Капрал– XVII ғасырдан XIX ғ. бірінші жартысына дейінгі орыс армиясында және кейбір елдердегі әскери кіші командалық атақ.
Каравелла (исп. carabella) – XIII – XVII ғасырлардағы үш не төрт желкенді тез жүретін теңіз кемесі.
Квестор –Римдегі әуелде қылмысты іс бойынша сот тргеушісі, ақыр соңында мемлекет ақша қаражатына иелік етуші, әкімшілік шаруашылық бөлімін басқарушы адам.
Клерикал – 1. Клерикализмді, яғни шіркеу рөлін көтеруші саяси бағытты жақтаушы. 2. Клерикалық партияның мүшесі.
Классицизм – Батыс Еуропада кейін XVII-XIXғғ. Ресейде әдебиет пен өнерде және архитектурада қалыптасқан жоғары идеялы деп саналған бағыт.
Кнехт – Германиядағы, Австриядағы батырақтар, жерсіз кедейлер. Олар күн көру үшін жер иелеріне жалданып жұмыс істейді.
Коллизия – 1. Қарама-қарсы көзарастар, талаптар мен мүдделер соқтығысы. 2. Әр түрлі мемлекеттердің соттары қолданатын заңдардың қарама-қарсылығы немесе бір мемлекет заңдарының арасында қайшылықтың болуы.
Колония – 1. Ертеде азаматтардың басқа мемлекет жеріне немесе жаулаушылардың жаулап алынған жерлеріне қоныстануы осылай аталған. 2. Шетел мемлекеттері басып алған, саяси-экономикалық тәуелсіздігінен айырылған елдер немесе отарлар. 3. Басқа елден, облыстан көшіп келіп қоныстанушылар мекені. 4. Белгілі бір арнайы құрылған мекеме. Мысалы, еңбекпен түзеу колониясы.
Командир – Орта ғасырлардағы діни рыцарлық ордендерінің жоғарғы атақтарының бірі. 2. Ұлыбританияда капитан-командор, Нидерланд және бірқатар елдерде кемелер отрядының бастығы. 3. Италияда экономика, ғылым, мәдениет саласында мемлекет алдындағы еңбегі үшін берілетін жоғарғы құрметті атақ. 4. автомобиль, шаңғы, ат және басқа жарыстардың басшысы және авиацияның ұшып өту басшысы.
Коммюнике – 1. Халықаралық маңызы бар мәселе бойынша мемлекеттер арасындағы жүргізілген келіссөздер, жасалған келісімдер, олардың қорытындылары туралы ресми хабар, ресми мәлімдеме. 2. ел ішінің маңызды оқиғалары жайлы хабар
Компания – 1. Орта ғасырдағы елдер арасында және ұлы географиялық ашулар кезінде теңіздің арғы бетіндегі елдерге сауда жасайтын кәсіпкер бай көпестер бірлестігі. 2. Капиталистердің сауда, транспорт, өнеркәсіп кәсіпорындары бірлестіктері.
Конференция – үкімет, партия, қоғамдық, ғылыми тағы басқа ұйымдар өкілдерінің бір мәселелерді талқылау және шешімге келу мақсатындағы жиналысы. Конференцияда тиісті мәселе талқыланып, шешім қабылданады.
Конфискация – сот қаулысымен, әкімшілік актімен жеке адамның жерін, мал-мүлкін қаржысын еріксізмемлекет меншігіне алу, конфискелеу.
Концепция – (лат. conceptio) белгілі бір құбылыстар, процестер жайындағы көзқарас жүйесі, ғылыми еңбектің жетекші пікірі, ойды анықтайтын негізгі пікір.
Концессия – (лат. concessio) рұқсат ету, ризашылық. Мемлекеттің шет мемлекетпен, оның фирмасымен құрылыс салу, өндіріс орындарын, транспорт, жерін кенін пайдалану жөніндегі арнайы жасалған шарт.
Коронация- таққа отырған монархқа (корольге, патшаға) тәж кигізу жорасы, салтанаты.
Конверсия – 1. Әскери өндірісті, әскери құрал-жабдықтарды өндіруден халыққа қажетті бұйымдар жасап шығаруға айналдыру. 2. бұрын шығарылған мемлекеттік заемдардың шарттарын өзгерту.