Глоссарий «Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні» тақырыбы бойынша глоссарий


«Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы» тақырыбы бойынша глоссарий



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі24,24 Kb.
#117354
1   2   3
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ
the answers, Орыс т шпор, Актай МФ
«Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы» тақырыбы бойынша глоссарий
Позитивизм – әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болады дейтін, яғни, әлем туралы шынайы білім көзі ғылым деп санайтын философиялық бағыт. Әлеуметтану ғылымындағы позитивті көзқарастың негізін қалаған француз философы және әлеуметтану ғылымының негізін салушы О.Конт.
Әлеуметтік статика - қоғамдағы өмір сүріп тұрған құрылымдар. Әлеуметтік сатитика Конттың социологиясындағы негізгі категориялар, оның пікірінше әлеуметтану әлеуметтік статиканы және әлеуметтік динамиканы зерттеуі тиіс.
Әлеуметтік динамика - әлеуметтік өзгерістер үрдісі. О.Конттың пікірінше әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен прогрессивті түрде өзгертетін, позитивті (ғылымға сүйенетін) ғылым болуы тиіс.
Құрылымдық-функционалдылық теориясы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді макродеңгейде қарастырып, қоғамда болып жатқан кез келген жағдайдың себебі қоғамдағы жүйелердің, яғни әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени жүйенің жағдайына байланысты деп түсіндіреді. Адамның қалыптасуына және оның қандай да бір жағдайларға байланысты белгілі-бір ортада жасаған іс-әрекетіне оның қоршаған ортасы әсер етеді, яғни адамның қоғамда қалыптасқан үлгілерді қабылдауы. Сонда ғана адам қоғамға жанжалсыз кіріге алады деп түсіндіреді әдістемелік бағыт өкілдері.
Құрылымдық-функционалдылық теория біріншіден, қоғамды жүйе ретінде қарастырады; екіншіден, қоғамдағы құбылыстар мен процестер бір-бірімен себеп-салдарлық түрде байланысып жатыр; үшіншіден, қоғам өздігінен реттеліп отырады, әмбебап.
Конфликт (жанжал) теориясының негізгі өкілі К.Маркс және марксистер (Маркстің ізбасарлары), сондай-ақ М.Вебер, Г.Зиммель, т.б. Бұл ғалымдар әлеуметтік таптар, әлеуметтік жіктелу, әлеуметтік топтарды зерттеушілер. Негізгі ұстанымдары - әлеуметтік таптар мен топтар арасында материалды игіліктердің теңсіз бөлінуі әлеуметтік жіктелуге, әділетсіздікке алып келеді. Бұл – қызығушылықтардың әртүрлілігін туғызады, ал бұл өз кезегінде қоғамда жанжал, қарсылықтарды тудырады.
Символдық интеракционистік теориясы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, оқиғалардың себептерін микродеңгейде түсіндіреді (Дж.Мид, Г.Блумер, Ч.Кули). Ерекшелігі - нақты жағдайға байланысты жасалатын тұлғааралық қарым-қатынастардың ерекшеліктерін түсіндіру, яғни адамды, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқы, күнделікті өмірдегі әлеуметтік қарым-қатынастары басты орынға қойылады. Бұл теориялардың негізгі идеясы – күнделікті өмір, идеал, сенім, көзқарас, өмірлік ұстаным, қарым-қатынас, адамгершілік қатынастар, мотивтер, мінез-құлықтар;

Әдебиет:


  1. http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=147318

Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі [Мәтін] / К. Биекенов, М. Садырова - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007

  1. https://sozdikqor.kz/search?q

Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер.

  1. https://openu.kz/kz/book/oksford-leumettik-gylymdar-sozdigi

Әлеуметтік ғылымдар сөздігі. Редакциясын басқарған К.Калхун. Oxford, 2002 Ұлттық аударма бюросы. Нұр-Сұлтан, 2019 ж.

  1. https://openu.kz/kz/book/aleumettanu-negizderi

Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 ж.

