Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған аймақтар - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар.
Экологиялық инфрақұрылым – адам өмір-қауіпсіздігі мақсатында қоршаған ортаны қорғауға қатысатын материалдық өндіріс элементтерін қалпына келтіруге арналған элементтер мен құрылғылар кешені (ауа-бассейн тазалау бойынша құрылғылар тұрмыс қалдықтарын қайтару бойынша құрылғылар қоршаған ортаны қорғай обьектілері).
Экономикалық аймақ — экономика-географиялық, аймақтық-шаруашылық, табиға және тариқи, экономикалық жағдайы және арнайы мамандандылырған өндірісімен сипатталатын аймақ.
Экономикалық қауіпсіздік - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі.
«Қорлардың қоры» моделі — мемлекет ұлттық венчурлық қор қалыптастырып, оның қаржысы кейін аймақтық қорлардың қызметіне жеке инвесторлар қаржысы тартылатын аймақтарға бөлініп беріледі.