Глоссарий авеста


Миссионер- басқа діндегі халықтар арасында өз дінін таратушы үгітшілер. Наркескен



бет7/12
Дата22.05.2022
өлшемі34,46 Kb.
#144629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Глоссарий (1)
Ойындар, Ақша агрегаты, зоо рк, Орыс тілі жауаптары docx, Сөж зоо
Миссионер- басқа діндегі халықтар арасында өз дінін таратушы үгітшілер.
Наркескен (қаз.) – жекпе-жек ұрыстарда пайдаланатын қылыш тәрізді қару.
Оппозиция – 1) қандайда бір саясатқа қандайда бір әрекетпен, көзқараспен қарсы тұру, қарсылық білдіру, 2) көпшіліктің немесе саясат жүргізушінің үстемдік ететін пікіріне тіке қарсы шығатын партия немесе топ.
Пролетариат (жұмысшы табы) – капиталистік қоғам таптарының бірі, өндіріс құралдарынан айырылған жалдамалы жұмысшылар, олар өздерінің жұмыс күшін сатып күн көреді.
Петиция (өтініш) – мемлекеттік биліктің жоғарғы басшылығына азаматтардың жазбаша беретін ұжымдық өтініші.
Революция (лат. revolutio бұрылыс, төңкеріс) – бір формациядан екіншісіне тез секіріп өтетін түбегейлі төңкеріс, қандайда бір табиғат, қоғам сана құбылыстарын күрт өзгерту. Мұндай секірістер эволюциядан да, реформадан өзгеше ерекшеліктерге бай.
Реформа (лат. Қайта жасау, жаңарту) – қолданыстағы әлеуметтік, қоғамдық өмірдің қандай да бір жақтарын жаңарту, өзгерту, қайта құру; кез-келген мазмұндағы жаңа өзгерістер түрінде болады, бірақ реформа деп әдетте прогрестік қайта жаңаруды айтады.
Реакция – прогреске белсенді қарсылық көрсету саясаты және революциялық қозғалысты басып тастау
Саяси партия – белгілі таптың немесе әлеуметтік бөліктің мүдделерін жақтайтын және белгілі бір мақсаттар мен идеяларға қол жеткізуде оның саяси қызметін басқаратын саяси ұйым.
Сырмақ – (қазақша – сыру, тігу) – төсеніштің бір түрі. Қазақтар сырмақты әртүрлі әдіспен, ою-өрнектер салып, әсемдеп тігетін болған.
Сенат – Ресейдегі императорға бағынатын заң шығару және мемлекеттік басқару істері жөніндегі жоғары мемлекеттік орган.
Тауар – сату үшін өндірілген еңбек өнімі.
Тауарлы өнім – қоғамдық өндірістің нысаны, онда өнімдер айырбас үшін өндіріледі.
Тамға (қаз. таңба) – алғашқыда моңғолдар оны малға таңба салу үшін пайдаланған, кейін қазақ хандығында құжаттар мен іс қағаздарына басылатын мөрді осылай атаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет