Глоссарий микроэкономика



бет10/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
Микро УМК
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы
Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым

Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.

Тақырып 1. Микроэкономиканың пәні мен әдістері

1.1. Микроэкономика пәні

1.2. Ресурстардың шектеулігі. Экономикалық талғам

1.3. Микроэкономика әдістемесі: теория және модель

1.1. Микроэкономика пәнi зерттейдi.

Микроэкономика тұтынушылар, фирмалар мен үкiмет сияқты шағын экономикалық бiрлiктер жасайтын таңдауды зерттейдi.

Микроэкономиканың пайда болуы үшiн алғышарттар 19 ғ. екiншi жартысында, экономикалық ғылымда психологиялық факторға үлкен назар аударыла бастаған кезде қалыптасты. Шектi пайдалылықтың австриялық мектебi экономикалық ғылымның берiлген нүктесi ретiнде қоршаған ортадан тәуелсiз жеке индивидтарды қарастыра бастады. Оның қызметiнiң негiзгi мiндетi- ресурстардың шектеулiгi жағдайында қажеттiлiктердi қанағаттандыру. Бұл индивидтiң тәртiбi әртүрлi болжамды жағдайларда қолайлы вариантты таңдау мақсатында қарастырылады.

Микроэкономикада бiз жеке сала, фирма, үй шаруашылығы терминдарын пайдаланып, назарымызды өндiрiс не нақты тауар бағасы, бiр фирмада жұмыс iстейтiн жұмысшылар саны, жеке үй шаруашылығы мен фирманың түсiмi немесе пайдасы, олардың шығындары сияқты шамаларға аударамыз. Микроэкономикада бiз бейнелеп айтсақ орманды емес , ондағы ағаштарды жете зерттеймiз. Микроэкономикалық талдау бiздiң экономикалық жүйенiң кейбiр компоненттерiн өте жақын арақашықтықтан көру үшiн қажет.

Қазiргi микроэкономика - шешiмдердi қабылдау туралы ғылым. Ол кәсiпкерлiк шешiмдер мен жеке таңдауды түсiну үшiн негiздi қалайды. Аты айтып тұрғандай, микроэкономика (micros- кіші) экономикалық өзара қарым-қатынастарды егжей-тегжейлi қарастырады. Күнделiктi менеджерлер, тұтынушылар, жұмысшылар, инвесторлар қабылдайтын сансыз шешiмдер- экономика қалай әрекет ететiнiн түсiну үшiн кiлт болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет