемлекеттің өкілі қол қойған халықаралық шартты мемлекеттің жоғарғы өкімет органының бекітіп, оған заңды күш беруі.

  • Рада – Украинада, Белоруссияда, Литвада, Польшада халық өеілдерінің жиналыстары мен кеңестері.

  • Реакция – саяси реакция, күні бітуге таяған үстем таптардың қоғамдық прогреске экономикалық және идеологиялық жағынан жасайтын қарсылығы. революциядан күйреген таптардың ескі, күні біткен тәртіпті қайтадан қалпына келтіру үшін жасайтын әрекеттері. реакция әдетте жаппай террор және халыққа зорлық-зомбылық жасау істерінен көрінеді.

  • Реванш – (французша, құн төлеу, кек алу) –жеңілген жақтың құн төлеуі; бұрын жеңген жақтан үстем түсу мақсатын көздеп, жеңілген жақтың бастайтын күресі; кек қайтару, қарымта қайтару.

  • Реваншизм – соғыста жеңілген елдің шовинистік топтары жүргізетін саясат; ол соғыстан бұрынғы шекаралар мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың бұрынғы жүйесін қалпына келтіру деген желеумен жаңа соғыс әзірлеуге бағытталады.

  • Роялист – французша корольдік деген мағынадағы сөз, монархист, корольдік үкіметті жақтаушылық бағытын ұстаушылар.

  • Реформист – реформизмді жақтаушы, басқаша айтқанда қанаушы құрылыстың негізіне тимейтін мәні төмендеу реформалар жүргізуді қолдаушы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет