Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»



бет5/11
Дата23.10.2016
өлшемі4,68 Mb.
#57
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МАҢҒЫСТАУЫМ!

Шаңырағы шалқақ,

Керегесі бүтін кең түбек,

Қаншама ойлар кештірдің маған Сен түлеп,

Бабамның сенен қиямет-қайым күнде де-

Түсінем неге Кетпегендігіне тентіреп

Сол ұландарың-

Қаһары бейне алдаспан,

Жетіқат жердің қойынын тіліп, алға асқан

Мұнара соғып

Мәшһүр ғып жатыр әлемге

Даңқыңды сенің

Даңқымен елдің жалғасқан!

Шалқисың бүгін-

Мұнайлым, мыстым, темірлім,

Ғасырда мынау бақыты жанған өмірлім!

Қызғаныштан көзі

Қанталай ма екен кім білсін-

Мұхиттың сонау

Арғы бетіндегі жебірдің?!

Қызғана берсін... Тасып тұрғанда күй, ағын, өзіңе аян

дарияларға дария болып құярың,

жүздері бөлек,

жүрегі бірге жанардың

қолымен бүгін жасанып кеткен қияным!

Мұны айтып отырған қазақтың дарынды ақыны Меңдекеш!

Аптап ыстықка қуырылып, бір тамшы суға зар болып, шыңыраудан құдық қазып, ал, қыста ақырған аяз жаныңды шырылдатып, бір тарының қауызынатықса да, өкпек желі өңменіңнен өтіп, тірі өмірің тірі тозаққа айналса да бұл қазақ мына маң даланы неге тастап кетпеген? Сан сұрақ санаңа маза бермейді. Іздейеің, жауап іздейсің. Халқының қайсарлығына, жұртының төзімділігіне қайран қаласың.

Сол далалықтар қазақи мінезбен: «Е, жаратушы, ақырын бер гөр!» деп, тәубалап, тәңірінен тілеп, өмір көшін алға жылжыта берген. Уақыттан озбаған, бірақ қалмаған да. Бейнетке белшесінен батса да, тіршіліктің тәтпішін тәп-тәуір көрсе де тұзы аспанға шығып жатқан Үстірт үстін малсыз және ұрпақсыз етпей, көшіп келіп, сосын кетіп, әйтеуір, тапқанын теріп жеп отыра берген. Таласып, әйтпесе, тартып алам дегендердің талайын жер жастандырган.

Ақырында, ...Сан ғасырлар ұйықтап жатқан сары далаға дүркірей көтерілген ерекше еңбектің дүбірі орнады. Көкпен таласқан мұнараларды ышқына сүйретіп, ыңыранған тракторлар, геологтардың аспабын артқан, барлаушының бұрғысын тиеген көк машиналар, көп машиналар жетті. Түрлері бөлек-бөлек, бірақ жүздері жарқын адамдар, бәрі де қарбалас. Осылай ұйықтап жатқан маң дала төсі дүріл мен дүбірге толды да кетті...

Бұдан бұрын да, кейіннен де Атыраудан Маңғыстауға мұнайшы-мамандардың ағылып келгені жалғыз бұл жыл емес. Өзбекқалиев, Өтесінов, Оржановтарға дейін талай білімді, білікті мұнайшылар келген. Нақ осы жолы, 1964 жылы олар: - «Ембімұнай» трест бастығы Өзбекқалиев Халел, «Қаратон» мұнай бірлестігінің Бас инженері Оржанов Табын, «Ембі» мұнай кәсіпшілігінің бас механигі Әкімбаев Сахи, Бас есепші Құсайнов Әйтім, Атырау облыстық партия комитеті өнеркәсіп бөлімінің бастығы Өтесінов Рахмет, Атырау Халық Шаруашылығы кеңесінің мұнай өнеркәсібі бөлімінің бастығы Тажіғалиев Өтепқали болып, қош басын «Қазақстанмұнай» бірлестігі бастығының орынбасары Балғымбаев Өтеп бастап келген-ді.

Айтқандай, адамзаттың, оның ішінде қазақстандықтардың Маңғыстауға «мойнының» бұрылғаны осы ғана ма еді? Жоқ, Маңғыстау сонау-сонау бағзы замандардан-ақ пендесінің пейілін өзіне аудартып, назарынан тыс қалмаған. Оны «Тарих» деген абыз былайша таратады...

Сөйтсек, Маңғыстау мен Үстірттің зерттелуі Ембі мен Жемнен бұрын болған екен деседі. Өйткені Хиуа хандығын жаулауға Маңғыстау түбегінің оңтайлы болғаны себеп болыпты. Бірде атақты саяхатшы, географ Г.С.Карелин теңіздің Шығыс жағын зерттеу барысында Маңғыстауда көмір, темір, бор барлығына назар аударыпты.

«... Карелин Қайдақ шығананғынан қайықпен өтіп бара жатып, су астынан ескекке ілесіп көтерілген қоңыр қошқыл майлы дақты көріп: «Мынау тап-таза мұнай гой» деген. Бұл сапарда ол Маңғыстаудан Хиуаға төте жол осы Қайдақ сорының қабағынан басталар түс деп есептеп, сол жерде «Қызыл қала» әскери бекінісін салуды ұсынған. Кейін әскери кеме тоқтауға ыңғайлы деп Түпқараған түбегі қолайланған. Бұл Новопетровск әскери бекініс-форт деп аталды. Ол патша Өкіметінің Орта Азия мемлекеттерімен байланыс жасайтын, көшпелі қазақ, түркімендерді бағындырып ұстайтын тірек пункті болды.

Тарихи мәліметтерге қарағанда, ол кезде Маңғыстауда 20 мыңға тарта қазақтар мен түрікпендер көшіп жүрген. Олардың ауқаттылары қырда малмен, кедейлері теңіз жағасында балықпен күнелткен.

1880-ші жылдары Маңғыстауды зерттеу-Форт-Шевченкодан басталды. Маңғыстаудың таулы аудандарына әлденеше ғылыми экспедициялар келді. Солардың бірі географ Н.Андрусов болды. Ол Каспий теңізі арқылы Красноводскіге, Қарабұғазға барып, қайтарында көлікпен Таурық, Үстірт, Қарынжарық құмы арқылы Бесоқты, Басқұдықпен Форт Александровскіге қайтып оралды. Осы сапарында ол мың шақырымға таяу жол жүріп, көптеген іздестіру, зерттеу, бақылау нәтижесінде Маңғыстаудың геологиялық картасын жасаған. Біраз үзілістен кейін Н.Андрусов географ М.Баярунаспен бірге Маңғыстауға тағы да экспедициямен келді. Бұл сапарда олар Форттан шығып Тұщыбек, Шақырған-Шайыр, Қаңға баба құдықтарының маңын зерттеді. 1909 жылы олар осы құраммен Маңғыстауға тағы келді. Олар бұл жолы Түпқараған түбегі мен таулы аудандарды, Қаратау мен Ақтау бойларын, тау жыныстарының жалаңаштанған құрылымдарын зерттеді. Кейін- нен сол ізденіс, зерттеу қорытындысы Маңғыстаудың геологиялық құрылымын,оның терең қабаттарынан пайдалы қазба байлықтарды табудың жолдарын көрсетіп, нұсқап «Маңғышлақ» деген атпен кітап шығарды. Бұл 1915 жылы болатын.»

(М.Сухамбердиевтің «Мұнайлы Маңғыстау» кітабынан, 18- 19 бет).

«Ал, әскер топографы Г.А.Насибьянц 1899-1901 жылдары бірінші болып Таспас құдықтарының маңындағы жыраларда мұнай қалдықтарының барлығын анықтады.

Геолог М.В.Баярунас 1911 жылы Төбежік сайында мұнай қалдығы барлығын анықтап, белгілерін жазды. Баярунас академик"'1 Андрусовтың шәкірті және ғылыми жолын жалғастырушы болатын. Баярунас Қарасаз-Таспас антиклинал структура-геология құрылысын және мұнай нышанасын егжей-тегжей зерттеді.

Профессор В.В. Мокрунский де Андрусовтың шәкірті болатын 1925-1928 жылдары бірінші болып геология картасын салып, таулы жерлерде тас көмір барын ашты.

Геолог С.Н.Алексейчик 1936-1941 жылдары Маңғыстау геология картасын салып, мұнай қорының барлығын белгіледі. «Өзен» антиклиналь структурасын бөлек корсетіп, құрылысын анықтап берді.

Бүкілодақ ғылыми зерттеу геология барлау институты (ВНИГРИ) Б.Ф.Дьяков, Н.Н.Черепанов және Трифанов басшылығымен 1948 жылдары Маңғыстауда күрделі зерттеулер жүргізді.

«Қазақстанмұнай» бірлестігі геология іздестіруді 1955 жылы «Жетібай» структурасы барлығы анықталды.

1957 жылы маусым айында КСРО Мұнай өндіріс министрлігі, «Қазақстанмұнай» бірлестігі бұйрығымен ақпан айында Форт-Шевченко қаласында «Маңғышлақ мұнайгаз барлау» тресі қүрылды.Оған бастық болып Бердігожин Орынбай тағайындалды. Кейіннен 1957 жылы тамыз айында Өзбекқалиев Халел Жағыпаровичті жіберді.

Қайталап айтар болсақ, 1964 жылы Шевченко, қазіргі Ақтау қаласында «Маңғышл ақмұнай» бірлестігі құрылды. Жаңа бірлестік мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және оларды өңделмеген күйде сатумен айналысатын болады.

Әлгі аты аталған бес жігіт: Халел Өзбекқалиев - «Маңғышлақмұнай» бірлестігіне бастық, Өтесінов Рахмет - «Өзен-мұнай газ» басқармасының бастығы, Оржанов Табын - бірлестіктің техникалық бөлімінің бастығы, Тәжіғалиев Өтепқали-бірлестіктің мұнай тасымалдау бөлімінің бастығы болып тағайындалып, бәрі бір-бір дөй қызметке не болды. Иә, қызметке не болуын болды...

Маңғыстау қайнаған еңбектің, жалындаған жастар ордасына айналған-ды. Кеңес Одағының жер-жерінен келген сан ұлттын өкілдері: бірі геолог, геофизик, бірі құрлысшы, енді бірі краншы... не керек олар еңбектің қазанында бірге қайнады. Мұнай қазып,өңдеу мен өндіруден баяғыдан бай іс-тәжірибелері бар әзірбайжан ағайындар қазақтарға мұрындарын шүйіре қараған сәтте, қазақ мұнайшылары қайсарлана түсіп: «біз Ембіліктер, сендерден асып түспесек, кем қалмаймыз! Келіңдер, сынасалық...» деп, әзілмен шындықты айтып, намыстарын талай жаныған.

Ембідегідей емес «Жетібай» мен «Өзеннің» мұнайын алу мамандар алдына басқаша талаптар қойды. Мысалы, «Жетібай» мұнайы юраның шөгінділері өнімді кезектесе қабаттасқан құмтастардан, алевролиттерден және саздардан құралған 13 жатыны бары анықталды. Юра қабаттарынан 2 газ, 11 мұнай, 7 мұнай-газ жатыны орналасқан. Өнімді қойнауықтардың жатыс тереңдігі 1700-2500 метр. Бәрінен бұрын мұнай құрамында парафин мен тұз көп мөлшерде бар. Жер бетіне шықанда 35 градустың өзінде мұнай тас болып қатып қалады. Осы проблема мұнайшылар алдына түйіні қиын мәселені қойды.

Мұнайшылар барлаушылар тапқан мұнай көздерін ашып, мұнай алып, сақтайтын орын жасап, бір-біріне байланысқан құбырлар салып, сөйтіп оны топтық қондырғыға жеткізуді құрлысшылармен қосарлана атақарды. Еңбек нәтижесіз болмай, жер түбіне жеткен құдықтардан май жер бетіне көтеріліп коллектормен орталықтағы мұнай қазандарына жетіп жатты. «Өзенде» мұнай жинайтын, тасымалдайтын, сақтайтын ондаған обьектілер салынды.

Бірлестіктің барлық бас мамандары ақылдаса отырып осындай қадау-қадау мәселелерді шешудің жолын іздеді. Олардың нақ ортасында техникалық бөлімнің бастығы Оржанов Табын жүрді. Ол өзіне сеніп тапсырылған қызмет пен жұмыстың мәнін, мақсатын жете ұқты. Шамалы салқын түссе болды қатып қала беретін майды өндірудің амалын іздеді, тәсілін қарастырды. Ол үшін ол Кеңестер Одағындағы мұнай өндіру саласында қолданып жүрген жаңалық, жетістіктермен, амал-тәсілдердің бәрімен танысты, зерттеді, оқыды, саралады. Парафині мен тұзы көп өз мұнайларын өндіру үшін сол техникалардың ыңғайлысын іздеді? Инженер, техникалық бөлімнің бастығы Оржанов шынын айтқанда Одақтың 24 ғылыми институтарымен, олардың ішінде алып: «ВНИИнефть», «ВНИИбурнефть», «ВНИИтранснефть» бірлестіктерімен байланыс жасап, іс сапармен барлығында болып, көзімен көріп, тәжірибе жинады. Ақыры, үздіксіз ізденістің арқасында қара майды қатырмай алудың амалы да, айласы да табылды. Осы өміршең жаңалықты тапқандардың бірі-инженер Оржанов Табын. Әуелі тапқан жаңалықты өздерінде, бірлестіктің техникалық бөлімінде талай-талай талдап, басқалардың да пікірін тыңдап, қосатынын қосып, алатынын алатын.

Өз пайдасын кім ойламасын. Аты аталған ғылыми институттардың бәрі мемлекет меншігі болғанмен табыс көздерін өздері де тауып жатса абырой, қосымша «сый ақы» дегендер болатын. Сол ма екен, әлде абырой-атақ керек бола ма, әйтеуір, бәрі де мұнай өнеркәсібіне байланысты ашқан жаңалықтарын жан-жақтан ұсынып, тықпыштап жататын. Олардың «тықпышына» көне коятын Табын Қапанұлы ма, жаңалықтарын, яғни, мұнай өндіруге арналған жаңа техника-құралдарды бірлестіктің техникалық бөлім кеңесінде, нағыз ғалымдар мен мұнайшылар талқысынан өткізіп барып, содан кейін ғана кәсіпшілікке енгізетін.

Және бұл жылдар- жаңалыққа толы жылдар болды:

1960 жылы Мақат-Маңғышлақ темір жолы салына бастады.

Мақат-Ақтау темір жолы Өзенге жеткізілді,

Бұл жолмен тұңғыш рет бір эшолон мұнай Гурьев зауытына жөнелтілді.

Жаңа Өзен қаласының құрылысы жан-жақты жүріп жатты, барынша жабық, жария жасалынбай Бор мүйісінде «Гурьев-20» деген қала салына бастады.

«Өзен- Жетібай -Шевченко» ұзындығы 140 шақырым болатын мұнай желісі аяқталды.

Бұдан кейін мұнайды Каспий теңіз жолымен жіберуге мүмкіндік туды. Алғашқы танкер Волгоград өңдеу зауытына мұнай жеткізді.

«Өзен»-«Жетібай» су желісі іске қосылды,

Шевченко-Өзен жоғарғы кернеулі электр желісі пайдалануға берілді және осы екі ортаға ұзақтығы 154 шақырымдық асфальт жол салынды...

Міне, осылай, айналасы бес-алты жылдың ішінде Маңғыстау түрленіп, өзгеріп шыға келді. Күн сайынғы жақсы жаңалықтың бел ортасында өз үлестерін қосып Табындар да мұнай молшылыгын зорайтып жатты.

Тіршілік иірімі бір ғана жұмыстан, өндірістен тұрмайтын шығар. Соншалықты біз Оржанов Табынның озық мұнайшы, білімді иженер екенін көрсеткіміз келіп, оны көптеу сөз ете бергеннен оның адамдық тұлғасы толық жасалмайды. Адамның толық тұлғасы жан-жақты айтылғанда, яғни, от басы, жора-жолдастары ортасындағы орны сөз болғанда ғана ашылмақ.

Содан, Табынның отбасы, бас аяғы сегіз жан үш болмелі қаланың тар үйіне келіп кірді. Пейіл кең болса үйдің тарлығы ештеңе етпейді екен. Табын болса күн шығар шықпастан кетіп, түнгі сағат 11-де келеді. Балаларының алды мектепте оқиды, кенжесі Сабыржан балалар бакшасына барады. Жары Оңай да қызметте, бірлестіктің бухгалтериясында есепші болып істейді. Күндіз балаларға ие-Қапан мен Зияда. Мектепке шығарып салу, қарсы алу, тамақтандыру солар міндеті. Кейде Табын мен Оңай: «Атам мен апамның Маңғыстауға келгендері қандай жақсы болды, әйтпесе, балаларға қалай қараймыз, жұмыспен жағаласып жүріп» деп, қарттарына ризалықтарын іштей де, сырттай да біл- діріп қоятын.

Қазіргідей бір үйдегі бір әйелді жұмыссыз отырғызып, «баларға тәрбие бер, амандық-саулығына қара» деп, қоятын жағдай ол кезде жоқ. Бір адамның табысы бір үйдің тіршілігін дөңгелентіп әкетуге аздық етеді. Сондықтан қанша балаң болса да, балалар бақшасына беріп, жұмысқа шығасың. Бақшадағы балалар, әйтеуір, жиі ауырады. Амал жоқ анасы демалыс алып, ол бастықтарға ұнамай, у-шу болып жататын. Турасын айтқанда мұндай «проблемаларды» Оңай апай, ата мен енесінің арқасында көрген жоқ. Олардың балалары қашанда да караулы, тоқ, киімдері таза", сабақтары орындалған болатын. Бұл күнде өзі әже болып, өз немерелеріне сол қамқорлықты көрсетіп отырған апай қарттарын аса бір құрметпен еске алып, көрген жақсылығын үнемі айтып отырады. Оңай апай:

- Ата мен aпa өмір бойы түйе ұстаған адамдар. Сонын арқасында біздің үйден шұбат арылған емес. Енді, Мағыстауға келген соц ол мүмкіндік болмай қалды, қалада тұрдық Көп болса бір-екі жыл ғана шыдады-ау деймін, бір күні Табынға бізге жер әпер, дача саламыз деді. Оған Табын алғашқыда ол неге керек, тыныш отыра алмайсыңдар ма деп ұрысты. Соңынан ойланды да, жоқ бұл дұрыс екен деп, жер алып берді. Екеуі қуана-қуана дача салуға кірісті. Бәрін өсірді: қияр, памидор, тіяз... тіптен қауын мен қарбызға дейін өсірді. Балаларға да жақсы болды, жаз болса соның басында...Шыны керек, үйдегі тамаша деген шығын да азайды, ештеңе базардан сатып алмаймыз, атам мен апам бақшасынан әкеп отырады.

Жазда елдер демалысқа кетерде балаларын қайда қалдырарын білмей, туған-туысты жағалап жүреді. Біздерде ешуайым жоқ, қарттарымызға қалдырамыз да жүре береміз. Алдары жарық, имандары саламат болсын, жарықтықтардың,- дейді. Үнінде сағыныштың табы бар, әрине.

«Ата мен ананың қадірін немерелі болғанда білерсің». Бұны да қазақ айтқан. Негізі қазақ, өмірден көрген-түйгенін тәлім етіп айтып кеткен. Қайсыбір мақал-мәтелді алмаңыз, тұнып тұрған даналық, философия! Бірақ, бірақ, әттең-ай, біздер содан сабақ, тәлім-тәрбие алып жатырмыз ба? Әйтпесе, өмір сүрудің барлық ережесі жазулы тұр, жолы нұсқаулы. Қараңызшы, қазақ айтады: «Малым-жанымның, жаным-арымның садағасы!» деп. Мағынасы терең, астары асыл! Тірнектеп жиған малын жанына қиып тұр, дұрыс. Сол жанды сақтау үшін табылған мал болса садаға етпегенде не етесің. Ал, жанын арына садаға ету дегенді қазақтан басқа кім айта алды? Арды сатып мал жинап жүрген жоқпыз ба, көбіміз. Ал, қазақ айтады: «Жоқ! Арды еш уақытта аяқ асты етуге болмайды, арыңды таза ұста, малыңды тәрік ет ар жолында!». Міне, қазақты қазақ етіп алып қалған осы даналығы, қайсарлығы, қысқасы, осы мінезі!

Осы ар мен тазалықтың «көрнекі құралы» етіп бүгін Табын Қапанұлын айтуға әбден болады. Ардан аттамай, дүние-боққа қызықпай, адамдықтың үлгісін көрсетіп келе жаткан адам осы заманда екеу болса соның бірі, әйтпесе, жалғыз өзі. Менің бұлай айтуыма негіз болған бірге қызмет істеген әріптестер мен замандастар пікірі. Олар пікірі тура келісіп қойғандай бір арнаға құйылып, «дүниеде бір таза, адал адам болса ол-Табын!» деп, шын пейілмен айтып жатты. Оларға қарап, артыңнан жаман сөз ертпей, адамдықтың туын жықпай өту, бақыт екен-ау, дейсіз еріксіз.

Содан, Табын Қапанұлы «Маңғышлақмұнайда» бес жыл, яғни, 1969 жылға дейін қызмет атқарды. Зия кеткен жылдар емес, қайта өзіне мол тәжірибе жинаған, зиялы, қазыналы кезең болды. Көру мен естудің арасы алшақ. Ол осы қызметінің арқасында үлкен жер, үлкен адамдар: ғалымдармен, түрлі деңгейдегі басшылармен, небір ақылды, алғыр геолог, гиофизик, қысқасы, мұнай майталмандарымен танысты, жолдас, дос тапты. Ел көрді, жер көрді, Табын баспаған Кеңестер Одағында жер қалмады деуге де болады. Мәскеуге іс сапармен жиі баратын...

Тағы да Табынды білетін басшы-бастықтар өзінің «Ембісіне», бұл жолы Бас инженерлікке шақырды. Туған жер, туған ел қайыра шақырып жатса оған «барайын ба, бармайын ба?» деп, талқыға салу ұят шығар. Табынның от басы ойланбастан көштің басын Атырауға, туған жерге бұрған-ды...

«Өмір-өзен». Өз ағысымен алға жылжи береді.

Ілесу-ілеспеу өз шаруаң.

* * *


Бұл 1969 жыл. «Ембімұнайға» келісімен сан шаруа алдынан шықты. Өндіріс деген қашанда да қайнаған үздіксіз еңбектің ортасы гой. Ол шаршадық, шамалы тоқтап тура тұрсыншы дегенге көнбейді. Өндіріс болған соң проблеманың болуы заңды құбылыс. Оған мұнайшылар үйренген. Жұмыспен, бірлестікке қарайтын кәсіпшіліктер жағдайымен танысқан Табын «Мартыши», ондағы ескірген құрал-жабдықтарды ауыстырып, жаңартып, қысқасы, күн сайын азайып бара жатқан майды көтеру керек деп түйді.

«Мартыши» Атырау қаласының батысында 76 шақырым жерде орналасқан газ бен мұнай кен орны. Алғаш 1962 жылы ашылды. Ірі тектоникалық тұрғыдан алғанда кенорын түзкүмбезді құрылымнан орын алған. Түзүсті таужыныстар жиынтығының стратиграфиялық қимасында төменгі бор және ортаңғы юра шөгінділері мұнайлы. Бір ортаңғы юра, үш неоком және бір апт мұнайлы горизонттары бөлінген. Олардың жатыс тереңдігі 594- 852 метрге дейін өзгереді. Жатындардың мұнайлы болігінің биіктіктері 30-85 метрге дейінгі аралықта ауытқиды.

Бұл кәсіпшілік 1968 жылдан бастап игерілді, қорының шамасы жөнінен ірі кен орындары қатарына жатады. Кен орнынан Атырауға дейін мұнай құбыры салынап, ол пайдалануға 1987 жылы берілді. Қазір сол құбыр арқылы жылына 6 миллион мұнай өтеді.

Біздің бұл айтысымыз: геологтар, геофизиктер және ғалымдардың «Мартыши» кен орны жайлы берген анықтама, мәліметі. Ондағы атқарылған жұмыстар жөнінде Оржанов Та- бынның өзі былай дейді:

- «Маңғыстауда бес жыл жұмыс істеп, «Ембімұнай» бірлестігіне бас маман болып келдім. Бұл кен орнынан мұнайды ала бастағанына көп болған жоқ, бірер жылдың көлемі ғана. Сған қарамастан мұнай қоры көп кәсіпшілктің май беруі соңғы кезде төмендеп кетіпті. Бізге соның себебі мен салдарын тауып, мұнайды көп өндірудің жолдарын қарастыру тапсырылды.

Ең әуелі кәсіпшілікте биіктігі 12 метр, сиымдылығы 50 тонналық үлкен ыдыс жасадық, бұл ілеспе газды айыру үшін қажет болды. Тағы да сондай қажеттіліктен туған 2000 тек- ше метрлік резервуар қондырдық. Жабық құрылыммен мұнайды жинағанда келетін ілеспе газдың резервуарларға беретін әсерін түгелдей азайтып, ақаусыз жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мұнда мұнайдын түсіп кеткен бір себебі-жер астынын қысымы төмендеген. Ал, мұнай алуда жер астының қысымын кажет деңгейде ұстап тұру аса маңызды, және қажетті тәсіл. Қысым түсіп кетсе мұнайдың жер бетіне шығуы азаяды, тоқтайды. Мысалы, бұл кәсіпшлікте қысым 80 нен 61- 62, 5 атмосфераға түсіп кеткен. Енді оны жер астына су айдау арқылы қысымын көтеру керек.

Жоба бойынша ұзындығы 14 шақырымдық, қуаты 35 киловолыптық электр желісі тартылмақ болған. Бірақ, ол жобада бар, нәтижеде жоқ. Қосымша күш болмағандықтан мұнай қабатының өз қысымымен мұнай шығарылып тұрған. Өнімнің күннен күнге кеміуіне осы бірден-бір «әсер еткен. Соны тез қолға алдық. Әрине, қазір айтуға оңай, ал бұл істердің қапай аткарылғаны біздерге ғана аян. Құрал-жабдық жоқ, бәрін жанадан сатып алуға қаржы тағы да жоқ,. Ескіні жамап-жасқау керек, қысқасы, жоқтан бар жасадық.

Біз келгенге дейін У8-3 насос, сорғыш дейміз бе қазақша, ол дизелъдің күшімен жасап түрган ғой. Қарасам бұл насостың күші мұнай кабаттарына су айдауға жетпей жатыр. Содан ойланып-ойланып, басқаша амал таптым. Мұнай қабатындағы aт тұяғындай ғана орынға және су өткізгіштігін, немесе, қабылдағыштығын деп айтсам да болады, соны ескере отырып (проницаемость около 500-1000 милидарси) әрбірінің электр қуаты 14 киловаттан аспайтын, екі центробежный насосты (ЦН-240 /60) орнату керек болды. Ол жоқ кәсіпшілікте. Не істеу керек? Тез Мәскеуге, Мұнай министірлігіне хат жазып, сосын телефон соғып дегендей, таныстар бар ғой, насостарды алатын болдық. Насостар Ташкентте шығарылатын, рұқсат қағазымыз бар, біреуміз барып алып келдік, орнаттық. Оны іске қосу үшін мұнай алаңындағы жүріп тұрған төрт В2-300 двигательдің электр цуаты толықтай жететін еді. Қосымша ыдыс қондырмай-ақ алъбсеноман қабатына орналасқан насостың суы тікелей ЦН-240/60 насостарға беріле бастады. Бұл насостар мұнай қабатына қажетті суды айдауға мүмкіндік берді. Бірінші күннен бастап-ақ су айдау қысымы 18-19 атмосферадан аспай екі насоспен 3400-3800 текшеметр су айдалып тұрды. Бұл қабаттың қысымын бірден көтеріп, мұнайдың молаюына әсер етті.

Осы «Ембімұнайда» қызмет істеп жүргенімде елеулі болған оқиға, «Мартышиға» жақын жерден жанадан кен орны ашылып, іске қосылды. Қашанда да жаңа жерге жаңа құрал-саймандар көп керек екені белгілі гой. «Жоқ» деп отыра береміз бе, жан-жақтан, басқа кәсіпшліктерден сұрастырып жинаймыз. Содан, газ айыратын топтың қондырңы, орысша айтқанда: «блочную групповую установку с насосным блоком и газосепаратором» деп аталатын құрал керек болды. Онсыз мұнайды мол алу мүмкін емес. Содан тағы да Мәскеуге, Мұнай министірлігіне хат жаздым. Жұмыс бабымен, Мәскеуге барғанда сөйлесіп жүретін жігіттер бар ғой, соларды салып жүріп қондырғыны алдық. Сосын 1000 текшеметрлі резервуар, шеңбері 150м. Ұзындығы 20 км. мұнай құбыры тұрғызылды. Мұнайды суынан тазартып «Мартыши» алаңындағы мұнай жинайтын қорға айдаймыз.

Ендігі бір маңызды мұнай алаңы «Прорва» болды. Бұл да бірлестікке қарайтын кәсіпшліктердің ішінен мұнайды көп беретін кен орны. Жоспарды орындау керек, ол орындалмаса ауданнан бастап, облыс, республикаға дейін ишу болатын, әйтеуір. Қазіргі мұнайшыларға жақсы ғой, «жоспар» деген «жаналғыштан» құтылған. Сол жоспарды орындау үшін бұл жерде маған біраз қиын проблемаларды шешуге, жұмыстануға тура келді. Солардың ішіндегі күрделісі қысымы көбейіп тұрған бес топтық қондырғының (групповой усановка) «Сарқамыс» мұнай құбырына қосылатын жердегі шойын қамыттарды темірден жасалған қамыттарға (задвижка) ауыстыру керек болды. Бұл жұмыстың қиындығы сол мұнай алаңындағы барлық ұңғыларды тоқтатып, мүмкіндігінше тез қамыттарды ауыстырып және қайыра жұмықа күндіз қосылуы керек. Өйткені аққан-тамған жерлерді көру мүмкіндігі болу керек қой. Осындай қиын жұмысты мойнымен көтеріп, аса жауапкершілікпен қарап, слесарлық және темірді тоқпен пісіру жұмыстарын ақаусыз атқарған бас маман Балжанов Құмар мен оның бригадасы болды.

1970 жылы «Ақтөбе» кен орны іске қосылды, оған да көп жұмыстандық. Іздестіру, бұрғылау жұмыстары 1962 жылы басталып, 1965 жылы ашылды да, барлау жұмысы жетпісінші жылдарға дейін жүргізілді. Кен көтерілімі бұзылмаған тұз күмбездер қойнауында жатыр. Мұнайлылығы ортаңғы-жоғарғы юраның бат, келловей жік қабаттарыныц шөгінділерімен байланысты. Өнімді қатқабаттың жоғарғы юралық бөлігінде мұнайлы горнзонттардын бесеуі, ортаңғы юралық бөлігінде екеуі барлығын геофизиктер-барлаушылар анықтады гой. Оны алып шығу біздің міндетіміз. Ол міндетті толық орындадық деп ойлаймын».

«Ембімұнай» бірлестігінің Бас инженері Табын Қапанұлы атқарған ауқымды, маңызы зор жұмыстарын осылай қысқа қайра салу ғана оңай. Ал,оның астында, астарында сол кездегі қаншама қиындықтар, азапты күндер, жүйке жұқартарлық шешуі қиын мың мәселе жатқанын өзі ғана, ауыртпалықты бірге көтеріскен әріптестері ғана біледі. Қайта-қайта айтуға тура келеді, әріптестің берген бағасы-бар бағадан биік! деген сөзді.

Жастық шақтан бірге келе жатқан досы, мұнай саласына еңбегі сіңген майталман мұнайшы, әрі ғалым Мырзағалиев Қамысбай 2001 жылы «Династия нефтяников Оржановых» деген кітапша жазып, әлгі еңбекте дәл сол кездің жағдайын жақсы баяндайды:

- «Когда Оржанов в 1969 году начал работать главным инженером комбината «Эмбанефтъ», состояние дел было следующим.

В системе «Эмбанефтъ» самым злободневным было состояние разработки месторождения «Мартыиш». Здесь добывалось 70% нефтедобычи по «Эмбанефти». Но она неуклонно падала. В добывающих скважинах буферное давление было на низком уровне, до 2-2,5 атмосфер, и нефтедобываемые способности скважин понизились. Надо было S3 скважины перевести на механизированный способ добычи глубинным насосом с приводом наземного станка-качалки. На это требовалось крупное капиталовложение. Второй способ для повышения нефтедобычи-наладить закачку воды в пласт, что способствовало увеличению пластового давления. Для этого требуются соответствующее оборудование и электроэнергия, которых на «Мартыиш» и на Эмбе не было. И дело оказалось в безвыходном положении. Имеющиеся массивные насосы У8-3, развивающие большое давление, но малой производительностью, не подходили для закачки воды в пласт. Электро¬энергии не было, к «Мартыиш» не подводились высоковольтные линии. Для перекачки добываемой нефти использовалась индивидуальная электростанция, приводимая в движение четырьмя дизельными моторами В-2-3 00, которые устанавливались в буровых установках и в боевых танках. От такой безысходности главный инженер «Эмбанефтъ» Диметман Наум Исаакович, выходец из Баку, окончивший не один институт и академию нефти в Баку и в Москве, долгое время работавший на Эмбе, подает в отставку и переходит на работу в проектно-исследователъский институт «КазНИПИнефтъ».

Сейчас поражаешься, как мог справиться с этим незавер- шейным, ради большой добычи нефти в начальный период, запущенным хозяйством «Мартыши» Оржанов.

Такой случай произошел с гигантским месторождением Узень, которое сейчас возрождается снова.

Оржанов обладал достаточными знаниями в гидродинамике нефтяных залежей, хорошо знал номенклатуру нефтяного оборудования и какие имеются исполнители для специфических работ вне Эмбы. Огромным усилием Оржанову удалось нормализовать нефтедобычу в «Мартыши». С учетом естественного давления столба воды в скважине в 800 метров (80 атмосфер) и проницаемости пласта до одного дарси была доказана пригодность для закачки воды в пласт центробежного насоса ЦНС 240x60, выпускаемого на заводах в Узбекистане. Закачка воды производилась в подковообразную нефтяную залежь «Мартыиш» со стороны подковы через 4 скважины из имеющихся 9 нефтяных скважин через одну и доведением объема закачиваемой воды более 3 тысяч кубометров в сутки. Буферное давление в скважинах возросло на 2-2,5 атмосферы. Объем добываемой нефти с 2 тысяч тонн по «Мартыши» возрос до 2,5 тыс. тонн в сутки, т.е. увеличился на 500 тонн. Можно сказать, что это были инженерные искры Оржанова, которые подавались в пламя огня «Мартыши».

Основная трудность в подведении линии электропередачи от Аккистау до «Мартыши» протяженностью 14 километров с напряжением 35 киловольт (внутрипромысловое напряэісение в 6 киловольт) заключалась в сложности установки опоры электролинии в болотистой местности, проходящей через водный канал между Аккистау и «Мартыиш». И здесь нашлось инженерное решение вопроса. Опоры устанавливали на 4 штырях-сваях, раз¬мещаемых в углублениях, вырытых зимой, в замерзшем грунте, размером 3x3x3 метра, и соединенных между собой. Электроэнергию подводили монтажники Астрахани, где руководство осуществлялось Оржановым.

Так был обеспечен постоянной электроэнергией нефтепромысел «Мартыши» имени Салтаната Балгимбаева. Атырауская

электростаниия снабжала энергией и этот район.

Так для Оржанова проходят два с половиной года, наполненные напряженным трудом на Эмбе.

Табын снова возвращается в Мангистау в качестве главного инженера производственного объединения «Мангышлакнефтъ».

Тағы да өзі куә болған бір әңгімені Қамысбай аға бізге былайша баяндады. Бір жолы Атырауға іс сапармен барып, әріптесі, досы Сағынғалиев Бөлекбайдың үйіне қонады. Түнгі сагат 4-те телефон шырылдап, қалың ұйқыдағы үй ішін тегіс оятады. Ұйқысын аша алмай, не болғанын түсінбей телефонға жеткен Бөлекбайға кәсіпшілікте авария болғанын хабарлайды. ¥йқысы шәйдай ашылған Болекбай: «Табынды неге Маңғыстауга жібердім, неге жібердім! Ол болса ғой менің ұйқым бұлай бұзылмас еді... әкеңді» .... деп, боқтанып отыр дейді.

Бір ғана өмір көрінісі, Табын ағаның таптырмайтын маман,талантты инженер, сенімді адам екенін көрсетіп-ақ тұр.

* * *

Сый-құрметтің үлкен кішісі болмайды. Құрметтің аты құрмет. Табын Қапанұлын осы жылы, яғни, 1970 жылы «Еңбектегі Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.



Міне, осы тұста жоғарғы жақта отырған басшы-бастықтардың көзі Оржанов Табынға тағы да түсті. Қызық болғанда оны «Мағышлақмұнайгаз» бірлестігіне Бас инженер етіп қайыра шақырып отыр. Бұл жолы Табында толқу болған жоқ, бірден келісімін беріп, Маңғыстауға қайта көшетін болды. Бұл кезде Табын шынында да өзі таңдап, өмірінің мәні етіп алған мамандығы-инженерліктің қыры мен сырын жыл озған сайын меңгеріп, меңгеріп қана қоймай кей тұстарда өз жаңалық, тапқандарын қосып, нағыз кәсіби инженер дәрежесіне көтеріліп, білім мен білік жағынан толысқан ды.

Табынды Маңғыстауға қызметке қайыра шақырып жатыр дегенді естігенде ата мен анасы да қуанбаса ренжіген жоқ. Олар ол жақтан біраз ағайын-тума тауып, үйреніп қалған-ды. Теңіз жақтан жып-жылы болып соғатын таза, дымқыл ауаны, ұшы-қиырына көз жетпейтін көк теңізді қарттар да сағынғандай сыңайлы.

Баяғыда үлкендер: «бейнетің жансын, еңбегіңнің зейнетін көр» деп, бата беретін. Қапан қазір немерелерін алдына ала отырып кейде ой казатыны бар. Сосын іштей: «бейнеттің жанғаны осы шығар, өз балаларымның бәрі орнығып, от басын құрып, ордалы шаңыраққа айналды. Бәрінің де жұмыстары жақсы, басбұзар болып, шеттен шыққан ешкім жоқ. Немерелерім мынау өсіп келе жатқан. Жұмысты қойып, зейнеткерлікке шығып, күні Табынға қарағанмен дүниеден таршылық көрген кезі жоқ. Қайта баласының арқасында Маңғыстауға барып, ел мен жер көріп, өрісін кеңейтті. Бұл жаман ба?.. Енді, міне, Табынын Маңғыстауға қайыра шақырып жатыр, жаман маман болса шақырар ма еді, тәуба, тәуба. Несі бар, үйренген жеріміз қайыра барамыз...» деп, іштей буынып-түйініп койды.

Табын да солай, әкесі секілді бұл да өз ойын, оз шешімін ойша саралап: «Барсам барайын, үлкен жердің мақсат мұраттары да үлкен болады, араласып көрейік. Қорқатын не бар, бұрын жұмыс істеген жерім, бірге барған әріптестерім де қазір қызметтері өсіп, тастары өрге домалап тұр. Мақтаныш емес пе?»

Табын Қапанұлының инженерлік еңбегі еленіп, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бұл-1971 жыл.

Табын Қапанұлының өмірінде мәңгіге жатталып, санасында сақталып қалған екі кездесу бар. Оның біріншісі—Қазақстан Үкіметін он үш жыл басқарған, кейіннен Гурьев облысында бірінші хатшы болған Нұртас Оңдасынов болса, екіншісі, Қазақстан билігінде отыз жыл отырған, белгілі мемлекет қайраткері Дінмұхамет Қонаев еді. Біз Табын ағаның Оңдасыновпен болған кездесуі жайында жоғарыда айттық.

Кезек Қонаевқа келді. Ол кездің тәртібі: үлкен лауазымды қызметке барар алдында Одақ пен Республика басшылары алдынан өтетін тәртіп бартын. Табын Қапанұлы да «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігіне Бас инженер болар алдында, әуелі Мәскеудегі Орталық Комитеттің ұйымдастыру бөлімінен, сосын, Мұнай өнеркәсіп Министрлігіндегі өндіріс бөлімінен, тура емтихан тапсырғанмен бірдей дәрежеде сыналды. Ендігі кезек Республиканың бірінші басшысына кіру, кездесу тұр.

Беделі бір ғана республикаға емес, Одаққа да жүріп тұрған Қонаевтың есімі де, оған қосарлана жүретін атақ-даңқы да айбарлы болатын. Табынды екінші хатшы сол «айбарлы, абыройы асқан» адамның алдына алып келді. «Жүзі жылы, алды нұрлы адам екен-ау» деп қойды Табын іштей. Содан көп емес, бірақ, аз болса да маңызды әңгіме қозғалды. Қонаев сұрақ қойды, Табын жауап берді. Бірінші басшыны мазалайтын Маңғыстау мұнайы, халықтың тұрмыс-жағдайы екен...Қоштасар кезде ұзын бойлы, сымбатты адам, салалы саусақтарымен қолын қыса тұрып, табыс тіледі. Табын толқып кетті. Түсінікті... Тез хош айтысып, кабинеттен шығып кетті олар.

Бірінші хатшымен кейіннен тағы бір рет кездесті.

Маңғыстаудан кен орындары көбейіп, күн сайын халық саны ұлғайып келеді. Ауыз су жоқ, жетіспейді, ұзақтан тасып ішеді халық. Бұл Республика дәрежесінде қаралмаса шешілмейтіндей жағдайға жетті. Ақырында, Орталық Комитетке Су шаруашылығы Министрлігі өкілдері мен ғалымдар, мамандар шақырылып, алқалы бір ақылдасу болды Солардың нақ ортасында Табын Оржанов та болып, өзіне тиесілі пікірін, ойын ортаға салған-«Түйесу», «Сауысқан» жер асты суын қазып, қажетке жаратуды айтты. Осындай көп пікір мен ақылдасудың арқасында Ақтау мен Жаңа Озен қаласының маңынан құдықтар қазылып, ауыз суы мәселесі шешілген-ді.

Сол күндердің суреті, ел басшысы Дінмүхамед Қонаев кел- беті Табын Қапанүлының есінде мэңгіге сақталып қалды.

Табын Қапанұлы өзі болмаған аз жылдың ішінде Маңғыстаудың, оның ішінде Шевченко мен Жаңа Өзен қаласының қарқынды өсіп кеткеніне таң қалды. Әсемдігі жағынан бір-біріне ұсамайтын тұрғын үйлер, халыққа қызмет көрсететін тұрмыстық орындар, сүт пен нан зауыты, 600 орындықты кинотеатр, стадион, Мәдениет сарайы, училищелер мен техникумдар ашылған. Бұның бәрі бір ғана «Жаңа Өзен» қаласында.

Өзен-Гурьев-Кұйбышев - 1500 шақырымдық «ыссы» мұнай құбыры 1970 жылы толықтай іске қосылды. Және осы жылы қоры өте көп «Тенге» газ өндіретін кәсіпшілік іске қосылды.

1971 жылы Өзен ауданы бойынша 13 миллион тонна мұнай, 1 миллиард текше метр табиғи газ өндірілді.

«Түйесу» мен Өзен аралығына ұзындығы 55 шақырымдық су желісі салына бастады.

Жаңа Өзен қаласына аэропорт және телевизиялық ретранслятор құрылысы басталды.

Міне, осылай аз жылдың көп жаңалыгын жалғай берсең ол ұзақка созылады. Біз ірі-ірісін ғана іріктеп алдық. Бұдан арғы жаңалықтар мен өзгерістер ортасында Оржанов та өсті, арласты, еңбек етті.

1972 жыл «Маңғыстаумұнай» бірлестігі үшін ең бір күрделі, анығын айтсақ қиын кез болды. Жыл сайын табылап жатқан жаңа кен орындары бірлестіктің алдына үлкен проблемаларды қойды. Мұнайды өндіруге қажетті түрлі техникалар мен жабдық- жасаулар көп көлемде кажет етіле бастады. Бұл қажеттілікті шешу оңай емес, оның «құлпы» да, «кілті» де Мәскеудегі министрліктерде болды. Әрбір қадам мен әрекетіңді бақылап, басқарып отырады. Еркіндік жоқ. Ал еркіндік жоқ жерде жұмыс та тежеле бе- ретін әдеті. Осыдан келіп, бастықтар арасында түсінбеушілік басталды. Әйтеуір, экономикалық та, психологиялық та бір ыңғайсыз ахуал туды. Қайта бірлестік басшылары біліктілік танытып, төзімділік көрсетті, мәскеуліктерге. Болмады, ақырында талай жылдардан бері бірлестікті білікті-ақ басқарып келе жатқан инженер-мұнайшы Сафи Өтебаевты зейнеткерлікке жіберді де, орнына Мәскеу «жолдамасымен» Виталий Иосифович Тимонин келді.

Қашанда да Оржанов Табын өзіне ұстаз санайтын Сафи Өтебаев туралы айта кеткеніміз абзал. Қазақстан мұнайы әңгіме болса ауызға осы адамның аты алғаш түседі. Оның себебі бар, ол сонау 1935 жылы Бакудің Мұнай институтын бітірісімен мұнай өндіру саласына араласып, сонымен біте қайнап өсті. Қазақстанның мұнай өндірісі де өсті, сонымен бірге Өтебаев та өсті. Бұл шындық. Қазақтың білімді инженерлерінің аз кезінде және дер шағында мұнай өндірісіне араласқандықтан болар, бірден басшылық қызметке отырған адам. Қараңыз: «Ембімұнай» бірлестігінің бастығы, Жылыой ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы, «Совнархоз» Кеңесінің төрағасы, «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің министрге пара-пар келетін құзырлығы... Бұның бәрі Өтебаев басшылық жасаған билік орны.

Осындай үлкен лауазымдағы адамның назарына Табын Қапанұлының ілігуінің өзі біраз нәрсені айтады. Мүмкін, аға инженер бала инженерден ізбасарды көріп, тәрбиеге әдейі тартқан шығар, кім білсін.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Сафи Өтебаевтың 100 жылдық мерейтойы Астанадағы «Қазмұнайгазда» үлкен салтанатпен атап өтілді. Мұнайдың небір майталмандары қатысып, Сафи Өтебаевтың өмір жолы мен Қазақстан мүнай өндірісіне қосқан үлесі хақында баянды, байсалды эңгіме қозғалды. ¥стазы болған, талай-талай жақсылығын көрген, жұмыс бабында да, өмірде де аралас-құраласта жүрген асыл аға жайлы айтуды Табын Қапанұлы сол жолы өзіне парыз санады.

- «Мен де Сафи ағаның көп шәкіртінің бірімін... Айтарым,

Сафи Өтебаев ұлттық кадрдің өсіп шығуына қамқор болған адам. Жаңа ғана институт бітіріп келген жастарға сеніммен қарап, талайын мұнай кәсіпшілігіне бастық етті. Мысалы, Өтесінов Рахмет, Өзбекқалиев Халел, Жоламанов Кеңес, Балжанов Құмар, Тәжіғалиев Өтепқали, Нұржанов Сағидолла, тағы да көптеген жастар Сафи ағадан мұнай өндірісіне, басшы қызмет ке «жолдама» алғандар. Солардың бірі, әлі отызға да толмаған мені «Доссор» мұнай өндірісіне бас маман етіп тағайындады. Бұл жерден біраз тәжірибе жинақтаған соң, жұмысы ауқымды, әрі күрделі, Қазақстанда өндірілетін мұнайдыц 60% беретін «Қаратонға» бас маман етіп жіберді.

Маңғыстаудан мол мұнай көзі «Өзен» мен «Жетібай» ашылған соң «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігі құрылды. Маман дар көп керек болды. Сол кезде тағы да Сафи ағамыздъщ «жолда масымен» біздер, 1964 жылы Ембіден Балғымбаев Өтеп бастаған бес жігіт Маңғыстауға келдік. Мен бірлестіктегі техникалық бөлімнің бастығы болып тағайындалдым.

Ойламаған жерден бас энергетигіміз қайтыс болып орнына адам іздей бастадық. Маған Сафи аға: «Табын, өз жігіттерімді ден энергетик жоқ па?» деді. Мен неге жоқ, Атырауда Төлегеноч Қалабай деген азамат бар» дедім. Сол-ақ екен ешқандай бұйрық шығаруды күтіп отырмай-ақ маған Қалабайға телеграм ма салғызып, аз күнде оны Бірлестіктің бас энергетигі етіп тағайындады. Осылай тез шешпесе болмады, басқалар Бакудсн маман шақыртпақ болып, іздестіріп жатқан-ды.

Бірде Сафи аға екеуміз іс-сапармен Атырауға бардық, Қайтар жолда маған: «Табын, сені басқа бір қызметке жұмсамақ ойымда бар...» -деді, де үнсіз отырып қалды. Мен «қайда?» -деп сұрауға батылым бармады. Сәлден соң: «Ембімұнайгаз» Бас инженерлікке жіберсем деймін. Жұмыс қожырап барады»- деді. Кешікпей мен Атырауға ауыстым.

Ал, 1972 жылы Мұқанов Саламат ағамыздъщ шақыруымен, (облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болатын) «Маңғыстаумұнайгазға» Бас инженер болып қайыра келдім кезде Сафи аға зейнеткерлікке шығып, Алматыға көшіп кеткен екен.

Адам бірден білгіш, бірден білгір маман бола алмайды. Алдыңғы агалар жақсы жол көрсеткенде ғана жақсы мамандар шығады. Сол кездегі жастарға тәрбие берген, мұнай сырына қанық еткен: Өтебаев Сафи, Есенов Мұхамбет, Мұқашев Саламат, Досмұхамбетов Жолдасқали ағаларымның әруағы алдында басымды иемін!..».

Өзі жоқ болса да, көзін көргендер қазақтың алғашқы инженері, майталман мұнайшы Сафи Өтебаев туралы естеліктер мен ықыласты әңгімелерді көп айтады. Жақсының артында жақсы сөз бен іс қалады деген осы шығар.

Содан, әуелгі әңгімеге оралайық, «Маңғыстаумұнайгазға» Табын Қапанұлы қайта оралғанда Сафи Өтебаев зейнеткерлікке кетіп, орнына мәскеулік Виталий Иосифович Тимонин келгендігін айттық, жоғарыда.

Тимонин де тегін адам емес еді. Қазақстанға дейін талай мұнайлы жерді аралап, талай жердің дәмін татып, талай ұлт өкілдерімен әріптес болып, әбден әккі, иіскен басшы. Ол 1952 жылы Львов Политехника институтын бітіріп, Татарстан, у) Әзербайжан, Ресейде мұнай өндірісінде істеп, бұл кәсіптің сыры мол қырын барынша меңгерген адам.Сол күндердің куәгері, Танин Қапанұлының әріптесі, мұнайшы-ғалым Муратов Ибрагим аға былайша сыр толғайды:

- «Тимонин Кеңес Одағындағы мұнай салаеы бойынша білгір маман болып саналады. Біздін оған жұмыс үстінде талай көзіміз жстті. Ұйымдастырушылық қабілеті асқан адам болатын. Жоқ жерден, «жоқ» деп отырған нәрсемізді тауып, істі дөңгелентіп жіберетін. Келісімен мұнай кәсіпшілігінің көбінде құрылыс бастады, жол салды, дамбы тұрғызды, ескірген құрал-жабдықтарды қуыстырды... мұнайшылардың тұрмыс-тіршлігіне көңіл бөлді...Не керек жаңа бір серпіліс әкелді.

Ол бізге, Маңғыстауға дейін Тюменьде және Татарстан жерінде мұнай өндірісін басқарған адам. Мұнай мәселесіне жетік. Жасы нағыз «қамал алатын қырықтағы» кезінде келді бізге. ¥лты еврей. Мойындау керек ақылды, әрине, қулығы да жетеді. Мүмкін қулық деген де ақылдылыққа келетін нәрсе шығар дел ойлаймын кейде. Далада өскен аңқау қазаюпы еврей болмай-ақ алдау қиын емес.

Бірақ, Тимониң жұмысын жақсы. білген қазақтарды шеттетпеді, қайта барынша жұмысқа салды. Сондай қазақтың бірі Табын болды. Табын жаңа бастықтың тілін тапты деп айта алмаймын, керісінше Тимонин Табынның инженер екенін білді де орнынан қозғаған жоқ. Әйтпесе, ол келе салысымен талай орынбасарларын ауыстырып, оған басқа жақтан адам шақырған кездері болды. Оған Табынның жұмысқа деген аса жауапкершілігі, сосын білімділігімен таза, адалдығы ұнады...»

Тимониннің Табын туралы пікірін ешкім білмейді, ешкім одан сұраған да емес, сұрай да алмайды. Ал, әріптестерінің білетіні оның Бас инженерге деген пейілі мен қатынасы. Ол келе салысымен Табынға мұнайға қажетті бір құралдың техникалық есебін, өлшемін шығаруды тапсырды. Әрине, ол алу мен қосудың есебі емес еді, одан күрделі, шешуі қиын есеп болатын. Математикаға жетік ол алған тапсырмасын тастай етіп шығарып, алдына қойды. Осыдан кейін ол Табынның жай қазақ емес, білімді екенін түсінді. Түсіністікпен жұмыс істеді. Қай жерде қиын шаруа, қай жерде қирап жатқан жұмыс болса соны жіберетін. Ол біледі, Табын барса тәртіп те болатынын, істің де ойдағыдай бітетінін.

Айтса айтқандай, «Маңғыстаумұнай» бірлестігінде алғашқы күннен бастап, 1969 жылға дейін техникалық бөлім бастығы болған Оржанов Табын үшін бұл жұмыстың табиғаты таңсық емес еді. Сондықтан да бірден шаруаға араласып кетті. Әуелгі бастағаны Одақтың мұнай мәселесімен айналысатын жиырма төрт ғылыми-зерттеу институтымен байланысып, қажетті деген жаңа техникаларды іздестіріп, тапты. Айталық, мұнай қабаттарына теңіз суын айдау үшін автоматтандырылған БКНС (блочные куставые на-сосные установки) қондырғыларын жаппай орнатудан бастады. Жасыратын несі бар, жалпы Маңғыстау мұнайының қоры өте көлемді, мол, бірақ парафині жоғары болғандықтан оны өндіру әжептәуір шығынды талап етті. Топтық «ГЗДУ» қондырғыларына қосымша қыздыратын пеш қойылды. Теңіз суын қыздырып айдау үшін трубчатый пештер және су астында газды жағу арқылы суды 90 градусқа дейін қыздыратын пештерді іске қосты. Шындап келгенде бұлардың бәрі қосымша көп шығын еді.

Табын идеясынан, творчествосынан туған «газлифтілік» әдісі арқылы мұнай өндіруді қолға алды. Бұл жақсы нәтиже берді, мұнайды қатырып алмай, әрі мол өндіруге жол ашты. «Теңге» газ кен орнының жоғары қысымды газын құбырлар арқылы ұңғыларга жіберіп, жер астында газды жағу арқылы қысымды көтеріп, мұнайды жер бетіне шығарды. Бұл тәсіл бұрынғыдан, яғни, насостар арқылы шығарудан әлде қайда тиімді, әрі мұнайды мол алатын жағдай туғызды. Мамандармен бірлесе отырып жаңа әдістің жағдайын түсіндіретін мақала жазды, ол Одаққа тарайтын кәсіби журналға басылды. Табын Қапанұлы қаламынан туған сол мақаланы, сол қалпында беруді жөн көрдік.

Пути совершенствования газлифтной добычи нефти на месторождениях Мангышлака

Т.К. Оржанов (Мангышлакнефть),

Н.В. Смольников,

Б.Т. Муллаев (КазНИПИнефть)

В условиях многопластовых месторождений Узень и Жетыбай из механизированных способов добычи нефти наиболее эффективным оказался газлифтный способ эксплуатации, который широко внедряется с начала разработки месторождений.

За сравнительно короткий срок фонд газлифтных скважин на Мангышлаке достиг более 600 с суммарной добычей около 30 тыс. т/сут, что составило 50% всей добываемой нефти (фонтан¬ным способом добывается 37%, штанговыми насосами и центробежными электронасосами соответственно 11 и 2%).

До 1972 г. газлифтный способ внедрялся в основном на месторождении Узень, с 1973 г. он начал применяться и на месторождении Жетыбай, на котором газлифтным способом эксплуатируется около 30 нефтяных скважин.

В результате перевода нефтяных скважин месторождений Узень и Жетыбай на газлифтный способ эксплуатации суммарный прирост добычи нефти составил около 4 тыс. т/сут, или 10 т/сут на одну скважину.

Темпы строительства объектов газлифтной эксплуатации обеспечивают ежегодный перевод на газлифтный способ более 170 нефтяных скважин.

Широкое внедрение на месторождениях Мангышлака газлифитного способа добычи нефти вызывает дальнейшее совершенс¬твование и повышает значение оптимизации газлифтной эксплуатации.

Так, с 1971 г. при строительстве объектов газлифтной эксплуатации используют газораспределительные батареи (ГРБ) и подогреватели газа в блочном исполнении, это значительно ускоряет темпы строительства объектов и улучшает технологию газлифтной добычи. Все шире внедряются пусковые клапаны конструк¬ции КраснодарНИПИнефть, ими оборудовано более 115 газлифтных скважин. С середины 1973 г. начаты опытно-промышленные работы по внедрению пусковых клапанов конструкции ОКБ РЭ. Этими клапанами оборудовано 16 скважин. Применение пусковых клапанов указанных конструкций увеличило отборы жидкости по скважинам в среднем на 15-20 т/сут и снизило удельные расходы рабочего агента примерно на 15%.

Сравнение технико-экономических показателей механизированных способов добычи нефти подтверждает высокую эффективность газлифтного способа эксплуатации скважин в специфических условиях разработки месторождений Мангышлака. Однако газлифтная эксплуатация имеет существенные технологические недостатки: малая величина рабочего давления, конструктивные недостатки блочных ГРБ и пусковых клапанов, отсутствие серийно изготовляемых рабочих клапанов и др.

Расчеты расстановки пусковых клапанов и метод определе¬ния максимальной глубины точки ввода газа в лифт при заданном рабочем давлении в системе газлифта при подъеме высокопарафинистой нефти и газожидкостных эмульсий требуют существенного уточнения.

Так, например, перепады давления, при которых закрываются пусковые клапаны конструкции КраснодарНИПИнефть, принимаются для всех скважин одинаковыми, независимо от геоло-го-промысловых характеристик пластов, вскрытых скважинами. В скважинах, в основном высокодебитных, невозможно создание принятых перепадов давления, при которых закрываются нижние клапаны из-за их ограниченной пропускной способности по газу.

При оборудовании газлифтных скважин клапанами конструкции ОКБ РЭ каждый последующий пусковой клапан тарируется на давление на 1-2 кгс/см2 ниже давления для предыдущего. При этом газлифтные скважины эксплуатируются при рабочем давле¬нии, несколько меньшем давления в системе газлифта, что ограничивает глубину установки рабочего клапана. При расчете рас¬становки пусковых клапанов градиенты давлений газированной жидкости на всех участках подъемника принимаются одинаковыми, и их величина не всегда соответствует значениям градиентов давления, устанавливающимся в подъемнике.

Весь фонд скважин месторождений Узень и Жетыбай обору¬дован 63-мм НКТ, что не всегда соответствует оптимальным условиям работы подъемника.

В связи с этим разработаны рекомендации по проектированию газлифтных скважин, вскрывших пласты с различными геологопромысловыми характеристиками, и предложен метод оптимизации режима их эксплуатации в конкретных условиях месторождений Мангышлака. Рекомендации по проектированию газлифта основаны на научном подходе к выбору диаметра подъемника и дифференцированному расчету расстановки пусковых клапанов с использованием характеристических кривых распределения давления в подъемнике, построенных в результате обобщения боль¬шого объема промысловых исследований.

По данным промысловых исследований, подтвержденных результатами теоретических расчетов подъемника по методике ВНИИнефть на ЭВМ, выявлено, что при эксплуатации скважин с дебитом более 150 т/сут применение подъемника диаметром 76 мм, а также эксплуатация скважин по затрубному пространству в условиях высокопарафинистых мангышлакских нефтей позволят снизить забойные давления и увеличить дебиты скважин.

При расчете расстановки пусковых клапанов конструкции ОКБ РЭ предлагается значения градиентов давления в подъемнике определять по характеристическим кривым, построенным по результатам поинтервальных замеров давления в скважинах, эксплуатирующихся с различными дебитами, забойными давлениями и обводненностью. Эти характеристические кривые позволяют также дифференцированно устанавливать перепады давления при тарировке пусковых клапанов и определять максимальную глубину точки ввода газа в лифт при рабочем давлении в системе газлифта.

Расстановка пусковых клапанов с учетом фактических градиентов давлений в подъемнике обеспечивает стабильность работы и надежный запуск скважин.

Принятые при газлифтном способе рабочие давления до 50 кгс/см2 на месторождениях Узень и Жетыбай ограничивают глубину точки ввода газа в лифт и, следовательно, не позволяют полностью использовать потенциальные возможности газлифта. В этих условиях увеличения глубины установки рабочего клапана может быть достигнуто при одновременном использовании пусковых клапанов конструкции КраснодарНИПИнефть и ОКБ РЭ: верхние - клапаны конструкции КраснодарНИПИнефть, а последующие - конструкции ОКБ РЭ. При этом исключаются недостатки, присущие отдельно каждому типу клапанов, и максимально увеличивается глубина точки ввода газа в лифт.

Поскольку пусковой клапан конструкции КраснодарНИПИ¬нефть не обеспечивает пропуск количества газа, необходимого для разгазирования столба жидкости, в КазНИПИнефть разработан новый пусковой клапан КП-22. Он широко внедряется в газ-лифтных скважинах месторождений Мангышлака.

Для предотвращения прорыва газа через башмак подъемника, предупреждения загрязнения призабойной зоны газлифтных скважин при профилактических работах по депарафинизации НКТ, а также максимального снижения забойного давления при рабочем давлении в системе газлифта рекомендуется оборудовать скважи¬ны запорными устройствами, состоящими из обычного пакера с расположенным над ним извлекаемым обратным клапаном. Применение запорного устройства позволит осуществить опрессовку подъемника на герметичность.

Предлагаемые рекомендации по проектированию газлифтных скважин учитывали при эксплуатации скважин на месторождениях Узень и Жетыбай. Так, на скв 1178,521, 1269,319,386, 1187 и др. расстановка клапанов конструкции ОКБ РЭ была выполнена с использованием характеристических кривых распределения давления в подъемнике, что обеспечило получение дополнительной добычи нефти в среднем на 17 т/сут на каждую скважину Скв. 1187, оборудованная запорным устройством предлагаемой конструкции, устойчиво эксплуатируется с дебитом 26-30 т/сут в течение длительного времени. Из числа действующих скважин намечены наиболее высокодебитные для замены в них 63-мм НКТ на 76-мм для увеличения депрессии на пласт, а следовательно, и отборов.

По скв. 1478, где заменен подъемник на 76-мм НКТ, получены положительные результаты: забойное давление в скважине снизи¬лось на 20 кгс/см2, дебит увеличился примерно в 2 раза и составил около 250 т/сут.

Предлагаемые рекомендации по проектированию газлифтных скважин могут оказаться эффективными при условии установления оптимального режима эксплуатации газлифтных скважин.

Оптимальные параметры газлифта определяются только методом последовательных приближений, требующих большого объема повторных исследований скважин при различных режимах эксплуатации. При значительном фонде газлифтных скважин для более оперативного установления оптимального режима их эксплуатации можно использовать графический метод - кривые изменения забойного давления от дебита при различных газосодержаниях. Для оценки возможной добычи нефти из скважины, эксплуатируемой газлифтным способом, на кривые забойного дав¬ления накладываются индикаторные кривые. Пересечение кривых индикаторных и забойного давления определяет дебит скважины при соотношении газа и жидкости, соответствующем для данной кривой.

На месторождениях Мангышлака, как и на многих других месторождениях Советского Союза, иногда линейный характер притока сохраняется до определенной величины забойного давления. Дальнейшее снижение забойного давления незначительно увеличивает дебит. При этом установление оптимального режима эксплуатации скважин ограничивается линейной частью кривой притока.

По известной оптимальной величине забойного давления, при которой с точки зрения рациональной разработки месторождения следует эксплуатировать скважину, можно определить ее проектный дебит, рассчитать расстановку пусковых клапанов и установить оптимальный режим ее эксплуатации газлифтным способом.

Бұл жаңалығы үшін ол «Инженер- өнертапқыш» деген куәлік те алды. Бұдан басқа да мұнай проблемалары төңірегінде ой таратып, пікір қосқан мақалалары кәсіби журналдар мен газеттерде жарияланып жүрді. Негізі Табын Қапанұлында ғылымға деген жас кезінде талпыныс болған, тақырып алып, ізденіп, біраз жұмыстанған-ды. Бірақ, өндірістің соңына түсіп, бір мәселені шешіп, екіншісіне көшіп, уақыттан ұтылмағанда, ғылым қуғанда ол мұнайдың нағыз «академигі» атанары анық. Мені бұл жөнінен қолдайтындардың көп болатынына сенімдімін. Ең бастысы, ол кісіде ғалымға керек білім бар,оны әрі қарай жалғастыратын тиянақтылық пен жауапкершілік бар. Мұндай қасиеттері оны жарты жолда қалдырмай академиялық білімнің асқарына шығарар еді. Амал қанша, тіршіліктің жолы тарау-тарау, иір-иір.

* * *

Қиындык туғызып, Табындардың діңкесін құртқан-топтық «ГЗДУ» жұмысын автоматтандыру болды. Мысалы, 50 текше метрлік «буферный емкостағы» мұнайдың деңгейін өлшеу қиынның қиыны болды. Оның ішіне орнатқан қалтқыға парафин жабысып, батып кете берді. Және деңгей көрсеткіші орналасқан «ось поплавка» қысым көбейгенде газ жіберіп, қазандық ішіндегі мұнай деңгейін білу қиынға түсті. Деңгейін білмеген соң мұнайды да айдай алмады. Не істеу керек? Бұл сұрақ Табынның ұйқысын қашырғалы қашан. Талай күн ойланып жүрді де техникалық бөлімнің бастығы Боқманов Бориспен бірге отырып ақылдасты, өз ойын айтты:



-Борис, не істейміз, поплавокты аустыратын, соның қызметін атқаратын нәрсені қайдан табамыз? Мен шаршайын дедім- ау, қанша ойлансам да әдісін таба алмадым, сен ойланып көрші.., -деді, Табын ағынан ақтарылып. «Сенің қызметің, сен тап!» деп, бастық болып, бұйырып отырса отыра береді ғой. Жоқ өзінің шаршағанын да мойындап, қалайда қалай абу керектігін де түсіндіріп, әйтпесе, мұнайдың жоспары мүлдем түсіп кететінін де айтып, ақталғандай болды.

Тапсырма алысымен Борис те көп ойланды, маза кетті. Ода бойынша байланыспаған ғылыми-зерттеу институты қалмады десе де болады. «Іздеген жетер мұратқа». Бір күні жерден жеті қоян тапқандай, кәсіпшілікті аралап жүрген Табынның арқасынан келіп:

- Дорогой мой Тэке, я нашел что нам нужен..,- деп, қайдан, қалай тапқанын, нендей құрал екенін баяндай бастады. Шын қуанып, елпілдеп тұр.Содан екеуі кабинетке келіп, тағы да біраз талқылап, Ташкент ғалымдарымен сөйлесті...

Ертеңіне Борис Ташкенттен бір-ақ шықты. Ғылыми-зерттеу институтына барды. Іздегенін тапты. Тапқанда да өте мықтысын, ғылымның соңғы жетістігін тапты.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Кеңес Одағыныц академиктері А.М.Прохоров, Н.Г.Басов және американдык ғалым Ч.Таунс ашқан жаңалықтары аңыз сияқты- «лазер- мазер» дегенді тапты. Оның мәні мынадай: кәдімгі темірді сәулемен кеседі, небір бай банктердің есігін тас қылып сәулемен «құлыптайды», адам бойы жетпейтін заңғар қазандықтардың ішіндегі сұйық мөлшерін сол сәулемен өлшейді, бәрінен бұрын адамның өте нәзік жүрегіне бұрынғыдай пышақ тигізбей-ақ, сәулемен операция жасайды. Керемет емес пе?! Оған қарапайым адамдар түгілі ғалымдардың өзі әуелгі кезде сенгісі келмеген.

Ал, қазір сол сәуле тіршілігіміздің қажетін өтейтін әрі құнды, әрі қатардағы қарапайым құралға айналып кетті. Өндіріс үшін құны жоқ құрал болды. Оның пайдасы мен қоғамды дамытуға қосқан үлесі Эйнштейннің «салыстырмалы теориясынан» кем соқпады десе де болады. Ғалымдар солай бағалайды. Сондықтан да болар оларға ойланбай Нобель сыйлығын берген-ді.

Міне, ташкендік ғалымдар сауле арқылы үлкен қазандық ішіндегі майдың мөлшерін анықтайтын құрал жасап шығарғап ғой. Құралды алып және ташкенттік екі ғалымды ертіп Борис Маңғыстауға, «Өзенге» келді. Келісімен құралды орнатуға кірісті.

Білсеңіз, осы құралды енгізудің аркасында «Мағыстаумұнай» бірлестігіне қарасты кәсіпшіліктің бәріне топтық «ГЗДУ» жұмысы антоматтандырылды. Бұрын тәулік бойы үш ауысыммен жұмыс, сүрлігіп жататын мұнайшылар саны бірден қысқардыЖэне түнгі кезекке шығатын мүнайшылар 3-4 есеге кысқартылды. Бүрын мұндай топтық «Өзеннің» өзінде 70-тен асады. Сонда есептей беріңіз қаншама жұмыс орны үнемделіп, қаншама қаражаттың мемлекет қалтасында қалғанын. Бұл жетістік, инженерлік ізденіс емес деп кім айта алар екен?! Қызығы, бұл тәсіл Кеңес Одағы бойынша бірінші болып Маңғыстауда іске асты. Артынша бұл әдісті барша мұнай кәсіпшілктері жаппай қолдана бастады.

Инженер Оржанов алдында тағы да күрделі проблема «Өзен» мен «Жетібайдан» шығатын ілеспе газды пайдаға асыру тұрды. Пайдаға асыру үшін «Өзен» мен «Жетібай» арасына шеңбері 1000мм газ ққбырын тартып, газ өңдейтін зауытқа жеткізу керек. Осыны бірлестіктің басшы мен бас мамандары болып, облыс көлемінде мәселе етіп көтерді. Маңыздылығын түсінген басшылар құбырды салуға кірісті. Қосымша қондырғылар орнатпай- ақ, бірден «ГЗДУ» арқылы ілеспе газды үлкен қысыммен зауытқа қарай айдады. Онда жеткен газдың ауыр бөліктері айырылып, қажетті жерлеріне жеткізілді. Мысалы, этен-Ақтаудағы пластмасса зауытына, метан-«Өзендегі» газлифт қондырғыларына жі- берілді.

Тағы да бір жаңалық туралы айтып өтейік. Жалпы, «Өзен» мен «Жетібай» мұнайында парафин көп. Жер үстіне шығару сондықтан да қиын, шамалы салқын болса қатып қалады. Инженер Табын Қапанұлы өз әріптестерімен ақылдаса отырып, «Өзен» кәсіпшілігі мен Ақтаудағы мұнай өңдейтін зауыт арасына 150 шақырымдық құбыр тартып, әрбір 50-60 шақырым сайын пеш орнатып, майды қыздырып отыру тәсілін ұсынды. ¥сыныс құпталып, аз уақыт ішінде құбыр да салынды, пеш те орнатылды. Бірден өнім молайып, жоспар орындалды.

Адамға тән қасиет- қол жеткізген жетістігін қанағат тұтып отыра бермейді, одан да биіктерге ұмтылуы. Инженер Оржанов та жеткен биігінде қалып қойған емес, арғы асуларға ұмтылып, жаңа жаңалықтар ашуға білім жинаған, тәжірибе тізген. Теңіз суын Ақтаудан «Өзенге» дейін айдайтын, диаметрі 1000 мм. құбырды тотығудан қорғау үшін нар тәуекелмен ортофосфорная қышқылын қолданды. Нәтиже жаман болмады.

Мұнайды судан айыру үшін не амал қолданып жатыр екен деп Табын тағы да басқалар тәжірибесіне үңілді. Қараса, Германдықтар химиялық регент дисольван қолданады екен. Мұны да алдырып қолданып көріп еді пайдасы мол. Және Кеңестік мұнай өндірісінде қолданып жүрген отандық химик-ғалымдар тапқан регент ПВА-да пайдаланды. Нәтижесі жақсы.

Ал, «ГЗДУ» қондырғысында «Гипротрубопровод» институты жасап шығарған мұнай айдайтын винтовой насос, теңіз суын қайнататын әр түрлі пештер қолданылды. Су астында газ жағып, ( печи погружного горения КПД 87%) суды қайнатып айдау әдісі енгізілді. Өкінішке орай бұл тәсіл қыздырған кезде құбырдың тотығуына байланысты тоқтатуға тура келді. Нәтиже болмады.

Бірақ, мұның алдында айтылған ғылым мен мұнай инженерлерінің тапөан жаңалықтары, қарапайымдап айтқанда, амал мен тәсілдері, «Өзен» мен «Жетібайға» айтарлықтай табыс әкелді. Жылына 20 миллион тоннадан астам мұнай өндіріп, мемлекет қазынасына құйды. Бұрын «Мағыстаумұнай» бірлестігі Кеңес Одағы бойынша мұнай өндіретін 24 кен орыны арасында 18-ші болып, тізімнің соңғы жагында жүретін. Енді, 1976 жылдың қортындысы бойынша 6-шы орынға бір-ақ көтерілді. Оның алдында: «Тюменмұнай», «Татмұнай», «Башмұнай», «Кұйбышевмұнай», «Перммұнай» деген алпауыттар, талай жылғы мұнай өндіруден тәжірибесі мен техникалық күш-қуаты мол бірлестіктер ғана тұрды.

Жетістіктердің бәрін бір ғана инженер Оржанов Табын табысы десек, біріншіден ұят, екіншіден, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» жүрген әріптестеріне қиянат болады. Әсіресе, институты жаңа ғана бітіріп, армандары асқақ жастарға, таудай талаптың соңында жүрген жас мамандар үшін қиянат болған болар еді. Өмірі кісі ақысын жеп көрмеген Табын ағамыз сол жастардың аты мен затын құлшыныспен «жариялады» бізге. Олар: Тәжіғалиев Өтепқали, Жанғазиев Жақсылық, Құрбанбаев Мұрат, Тегісбаев Анатолы, Қиынов Лаззат, Хасенов Төлеген... Бәрі де Қазақстан мұнай өндірісінің өсіп, дамуына өзіндік үлестерін қосқан, қосып келе жатқан азаматтар екенін діттеп айтты. Тек, өкінетіні Өтепқалидың өмірден өтіп кеткені болды.

«Жасым сексенге келді, тагы да талапты, мықты жастар болып еді аттарын ұмытып тұрғаным... есімдері аталмай қалғандардан кешірім сұраймын, соны ұмытпай жазыңызшы...» -деді қиылып. Бұл-Табын ағаның өз мінезі. Үлкенге құрмет, кішіге ілтипат, бәрінен бұрын кісі ақысын қарыз етіп көрмеген адамның әдеті бұл. Жоқ, әдет емес, қасиет! Табыннан алар тағылым, үлгі тұтар тұс!

... 1977 жыл «Маңғыстаумұнайгаз» үшін ауыр жыл болды, күз келісімен бірден суық түсіп май қатып қала берді, өнім күн сайын төмендеп кетті. Өндірістің аты өндіріс, бір жағын жөндеп, іске қоссаң, екінші жағы қирап жатады. Біртіндеп жылдың аяғы жақындап келеді, мемлекетке деген қарыз ай сайын көбейіп барады. Мұнайшылар қанша жерден бұл мәселені түсініп, шешпек болып, әрекеттенгенмен тығырықтан шыға алар емес. Қатқан майды еріту, сосын, қысымды көбейту үшін су айдау, пеш жағу, майды тоқсан градусқа дейін қыздыру... бэрінің қиюы кетіп, қыруар уақыт алады. Осыларды шешеміз деп жүргенде күн артынан күн, ай артынан ай өтіп, жоспар орындалмай қала берді.

Мұндай қиындықтан шығар жолды таппаған жоғарғы бастықтар, төменгі басшыларды аладарына шақырып, талай жиналыс, жиын өткізді. Талайын талқыға салды, оның ішінде Бас инженер Табын Қапанұлы да бар. Ақырында басшылықтың тапқан жолы-жалған ақпарат берумен шешетін болды. Мұндай жалған ақпаратқа Табын: «Өздеріңіз қол қоя беріңіздер, мен қол қоя алмаймын...» деп, «арыз жазбаймын, қорықпаңыздар...» дегенді білдірмек ниетте сөзін жұмсақ жеткізіп. Бұған ең үлкен бастық үндемей түйіліп қалды. Содан олар қазан айында өндірілген мұнайды қарашаға қайыра жазып, мұнай қабылдайтын зауыт басшыларымен келісіп, көз қысты, бармақ басты болып, «жоспарды орындадық» деген атақ алып, әйтеуір, иу-қиумен айды аяқтады.

Артынша үлкен бастық Тимонин партия ұйымының хатшысы Әшімбаев екеуін өзіне шақырып, Табын Қапанұлын жұмыстан босату керектігі жөнінде Қазақстан Орталық Комитетіне мәселе қоятынын айтты. Табын жалынған да, ақталған да жоқ. «Қолайсыз» адам-өзінен құтылғысы келіп отырғанын түсінді. Осылай жоспардың орындалмауына Бас инженер ғана кінәлі болып, жұмыстан босанып кете барды.

Әрине, жұмыстан шығып қалғанына қуанды десек өтірік болады. Анадай алып бірлестіктің жұмысының жүрмей, жоспардың орындалмауына жалғыз Бас инженерді ғана кінәлау, әрине, қиянат еді. Кінәліні іздесек таяқтың бір басы бастықтың өзіне тиюі керек емес пе? Әрине, Табын Қапанұлы ол қиянаттың қайдан шығып жатқанын, өтірік ақпаратқа қол қоймай қойған қылығынан екенін де түсінді. Қанша қиянат көрсе де ар мен ұятын өтірікке айырбастамады.

Жалпы, Кеңес Үкіметінің әуелі құлдырауына, сосын құлауына осы жалған ақпарат кінәлі. Жалған жоспар беру-қоғамдық індетке айналды емес пе? Жоқты «бар» дедік. Бірақ, дүкендер сөресі бос тұрды. Кері кеткенімізді көрмей, «кемелденіп келеміз» деп, тағы да жалған ұран тастадық. Өтірік ақпарат пен жалған жоспардың аяғы Кеңес Одағының құлауына, сосын тарауына әкелді.

«Өмір-өзен!». Өз ағысымен алға аға береді.

Ілесу-ілеспеу өз шаруаң...

Бір анық нәрсе-қолынан іс келетін адам қай қоғамда да, қандай жағдайда да жұмыссыз қалмайды. Тіптен бір күн дем алуға да бермей Табын Қапанұлын «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігіне қарайтын «ЦБПО-ға» Бас инженерлікке шақырды. Осы уақытқа дейін жинаған абырой-беделі өзіне қызмет етті.

Жаңа жұмысқа түсісімен «не бар, не жоқ» дегендей, бар шаруашылық жағдайымен танысып шықты. Мұндағы жұмыстың бағыт-бағдары басқашалау екен, күнде-күнде «жоспар, жоспар!» деп, жан алқымнан алып жатқан ешкім жоқ, жұмыс ырғағы бірқалыпты.

Бұл бірлестікті шағын зауыт десе де болады. Мұнай кәсіпшілігіне қажетті небір үлкен қысыммен жұмыс істейтін сораптарды (насос), качалкаларды жөндейді және оларға қажетті бөлшек-құралдарды жасап шығарады. Құбырлар арасын жалғайтын қамыттар, бұрандалар, не керек мұнай кәсіпшілігіне қажетті күрделі құралдан бастап, ұсақ-түйек бөлшектерге дейін шығара береді екен. Дұрыс. Қашанғы басқа зауыттар не жібереді деп күтіп отыра берсін бе. «Кісідегінің кілті аспанда» дегендей сұрағаныңды бірден жібере де қоймайды. Оның да жыры көп, әуелі рұқсат сұрап Орталық Министрлікке хат жазуың керек, олар «жіберіңдер Қазақстанға» деп бұйрық береді. Содан айналып ол сайман саған жеткенше ішегің көгереді, өндіріс тоқтамаса да ақсайды. Табын бұның бәрін бұрыннан да біледі, таныс. Бірден іске кірісті...

Осы жерде 1982 жылға дейін кызмет жасады.

Табын Қапанұлы 1977 -1983 жылдың аралығында Маңғыстау облыстық Кеңеске депутат болып сайланды. Әрине, жетістік! Кез-келгеннің депутат болып жатпағаны анық қой.

1983 жылы бес ай «Маңғыстаумұнайпромхимда» жұмыс жасады да, (НГДУ) «Жетібаймұнайға» бастық болып, онда бір жылдан аса жұмыс істеп, «Маңғыстаумұнай» бірлестігіне мұнай мен газ өндіру бөліміне әуелі орынбасар, сосын бөлім бастығы болып қайта оралды. Бұл қызметті 1992 жылға дейін атқарды.

Дәл осы кезде барша Кеңес Одағында қызық бір кезең басталған-ды. Қанша жерден темір торға салғанмен Кеңестік қоғам қауқарсыз болып шықты. Бір күнде Одақ тарап, кеңестік жүйе құлады. Жетпіс жыл үстемдік еткен жүйенің құлауымен, өмір бойы ата, бабамыз аңсап келген тәуелсіздік келіп, ашығын айтқанда бостандыққа қол жеткіздік. Тәуелсіздік тосыннан келгендіктен есеңгіреп, қалай «қарсы аларымызды» білмей, аңтарылып қалғанымыз жасырын емес. Парқын көбіміз түсіне бермейтін нарықтық қатынас, базарлы экономика келді. Мемлекет меншігіндегілер біртіндеп-біртіндеп жеке адамдар қолына көше бастады. Тәуелсіздік алған Қазақстан бірден өз шаруасын өз қолына алып, әрі қарай дамыта алмады, қиналды. Мемлекет те, халық да күйзелді. Бір формациядан екіншісіне өту бәрінен бұрын қарапайым халыққа, өте-мөте ауыр тиді.

Базарлы экономикада«Маңғыстаумұнай»бірлестігіде«базарға» түсті. Басқалар сатып алды. Ішкі құрылым мен жүйе өзгерді. Талап басқаша қойылды. Ақырында «Маңғыстаумұнай» бірлестігі АО-акционерлік қоғам болып бөлінді. Бұрынғы жауапкершілік жойылып, адамдар пейілі басқаға , байлыққа бұрылды. Баяғы өздерінің жоспар орындалмады деп жататын жауапкершіліктері жойылып, мұнай пайдасы «қырыққа» бөлініп, басшылары-қожайындары шет елдік бизнесмендер болып кетті. Жаңа бастықтар байырғы мамандарға жаңаша көзқараспен қарады, жасын бұлдаған қарттар емес, қылшылдаған жастар керек деп әңгімені ашық айтты. Бұл кезде Табын Қапанұлының жасы пенсияға, яғни, зейнеткерлікке келіп тұрған, ойланбастан демалысқа шығып кетті.

Осы тұста Табын Қапанұлы (1992 жыл) іс сапармен Германия Республикасына барып қайтты. Мұнайды өндірудің тәсілі мен амалы өздері қалай өндіріп жатса бұларда да сондай екен. Бутан таң қала қойған жоқ, таң қалдырған халқының тұрмысы мен мәдениеті. Өмір сүрудің, тіршілік кешудің осынша биігіне көтерілуге болады екен-ау деп түйді де, себебін іздеді. Экономиканың жеке меншікке құрылуы, мемлекет қызметкерлерінің еңбек жалақысының жоғары болуы, заңды бұзбау, тәртіпті ұстау салты, бастысы: «неміс халқы- бар халықтан ақылды!» дегенді ұран етіп, дәлелдеуге ұмтылған. Құлдыраудан да сол алып шыққан. «Ораза, намаз тоқтықта» деп қазақ оны баяғыда айтқан, жағдайы жақсы, тұрмыс тауқыметін білмейтін адамдар мәдениет, білім, ғылым туралы ой ойламағанда не істейді? Кезінде Ататүрік те өз халқына: «Ер түрік болып туғаныңа мақтан!» деп, экономикасы құлдырап, жан-жақтан тап бергелі тұрған жауға айбар шегіп, ұлтының рухын көтеріп, иілген басын жерден көтеріп алғанын әлем біледі.

Германия елінен көп әсерлер алып, мұнай өндірісімен танысып, елге оралды. Бұл сапарға ол Маңғыстау облыстық әкімшілігінің жолдамасымен барды. «Тәке, өндірістен шаршаған боларсыз, әкімшілікке келіңіз» деп, облыс әкімінің орынбасары Несіпқали Марабаев оны Бас маман етіп қызметке алған.

Шыны керек, бұл жұмыстың табиғаты Табынға мүлдем жат еді. Өмір бойы өндірісте, мұнай қазып, мұнай ағызып, нақтылы іспен айналысқан адамға әкімшіліктегі қағазбасты қызмет өзіне оғаш, басқаларға қораш көрінді. «Менің қолым емес бұл қызмет, рахмет жігіттер!» деп, «Теңізмұнайгазға» (1992-1994ж.ж.) коммерция бөлімінің бастығы болып келді. Байқап тұрған боларсыз, бұрын біз естімеген, ол туралы түсінігіміз де жоқ «коммерция» деген сөз қосылды сөздік қорымызға. Бұл басқаша қоғамның, басқа формацияның келгенін айтып тұр. Не істеу керек? «Заман саған бұрылмаса сен заманға бұрыл!». Табын басқалардай: «бұл не қоғам, мемлекет мүлкі талан-таражға түсті, жұмыс қайда, жұмыссыздық деген не сұмдық, жалақы неге жоқ...» деп, зарзаманды орнатып отыра бермей келген жаңа қоғаммен араласқа, «оборотқа» түсіп кетті. Істі компьютер үйренуден бастады. Көбіміз «ол не зат?» деп, қиынсынып, мойнымыз жар бермей, ойланып жүргенде ол тілін тауып, бағындырып алды. Компьютердің қызметіне таң қалып, «мыналарыц ертектен де озып кетті ғой» деп, жан-жағындағы жастарға қарап күліп алады да, сыйқырын солардан сұрап алып, әрі қарай басын көтермей, одан сайын құныға түседі. Құрдастары кездессе болды: «компьютер үйреніңдер, керегіңді табасың» деп, оның кереметін айтып тауыса алмайды. Өмірді сүю, тіршілігіцді мәнді ету деген осы болар, сірә. Иә, бұл да біздің Табын Қапанұлынан үлгі алар тұсымыз!

Бәрінен бұрын жетпіске келген адамның коммерциямен айналысып, талан таражға түскен Қазақстан мұнайының «соңына» түсіп, айламен тегін алып кеткісі келгендерді құрықтап, ел байлығын елге қайтарғанын қалай қайран қалмайсыз, қалай айтпайсыз. Бұл әңгімені бізден гөрі өз әріптесі, байырғы мұнайшы Қамысбай Мырзағалиев жақсы баяндайды.

ЗАПУТАННЫЕ ДОРОГИ НЕФТИ

- «Временами многочисленные запутанные ситуации происходят при транспортировке нефти по магистральному нефтепроводу, при продаже нефти за рубеж и внутри страны. Немалая часть многомиллионных доходов, зарабатываемых потом нефтяников, многотысячным коллективом, теряется из-за гиулеров всех мастей. С такими фактами встречался и Оржанов Табын.

Зарубежные страны заинтересованы покупать сырую нефть, а не продукты ее переработки. Нефть перерабатывает каждый в своей стране. Это очень выгодно. От такой переработки нефти в казну поступают миллионные, миллиардные средства, также создаются многочисленные рабочие места своим гражданам.

В 1991 году на балансе Южного нефтепровода не оказалось 30 тысяч тонн нефти, оказывается, Россия каламкасскую нефть экспортировала за рубеж.

На настойчивые требования «Мангышлакнефти» «Транс¬нефть» России предложила оплатить половинную долю стоимости в валюте страны Ближнего Востока.

«Мангышлакнефть» соглашается, но оплата все-таки не производится. По этому вопросу Оржанов неоднократно обращается к начальнику «Транснефти» Черняеву. В городе Самаре в апреле 1992 года проходило совещание региональных представителей «Транснефти», производственных нефтеобъединений, «Союзнефтеэкспорта», в котором участвовал Оржанов, будучи начальником отдела нефте добычи объединения «Мангышлакнефть». Он встречался с начальником «Союзнефтеэкспорта» и опять с Черняевым, который обещал решить в Москве вопрос о судьбе злополучной нефти Мангистау. По возвраіцении из Самары Оржанова, вместо отбывшего за границу работника, командируют 11 июля 1992 года в Новороссийск для организации экспорта 200 тысяч тонн нефти танкером и получения документов на них. Отправив нефть, Оржанов прибыл в Москву. Эти документы он сдает московской фирме для оплаты стоимости нефти, одно¬временно производит сверку актов по существующим поставкам нефти. Только Табыну издавна была хорошо известна и привычна сдача нефти всевозможным клиентам. В «Союзнефтеэкспорте» Оржанов встречается с начальником Гурий по вопросу прежних «злополучных» 30 тысяч тонн. Оржанов доказывает, что нефть казахстанская - не российская, за тонну должны платить по 115 долларов, когда эта нефть экспортировалась и продовалась по этой цене.

Оржанов выигрывает дело, видимо, «Союзнефтеэкспорт» боялся потерять выгодного поставщика нефти в ходе судебного разбирательства. 3 миллиона 414 тысяч долларов США за эту нефть поступает на счет производственного объединения «Мангышлакнефть» через банки Германии в городе Франкфурте-на-Майне 28 июля 1992 года на валютный счет в Алматинском банке.

Через некоторое время происходит смена руководства производственного объединения «Мангистаумунайгаз», и Оржанова Табына отправляют на пенсию, но его приглашает на работу областной акимат и далее ПО «Тенгизнефть». Оржанов и здесь сталкивается с экспортом нефти. В это время между бывшим руководством объединения «Тенгизнефть» и государством Израиль существовал кабальный договор на поставку 100 тысяч тонн нефти. За транспортировку нефти необоснованно была задержана оплата 625 тысяч долларов. Настоятельным требованием Оржанова эта сумма была оплачена. Кабальный договор с Израилем, после поставки 50 тысяч тонн нефти, при участии нового руководства ПО «Тенгизнефть» Батырбаева и Оржанова с большим усилием был расторгнут.

Неблагополучными были взаимоотношения объединений «Тенгизнефть» с казахстанскими клиентами. Долг «Казэкспорта» «Тенгизнефти» составлял 220 миллионов российских рублей за поставленную нефть. Табыну удалось решить и этот вопрос.

Наводился порядок в процедуре экспорта нефти. Составлялась таможенная декларация на объем экспортируемой нефти, клиент оплачивал стоимость транспортируемого объема нефти и на последнем этапе составлялись маршрутные поручения. После этого экспортируемая нефть отправлялась в путь.

И в этой кропотливой процедуре Оржанов принимал активное участие».

1994-1995 «Теңізмұнайгаз» инженерлік техникалық қызмет көрсету орталығында, 1995-2002 жылдары «Оңтүстікмұнайкұбыр» тасмалдау бөлімінің инженері, сосын «Казтрансойлда» еңбек етті. Талай жылғы тәжірибесі мен инженерлік білімін аямай, абыройлы жүрді бұл ортада да. Ақырында Қасымов Тарас аға басқарған ұжым Табын ағаның астына «темір тұлпар» мінгізіп, құрметті демалысқа шығарып салды. Ел-жұртты жинап, келген жетпіс жасын Оңай апа екеуі, балаларымен бірге жайнатып той жасап өткізді. «Жақсы сөз- жарым ырыс». Ағайынның, жолдас-жораның жан семіртерлік ыстық ықыласына бөленді, жақсы тілектерін тыңдады. Шын тілеген тілек қабыл болып, міне, Табын ағамыз сексенге де келіп жетті. Дені сау, санасы сергек.

Иә, Табын аға Оржановтар әулетінің бүгінгі ақсақалы, жинап қойған «қазынасы». Осыншама жасқа келгенше шаршамай-шалдықпай, ақыл мен естің тізгінін тең ұстаған Табын Қапанұлы туралы айта берсеңіз әңгіме таусылмайды. Ол жазған «Өмір» дастанының жастарға үлгі, тәлім мен тәбие болатын «беттерін» ғана парақтадық.

Қорыта айтқанда Табын Қапанұлы мұнайшы кәсібін Оржановтар әулетінде профессионалдық дәрежеге жеткізіп, өзінің де, әулеттің де абыройын асырған, беделін биіктеткен тұлға.

Біз ендігі жерде Табын Қапанұлының ізін басып, өрісін кеңейтіп, әулетті ұлғайтып отырған өз ұрпақтары, балалары: Есенжан, Құлайса, Гүлжан мен Сабыржан жайлы әңгімелемекпіз. Жарық дүниеге келген жанның бәрінің өмір мәнін іздеп, оған әркім әр түрлі жолмен жетіп, түйсініп, түсініп жатады. Табын аға мен Оңай апаның өмірінің мәні мен сәні төрт баласы. Амандығын тіледі, елден кем қылмай білім берді, жоғары оқу орнында оқытты. Қызығын көрді, жеке-жеке отау құрды, немере сүйді. Ендігі жерде солар жайлы сыр шертелік...

Мәскеудіц академик И.М.Губкин атындағы Мұнай институтының бірінші қазақстандық студенттері. Екітиі қатардың ортасында Оржанов Табын

Сағидолла, Табын, Хасан, Базарғали (бірінші қатар). Ербөлек, Қамысбай, Нариман, Әбу (екінші қатар).

Мұнай институтын бірінші қазақстандық бітірушілер. Мәскеу, 1952 жыл

Оржанов Табын, Ыбырашев Құспан, Айтжанов Нариман. Мәскеу, 1949 жыл

Табын мен Әкімбаев Сахи. Мәскеу, 1965 жыл

Оржанов Табын өндірісте

Нариман, Халел, Табын қайықпен Москва өзенінде серуендеуде. 1952 жыл

Студенттік достар. Мәскеу, 1952 жыл

Оржанов Табын мен Балғымбаев Салтанат

Әкімбаев Сахн, Сорокин, Жақыпов Қалекен және Оржанов Табын. Ақтау, 1980 жыл

«Маңғыстаумұнайгаз» бірлестік ұжымы 1 май мерекесін қарсы алуда

Оржанов Табын әріптестерімен бірге

Д.А.Қонаев мұнайшылар ортасында

Көрме аралап жүрген Елбасы Н.Назарбаевой өз зауыттарында шығарған мұнайға қажетті құрал-саймандар жайлы Оржанов Есенжан баяндап тұр

Табын жиналыста сөз сөйлеп тұр

Мұнай институтын бірінші қазақстандық бітірушілер.Оржанов Табын екінші қатардың ортасында тұр. Мәскеу, 1952 жыл




Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет