Арбитражды басқарушы— сыртқы басқару процесінде қарыз – кәсіпорынды арбитражды сот шешімі бойынша жүзеге асырушы тұлға.
Әлеуметтік дамуды болжау – азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын халықтың тұтынуын, бөлшек тауар айналымын, өндірістік емес аумақ салаларының дамуын жалпы және кәсіби білім беруді, мәдениет, денсаулық сақтауды және т.б. қамтиды.
Әлеуметтікинфрақұрылым – халықтың қалыпты тұрмыс салтынқамтамасыз ету бойынша салалар кешені.Ол тұрғын комуналды – тұрмыстық,мәдени-ағарту,медициналық,спорт,туристік және обьектілер жатады.
Әлеуметтік кепілдік -мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.