  1. https://openu.kz/kz/book/gylymi-zertteu-zhurgizu-distemesi

Зина О’Лири. Зерттеу жобасын жүргізу. Негізгі нұсқаулық. Оқулық. «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры» баспасы, Нұр-Сұлтан, 2020
«Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен әдістері» тақырыбы бойынша глоссарий
Әлеуметтанудағы зерттеу әдістемесі. Қазіргі әлеуметтану өз арсеналында әртүрлі эмпирикалық әдістерді қолданады. Олардың кейбіреуі этнографиядан, статистикадан, психологиядан алынған, кейбіреуін әлеуметтану өзі қалыптастырған. Ең негізгі әдістер мыналар: ақпараттық жазба көздері мен құжаттарды талдау, сұрыптау; бақылау және сұрау әдістері.
Құжаттарды талдау – бұл жазба көздің, құжаттың мінезіне тән әртүрлі вариацияларда пайдаланылады. Әлеуметтануда осы әдісті қолдана отырып өте ірі ғылыми-әлеуметтік мәселелер шешілген. Мыс: М.Вебер қоғам дамуында социомәдени фактор бар екендігі туралы гипотеза жасай отырып, оны осы әдіспен дәлелдеп шықты.
Осы әдістің нақты, қатал түрі контент-анализ болып табылады. Бұл сұрыптау түрі жазба құжатты әлеуметтік маңыз немесе оған әлеуметтік мән бере отырып сұрыптау арқылы іске асырылады.
Бақылау. Егер социолог анықталған бағдарлама, гипотеза, зерттеу негізінде бақылау жүргізсе, бұл стандартталған бақылау деп аталады. Мұндай жағдайда социолог өз бақылауын өзі бұған дейін болжаған индикаторларға сәйкес тіркеп отырады.
Әлеуметтануда тікелей бақылау (кейбір әдебиеттерде іштей бақылау) әдісі кең таралған. Мұндай жағдайда социолог өз зерттеу объектісінің ортасында өмір сүреді. Бұл зерттеу әдісінің бір кемшілігі, объектіге тікелей енген зерттеушіде сол ортаға байланысты антипатия не симпатия сияқты сезімдік көзқарас пайда болуы мүмкін. Ал бұл жағдай социологты еріксіз субъективизмге ұрындырады.
Сұрау әдістері. Сұрау әдістерінің негізгі екі түрі бар: анкеталық сұрақ және сұхбат.
Анкеталық сұрақ. Ең алдымен социолог зерттелуге тиісті көріністің бағдарламасын жасайды. Бұл бағдарлама зерттеу соңында нақты ғылыми қорытындыға айналатын абстрактылы түсініктерден тұрады.
Анкета – орта есеппен 30-40 сұрақтан тұратын компьютерде жазылып, типографиялық әдіспен көбейтілген құжат болып есептеледі. Анкета сұрағына жауап берушілер респондент деп аталады. Сұрақтар нақты болуы тиіс. Сұрақтар екі топқа бөлінеді, ашық және жабық. Ашық сұрақта социолог бос орын қалдырып, респонденттен өз пікірін білдіруді сұрайды. Мыс: «Сіздің отбасыңызда әрбір адамға шыққандағы кіріс қанша?». Сұрақтан соң бос орын қалады. Ал жабық болса, жоғарыдағы сұрақтан соң жауап беріледі. Мыс: 1) 20000 теңге, 2) 20000 мен 40000 арасы, 3) 40000 жоғары. Жабық сұрақтарды компьютерде тез өңдеуге болады, бірақ ол социологтан зерттелетін мәселені толық білуін талап етеді. Ашық сұрақтар егер социолог жағдайды толық білмеген жағдайда барлау әдісімен жүргізіледі.
Сұхбат. Егер анкетаны респондент өзі толтырса, сұхбат кезінде оны оған маман оқып береді. Ол маман интервьюер деп аталады. Сұхбат әдісі негізінен екі мақсатта пайдаланылады, біріншіден, коммерциялық зерттеулерде белгілі бір тауарды жарнамалау мақсатында, ал екіншіден, егер анкетада қарапайым адамдарға түсініксіз терминдер көп қолданылса.
Статистикалық көзқарас тұрғысынан сұрау әдістерінің ішіндегі ең дәлдісі жалпы сұрау болып табылады. Бұның ең айқын мысалы жалпы халық санағы. XIX ғ. бастап ол Европа елдерінде, ал қазіргі уақытта барлық елдерде жүргізіледі. Санақ өте бай және нақты ақпарат береді, бірақ бұл өте қымбат тұратын шара. Ең бай елдердің өзі 10 жылда бір рет қана санақ жүргізе алады.
Осыған байланысты социологтар анағұрлым арзан, бірақ дәлдігі қалыспайтын таңдау жиынтығын тапты. Егер сұрауға жататын тұрғындарды жалпы жиынтық десек, онда таңдау жиынтығы соның кішірейтілген көшірмесі болып табылады. Мыс: АҚШ-тағы Гэллап институты тұрақты түрде таңдау методымен 1,5-2 мың адамды сұрап тұрады, ал сайлау кезінде 300 миллион американдық қалай дауыс беретінін болжап береді. Қателік бірнеше пайыздан аспайды.
Тұрғындардың қай бөлігі жалпы жиынтыққа жататынын зерттеу мақсаты айқындайды. Ал осылардың ішінен кімдердің таңдау жиынтығына жататынын математикалық әдіс шешеді.
Таңдау жиынтығы жалпы жиынтықтың дәл көшірмесі болуы тиіс. Бұл әлеуметтану негіздерінің негізі. Түпнұсқадан ауытқу репрезентативтік қателік деп аталады. Мұндай қателік анағұрлым аз болуы тиіс. Олай болмаса социологиялық зерттеу қорытындысы қате болып шығады.
Гипотеза – теорияның дұрыстығына көз жеткізген кезде жасалатын қарым-қатынас туралы тұжырым.
Айнымалы шамалар – адамдар немесе топтар арасында әркелкі болып келетін, өлшеуге болатын сипаттар.
Тәуелді айнымалы шама - себеп-салдарлық қатынастың салдары. Айнымалы шамаға тәуелді болады.
Операцияландыру – айнымалы шаманы өлшеудің әдістерін анықтау процесі.
Корреляция – екі айнымалы шаманың арасындағы эмпирикалық байланыс (мысалы, білімі артқан адамның табысы артады).

Әдебиет:


  1. http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=147318

Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі [Мәтін] / К. Биекенов, М. Садырова - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007

  1. https://sozdikqor.kz/search?q

Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер.

  1. https://openu.kz/kz/book/oksford-leumettik-gylymdar-sozdigi

Әлеуметтік ғылымдар сөздігі. Редакциясын басқарған К.Калхун. Oxford, 2002 Ұлттық аударма бюросы. Нұр-Сұлтан, 2019 ж.

  1. https://openu.kz/kz/book/aleumettanu-negizderi

Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 ж.

  1. https://openu.kz/kz/book/gylymi-zertteu-zhurgizu-distemesi

Зина О’Лири. Зерттеу жобасын жүргізу. Негізгі нұсқаулық. Оқулық. «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры» баспасы, Нұр-Сұлтан, 2020


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет