Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»



бет9/11
Дата23.10.2016
өлшемі4,68 Mb.
#57
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

IV бөлім

Немерелерім де мұнайшы, шөберелерден де шығатын болар,.,»

Бұл-сексеннің сеңгіріне шықан Табын атаның сөзі.

Немерелер туралы айтатын болсақ, олардың ішінде де мұнайшылар аз емес. Айталық, Қапанның інісі Қабденнің ұлы Әзімғали балалары: Ораз (қайтыс болған), Мырзағұл, Мырзатайдың мұнайшы болғаны туралы да жоғарыда айттық. Ал, олардан туған, Табын атаға шөбере болатын: Мұратбек, Мақсұт, Қуаныш та мұнайшы мамандығын таңдапты. Қазір олардың бірі «Мұнайгазпрорбада», екіншісі «Арнаойл» мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істейді.

Әбуғалидың ұлдары: Амантай, Аманжол, Масатжан да мұнайшы. Олардан тараған Табын атаның шөберелері: Асылжан мен Ғалымжан әлі жас. Қай мамандықты таңдайтындықтары туралы айту бізге ерте, ол әзірге уақыт еншісінде.

Сәлімгерейдің балалары: Әміржан, Әділжан, Аманқос. Олардан тараған ұрпақ, яғни, шөберелер: Бақытжан, Асылжан,

Сәлімжан, Нұрсұлтан. Бұлардың ішіндегі Бақытжан «Аджип ККО» копаниясында менеджер, ал, Асылжан Алматыдағы «КИМЭП»-те оқыса, Нұрсұлтан әлі мектеп қабырғасында. Нағыз «мұнайшы немерем» деп әзірге Бақытжанды айта алады Табын ата.

Табынұлы Есенжан балалары: Әнуар, Айдар, Данияр... мұнайшы кәсібін жалғастырып отырған Бесінші ұрпақ өкілі. Айталық, Әнуар Ақтау қаласындағы политехника институтының мұнай факултетін бітіріп, еңбек жолын «АНИС» ЖШС-інде бастады. Дәл қазір ол «Тасазиясервис» ЖШС-нің директорының орынбасары. Аталмыш мекеме мұнай өндірісіне керекті құрылыс материалдарын шығарады. Әнуардың да мұнай саласында қызмет істей бастағанына он бір жыл болып қалыпты.

Ал, Айдар Америка Құрама Штатындағы Бостон университетін бітіріп, Қазақстанға келіп, «Қарақұдықмұнайда» менеджер болып істеді. Біраз тәжірибе жинақтаған соң «Қазморттрансфлотта» департамент менеджері, сосын барып «АО НМСК»-да (Национальная морская судоходная компания) Дубай қаласындағы бөлімшесінің директоры, ал, қазір Лондон қаласындағы бөлімше директоры болып қызмет атқарып жүр. Мұнай ондірісінің қыры мен сырына қанық бола бастағанына сегіз жылдан асып барады.

Оржановтар әулетінің ата кәсібі мұнайшылықты Данияр да қалап тұр. Мектепті өте жақсыға бітірген ол Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Мұнай факультетіне түсті. Ол бірден оқу мен еңбекті қатар ұштастырып, Францияның «Тоталь» мұнай компаниясында болып, өндірістік іс-тәжірибе алды.

Атасы Табын үшін немересі Асқардың орны да, өзі де ерекше. Кішкентайынан бауырына басқандықтан болар, оның болашағына, ертеңгі өміріне жеңіл-желпі қарай алмады. Асқардың мектепте жақсы окып, білім алып, азамат болуын қалады. Өз балаларына көрсете алмаған іс-әрекетін, пейілін немересіне беруге ұмтылды. Бұл күнде оны Табын ағамыздың өзі де мойындайды. Бізге бірде: «баларымды отқа-суға түсіріп алмай, бала бақшаға, мектепке апарып, әкеліп, сабақтарын қадағалап отырған әкем мен анама, жа- рым Оңайға алғысым шексіз. Шынымда айтсам «жұмыс, жұмыс, жоспар, жоспар» деп жүріп балаларыма қарауға шамам келмепті. Оларды кішкентай кезінде әкем мен анам арқалап жүріп өсірді десем артық айтқандык емес, өздері де жақсы біледі. Кейіннен ол кісілер де қартайып, күні бізге қарап қалды. Тіптен анам төсек тартып жатты. Сонда оларға немерелері: Есенжан, Күлайса, Гүлжан, Сабыржан кезекпен қарап, қамқор болды. Төсегін ауыстырып, тамағын беріп, тіптен дәрігерге де өздері апаратын...» дейді, ағынан ақтарылып.

Өмірде бар нәрсенің, жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да қарымтасының қайтар кезі болады дейді ғой өмірді көрген, көп жасаған қарттар. Бір кезде өздері арқалап жүріп өсірген немерелері картайған кезде Қапан мен Зиядаға қамқор болып, жанашырлық көрсетіп жатса сол қарымтаның қайтқандығы емес пе? Мүмкін адам баланы сол үшін де өмірге әкелетін болар. Бұл Оржановтар әулетіне тән жақсы бір тәрбиенің үлгісі, өнеге тұтар, үйренер тұсымыз.

Асқарды біз әңгімеге тарттық. Ол ойланбастан:

- Менің атам мен апам алтын адамдар. Екеуі де біреулерге жақсылык жасағанды, қол ұшын беріп, көмектескенді жақсы көреді. Атам ешқашан «сен ондай бол, мұндай бол» деп ақыл айтпайды, ол бізді, немерелерін ісімен, әрекетімен тәрбиелейді. Ол кісі үшін жұмыс бірінші орында болды, біз ұйықтап жатқанда кетеді, ұйықтап жатқанда келетін. Мен оны ойлаймын, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіну деп.

Және ол сол жауапкершіліктің елдің бәрінде болғанын қалайтын. Немерелері-біздерден де соны талап етті. Баламыз ғой, біздер оз бетімізше ештеңе жасағымыз келмей, еріншектік танытамыз. Сонда ғана реніш білдіретін. Бет-алды мен атамын, үлкенмін деп ұрыса бермейді.

Атамды қартайған адам деп айта алмаймын, жүрісі де ширақ, ойы ұшқыр әлі. Бұрын қазақтарда жүзден асқан адамдар көп болған дейді ғой, мен де атам мен апамның жүзден асқанын тілер едім» -деді.

«Тілегіңе жет, жас өрен!» Ата-әже-немере арасындағы сыйластық, құрметті көріп біз сүйсіндік.Ұзағынан болғай және болашақта оны өз отауыңның астында маздата біл дедік. Ата дәстүр, ұлттық мінез сонда ғана өлмейді!

Асқар Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ¥лттық университеттің экономика факультетін бітірді. Осы салада аздап жұмыс жасады да «атамның жолын қууым керек» деи, Ақтау политехника институтының Мұнай факультетін бітірді. Қазір мұнай өндірісіне қажетті құрылыс заттарын шығаратын шағын кәсіпшілікте қызмет істейді, өзі соның директоры.

Қазақта: «Болатын бала он бесінде баспын дер, болмас бала отызында жаспын дер» деген де сөз бар. Асқар мектепте оқып жүргенде-ақ білімді, жақсы маман болатынын көрсеткен-ді. Ол Ақтау қаласындағы № 4 гимназия-мектептің он бірінші классында оқып жүргенде физика пәнінен қалалық, сосын облыстык байқауларға қатысып, бірінші орынды жеңіп алып, Канадада өткен Халықаралық байқауға барып қайтты. Жас болса да бас болып, талай жерді, елді көрді. Бұл сапардың да Аскар өміріне берер сабағы мол болды. Міне, Табын атаның Асқар деген немересі осындай. Оның болашағы, қол жеткізер табыстары әлі алда.

Табын атаның шөберелер әзірге аз, сондықтан олар туралы сөз де аз болмақ. Егер жаратушы Табын атаға сараңдық жасамай жүз жасын берер болса, онда шөберелер ішінен де мұнайшылар шығып, тың жерге бұрғы салып, мұнай бұрқағын аспанға атқанын көретін болады. Соған жазсын жаратушы дейміз дағы.

Қысқасы, жоғарыда аттары аталган немерелер мен шөберелері : Мадияр, Мәлік, Мансұр... тағы да басқалары «Оржановтар әулеті» деген «Алтын қорға» қосылатын ұрпақ өкілдері...

Оржановтар мен Нұржановтар от басы бірге демалыста. Кисловодск, 1967 жыл

Табын мен Онай балаларымен бірге демалыста

Табын мен Оңай Дубай қаласында

Оңай мен Табын қыздары Күлайса, күйеубаласы Әнуар, немересі Аянмен бірге

Өзбеққалиев Халел мен Оржанов Табын от басы. Железноводск, 1965 жыл

София мен Хал ел ортасында Табын. Мэскеу, 1965 жыл

Сәлімгерей мен Биғайиш

«Казтрансойл» ұжымы Оржанов Табынға «Жигули» машинасын сыйлауда

Оңаймен Табын немересі Айдар, шөбересі Мансұрмен Дубай қаласында, 2008 ж.

ЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ АТАСЫ

САФИ


Батырбаев Махамбет, Оржанов Табын, Жылқайдаров Сайлау

Оржанов Табын, Балжанов Құмар, Өтебаев Сафи

Мұнай майталманы Өтебаев Сафидық 100 жылдық мерейтойына қатысушылардың бір тобы

Оржанов Табын мен Карабалин Үзацбай

Табын Каспий жағалауында. Ақтау, 2009 жыл

Зәуреш, Табын, жеңгесі Сәнжан, Гүлжан, Масатжан, Әліби

Баймұрат, Табын, Кәрім

Табын мен Оңай үлкен ұлы Есенжанның от басымен бірге

Сабыржанның от басы

Қалабай мен Табын

Меңдеш пен Табын

Берік, Гүлжан балалары Асқар мен Нүркелді

Бірінші қатарда: Нүркелді, Табын, Оңай, Айгерім. Екінші қатарда: Гүлнар, Сабыржан, Асқар, Гүлжан, Берік

Оңай мен Табын. Ақтау, 2009 жыл



V бөлім

Әулет жайлы әулиелі сөз

РЗАХАНОВ КИІКБАЙ

Мәскеудің инженерлік-құрылыс инстытутын бітірген, Маңғыстау колхозаралық құрлыс ұйымының бас инженері, «ММГБ» тресінің-құрылыс монтаж кеңсесінің бастығы«Маңғыстаумұнайгазқұрылыс» тресінің құрылыс Басқарма бастығы, Өзен аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан КП Ералы аудандық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан КП Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы, «Маңғышлақұлутас» бірлестігініц Бас директоры, «Құрылысматериал» ҚБ бастығы, ЖШС «Тасжол-К» директоры, «Мұнайшы» қоғамдық қорының Маңғыстау аймағындағы үйлестірушісі.



ҚАРЫЗЫ ЖОҚ АДАМ

Алпысыншы жылдары «ММГБ» тресінде Кәрімов Ғарып Басқарма бастығы болды. Маұқұм жақсы адам еді. Мен сол треске қарасты кішілеу құрылыс бөлімінің бастығы деген қызмет алдым. Жұмыс десе жұтынып, жастықтың жалыны жанып тұрған шағымыз. Қысқасы, жағаға келіп кеудесін соғып жатқан Каспидің асау толқындарына ұқсаймыз.

Бірде, бастығым Кәрімов Ғарып ағаның кабинетінде кезекті бір мәселені талқылап отырғанбыз, есікті шалқасынан ашып, қолында әсем оюланған таяғы бар, қара торы, орта бойлы, қапсағай денелі бір кісі кіріп келді. Келді де бірден маған:

- Жігітім, бүкіл үйді басыңа көтеріп неге айғайлап сөйлейсің,- деді, маған бар назарын аударып «бұл кім өзі?» дегендей. Амандық-саулық жоқ, келе дүрсе қоя бергені намысыма тиіп:

- Аға, егер қатты дауысты естігіңіз келмесе саңырау, құлағы ести бастыққа жоламаңыз,-дедім, мен де едірейіп. Таяғына сүйеніп, ақсаңдай басып қасыма келді де, алақанымен арқамнан қаға тұрып:

- Жігітім қызбаланба, қызбаланба! Бастығың менің құрдасым, «құлағым естімейді»- деп, бұл өтірік айтады, бәрін естиді. Сенбесең кел, екеуіміз отыра қалып жамандап көрейік...-деп, қарқылдай күлді. Бұл сөзге әуелі естімейді деп отырған Ғарекең күлді, артынша біз де қосылдық. Қызық болды.

Кабинеттен шығысымен есік алдындағы хатшы қыздан: «бұл кім?» деп сұрадым. «Білмейсіз бе, бұл кісі өлкелік кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбуғали Оржанов деген ағай ғой» деді. Міне, менің Оржановтар әулетімен таныстығым осылай басталған-ды. Кейіннен бір кездесіп қалғанда сол қызбалығым үшін кешірім сұрадым.

- Жігітім, бұның дұрыс. Қателікті түсініп, кешірім сұрай білу де ақылға келетін нәрсе, значит сен балада ептеп ақыл бар деген сөз!-деп, тағы да арқамнан қағып, ыржия күліп, жақсы сөзімен жас жанымды семіртіп қойды. Мақтау мен марапатты бәйге атындай аңқылдап күтіп тұратын, жақсы көріп тұратын, қайран жастық-ай десеңізші!

Әбуғали аға аяғының кемдігіне қарамай өзіне-өзі сенімді, нық жүретін, әрі биік деңгейде сөз айта алатын, білімді адам еді. Жан- жағына жалтақтап, жаутаңдамай, айтам деген сөзін айтып салатын. Сол тұлғасы, азаматтық кейіпі көз алдымда бүгінгідей тұр.

Бұдан кейін Әбекеңнің өзімен қызметтес болдым. Бұл бізді бұрынғыдан да жақындата түсті. Қазақстан 1965 жылы Кавказдан, Железноводск қаласының маңынан геологтарға арнайы санатория салмақшы болды. Оның құрлысын жүргізу маған жүктелді. Ал, Әбекең болса кәсіподақ комитетінің төрағасы, қаражат солардікі, күндіз-түні құрлыстың басында деуге де болады. Сол тұста Әбекеңнің нағыз ұйымдастырушы, тапқыр басшы екеніне көзім жетті.

Санаторияны салуға рұқсат алғанымызбен іске кірісіп кеткенде түрлі қиындықтар кезіге берді. Біресе береміз деп отырған жерді бергілері келмей басқа жерді ұсынды, оған біз келіспей, қайта шештік. Жұмысшылардың тұратын жерлері қолайсыз, құрылыс материалдары тапшы... әйтеуір, Әбекең бәрінің қисынын келтіріп отырды. Бір жолы көптен күтіп отырған, құрылысқа қажетті үш маман-үш жігіт келді. Соларға жататын дұрыстау орын таба алмай қойдық. Содан Әбекең бізге идея тастап, көрші санаторияның бастығын қонаққа шақыруды ұсынды. Әбекең:

- Жігіттер, қазақта «құрғақ қасық ауыз жыртады» деген сөз бар, ол бастыққа бара бергенше өзімізге қонаққа шақырайық, пейілімізді көрсетіп, ниетімізді білдірейік..,-деді. Біздер Әбекеңнің қас қабағынан-ақ не айтайын деп отырғанын ұғатын жағдайға жетіп қалғанбыз, тез арада қой тауып, шашлық иісіріп, санатория бастығын шақыра қойдық. Тау халқына тән мінезбен ол да біздің шапшаң қимылымызға, ұйымшылдығымызға риза болып, біздің атымызға біраз мақтау мен марапат сөздерді жаудыртты-ай келіп. Оған жауап ретінде Әбуғали аға:

- Бұл қазақтардың қонақ жайлылығының шет жағасы ғана, егер Қазақстанға келсеңіз қой емес түйе соямыз. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресіз»,- деді. Әлгі бастық бұл мақалға түсінбеген сыңайын білдіріп, әркімге жалтаңдап қарай берді. Соны сезе қалған Әбекең: - Е, бұл мақал орысшаға былай аударылады- «отец, жаркое увидишь, когда верблюд нарежешь» деп, аударып кеп бергенде отырған орыс-қазағы бар дүркірей күлдік. Тоқтамай, қайта-қайта күлдік. Көңілі көтерілген санатория бастығы осыдан кейін бір сөзге келмей, біздің мамандарымызды жайлы, жақсы орынға орналастырып берді.

Кейіннен Әбуғали ағаның інісі Табын Қапанұлымен таныстым. Ол кісі «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігіне Бас инженер болып келді. Мен ол кезде «Жетібай», «Өзен» мұнай кенорындарында құрылыс басқармасын басқаратынмын. Жұмыс бабымен күн сайын араласып жататынбыз.

Мұнайшылар мен құрлысшылар арасында аңыздай айтылатын: «Тәкең, жұмысты тәулігіне 24 сағат істейді» дейтін сөз де сол кезден қалған. «Мен бастықпын» деп кабинетте отырған адам емес, шаруашылықтың арсында, қайнаған жұмыс ортасында жүріп, проблемалар болса дәл басында, дер кезінде шешетін. Айналасына адамдар үйірсек болатын, себебі-қарапайым. Әлдекімдердей екі қолды қалтаға салып, қарынды төңкеріп тастап, шіреніп тұрмайды, жас келсе де, кәрі келсе де мәселесін тыңдап, қолынан келсе көмектесіп жататын.

Соңғы кезде ойлайтын болдым, жақсы қартаю да өнер-ау деп. Өзін қандай өнермен өнерлегенін қайдам, әйтеуір, Тәкең әдемі қартайып келеді. Анда-санда, достарының торқалы тойларына арнап өлең шығарып қоятыны бар, мүмкін ішкі жан байлығы көмектесетін болар. Әйтеуір, тілім тасқа, қартайды деп айтқым да келмейді. Әлі ширақ, қыңқыл-сыңқылы жоқ, күнделікті тіршіліктен қалмай келеді.

Бұлай айтатын жөнім бар. Марқұм Несіпқали Марабаевтың идеясымен 2004 жылы «Мұнайшы» қоғамдық қор құрылды. Мақсат-Қазақстан мұнайының дамуына үлес қосқан ардагерлер өмірінен кітап жазып, тарихта қалдыру. Мен сол қоғамдық қордың Маңғыстау облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі болып тағайындалдым. Алғашқы күннен бастап Тәкеңнен қоғамдық қорға келіп түскен мұнайшы-ардагерлердің шағым-арыздарын қарайтын комиссияның төрағасы болуын сұрадым. Табын Қапанұлы ақысыз-пұлсыз қоғамдық жұмыстан тартынып, қашқан жоқ. Ол бірден өзіне сенген жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, мұнайшы-ардагерлердің арыз-шағымдарын қарап отырады. Сосын қолдан келгенше қордан көмек көрсетеміз. Ол үшін бәріміз де алғыс алудамыз, әрине.

«Мұнайшы» қоғамдық қор жиырмадан астам кітап шығарып үлгерді. Кезек Оржановтар әулетіне келді. Біз, Тәкең екеуміз осы әулеттің мұнай саласында жұмыс істеген жылдар қосындысын шығардық. Сөйтсек, Оржановтар әулеті, сонау XIX ғасырда Оржан ақсақалдың Нобельдердің майын Ракушаға тасыған кезінен бастап, бүгінгі мұнайшы Асқарға дейін еңбек жылдарын жинақтасақ 560 жыл болады екен. Бұл деген сөз, Оржановтар әулеті қазақ мұнайының шын майталмандары деген сөз. Яғни, бұл әулет жазылар кітаптың бас «кейіпкері» болуға әбден ылайықты. Мұнайшы мамандығын бұл әулеттің жас буыны әлі жалғастыратын болады...»



ҚАРАБАЛИН ҰЗАҚБАЙ

Мәскеудіц академик И.М.Губкин атындағы Мұнай институтын бітірген, «Қаз- мұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембімұнай барлау экспедициясыныц инженер-технологы, ҚазГБҒЗИ-де лаборатория мецгерушісі, директордың орынбасары, «Каспийгеология» Бас басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер кабинеті аппаратында өнеркәсіп бөлімінің аға референті, ҚР «Энергетика мен отын цорлары» министрлігіндегі «Мұнай мен газ» Бас басқармасыныц бастығы, ҚР «Мұнай мен газ» өнеркәсібі министрінің орынбасары, «Қазакойл» ¥МК бірінші вице-президенті, вице-президенті, «Қазтарансгаз» ЖАҚ президент/, ҚР «Энергетика жәпемішералдық ресурстар вице-министрі, «Қазмұнайгаз» АҚ президенті, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ президенті.



ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ӨМІР

Қазақ мұнайының тарихын саралар болсақ ол сонау артта қалған, өткен ғасырдың бас жағына алып барады. Қазақстанның батыс өңірінің геологиялық құрылысын зерттеудің және оның мұнайлылығын алғашқы бағалаудың нәтижесінде 1920 жылы Москва қаласында «Орал-Ембі» мұнай кәсіпшілігіне байлансты Басқарма кұрылады. Ол 1922 жылы «Эмбанефть» тресі болып қайта ұйымдастырылып, мұнайды барлау, өндіру жұмысын, өз қолына алды.

«Орал-Ембі» ауданының дамуына академик И.М.Губкин ерекше мән берді. «Бұл ауданды дамытуға қаржыны аямау қажет және оған деген қызығушылық бір сәтке де толастамауы тиіс»-деп, атап көрсетті ол КСРО Ғылым Академиясының 1931 жылғы төтенше сессиясында. Содан бері мұнай-газ көздерін іздестіру, барлау, игеру жұмыстары бір толастаған емес. Нәтижесінде ірілі-ұсақты сандаған мұай-газ кен орындары ашылды. Қазақтың кәсіпқой мұнайшылары және олардың әулеттері калыптасты. Солардың қатарына Оржанов-Габын Қапанұлының да әулетін жатқызуға болады.

Табын ағамыздың әкесі Қапан кезінде Ембідегі көп кәсіпшіліктің ашылуына атсалысқан, байырғы бұрғышы. Ол еңбегі «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен бағаланған.

Әке жолын қуған Табын ағамыз Мәскеудің И.М.Губкин атындағы Мұнай институтын 1952 жылы бітірген атыраулық тоғыз жігіттің бірі. Институт қабырғасынан инженерлік диплом алып шыққан ол еңбек жолын «Қаратон» кәсіпшілігінде операторлық бастады. Ол 1964 жылы құрылған «Маңғышлақмүнай» өндірістік бірлестігінде техникалық бөлімнің бастығы болды. ресейлік, әзірбайжандық, татарстандық мамандармен коян-қолтық жұмыс істей жүріп ол, қазақстандық мамандардың да біліктілігі ешкімнен де кем еместігін дәлелдеді және жергілікті маман-кадрларды тәрбиеледі. Соның нәтижесінде Табын Қапанұлы Манғышлақмұнай» бірлестігінің Бас инженері, сосын Бас директордың бірінші орынбасарлығына көтеріліп,қазыналы түбектің барлық мәселелерін ұйымдастыру жұмысын өз қолына алды.

Осы бірлестіктен зейнеткерлікке шықаннан кейін де Табын Қапанұлының бай тәжірибесін пайдалануға құлшынған мұнай жіпорындары табылды. Жаңадан құрылған «Теңіз мұнайгаз» өцдірсітік бірлестігінің қалыптасып кетуіне, Қызылорда облыснда ашылған «Құмкөл» газ кен орнын игеруге әуелі өзі және шәкірттері (марқұм) М.Ғ.Саламатов, Т.А.Хасанов, Ж.Жалғасов...қатысты, «Қазтрансойл» компаниясына қол ұшын берді. Бүгіндері Қазақстан өңіріндегі отандық және шет елдік мұнай компанияларының бәрінен де Табын ағамыздан тәлім алған білікті мамандарды табуға болады.

Оның өткен өмір жолы жастар үшін үлгі-өнегеге толы.

ЫБЫРАШЕВ КЕНЖЕБЕК

Мәскеудіц академик Губкин атындағы Мұнай институтын бітірген. 1988-1993 жылдар аралығында «Атыраумұнайгазгеология» өндірістік-геология бірлестігі Каспий маңы МБЭ-да бас инженер, «Ембімұнай» ӨБ Балықшы БЖБ-да бас инженер, басқарма бастығы, 1993-1997 жылдарда «Қазақстанкаспийшелъф » АҚ Атырау филиалының директоры, вице-президенті, сосын президенті, «ОКИОК» компаниясыныц менеджері, «Аджип ККО» компаниясының Қазақстандагы бизнесті дамыту орталығының директоры. Қазір «Казмұнайгаз» АҚ атқарушы директоры.



АБЫРОЙЫ АСҚАН, БЕДЕЛІ БЕКЕМ ИНЖЕНЕР

Негізі алпыс-жетпісінші жылдары Маңғыстау мұнайын іздеу мен табуда атыраулықтардың еңбегі зор болған. Сол жылдарда Мәскеу, Баку институтарын бітірген жас мамандардың көбі Маңғыстауға мұнай игеруге келген. Табын аға да атақты Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай институтын бітіріп, біраз уақыт «Доссор», «Байшонас», «Қаратон» мұнай кәсіпшілігінде еңбек етті. «Маңғыстаумұнай» бірлестігі ұйымдасқан кезде соның техникалық бөлімін басқаруды Табын ағаға тапсырған. Бұл өте күрделі, бар проблеманың келіп тоғысатын бөлімі. Абыроймен алты жыл басқарды.

Өмір заңы ғой, үлкендер құрметті демалысқа шығып, орнын жастар басады, бір кезде олар да ұлғайып, кейінгі ұрпаққа орнын ұсынады. Тіршілік жібі үзілмей осылай жалғаса береді. Табын ағадан біз жаспыз, қызметтес бола алған жоқпыз, бірақ мұнай айналасында жүргендіктен де ол кісі туралы: «таза адам, адал азамат, профессионал инженер!» деген жақсы сөзді әріптес болғандардан аз естіген жоқпыз. Сенің қолыңнан не келеді, не келмейді, бірге жұмыс істегендер жақсы біледі. Басқалар болса өз мүдделері үшін жалған мақтауды қоса беруі мүмкін.

Мұндай құрмет Табын ағаға қалай, қайдан келіп жатыр деп ойлайсыз? Мен ойлаймын, ол өзіне өзі аса жауапкершілікпен қарағаннан. Ол кісіде бос жүріс, бос сөйлеу деген болмайды. Және мектебі мықты. Біріншіден, Мәскеу институтында білім алса, екіншіден, Одақ көлеміне белгілі мұнайшылар: С.Ф.Чеплаков, Ж.А.Досмұхаметов, Б.Сағынғалиев және алты жыл Тимонинмен қызмет істеді. Бұлардың бәрі мықтылар, анау-мынау адамды менсінейін деп тұрған жоқ. Бірақ, олар Табын ағаның білімін, іскерлігін, мықты инженер екенін түсінді, сосын мойындады. Ол-абыройы асқан, беделі бекем инженер.

Ішкі болмысы, адамдық құрылымы мықты адам ғой. Қазірдің өзінде, сексенге келсе де тіп-тік, шып-ширақ, алдына қойған мақсаттары бар. Пенсияға шыққаннан кейін де Ақтаудағы «Казтрансойлда» кеңесші болып қызмет істеді.

Табын аға Атырауда аз тұрды. Қызметке Маңғыстауға шақырып әкетті де, өмірінің көбін осында өткізіп келеді. Тәкеңнің Әбуғали деген ағасы болды, ол кісі Атырауда тұрды көбіне, оқыған, жоғары білімді мұнайшы еді. Біздің үй ішімен жақсы араласып тұрды. Менің әкем қарапайым балықшы болған адам. Қиналған кезінде Әбуғали ағадан көмек сұрап, ол қиналса менің әкем кол ұшын беріп, бір-біріне қолдау көрсетіп, екеуінің арасында ерекше бір сыйластық, құрмет болды. Өкінішке орай екеуі де ертерек қайтыс болып кетті.

Табын ағаның балалары Есенжан мен Сабыржан да мұнайшы. Мен Сабыржанды өте жақсы білемін. Ол Мәскеудің Мүнай институтын бізден бір жыл кейін бітірді. Семья құрды, Гүлнар атты жары, балалары бар. Үлкен қызын ұзатты.

Қазір Сабыржан «Қазмұнайгаздың» бір бөлімшесі болып келетін «Түпқарағанда» мұнай іздеп, бұрғылау жұмысын жүргізіп жатыр. Қазақ сөзді жақсы айтады ғой, өз басым сол қазақтың «бала тегіне тартып туады» дегеніне сенемін. Тегі жақсы болса, от басында дұрыс тәрбие алса, ол бала еш уақытта жаман әдеттерге бармайды. Кездейсоқ бір нәрселерге ұрынып қалуы мүмкін, ал, бірақ әдейілеп, қасақана ешкімге жамандық жасамайды, өз ісіне қашанда да жауапкершілікпен қараған. Мен білетін Сабыржан сондай текті жерден, үлгілі от басынан тәрбие алған адам. «Порядочность» дегенді қазақша қалай айтарымды білмей отырмын, міне Сабыржан өте порядочный человек. Атасы мен әкесіне тартқан ол. Әрине, біз жақтың да «үлесі» бар деп ойлаймын, апамыз Зияда-аналары, әжелері емес пе?!..

Ол апамыз бен Қапан тәтеміз жайлы жоғарыда айттым, бір-біріне жарасқан әдемі адамдар болатын деп. (Кенжебектің ол әңгімесін бірінші бөлімде оқыдыңыздар) Сол кісілердің ұрпағы ғой, Табын ағамыз да әдемі қартайып келеді, ұзағынан болсын, көп жасасын, мен соны тілеймін!»

МЫРЗАҒАЛИЕВ ҚАМЫСБАЙ

Гуръевтің Мұнай техникумын, сосын Мәскеудің Губкин атындағы Мұнай институтын бітірген. «Қосшағыл», «Мұнайлы» МКБ техник-оператор, бұрғылау цехының бастығы, 1968-1987 ж. аралығында «Маңғыстаумұнай» бірлестігінде бұрғылау басқармасының бас инженері, бұрғылау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. Маңғыстау тарихынан, еңбектес болған мұнайшылар өмірінен көптеген мақалалар жазған, бірнеше кітаптың авторы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі.



Табиғатынан алғыр Табын

Бэріміз Мәскеуде Мұнай институтында бірге оқыдық. Ішіміздегі ең жасымыз Табын болатын да, үлкендері мен едім. Мен техникум бітіріп, жұмыс істеп, соғыс біткен соң ғана оқу іздеуге шамам келді. Табын болса ол кезде бар-жоғы 18 жаста ғана, мектепті бітірісімен келді Мәскеуге. Өзі орысша да білмейді, соған қарамай сабақты жақсы оқыды. Алғашқы айларда әбден қиналды. Математикадан алдына жан салмайтын, мұғалімдер сонысын бағалай білді. Қалған сабақтарды жаттап алатын, сөйтіп жүріп орысшаны мықтап үйреніп алды. Табиғатында алғырлық бар ғой, әйтпесе, тіл білмей тұрып, елден шалғай жерге барып оқуға кез келген адам келіспейді, бармайды.

Мына бір сәт еш есімнен шықпайды. Бір жылы бәріміз жаңа жылды бірге қарсы алатын болып жиналдық. Арақ ішпесек жаңа жыл келмей қалатындай шамамыз келсін, келмесін шарапты сіміріп жатырмыз ғой. Табын ішпеймін деп тұрған, бір кезде жолдастары қолқалап, жанын коймай екі рюмка «Кагор», вино ішкізіп жіберді. Бір кезде Табын асқазаным деп домалады да қалды.

Содан не керек таң атар атпастан біреуіміз Арбат алаңындағы дүкеннен сүт әкеліп, дәрі беріп әрең жазып алдық. Баяғыда бір өзбек ашымаған саумалды ішіп-ішіп, түнімен іші сырылдап тұрмай, далаға жүгірумен болған ғой. Сол өзбек айтатын көрінеді, «атты көрсем бұға қаламын» деп. Ол байғұс қымыздың қайдан шығатынын, қалай жасалатынын да білмегені ғой. Біз сияқты біреулер ішкізіп жіберген ғой оған да. Сол сияқты Табын да бұдан былай шарапты көрсе жоламайтын болды, біз, жолдастары да «іш» деп айтпайтын болдық. Ол осы ұстанымынан күні бүгінге дейін танған емес. Әйтеуір, Табын арақ та ішпеді, темекіні де тартпай таза келеді. Мүмкін оның қартаймай, ақылынан алжаспай, ойы сарқылмай, әдемі қалыпта сексенге келуіне осы ұстанымы көмектескен шығар да, кім білсін.

Екінші бір есімде қалған оқиға мынау. Сабақтан шығып жатахқанаға кіріп келе жатқаным сол еді есік алдында отыратын күзетші әйел Табынның атына келген телеграмманы ұстата салды. Оқысам бір адамның қайтыс болғандығы туралы хабарлапты. Не істерімді білмей Табынның бөлмесіне жүгірдім, келсем олар сабақтан әлі келмепті. Күтіп отырдым да, келген кезде әлгі телеграмманы Табынға ұстата қойдым. Ол оны оқыды да сылқ етіп кроватына отыра кетті. Өзі боп-боз болып кетті. Бір кезде еңіреп жылап жіберді. Біз не істерімізді білмей тұрып қалдық, мен тіптен кінәлі адамша қайда тығыларымды білмей барамын. Әрең дегенде қайтыс болған адамның кім екенін сұрап білдік.

Сөйтсек, ол үлкен ағасы Әбуғалидың ұлы екен. Қайтсін, туысы емес пе, бауыр еті езіліп барады да. Біздің де жастығымыз ғой, әйтпесе, телеграмманы қолына ұстата салмай басқаша, әйтпесе, мұғалімдерге айтып естіртуге болушы еді ғой. Оған өмірлік тәжірибеміз де, ақылымыз да жетпей қалды. Табын көпке дейін өксігін баса алмай, көп жылады. Біз жұбатқан болып жатырмыз. Оның үстіне ел де шалғайда, ауылға тартып кететін, бір жағынан сабақты да жіберуге болмайды. Әйтеуір бір «өгіз өліп, арба сынған» жағдай болды. Достары, жолдастары болып әрең дегенде Табынның жылауын тоқтаттық-ау. Бірақ ол көпке дейін көңілсіз, көпке қосылмай оқшау, ойда жүрді. Бұл оқиға маған көп нәрсені үйретіп кетті. Қайғылы қазаны бірден бұлай естіртуге болмайтынын ұқтым, жақыныңнан айрылудың өте қиын екенін, жаныңа жазылмайтын жара салып кететінін алғаш сезіндім мен сонда.

Досым Табынның өмір жолы қызу еңбекке толы. Ол 1952 жылдан бастап «Қаратон» мұнай кәсіпшілігінде үш жыл мұнай өндірудің операторы, сосын мастері болып қызмет атқарды. Одан кейін «Байшонаста» инженер, техника бөлім бастығы болып, мұнда да үш жыл жұмыс жасап, инженерлік шеберлігін шыңдайды.

Ал, 1958-1964 жылдары «Доссор», «Қаратон» промысылдарының бас инженері, кемелденген мұнай маманы, өз бетімен, мұнай өнімін арттыратын күрделі шараларды іске асырды. Бұдан кейін Табынды Маңғыстау мұнай «тыңын» көтеру жұмысына жіберді. Мықтымыз деп Мәскеуден, Бакуден келген мамандардың арасынан Табын инженерлік білгірлігімен көзге түсе білді.

1969-1977жылдар аралығында «Эмбамұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестіктерінде бас инженер болып жұмыс жасады, бұдан кейін де Табын Маңғыстауда «Орталық өндірістік жабдықтау» базасының, «Маңғышлақхимпромның» Бас инженер!, «Маңғышлақмұнайгаз» бірлестігінің мұнай өндіру бөлімінің бастығы болып кыруар іс бітірді. 1964-2000 жылдар аралығында Қазақстан мұнай өндіріс саласына көптеген игілікті істер атқарды. Біз Оржанов Табын Қапанұлын алдыңғы қатарда болған, Маңғыстау мұнай өндірісінің ірге тасын қалаған инженерлердің бірі деп білеміз. Оны 1992 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігі зейнеткерлікке шығарды. Осы бірлестікте 25 жылдан астам уақыт жұмыс жасапты. Алпыстан асқан адамдардың күш-қайраты, іскерлігі қайтпаса да пенсияға шығара береді ғой. Бірақ, Табынның тағдыры басқаша болды, оны кешіктірмей «Теңізмұнай» бірлестігі «Құлсарыға» шақырып, біраз жұмыстар тапсырды.

Табын 1995 жылдың басында Ақтаудағы «Оңтүстік мұнай тасымалдау» мекемесіне арнайы шақырумен келді. Бұл жерде, май тасымалдаудың айналасында шым-шытырық мәселелер жеткілікті болатын. Оларды да асқан білімдарлықпен шеше білді.

Құлсарыдағы «Теңізмұнайгаз» бірлестігіндегі жолдастарымен, әріптестерімен қоштасуға тура келді. Ақтауға жұмысқа шақырылды. 1999 жылы Табын 70-ке толған жасын, жары Оңаймен бас қосқан 50 жылдығын тойлады. Қазақстанның жер-жерінен қонақтар келіп, Табын мен Оңайға оң тілектерін айтып, біраз күн ағайындар қауышты. Енді міне, сондағы тілектер қабыл болып, 80 жасқа да келіп отыр. Біз қуаныштымыз, алда аман болып, 90 жасыңда, тойыңда кездесеуге жазсын, жаратқан!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет