Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»



бет2/11
Дата23.10.2016
өлшемі4,68 Mb.
#57
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ескі оқиға есіне түсті.

Доссордан «мұнай» деген табылып, елдің бәрі не екенін түсінбей жатқанда Оржан жұмысшы болып, өз арбасымен май тасушы болып орналасып алыпты. Қапан әкесінің мұндай тәуекелшілдігін өскеннен кейін де талай көрген. Бірде оның көп ортасында: «Ойшыл ойлап болғанша, тәуекелшіл екі рет барып келеді» дейді қазақ, «басқалар бола ма, болмай ма, ол қандай жұмыс?» деп он ойланып отырғанда мен қара май тасуға кіріп алдым», - дегенін талай естіген- ді. Бала кезінде әкесі Оржанның үсті -басы қап-қара, май-май болып жұмыстан келетіні есінде.

Рас, қазақ даласына ондірістің, оның ішінде мұнай кәсіпшілігінің келуі тарихи оқиға болды. Жергілікті халықтар алғашқы өндіріс ошақтарына қара жұмысқа жалданып, жалақы тапты. Мұнай кәсіпшілігі бұрын тек мал үстінен күн көрген қазақ үшін табыс табудың жаңа көзі болды және бірте-бірте оларға жалданушылар қатары көбейе түсті. Оржан әуелі арбамен Ракуша портына тасыса, кейіннен атпен шығыр тартып, қара майды жер бетіне шығарды. Шындық бар¥й іргесінде, Доссорда қара май қазылып, онда жұмыс істегендер өмірі көрмеген қағаз ақша алып жатқанда жастайынан пысық, ширақ Оржанның үйінде қарап отыра бермесі анық.

Ағайынды Нобельдердің, өндіріс иелерінің жұмысқа, мұнай өндіруге жергілікті жердің адамдарын пайдаланғаны да тарихи шындық. Оның үстіне қазақтар өмірі көрмеген тауарлардың неше түрін әкеліп, еңбек ақыға беріп, тұрғылықты халықты мұнай қазуға қызыотырып жатқанда бұдан оның қалыс қалуы тіпті де мүмкін емес. Сондықтан Оржанның мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істеді дегеніне еш күмән келтіруге болмайды. Бүгінгі қауымға біз- «Мұнайшы Оржановтар әулетінің» бұл кәсіпке келер кезі, бұлақ бастауы сонау-сонау жылдарда, баба Оржанда жатыр деп сеніммен айта аламыз.

Айтты-айтпады, әкесі Оржан сол кезде қазақ қоғамына келген жаңа өмірді, оның болашағын дөп басып отырғанын Қапан түсінді. Көп кешікпей әкесі Қапанға: Балам, менің жасым ұлғайып, денсаулығым болмай келеді. Арба айдау ауырлау соғып тұр маған. Басқа жұмысты қой, менің орныма шық..,- деді. Әкесін тыңдап Қапан 1929 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігіне арбамен май тасушы болып орналасты, сосын бұрғышы болды.

Әкесі Оржанға тартқан Қапанның тәуекелшілдігі де табысқа жеткізді. Қапан жаңа жерден жақсы жұмыс, мол табыс тапты, жаңа таныс пен достар пайда болды. Геологиялық барлау бригада құрамында маң далаға көкпен таласқан мұнараларды орнатып, қара жердің қойнауында сары майдай сақталып жатқан қара май-мұнайды жер бетіне шығаруға ат салысты. Бұл кереметті басқарып отырған қазақ түсінігінде бұрын болмаған мамандық иелері: геолог, геофизик, бұрғышылармен қоян-қолтық жұмыс істеді.

Бәрінің мақсаты - бұл жерде мұнай бар ма, ол қай қабатта, оның қоры және қысымы қай мөлшерде, құрамы қандай? Мұнайдың тазалығы, құрамындағы парафин, күкірт мөлшері...Қапан білімділер: геологтар мен геофизиктер, инженерлер мен ғалымдар дай-дай болып талай дауласқан сәтте құлағын түре, талай тыңдаған. Сосын, сауатты, білімді мамандарға қарап талай қызыққан. Өзінің өмірі өліара уақытқа, «ақтар» мен «қызылдардың» арпалысына тап келіп, оқу емес омір үшін күресті. Содан да сауат ашып, білім қууға мүмкіндігі болмады. Әйтпесе, Қапанда бір зеректік, алғырлық бар еді. Енді қазір төрт баланың әкесі, ойлайтыны солардың қамы, өз қамы емес. Қапан ондайда: «нешауо, балаларымды қайтсем де оқытамын!» деп, өзін-өзі жұбатып, көңілін жайландырып қоятын.

Сол кездегі, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында Атырау өңірінде небір айтулы оқиғалар болды емес пе. Сол оқиғалар ортасында Оржан және екі баласы Қапан мен Қабден де көппен бірге тіршілік кешіп, өмір сүріп, ұрпақ жалғастырды. Өмірге деген көзқарас, тіршілікке деген әрекет өзгерді, қоғамдық құрылым мүлдем басқаға айналды. «Заман саған бұрылмаса, сен заманға бұрыл!». Заманның енді өздеріне бұрылмасына көздері жеткен олар кәсібін жаңартты, көз-қарастарын өзгертті...

Тіршіліктің түрін өзгертуге себеп болған тарихи оқиғалар, оны шамалы Оржан заманынан бұрынырақтан бастасақ ол былайша баяндалады:

«...1782-83 жылдың қысында Атырау өңірінен Жайықтың екінші ішкі бетіне өткен Байұлы ауылдарын қазақ-орыс әскерлері тонап, төрт мың жылқысын айдап әкетеді. Осының бәрі, демек, жайылым кердің тарылуы, қазақтардың Жайықтың ішкі бетіне емін-еркін барып қоныстануына тыйым салынуы, патша отрядтарының қазақ ауылдарын шауып-тонауы, қазақтарды тұтқынға алып, малдарын айдап әкетуі, қалмақ, башқұрттармен жиі қақтығыстар, олардан көрген жәбірлік Атырау өңірінің Тайсойған, Сағыз атырабын мекендеген қазақтардың көтерілісін туғызды. Көтерілістің ұясы болған Байұлы ауылдары, Жайық пен Жем бойын мекендеген басқа да рулар қиын-қыстау жағдайда өмір сүрді. «Дәл осы сәтте күш пен ақылды, білім мен білікті, сезім мен парасатты тең ұстаған дана Сырым батыр тарих сахнасына келді».

Сырым Датұлы бастаған қозғалысты Шеркеш, Шекті, Табын, Байбақты, Таз, Алаша... рулары түгел қолдап, үлкен күшке айналды...

... 1865 жылы Қазақстан жері түгелімен Ресей боданына айналып, Гурьев уезін құрды. Көптеген табиғи байлық көзі ашылып, Ресей өкіметінің назары мықтап ауды

...1869 жылы Орал облысы құрылып Гурьев уезі соның қарамағына енді.

...Гурьев қаласы бірте-бірте сауда орталығына айналды...

...Гурьевтіктер Каспий теңізі, Жайық өзені арқылы сауда қатынасын жандандырды...

...1869 жылдан бастап Астрахань-Гурьев арасында жүк таситын кемелер жүзіп, сол жылы 95 рет барып, сосын қайтқан...

Ресей өкіметі Гурьевтің базарында қазақтардың да еркін сауда жасауына рұқсат беруіне мәжбүр болды. Мұның өзі қазақтардың қала тұрғындарына айналуына мүмкіндік туғызды.

...XIX ғасыр соңында Гурьев уезінде 5 қазақ-орыс станицасы, 17 қазақ болысы, теңізге жақын үш кент-«Жылыой», «Ракуш», «Прорва» пайда болды.

Каспий теңізіне жақын орналасқан болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы өркендеді.

Болыстық басқарма, полиция ашылып, казарма, шіркеу салынды, орыс мектебі ашылды. Алғаш Ракушада аурухана салынды.

...1911 жылы атақты «Нобель» компаниясы Доссор мұнай кенішін, 1914 жылы Мақат кенішін ашты. Көлік қатынастары болмағандықтан алғаш мұнай арнайы ыдыс, темір, ағаш күбілерге құйылып, түйелерге артылып, Каспий жағалауындағы Ракуш портына жеткізілді. Кейін Доссор мен Ракуш аралығына болат құбыр төселіп, мұнай сонымен ағызылды да Ракуштан керосин зауыты салынды. Өнім теңіз арқылы баржамен тасымалдады.

Революцияға дейін Жайық-Жем ауданында сегіз мұнай қоғамы жұмыс істеді. Патша Үкіметі оларды шетелдік компанияларға концессияға беріп қойды, капиталистер жергілікті жұмысшыларды аяусыз қанады. Совет өкіметі орнағанда капиталистер Ембіні тастап, бәрін бүлдіріп кетті.

Интервенттер қоршауында қалған Кеңес өкіметін отын дағдарысынан құтқарған да осы Жайық-Жем бассейініндегі мұнай кәсіпшіліктері болды. 1920 жылы Түркістан майданының әскерлері Гурьевті азат етті, артынан Ембі кәсіпшіліктері қалпына келтіріл- ді. Бас Мұнай Комитетінің ұсынысымен Гурьевте «Ембімұнай» тресі құрылып, ол әуелі Мәскеуде тұрды. Гурьевке 1929 жылы көшіп келді...».

(Мұқтасын Сухамбердиев. «Мұнайлы Маңғыстау»)

Гурьевте «жер аударылғандар» көбейді. Бұның халықтың революциялық сана-сезімін оятуда ролі айтарлықтай болды. Жүмысшы табы шықты. Мысалы, 1913 жылғы маусымда «Ембі» акционерлік қоғамының бұрғылау тобындағы жұмысшылар бес күн ереуілге шықты. Талаптары- бұрғышылар жалақысын 25-30 процентке өсірту. Ақырында, ереуіл соңы үлкен қозғалысқа айналып кететін түрін сезген қоғам басшылары мұнайшылар талабын орындауға мәжбүр болды.

Бұл шиеленіске патшаның 1916 жылы 19-дан 43 жасқа дейінгі қазақ жігіттерін әскерге, қара жұмысқа алу жарлығы себеп болды. Бұған бүкіл Орта Азия мен Қазақстан халқы өре түрегеліп, қарсы шықты. Халықты қолдап Ракуша мұнайшылары ереуілге шықса, ал, Доссор, Мақат мұнайшылары наразылықтарын анық білдірді.

Атырау өңірі 1918-20 жылдары ақтар қозғалысының орталығына айналды десе де болады. Оларға Каспий теңізі арқылы қару-жарақ, азык-түлік жеткізіле бастады.

Ал, 1920 жылдың қаңтарында билікті қызылдар алып, Гурьевтен өз комитеттерін құрды. Қызылдар Еділ мен Жайық алқабында отырған қалың қазақтың малын тартып алып Ресейге жөнелтіп отырды. Тартып алу көбейіп ел ашыға бастады және сол жылы қуаңшылық болып малдың жем-шөбі мен азық-түлік күрт төмендеді.

Мүның салдары 1921-1922 жылғы жаппай ашаршылыққа әкелді.

Көшпелі елді зорлап көшелі елге айналдырды. Мысалы, 1928 жылдан бастап ауылдарды колхоздастыру науқанын қызу қолға алынды. Бір ауылды бір өзі асырап-бағып отырған байлардың малын тартып алып, өздерін жер аударып, қуғын-сүргінге ұшыратты. Аш халық басы ауған жаққа кетті, ал, байлар шет елге қашты.

Иелерінен тартып алған жерлерге, мысалы, Есбол ауданынан «Перодовик», «Степан Разин», «Красин», «Правда», ал, Теңіз ауданынан «Социалистік жол», «Оян», «Алға», «Комсомол жолы» колхоздары құрылды. Отызыншы жылы олардың саны 25-ке жетті. Елдер егін салуға, балық аулауға ұйымдасты.

1938 жылы 15 қаңтарда Гурьев округі ірілендіріліп, облыс болып қайта құрылды. Облыс құрамына Теңіз, Бақсай, Мақат,Жылыой, Есбол, Маңғыстау аудандары кіріп, орталығы Гурьев қаласы болды.

Осы жылдың 15-18 маусымында Гурьев облыстық бірінші партия конференциясы өтті.

Атырауда механикалық шеберхана, сосын оның негізінде механикалық зауыт салынды, тері зауыты, тері бұйымдарын пішіп, соны тігетін шеберхана, дирмен, баспахана, ағаш шеберханасы, кірпіш күйдіретін зауыт, керосин және алебастр өндіретін зауыттар жұмыс істей бастады...

Қараңызшы, қым-қиғаш тіршілік, оқиға. Жол тауып, жөн тауып жүру кез келген пенденің қолынан келе берер ме екен.

Дәл осы кезде, Ресей өкіметі жаңа саясат ұстанып, бұл аймақты «өндірістендіру керек» деп, мұнай іздеу мен қазуды, өндіруді мықтап қолға алды. Бұрын шет ел кәсіпкерлері ие болып келген (1920 жылы) «Ембі» мұнай кәсіпорындарын мемлекет меншігіне өткізді. Содан, Мәскеуден 1924 жылы «Эмбімұнай» тресі құрылды. Ол бірақ кейіннен кешікпей, яғни, 1929 жылы Доссорға, сосын Гурьевке көшірілді.Айтты-айтпады бұл қазақ да- ласында мұнай өнеркәсібінің дамуына зор ықпал етті. Айталық, Оңтүстік Ембіден талай мұнай кен орындары, атап айтқанда: «Байшонас»-1931 жылы, «Ескене»-1934 жылы, «Қосшағыл»- 1935 жылы, «Шұбарқұдық»- 1937 жылы, «Құлсары»-1939 жылы, «Сағыз»-1940 жылы ашылды.

Біздің қолымызда Қапан Оржанұлының «Еңбек кітапшасы» тұр. Қарап отырсаңыз Қапан ақсақал осы мұнай кәсіпорнының көбінде бұрғышы болыпты.Бұл бізге қазақ мұнайының дамуына әкесі Оржаннан кейін Қапанның қосан үлесінің зор екенін айғайлап-ақ айтып тұр. Иә, бүгінде айтуға ғана оңай, шын мәнінде үлес қосу оңай болды ма? Соған көз жіберіп, әңгіме қозғап көрелікші.

Айталық, «Байшонас» кенорны Қапанның алғаш бұрғышы болып, мұнай қазуға қатысқан кәсіпорны. Жылға жүгінсек, бұл 1931-ші жыл болады екен. Ал,ғалымдар пікіріне сүйенсек, «Байшонас» мұнай кенорынында, геологиялық құрылымында юра және бор кезеңдерінің шөгінділері басым. Мұнай осы шөгінді қабаттарынан шығады, алынады. Негізі мұнайлы қабаттың қалыңдығы 5-10 метр, бұл қабаттардың жалпы аумағы 5-96 га. Мұнайлы шөгінділер орташа түйірлі саздақ құмды, жер қыртысынан орын алған, бұлар негізінен 25-570 метр тереңдік аралығында шөккен. «Байшонас» мұнайының техникалық-экономикалық сипаттамасы: мұнай тығыздығы әрбір текше сантиметрде 0.8963-0.9078 г. мұнай бар, созылмалығы 247-385 сантипуаз, құрамында 0.13-0.30% парафин кездеседі. Бұл анықтамаларды беріп отырған жеті қат жер астының білгірлері, геологтар, геофизиктер, ғалымдар, инженерлер. Қанша жерден мықтанғанмен Қапандарсыз - бұрғышыларсыз ол «мықтылардың» болжамы іске аспайды, мұнай жер бетіне шыйпайды. Болмысында төртпақ келген Қапанды қара күшті қажет ететін бұрғышылық жұмыс нағыз бұлшық еті ойнаған, батыр тұлғалы етіп сомдады.

Аптап! Аспан айналып жерге түскендей. Керімсал кеуіп жатақан даланы одан сайын қақтап жатыр. Жер бетіне шыққан өсімдік атаулыдан бастап, аң-құс, адам бәрі-бәрі бір тамшы суға зар болып, көк аспаннан жаңбыр тілеп, коз жеткісіз көк аспанға телміре қарайды. Көк аспанда бір шөкім бұлт жоқ. Ал, мына бір топ адамның Құлсарыдан қара май табамыз деп, жер бұрғылап, шыңырау қазғанына айдан астам. Әлі нәтиже жоқ, қара майдың қарасы да көрінбейді. «Әкеңді... жеті қат жер астына кетіп қалған ба, қара майың?» деп, Қапан маңдайдан аққан қара терін сыпырып қойып, ұңғы өңешіне бұрғысын қайыра сұғады. Бұлардың төзімділігін тексергісі келгендей ала құйын анда-санда айналып соғып, суырылған құмға көміп кетеді. Құйын мен керілген керімсал шексіз даланың еркесі ма дерсің, емін-еркін ұйытқып, көсіп жүр. Тосқауыл болар тұлдыр жоқ, күнге күйіп кеткен.

Бұрғышылар аптап ыстықтан да, бұрғылаудан да әбден діңкеледі... үміт үзіліп бара жатып бір күні, бір кезде, бір сәтте кара май көкке атылды. Жер, жер болып тынышталғалы демін ішіне тартып, бұйығып жатқан қара май тынысын бір «Уһ!» деп алып, атылды ай келіп аспанға. Барлаушылар ештеңеге қарар емес, шомылып жатыр оған. Қайтсін, қажытпады ма әбден.

Қара майдың қасиетін тек бүгінгі мұнайшылар ғана білді ма екен?! Жок, бұрынғы, ерте-ерте ғасырлардағы қазақтар да білген, пайдаланған. Адам қол салмаған соң жата берсін бе жер астында, жер қыртысынан жол тауып, жылға-жылғадан, бұлақ көзінен, құдық түбінен жылт-жылт етіп көрініп қоятын. Ақырында оны қазақтар ептеп пайдалана бастаған. Тіптен діндар Мәтен қожа емдік дәрі ретінде пайдаланып, адамдардың қышыма ауруын, малдың қотырын жазыпты. Қазақ даласын басып өтетін әйгілі «Жібек жолының» жүргіншілері, алып-сатар саудагерлер арбаларының доңғалағын майлап, малданып қалған. Келе-келе, тіптен кешегі XIX ғасырда Мәскеу аптекаларында арнайы құтыларға құйып, қара майды ем ретінде сататын болған.

«Құлсары» кенінің майы сапасы жағынан «Доссордікінен» кем болмай шықты. Мұнай мұнда үш қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған екен. Тұзды тау жыныстың арасы толған қара май көрінеді геологтардың айтуынша. Сол кезде олар бұл талай-талай жылдарға жарайды деп тұжырым жасаған болатын. Олары шын болды, «Құлсарының» қара майын әлі сорып тауса алмай жатыр мұнайшылар. Ал, оны тапқан, алғаш ашкан, сол бригадада белді бұрғышы болған Қапандар еді.

Бұдан кейін, «Ескене», «Қосшағыл», «Мұнайлы», «Алтынкөл»... мұнай кенінде бұрғышы болды. Олардың ішінен «Құлсары», «Байшанос», «Нарманқұдық», «Төлестен» әлі күнге атылған мұнай толастар емес. Ел экономикасын көтеруге үлес қосып келе жатқан кәсіпорындар бұл.

«Өмір-өзен». Ол өз ағысымен ілгері аға береді.

Ілесу-ілеспеу өз еркінде...

Қазақстанда сауатсыздықпен күрес басталып, жер-жерден мектептер мен училище, техникумдар ұйымдастырыла бастады. Тұңғыш 1930-шы жылы Гурьевтен Мұнай техникумы ашылды. 1932 жылы Гурьев-Ембі-Орскі 720 километрге созылатын мұнай құ-быры басталды. Екі жылдан кейін Гурьев-Доссор-Қосшағыл су құбырының бастапқы құрылысы аяқталды. 1934жылы«Ембімұнай» тресінен механикалық завод, келесі жылы «Мұнайқұбыр» конторы құрылды. Және Ақтөбе мен Гурьевтің арасын қосқан телефон желісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл сол уақыттың көрінісі, өмір келбеті еді. Осындай жаңа жаңалықтар мен жаңа қоғамдық құрылыс ортасында қазақ елі өзгеріп, осіп, қалыптасып жатты.

Жаңа қоғамның жетістігімен бірге жетілмеген, иіспеген тұстары көп еді. Мұның алдында ғана (1920ж) Кеңес өкіметі колхоздастыру жасаймыз деп, қазақтың күн көріп отырған малын жинап алып, ақырында аштыққа үшыратты. Қазақстан бойынша 2 миллион адам қырылып қалды. Әсіресе, бл аштық Солтүстік, Орталық, Батыс Қазақстан өлкелерінде ерекше болды. Егін егіп, қысқа қор жинап үйренбеген, тек мал үстінен жан сақтап отырған қыр қазақтары баудай қырылып қалды десе де болады. Оңтүстік ауданның халқы көрші жатқан, жер емген өзбек ағайындарды жағалап аман қалды.

Қазақ айтады: «Аузы күйген үріп ішеді» деп. Сол ашаршылықтың салған жарасы көңілде ұрған Қапан қыс қамын жаздан ойлайтын. Ақшатау, Ойыл жаққа барып тары, бидай сатып әкелетін. Биыл жазда (1935ж) әкесі Оржан қайтыс болды да ұзақ уақыт шыға алмай қалды. Соның орнын енді толтырып, жыл аяғы желтоқсанда Ойыл жәрмеңкесіне кетті.

Жоқшылық, бірін-бірі аңдыған кез. Қапан жаз бой кәсіпшілктен жиған ақшасын алып, ешкімге дабыра қылмай алакөбеңде шанаға қызыл нарын жегіп желіп кеткенді. Алда үш жүз шақырымдай жер. Бұлай жалғыз-жарым жолға шығу өте қауіпті. Бірақ әкесінен келген тәуекелшілік тағы да жан-жағына қаратпай, ойландырмай алып шықты. Ойлануға да уақыт, мүмкіндік жоқ еді. Төрт бала, бәрі әлі жас. Қашанғы оларды шұбатпен, сүтпен қоректендіре бересің. Арасында тары бөктіріп, бидай қуырып бермесең бола ма? Қысқасы, қыс ортасында шығуының сыры-қызыл қарын балаларының қамы еді.

Содан Ойылға, жолда жата-жастана алты күн дегенде жетті. Базар аралап жүрсе ту сыртынан «Қапан!» дегенді естіді. Қараса Доссордағы көршісі Сәрсенбай екен. Екеуі бейне бір жат елде кездескендей қүшақтарын жая, қауқылдаса амандасты. Сарсен- бай осы жақтан жұмыс тауып, тұрып жатқанына біраз болыпты. Үйіне апарып, ас-су беріп, екі-үш күннен кейін шығарып салды. Шығарып тұрып ол: «Қапан, қыстың күні қырауда келдің, жол ұзақ, құдайың жар болсын. Көп естиміз, кешелі бері сені қорқытпайын деп айтпадым, таяуда менің бір жақын ағайынымды ай далада ұрып, үйіне апара жатқан астығын тартып әкетіпті. Әйтеуір өзінің аман қалғанына қуанды. Елге аман-есен жеткейсің»- деп, шанасына түйесі жолда жейтін шөбі мен 30 пұттық тары мен бидайын оның астына салып, өзін тұлыпқа орап жайғастырып отырғызып шығарып салды. Екеуі бір-біріне риза көңілде қоштасты.

Қызыл нар анда-санда аузынан көбігі бұрқырап, бақырып қойып тартып келеді. Айнала аппақ жазық дала, көз тірелер ештеңе жоқ. Тек өзінен бұрын жүріп өткен шана мен түйенің ізі мұны алға жетелеп келеді. Тағыда сол жол-жөнекей бұрын тоқтап жүрген ауылдарға, жатақтарға тоқтап, түйесін оттықтырып, жүріп отырды. Доссорға жақындағанда көршісі Сәрсенбайдың сөзі ойына түсті. «Қапеке, ауылға жақындағанда үлкен көпірден өтпеңіз, онда да милициялар тұрады, тарыңызды «қайдан, қалай алдың?» деп, мазаңызды алады. Тәуекел деп, баяғы май мен су трубасының үстінен өтетін ескі жаяу-жалпыға арналған шайтан көпір бар емс пе, сол арқылы өтіңіз...» деген, жанашырлық танытып. Шайтан көпір десе шайтан көпір еді, екі адам қатар жүрсе сықырлап, шайқатылып кетеді. Амал қанша, жер түбінен азаппен әкеле жатқан тары мен бидайын милицияға берсе, балаларына қыс бойы не бермек. Күн жарықта тәуекелге салып шайтанкөпірге жетуді ойлады да қызыл нарға күш салды. Аузынан көбігі бұрқырап, бақырып қояды. Көпірге жеткен соң қызыл нардың өзін шанасымен жіберді. «Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де шығарсың!». «Әй, қазекем біледі ғой, біледі!» деп, аман-сау өткеніне қуанып, қызыл нарына риза болып.

Сөйтіп, Қапан жарты ай дегенде қап толған тарысы мен бидайды бала шағасының ортасына қойды. Зияданың қуанышында шек жоқ, бір жағынан күйеуі аман-есен от басына оралса, екінші жағынан, күн көріске нәр болатын үйге тоқмейілсіндіретіндей астық келді. Балаларының биылғы қыстан тоқ шығатынына мәз.

Дәл осы оқиға алты жастан асқан Табынның да есінде қалыпты.

«...Әкемнің қайда, неге кеткенін түсінбеймін, әлі баламын гой? Мүмкін менен үлкен Әбуғали мен Жамал түсініп тұрған шыгар. Тек есімде қалғаны үстінде үлкен тұлыбы, басында тымағы, аяғында киіз байпағы бар алып біреу үйге кіріп келгенде қорқып, шошынып қалдым. Үсті басы қырау-қырау, аппақ. Шешіне бастағанда барып әкем екенін таныдым. Бәріміз, балалары әкемді жапырлап құшақтап жатырмыз. Анам Зыяда жымиып бізге қарап тұр. Бқл кезде інім Сәлімгерей туылмаған, ол төрт эюылдан кейін (1936ж.) дүниеге келді.»

Осылай Қапан Оржанұлының от басы біреуден кейін, біреуден ілгері жүріп жатты. Бұл кезде Қапандар «Ескенені»-1934 жылы, «Қосшағылды»-1935, «Алтыкөлді»-1936 жылы бұрғылап, мұнай өндіруге дайындап, енді «Шұбарқұдық» пен «Құлсарыны» бұрғылауға әзірленіп жатқан-ды. От басының шаруасын ыңғайлаған Қапан мұнай іздейтін бұрғылау жұмыстарына барынша, бар ынтасымен кірісті.

Осы от басын жақсы білетін, талай жылдар құдайы көрші болған, сексеннің үшеуіне келсе де жүрісі ширақ, санасы сергек Тұрақбаев Қойлыбай қарт былайша әңгіме айтты:

(Тұрақбаев Қойлыбай - Омскінің Автомобиль-жолдары иститутын бітірген. Доссор машина жөндеу зауытында мастер, цех бастығы, бас инженері, Ақтауда «Қазақстанмұнай» бірлестігіне қарасты транспорт саласының жұмыстарын ұйымдастырушылардың бірі болды.)

- «Қапан аға менің әкемнен үш жас үлкендігі болды. Осы үш жасын базыналап Қапекең: « сен баласың ғой әлі...» деп, қалжың айтып отыратын. Табынның ағасы Әбуғалиды, апасы Жамалды, інісі Сәлімгерейді... жақсы білемін. Жамал менімен құрдас еді. Қапекен ер балаларын, үшеуін де оқытшы. Ол кезде қайбір мол дүние, қаражат бар дейсің, шырағым. Жоқтан бар жасап жатамыз ғой, әйтеуір. Соган қарамастан Қапекең балаларын оқытты. Әкелеріне ұқсап Әбуғали мен Табын мұнайшы болды.

Мен соғыс басталып машина жөндеу зауытына жұмысқа шығып кеттім. Жеңіс келді, елдің есі жиылды. Бір күні әкем елдін баласының бәрі оқып жатыр, шамаң келсе оқы, мен қолымнан келгенді аямаймын деді. Әкем айтулы шофер болатын, өзім де машинаны жақсы көрдім, Омскіге барып институтқа түстім.

Табынның анасы Зияда апай мен менің анам бір рудан, шеркеннің ішіндегі шумағы. Қазақи жолмен әкелеріміз бажа, біздер Табынмен бөле боламыз. Қазақта «төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату» деген сөздің шындығын осы кісілер дәлелдеген адамдар. Қалжыңдары әдемі, бірінің сөзін бірі жерге тастамайтын, адам қызығарлық сыйластық болды олардың арасында.

Ең бастысы құдай қосқан көрші болдық. Доссорда бір көшеде тұрдық, үйіміздің арасында үй болған жоқ. Балам, қолыңа қалам ұстап жүрген адамсың ғой, сен түсінесің бе: «құдай қосқан көрші», «көрші ақысы-құдай қақысы» -деген сөздердің мағынасын. Бұл өте ауыр, және маңызды сөз. Басқаны, туғаныңды, жолдасыңды ренжітсең де көрішні ренжітуге болмайды. Себебі, көрші болуды сен таңдаайсың, құдай қосады. Білмеймін сол, қаншалықты шындығын, бірақ мынадай сөз бар. О дүниеге барғанда, жауап алғанда, көршіңнен сұрайтын көрінеді: «көршің қандай адам?» деп, ол «жақсы» десе жұмаққа, жаман десе тозаққа кететін көрінесің. Жаңағы, «көрші қақысы-құдай қақысы» деген осыдан шықса керек. Біз Қапан ағалармен соғыстан кейін де жеті жылдай көрші болып тұрдық.

Міне, мен Қапекеңнен осы текше әңгімені көп естідім. Өзі бесуақыт намаз оқудан жаңылған емес, алласы аузында, тәубәсі өзінде бар адам еді. Жаңа айттым ғой, менің әкеммен қатарлас болды деп, олардың оқыған кітабы жоқ, сауатсыз болған ғой, бірақ, олар өмірдің өзінен оқыған адамдар. Өткен өмірлерінен мәні, мағынасы бар әңгіме айтып отырғанды ұнататын.

Ағамыз Қапан байсалды, ойланбай сөз сөйлемейтін, жүріс тұрысы да соған сай адам еді. Аламыз Зияда да келісті, ақылды, екеуін құдай тауып қосқан дел айтуға болатын. Олардан туған Табынды інімдей көремін, менен шамалы ғана кіші, «шал» дел айтуға ауызым бармайды, себебі, әлі тың. Болмысында таза, ешкімге ауыр сөзі жоқ, сүйкімді адам...

Бірде, сол алпысыншы жылдардыц басы, іссапармен Ақтауға келдім, Табынның үйіне түстім. Ол кезде Табын Ақтауда «Қазақстанмұнай» бірлестігінде техникалық бөлім бастығы болатын. Жұмыстарымды бітіріл ертеңінде Гурьвке қайтайын дел жатыр едім, Табын сізді шақырыл жатыр, жолығып кетсін деді. Бардым. Бірден ол кісі Маңғыстауға жұмысқа шақырды, үй береміз, жалақың жақсы болады деді. Жастықтың арқасы ғой, ойланбастан ауылға-Гурьевке келдім де Ақтауға көшіп кеттім. Міне, тұз дәм бұйырған деген осы балам, содан бері біз маңғыстаулық болып кеттік.

Менің де, Табынның да от басының маңғыстаулық болуымызға себелкер болған «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің ұйымдасуы еді...»

* *

Дүниені дүр сілкіндірген 1941 жылы ¥лы Отан соғысы басталды...



Кавказ мұнайының басым көпшілігі жау қолында қалды.

Одақ бойынша мұнай өнімінің жетіспеушілігі туды. Барша өнеркәсіп, көлік атаулының «наны» - мұнайдың тапшылығын жою ауыртпалығы тағы да Қазақстан мұнайшыларына түсті. Ембі мұнайшылары соғыс жылдарында төрт жаңа алаң: «Байшонас», «Комсомол», «Қошқар», «Тентексор» кен орындарын пайдалануға берді. Елімізде тұңғыш рет «Байшонас» кәсіпшілігінде екі немесе одан да көп горизонттарды біріктіріп игеру, қосымша атқылау және мұнайды жеделдете алу әдістерін қолданды.

Соғыстың қайнап тұрған тұсы.Өңдейтін зауыттың жоқтығынан өндірілген мұнайды ұзаққа тасымалдап, шығын бес-алты есеге көбейді. Оның үстіне уақыттан да ұтыла бастады. Осындай мәселелер мұнай өңдейтін зауыттың қажет екенін Үкімет алдына көлденең тартты. Бұл хақында Қорғаныс Комитетіне мәселе етіп қойғанда, бірден шешімін тапты.

Соғыс жылдарында «Ембімұнай» тресіне қарайтын барлық мұнай кәсіпшілігі Қорғаныс Комитетінің қаулысымен 12 сағаттық жұмыс күніне көшті. Мұны мұнайдың басы-қасында жүрген барлаушы, бұрғышыдан бастап, геофизик, инженер ... бәрі-бәрі түсінді, терең сезінді. Әркім өз жұмысына бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарады. Жоспардың орындалмай қалған кезі болмады.

Мол өнім алу үшін мұнайшылар жаңа әдістерді батыл да, шұғыл кіргізді. 1943 жылы «Мақат» кәсіпшілігінде Одақта тұңғыш рет кен қабаттарына су айдау тәжірибесі іске асырылды. Бұл оң нәтиже бергеннен кейін бұрын тоқтап қалған 20-дан астам ұңғыларда осы әдісті қолдану арқылы май шығарды. Көп кешікпей бұл әдіс «Доссор», «Байшонас» кәсіпшілігінде қолданылды. Бұл мұнайды бұрынғыдан көп өндіруге септігін тигізді. Қысқасы, соғыс жылдарында Ембі мұнай өндірісі жеңісті жақындатуға зор үлес қосты, бұл кезде мұнай өнімі екі есеге артты.

Осылайша бар қазақ аштықтан, одан кейін отыз жетінің «ойранынан» құтылдық па дегенде соғысқа келіп килікті. Қанша жерден «көппен көрген ұлы той» деп, өзіңді өзің жұбатқанмен соғыстың аты соғыс. Бір күнде- ақ елдің еңсесі түсіп, қайғыға оранды. Ер-азаматтар топ-тобымен майданға аттанып жатты. Ел іші дүрбелең, дүрмекке айналды. Кавқаздан ата қоныстарынан ешкім ештеңе айтпай, түсіндірмей бір сағаттың ішінде қопара көшіріп, жер аударылғандар жүк тиейтін вагондармен Мақат, Атырау арқылы Ақтөбе, Қызылордаға, одан да әріге кетіп жатты. Вокзал жаққа барсаң жаның түршігеді, улаған-шулаған бала мен әйел.Соғысқа аттанған ел азаматтары, жылаған-сықтаған тағы да әйел мен бала.

Бір күні Қапанға мұнайды вокзалға жеткізу бұйырылды. Келсе ығы-жығы халық, бір-бір түйіншегі мен қапшығын арқалаған шешендер мен ұңғыштар, қарашайлар...қысқасы, тағдырдың тәлкегіне түсіп Қапқаздан жер аударылып, қонарын сай, ұшарын жел біліп кетіп бара жатқан халық.

Майын өткізіп, арбасын бір шетке қойып, арлы-берлі ағылған халыққа қарап, демін алып тұрды. Бір кезде аңғал-саңғал вагон ішінен елуден асқан еңгезердей ер адам Қапанға қадала қарап тұр. Қапан бір қарады да, жанарын басқа жаққа аудырды. Қайта қарады. Ойланды. Неге қарайды маған осыншама? Жанарында айталмай тұрған бір сыр тұнып тұр. Қапан жақын келді. Сол-ақ екен, шешен еркек жан-жағына жалт-жалт қарап, ақырын ғана:

- «Құрдас, бізді бірдеңе етіп алып қалшы,- деді. Бар айтқаны алты ауыз сөз, бірақ тұнып тұрған жалыныш пен жалбарыну. Қапанның жүрегі дір ете түсті. Бірден алып қалудың амалын ойлана бастады. Не істеу керек? Тапты. «Әкесінің... қайда қалмай жатқан бір тоқты!» деді де, қайдан тапқанын бір өзі біледі, аздан соң бір тоқтыны сүйретіп алып келді. Жер аударылғандарды алып бара жатқан командирді іздеді. Тапты. Өмірінде ешкімге жалынып көрмеген қылықпен, әлгі офицерге өлердегі сөзін айтып, жалынып, жалбарынды: «тамырым еді... аштық жылдарында бізді аман алып қалып еді...қалдырып кетші, айналайын...мынау саған сыйым...» деп, ешкімге зияны жоқ өтірікті бұрқыратты. Ақыры әлгі шешенді не керек әйелі, екі баласымен пойыздан түсіріп алды да, алты шақырымдағы мұнайшылар жатағына, арбамен тартты. «Қонақтарын» үйіне алып келді. Зиядаға бар болған жағдайды айтты. Ол түсінді. Содан оларды жуындырып-шайын- дырып, қондырды. Өздері тақыл-тұқыл отырған жандар емес пе, барымен базар болып, тапқандарымен ас-су ішті. Олардың да түйіншектерінде бірдеме-бірдемелері бар екен оны ортаға салды. Ертеңіне Қапан Хасанды өзімен бірге кәсіпшілікке апарып, жұмысқа кіргізді. Баспана да табылып, бос тұрған бір жатаққа орналастырды. Олар, Хасанның от басы, Қапанның «құрдасы» осылай соғыс біткенше бір үйдің адамдарындай, бүтін нан болса бөліп жеп, жарты нан болса жарып жеді.

Зарықтырған, елді әбден күйзелтіп, шаршатқан Жеңіс те жетті-ау! Содан біраз жылдардан кейін яғни, 1956 жылғы «Хрущевтің жылымығынан» соң босқындарға елдеріне оралуға рұқсат берген бойда, Хасандар еліне, туған жерге қайтпақ болып жиналды. Екеуінің балалары да бір біріне бауыр басып қалыпты, не керек қоштасу деген қиын болды. Хасан басы жерге жеткенше иіліп тұрып: «Бауырларым, Қапан мен Зияда, бар жақсылықтарың алладан қайтсын! Басқа ештеңе айта алмаймын...» деп, көзі жасқа толып, өңешіне өксік кептелді... қоштасты. Қапан баяғыда өзі пойыздан түсіріп алған вокзалына апарып, еліне қарай отырғызып жіберді.

Осы түста бұл әңгімеге қайтып оралмас үшін, алға озып, жиырма жылдан кейінгі әңгімені айта кетейін. Содан сол, Хасан ер жеткен екі баласын қасына алып, жиырма жылдан кейін, 1966 жылы арнайы Оржанов Қапан мен Зияданы іздеп, әуелі Атырауға, ол жерден таппаған соң туыстарынан адресін алып Ақтауғы келмесі бар ма?! Олар бір-бірімен құшақ жая қауышты. Бәрінде де ес жоқ, көздерінде жас, сөздері «сағындық» дегеннен тұрады. Қиындықта бір-біріне қол ұшын беріп, өмір нәрін үзбей, аман қалу-Адамдықтың шыңы болар! Міне, Қапан мен Зияда сол шыңның басында тұрып еді сол кезде.

* * *


Батыстағы мұнай өндіретін кәсіпорындар жау қолында қалып бар күш Қазақстанға түскен кезде жұмысшы қолы жетпей, көп азаматты соғыстан қалдырып, мұнайға салды. Бұрыннан істеп келе жаткан Қапандарды да сол бронмен қалдырды. Өйткені мұнайды он есеге арттыру мәселесі тұрды.

Қапан ұлы Әбуғалидың жасы келіп тұрғанмен мүгедектігінен соғысқа бара алмады. Жеңіске деген өз үлесін тылдағы еңбек арқылы қосты. Гурьевтің Мұнай техникумын бітіріп, «Сағыз», «Қошқар», «Қаратон» кәсіпшілігінде бас есепшінің орынбасары болып қызмет атқарды. Қапанның басқа балалары әлі жас болатын.

Ал, соғыс жылдарында Қапан 1942 жылы «Нармонданақтан» мұнай ұңғысын бұрғылауға қатысты.Ол сонымен бірге «Қожағали», «Жолдыбай», «Жұмабай» мұнай кәсіпшілігінде бұрғышылыкты атқарды.

Қысқартып айтқанда, мұнай өндірісінің жағдайы осылай еді. Ал, тылдағы елдің жағдайы өте ауыр болды. Майданды азық-түлікпен, жылы киіммен, тамақпен қамтамасыз етіп отырған, өздері ашқұрсақ болып жүрсе де майданды толық қамтамасыз етті.

«Мың рет құлау ұят емес, бір рет тұра алмай қалу ұят!». Соғыстың ауыртпалығы, соғыс әкелген тауқымет кімді аяп, кімнің басынан «сипады» дейсіз. «Мың өліп, мың тірілген» кез болды емес пе? Қапан мен Зияда да құлады, бірақ тура алмай калған кездері болған жоқ. Бір-біріне сүйеу болды, тірек болды, құлаған жерден тұра білді. Сондықтан да олар ешкімнің алдында ұятты емес, қарыздар да емес. Кім-кімге де жүздері жарқын, арлары таза. Қапан 12 сағаттан жұмыс істесе, Зияда үйдегі азын-аулақ малдарына, түйелеріне қарап, от басын шұбатсыз қалдырмады. Майдандағы жауынгерлерге шұлық тоқыды, киім тікті. Балалары жас, соларға бас-көз болды.

¥лы Отан соғысының қайнап жатқан кезі болатын. Бірде Қапан қатты ауырып, үйде біраз жатып қалды. Адам темір емес қой, оның қара жұмысқа араласқанына қай заман. Әуелі барлаушыларга ілесіп жапан түзді тескілеп, мұнай іздеп, бұрғышы болды. Сосын, арбамен май тасыды. Оның да азабы аз емес еді. Алты сағат жүріп майды өткізіп, бес сағат жүріп жатаққа оралатын. Күн сайын осылай кайталанады. Даланың ойқыш-ұйқыш қара жолы. Арбаның солқылы ішек-қарыныңды араластырып жіберердей. Соғыс басталғалы мұнайшылар он екі сағаттық жұмысқа көшкен. Бәрі қосылып зорықтырып жіберді ме кім білсін, белінен шойырылып тұра алмай, жатып қалды. Үйге кіретін жалғыз табыс көзі тоқтады. Не істеу керек? Зияда тығырықтан шығар жолды былайша тапқан еді.

Сандық түбінде жатқан, былтыр Қапанға еңбек ақы орнына берген шыт матаны шығарып, түрлі киім тіге бастады. Тапжылмай он күн отырды. Бір күні Қапан:

-Зияда, бұның бәрін не істейсің? Балалардың бір киері бар емес пе?

-Қапан, сен рұқсат етсең мен Ойыл жәмеңкесіне барып мына тіккен киімдерімді сатып, тары алып келсем деймін. Тары болса қыста таршылық көрмейміз, балалар да тоқ болады. Көрші Аманжолдың әйелі, тағы да жатақтың біраз адамдары бір арба болып кетіп барады екен. Сен балаларға бас-көз болсаң... Ертең сен жұмысқа шыққан соң мен оларға ілесе алмаймын, мына тіккен заттарым босқа қалып қоймақ.., - деді. Айтуын айтқанмен «Не айтар екен, құптар ма, жоқ әлде реніш білдіре ме?» дегендей имене еріне қарап тұрды. Қапан үшін бұл тосын жағдай болғанмен Зияданың әрекетіне риза болып:

-Барсаң бар, бала-шағаның қамы үшін ғой бәрі де. «Молодець, молодець!»-деп, Қапан қасындағы бұрғышы орыстардан үйренген бір ауыз орысшасын қосып, әйелінің арқасынан қағып.

Қапан тосыннан ауырып, тұра алмай қалғанда шынымен-ақ қобалжығанды. «Ауырып жатып қалсам қайтемін?» Үйдегі табыс тауып отырған бір өзі. Осыны дәл түсінгендей Зияда дөп басып тұр. Әрекетіне шынымен-ақ риза болды. Айтты-айтпады, тары деген де бір тоқ тамақ қой. Оны әкеліп алса қыстан қиналмай шығады және түйелері, шұбаты бар...

Қызыл нарды арбаға жегіп, жол-жөнекей жейтін тамақтарын алып, жатақтан Зиядалар бес адам болып бозала таңнан Ойылға аттанды.

Мидай дала, тоқылдаған жол, зулаған жел...

Алты күн дегенде әбден жолсоқты болып Ойылға да жетті-ау!

Бұл жәрмеңке - Батые Қазақстан өңіріне барынша белгілі үлкен жәрмеңке. Ол жылына екі рет көктемде және күзде өтеді. Оған Орынбор, Сарытау, Самараның көпестері, тіптен Мәскеудің де саудагерлері келіп, сауда-саттық жасайды. Сол аймақтағы, қазақ пен орыс жеріндегі үлкендігі мен тауар айналысы жағынан ірі 13 жәрменкенің ішінен Ойыл тоғызыншы орында тұрады. Осыдан-ақ, Зиядалардың қандай жәрмеңкеге келіп тұрғанын ұғуға болар-ау.

Ол тігіп әкелген киімдерін түгел сатты. Арзанға сатты, тез өтті. Қанағат. Соның өзінде біраз ақша жинап алды. Енді керегін іздеуге шықты. Керегі бір-ақ нәрсе-балаларына азық болатын тары мен бидай. «Ораза намаз тоқтықта».Қиын кезде, елдің алды ашығып жатқан тұста тамақтан басқа не іздеуге болады. Тапқан ақшасы отыз пұттай тары мен бидайға, балаларына азын-аулақ базарлық алуға ғана жетті. Бір күні жәрмеңкені аралап келе жатып, алдынан көздің жауын алатын маталар мен жібектер шықты. ¥стап көрді, бәрі де керім. Қызықты. Сосын: «Соғыс бітсін, бейбітшілік келсін, Қапан аман болса әлі жібегіңді де, бастоныңды да киемін!» деп, іштей қызыққан көңілін басып қойды...

Үш-төрт күн базар базарлап ауылға қайтты. Арбаға отырысымен үш әйел базардан балаларына алған базарлықтарын бір-біріне көрсетіп мәз. Үшеуінің де көңілдері көкте. Көңілдерін көтеріп отырған әр қайсысы алған қап тары мен бидай! Тіршілік, сен неге осынша қымбатсың?!

«Әр заманның, әр уақыттың өз бақыты, қуанышы болады екен-ау! Менің әкелерім түйе ұстап, балық аулап бақытты болса, біздің бақытымыз тары мен бидайға байланып тұр. Менің балдарым бақытын қайдан, қалай табар екен, келер заман не сыйлар екен оларға? Соғыс бітіп, жоқтық пен тапшылықтан құтылсак екен...». Зияда ой құшағында отырып қалғып кетті. Тоңқылдақ жол ұйқтатар да емес, өзіңді өзің қинау әншейін, қайтесің басқа амал жоқ. Жол әлі қашық. Бір аяқтан айрылып кеше ғана соғыстан келіп, кіреші болып алған Жұмағали да арба айдаудан қалжырады ау деймін:

- Әй, қатындар, қалғып-мүлгіп отыра бересіңдер ме? Бағана көңілдерің көтеріңкі еді, тез басылып қалдыңдар ғой, тіптен. Жол қысқарсын, әңгіме айтыңдар, әңгіме айтпасаңдар ән айтыңдар!- деді, түйенің бұйдасын сілкілеп-сілкілеп, дауысын көтеріңкіреп, ыржиған бойда артына бұрылып.

-Қалған әңгімені ертең айтамыз, ән айтайықшы одан да,- деді, орталарындағы жасы Зияда. «Сен баста, сен баста» деп, біраз отырды да ақырында Зияданың өзі әнді бастап кеп жіберді. Біраздан кейін оған қалған екі әйел қосылды.

Неге отырмыз өлеңді дүрілдетпей, Дүрілдетіп қалайык дүние өтпей. Оралыңның барында ойна да күл, Сырына заманның тұр көзім жетпей.

Дүние өте шығар ойнақтаған, Алды-артты, барды-жоқты ойлатпаған. Азырақ білгенімше ән салайын, Өлеңді қайда айтамыз тойда айтпаған.

Дүниеден жалқау да өтер, пысық та өтер, Қу жанды қуырдақ қып кысып бекер. Сырласып жұбын жазбай аққу да өтер, Аңдысып арсыз ит пен мысық та өтер.

Қоңыраулатқан көп атты күймеменен, Жүйткіп өтіп барады дүние деген. Жете алмайсың дүниеге, демінді ал, Омырауыңды ағыт та түймелеген...

Кіреші Жұмағали қосылайын деп әрі-бері дауысын икемдеп көріп еді болмады. Әйелдердің дауысынан біресе озып, біресе қалып қалды. Үш әйел бір әннен кейін бір әнді шырқады-ай, келіп! Көпке дейін тоқтамады. Маң дала, керіліп жатқан кең дала арба үстіндегі үш әйелдің сазды әніне ұйып, мүлгіп кеткендей.

Дүние тоғыз жолдың торабы екен, Келген мен кеткен орны толады екен. Сыйлассаң сіз, біз десіп тіршілікте, Қызығы бұл жалғанның сол-ақ екен.

Жас дәурен мені қайда бастамадың, Кей уақыт ерік бермей баспаладың. Отырмын қартайған соң нардай шөгіп, Басымнан өткеннен соң жастық шағым.

Айт дегенде өлеңді аярым жоқ, Желісім бар азырақ, аяңым жоқ. Оралыңның барында ойна да күл, Өтіп дүние барады баяны жоқ.

Әйелдер де ән айтуды сағынып қалыпты. Жүздері алаулап, көңілдің көк кептері аспанды шарлап кеткен. Сол көңілдің күмбір күйін қоштағандай бастарындағы ақ жаулықтары самал желмен жалауша желбірейді. Бұл даланың мұндай әнді естімегеніне қанша жыл. Майдан жүріп жатқанда әнді кім айтар дейсің. Адамдардың жүзі сынық, көңілі төмен кезі емес пе. Қайтсін, әрбір от басынан кем дегенде бір адам майданға кеткен, алдынан «қара қағаз» келіп те жатыр...

Қалай дегенмен де, ән арбадағылардың шаршағанын басып, көңілдерін бір көтеріп тастады. Қызыл нарға да ән сазы әсер етті ме, кім білсін, әйтеуір ауылға қарай тайраңдай басып, аңқылдап келеді.

Қоңыр күз келіп, қоңырқай тартқан далада да бір мұң бар...

Осылай олар алты күн жүріп, бала-шағасымен қауышып, от басына оралды.

Келесі, 1942 жылы Қапан мен Зияданың тұңғышы Әбуғали үйленетін болды. Тағы да базар базарлауға тура келді. Қапан:

- Зияда не істейміз? Жәрмеңкеге қайсымыз барамыз. Қисыны сенің барғаның дұрыс шығар. Мені жұмыстан жіберер дейсің бе. Айлықты да алып қойдық... не істесек екен? - деп, ойы он саққа жүгіртіп тұрғанда Зияда:

-Мал сатпасақболмайтын шығар. «Балалар үшін» деп, бағып отырған жоқпыз ба, оларды?

- Мұның да дұрыс шығар. Онда тайлақты сатып, соны жаратайық; -деді Қапан.

Екеуі ақыры тайлақты сатуға келісті. Ойылға кірешілер шықпай Ақшатауға баратын болды. Күздің басы, күн әлі жылы. Зиядалар бұл жолы бес адам болып шықты. «Жолымды болдыра көр!» деп, жаратушыға жалбарынып, тайлағын арбаға қосақтап күн шықпай жүріп кетті.

Тағы да сол мидай дала, тоқылдаған жол, зулаған жел.

Бұл жолы олар базарды екі күн ғана аралап, жедел қайтты. Тайлақты барған күні-ақ сатып жіберді. Тойға жаратар азын-аулақ зат, қалғанына Зияда он алты пұт бидай мен тары алды. Ойдағысы орындалып ауылға қайтып келеді. Бірақ іштей бір күпті етер ойы бар. Соғыстың қайнап жатқан кезі, бар азық-түлкті майданға жолдап ел іші таршылық көріп жатқан кез. Артық астық алып жүруге болмайды. Жолда милициялар тексерсе тартып алып, мемлекет қамбасына құйып жібереді. «Жаратушы өзің жар бола көр!». Сезгендей-ақ Доссорға жақындай бергенде милициялар тоқтатпасы бар ма! «Тайлағымды сатып алдым!» дегенге сенбей, оны дәлелдейтін қағаз сұрап, біраз әуреледі. Ақыры, он алты пұт астық «ортақ қазанға» құйылып кете барды, Зияда: «...Балам үйленетін еді, тайлағымды сатып соның ақшасына алдым...» деп, қанша жерден жалынып, жалбарынғанымен «шаш ал десе, бас алатын» милициялар оның зарын «естімеді».

Бір әжетке жарайды-ау деп, бағып-қағып отырған тайлақ осылай бостан-босқа зая кетті. Зияда қатты жабырқағаннан: «Қазмұқаш болса ғой, бидай мен тарымды алып берер еді, амал қанша...» деп, ызадан көзіне жас алып, ағасын жоқтады. Жоқтайтын жөні бар, колхоздастыру кезінде інісі Нияздың күн көріп отырған бір-екі малый алып қояды ғой. Қазмұқаш ауылдық Кеңестің бастығына тілдей хат жазып, малын қайтартқызады. Ол кезде Қазмұқаш Ақтөбеде заң орнында үлкен қызметте болды. Сол жан ағасы халық қамын ойлағаны үшін «халық жауы» атанып, басы дауда, өзі түрмеде отыр.

Зияда бір ата мен анадан (Ыбыраштан) екі қыз, үш ұл. Айтып отырған Қазмұқаш үлкендері болатын. Ол сол кездің оқыған, сауаты бар, көзі ашық аз азаматының бірі еді. Гурьевте мектепте мұғалім, Оқу бөлімінде қазақ мұғалімдер курсының бастығы, Уездік атқару комитетінің жауапты хатшысы, Гурьев қалалық милиция бөлімінің бастығы, Балық өнеркәсібі техникумында оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Қазақ жастарын оқу, білімге шақырып ықыласты еңбек етіп жатқанда, яғни, 1937 жылы «Алашорда» ұйымында болған деген жаламен «үштік» ату жазасына кесіп, бірақ кейіннен оны он жыл мерзімдік еңбекпен түзету жазасына ауыстырды. Түрменің ішінде ауруға шалдығып, ақырында, Қазмұқаш Ыбырашев 1946 жылы 3 желтоқсанда өкпе ауруынан қайтыс болды.

Қараңызшы, шындықта да кемшілік бар екен, кемшілігі сол-кешігіп келгендігі емес пе?! Амал қанша, келмей кеткеннен кеш те болса келгені жақсы ғой, әсіресе, артында қалған ұрпағы үшін қажет. ¥рпақтары Жоғарғы Үкімет ұйымдарына жазып жүріп 1956 жылы ақтығын, кінәсіздігін дәлелдеп, ақтап алды. Рас, Қазмұқаштың ешкімнің алдында күнәсі де, кінәсі де болмаған. Ол ел мен жұрт алдында адал қызмет етті. Өзі сол кездің оқыған, білімді азаматының бірі болды, кейінгі жастарды оқу мен білімге, мамандық алуға шақырды, соған қызымет етті.

Абай айтқандай: «Қазақтың жауы қазақ» деп, Қазмұқаштың да жауы алыстан келген жоқ, оны көрсеткен, ұстап түрмеге жапқызған өз ортасы. Олар, жоқ -ол! «Ол» деп тұспалдап отырған адамды, Қазмұқашты көрсеткен адамды ел сол кезде-ақ білді, қазір де біледі. «Мынау соның тұқымы ғой...» деп, көне көз қарттар әңгіме етіп, көз түрткі жасап отырады. Ғұмырлыққа өз ұрпағын қаралап кету деген қандай сұмдық, сондайдан сақтасын жаратушы бізді. Ал, Қазмұқаштың бала-шағасы, туыстары ешкімнің алдында ұялмайды, қайта оның елім-жұртым деген іс-әрекетін мақтан тұтып, үлгі етеді.

Ақыры Әбуғалидың үйлену тойы қаражатқа байланысты кештеу болса да өтті. Қапанның шаңырағына алғашқы келін Санжан түсті. Сіз бен біздің көз алдымызға «той» дегенге бүгінгі лимузиндеткен той түсіп отырмағаны анық. Дастарханға құрт пен майды, бауырсақты шашып, қой сойып, келіннің ата-анасы мен ет-жақын аз ғана туған-туыстың басын қосып, беташар жасағанды көз алдымызға елестеткеніміз шындыққа жанасатын шығар. Осылай, Оржанның қара шаңырағынан, Қапанның от басынан отау үй бой түзеп, шаңырақ көтерді.

Қыздары Жамал да 1950 жылы тұрмысқа шықты. Оны да шама шарықтарына қарай жасау-жабдығын жасап, құтты жеріне қондырды. Есқабыл есімді бала Оржановтар әулетіне күйеу бала болып қосылды.

Не керек, бір- біріне тете өскен балалар, бірінен соң бірі ер жетіп, жеке шаңырақ көтерді. Өмір-кезек Табынға да келді. Мәскеудің дөкей академик Губкин атындағы Мұнай институтын бітіріп, «Қаратон» кәсіпшілігіне жұмысқа тұрды. Баласының өзгергенін, бұрынғыдай емес айнаға жиілеу қарап, шашты қайыра тарап, шалбардың қырын қылыштай етуіне қарағанда бір «өзгерістің» барын сезген Қапан бір күні Табынды шақырып:

-Балам, қазақта: «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген сөз бар. Бітіретін оқуыңды бітірдің, қалаған жұмысыңды датаптың, ендігі жерде басыңды екеу еткенің дұрыс шығар. Біз де жасарып келе жатқан жоқпыз, ата-аналық парызымызды күш-қуатымыз барда өтеп отыралық...таңдағаның бар секілді... Бейсекеңнің (Бисен) қызы Оңай бізге де ұнайды. Анасы марқұм ақылды, байсалды адам еді, балаларын жақсылап тәрбиеледі. Бейсекең таңның атысы, күннің батысы сол балаларды ашқұрсақ етпеймін, ел-жұрттан кем қылмаймын деумен жүр. Е, бәрін көріп, біліп отырмыз... Ойланып, көпке созбай шешіміңді бізге білдір, Бейсекеңнің алдынан өтейік...- деп, әңгімені төтесінен бастап, тосыннан тоқтатты.

Табын әкесінің бүл пікіріне, ннетіне дұрыс та, бұрыс та деген жоқ, тыңдап алды да, «жақсы» деген бір ауыз сөзге көп мағына мен үмітті сыйдырып, орнынан тұрып жұмысқа кетіп қалды. Бұдан кейін әкесі тықақтап, сұрай бермеді.

Кешікпей Табын әкесіне: «Бейсекеңнің алдынан өткендерің дұрыс шығар...» деген бір-ақ ауыз сөз айтты. Сол сол-ақ, екен Қапан мен Зияда ет жақын тумаластарымен ақылдасып, көрші Бисен замандасының қызы Оңайға құда түсуге дайындалды. Қазіргідей ырғап-жырғайтын жағдай ол кезде жоқ. Соғыстың біткеніне бар-жоғы жеті-сегіз жыл ғана болған. Жұрттың жағдайы-біреуде-бар, біреуде-жоқ... «Бұдан да жаманымызда тойға барғанбыз». Не керек, құда да түсіліп, құйрық бауыр да желінді...

Қазақ балаға ат қоюда көп қиналмаған, анасының толғағы оңынан келіп, жаны қиналмай, оп-оңай босана салған соң қызыл шақа қызына - «Оңай» деп ат қойыпты. Сол қызы бойжетіп, өмірге енді араласа бергенде, ең керек кезде анасының қазасы Оңайға оңай соқпады. Талай анасының аялы алақанын, ақылын іздеген тұстары көп болды.

Әсіресе, құдалар келіп, құда түсіп, ақырында алтын ұя-үйінен ұзатылып кетіп бара жатып анасының жоқтығын шын сезді. Анасының құрбылары: «Әлде бейшара Тыным-ай, қызыңның қияға қонғанын да көре алмадың-ау!» деген өкініштерін өксікке айналдырып, көздеріне жае алған. Онсыз да әрең тұрған Оңай көз жасына ерік беріп, туған табалдырықты қимай-қимай аттап, әкесімен, бауырларымен қоштасқан. Бейсекең үкілеп өсірген қызын, бозжігіт Табынға сыңар етіп, «айналайын, жылама, барған жеріңде бағың ашылсын!» деп, маңдайынан сүйіп, ақ батасын беріп шығарып салған- ды. Бұл 1953 жыл еді.

Бисен мен Қапан құдалардың үйінің арасын бір төбешік қана бөліп туратын. Құдай қосқан көршілер, ақырында, құдай қосқан құда болып шықты. Осылай «Қаратон» мұнай кәсіпшілігінде оператор болып істеп, таяуда ғана шебердің көмекшісі болып қызметке ауысқан Табын «бақыт құсын» алыстан емес ауылдан тапты. Анасы қайтыс болған соң ұзаққа оқуға бара алмай Оңай қоймашы әкесінің қасында есепші болып жұмыс істеп жүрген-ді. «Екі жас бейім тұрса, үлкендер кейін тұрады». Жастар «бейімін» ұққан үлкендер жас отаудың шаңырағын «Әуп!» деп, коп болып көтеріп, құрып берді. Бұл жер бетіндегі тіршілік жалғастығының өлмейтін, өмірлік заңы!

Олар үлкен шаңырақ астында, ата мен ана қолында талай жыл тату-тәтті тіршіліктің шамын жақты, ұрпақ өрбітті, өмір көшін алға апарды. Бір үйдің ерке, бұла боп өскен қыздың басқа шаңыраққа келін болып, бірден біте кайнасып кетуі қиынның-қиыны, әрине. Қанша жерден «жақсы үйге түскен келін-келін, жаман үйге түскен келін-келсап» деп, тұжырым түйіп, бар жауапкершілікті келін түсірген үйге үйе салғанмен жас келіншектің де білері, өз жауапкершілігі болу керек-ау.

Әр от басының өз тәртібі, өз заңы, өз талғамы бар. Сол заңдар бұзылмаса, татулық та бұзылмайды. Жас келін Оңай түскен үйінің өз тәртібіне бағынды, адамдарын қадір тұтты, ақырында әулеттің әдемі, әдепті келіні атанды. Осы әулеттің отын өшірмей, алдағы күндерге жалғастырар ұл, Табынның тұңғышы келді өмірге. Оның атын атасы Қапан: «енді соғыс болмасын, бәріміз де аман-есен болайық!»- деген ниетпен «Есенжан» деп ат қойды. Зияда мен Қапан балалары ер жетіп жас иісті сағынып-ақ қалған екен, үйіріліп, үстіне түсіп, бәйек болып, жасарып қалды. Ақырында Есенжанды икемдеп-икемдеп, қазақи жолмен-тұңғыш немерелерін бауырларына басып алды. Олар үшін өмір де, үй іші де бұрынғыдан да нұрланып кеткен-ді...

Өмір ағысы Қапанның кенжесі Сәлімгерейдің отау тігіп, шаңырақ көтеруіне әкелді. Қазақта: «Көсегең көгеріп, көрпең ұзарсын!» деген баталы сөз бар. Мағынасы бар балаң үйленіп, құда-жекжатың көбейіп, немере-шөберең өсіп-өніп «әулиелі әулетке» айналсын деген асыл сөз. Осындай оң батаны көп алған Қапан шынында да балалары өсіп, үлкен әулетке айналып еді. Енді кенжесі Сәлімгерейді «аяқтандырып» жіберсе, жарық дүниедегі аталық-аналық парыздарын орындап, қалған өмірде солардың тілеуін тілеп отырмақ. Ақыры, Сәлімгерей жас сұлу Биғайшамен бас қосып, шаңырақ көтерді.

Өзі Оржан ақсақалдан екі ағайынды: Қапан мен Қабден еді ғой. Қабден мен жеңгесі ¥лдай он бала тәрбиелеп өсірді, ардақты-ана, қадірлі әкеге айналды. Олар да Оржановтар әулетіне ұласып жатыр.

Біз жоғарыда Табын ағаның анасы Зияда төркіні жайында аз да болса әңгіме еттік. Сол Ыбырашевтардың бүгінгі ұрпағы, Қазақстан мұнайының молаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқан іскер жас, Зияда апаның ортаншы ағасы Нияздың баласы Кенжебек есте қалған естелігімен бөлісті. Әрине, Кенжебек ол кезде бала болды, жасөспірім атанып, жігіт боп жетілді. Сол шақтардан қалған өнеге-өрісі бар қызықты әңгімелерін ерекше бір пейілде отырып баяндады.

Ыбырашев Кенжебек:

«... - Біреу: «қазақ кім?» деп сұраса ұялмай көрсететін адам Қапан тәтем болатын. Орта бойлы болғанмен кеудесі кең, бұлшық еттері қара жұмыспен әбден қатып қалған, шыңдалған шымыр денелі, ат жақты, өткір көзді адам еді. Қара мұрты қараторы жүзін одан саііын айбарландырып жіберетін. Осы тұлғасы оны баяғының батырындай көрсететін.

Қапан қартты бала кезшізден білеміз. Білетін себебім әкем Нияздың туған, тете қарындасы Зияда ол кісінің жары болды. Былай қарасаңыз Қапан меніц әкемнің күйеу баласы ғой, қарындасын алып отыр. Бірак екеуінің арасында күйеу балалықтан көрі достық, туыстық басым еді. Кейде құрдастар секілді бір-біріне қалжың айтып, әзілдесіп отыратын. Онысы өздеріне жақсы жарасатын. Біз қызығатынбыз. Әкемнің құрметіне қарап басқалар да «жезде» демей Қапан тәте деп кетті.

Ол кісіні казақтың алғашқы мұнайшыларынын бірі деп айтсақ қателеспейміз. Доссорда бұрғышы болған, соғысқа бармаған. Себебі, соғыс кезінде мұнайға деген сұраныс көбейген ғой, сол кезде мұнай саласында істеп жатқан адамадардың көбісін бронмен тылда қалдырған. Олардың еңбегі майдандағылардан артық болмаса кем болмаған. Күніне он екі сағаттан дамылсыз жұмыс істеудің қалай болатыннын өзіңіз бағамдап көріңізші. Өте қыйын! Міне, Қапекең сондай жұмысты атқарған адам.

Жаз кезінде Қапан тәтем мен апамыз Зияда екеуі арнайы келіп, біздің үйде бір апта, кейде екі апта жатып кететін. Жәй келмейді әкеме қолғабыс ету үшін келеді, үйдің қасындағы бау-бақшаның арам шөбін тазалайды, арық қазады, құлаған шарбақтарды түзейді, Жайық жағасынан пішен шабады...

Өмір бойы еңбек етіп үйреніп қалған адамдар отыра алмайды екен ғой, Маңғыстауға көшіп барғаннан кейін де олар жер алып, дача салып, бау-бақша екті. Жақсы емес пе, табиғи таза жеміс-жидек жеген деген.

Біздің апамыз Зияда орысша айтқанда нағыз «красавица!» болатын. Дөңгелек жүзіне ақ орамалы, қара камзолы, жібектен тігілген ақ, көйлегі жарасып кететін. Той-жиындарда ән салып, әдемі әзіл-қалжың айтып отырысты жандырып жіберетін. Маңдайы жарқыраған, қою қара мұртты, ат жақты әдемі Қапан тәтемнің қасында аппақ болып, жаулығы желбіреп апамыз Зияда келе жатканда бала біздер бұрылып қарайтынбыз. Екеуі, тағы да орысша айтайыншы «хорошая пара» еді.

Біздің от басында жақсы бір дәстүр болды. Ол жыл сайын 31 декабрь күні әкемнің туған күнін тойлайтынбыз. Егер шындықты айтар болсақ ол кісінің шын туған күнін өзі де, өзгелер де білмейді. Содан біздер, балалары жылдың соңғы айының соңғы күнін әкеміздің туған күні деп белгілеп алдық. Туған күннен Қапан тәтем мен Зияда апам қалмайтын, сыйлықтарын алып, балаларын ертіп, қыдырып келетін. Туысқандар жиылып, әңгіме дүкен құрып, бір жасап қалатын бәрі. Балалар жағы жаңа жылдың сол кездегі ең «дефициті» апелсин мен мандаринге бір тоятынбыз.

Қапан тәтемнің қолында ортаншы баласы Табын аға қалды. Қызық, екеуі Табын аға жұмыстан түскі ас ішуге келгенде біреуі етін турап, екіншісі сорпасын суытып, шәйін құйып, кішкентай сәбиді аялағандай бәйек болатын. Ата-ана үшін бала қашанда да бала екен ғой, біз оны енді түсініп жүрміз.

Жетпісінші жылдардың басы болар деймін, жұмыс бабымен Табын ағаны «Маңғышлақмұнайгазға» Бас маман етіп жұмысқа жіберді. Олар көшетін болды Маңғыстауға. Үлкен ұлы Әбуғали ағамыз әкесіне: «Сіз бармай-ақ койыңыз ол жаңа, елден ұзап не етесіз, бізбен бірге қалыңыз!» дейді, бірақ оған Қапан қарт көнбейді. Ақыры біздің әкеміз Ниязға-нағашысына келіп әкеміз көнбей жатыр, Маңғыстауға кетемін Табынмен бірге дейді. Сіз айтсаңыз көніп қалар деп, өтініш етеді. Әбуғали ағаның сөзін жерге тастамай біздің әкеміз: «Қапеке, туған жерден, елден ұзап қайда барасың?» дейді ғой, баяғы. Сондағы Қапан қарттың жауабы: «Жоқ, қалмаймын, Табынды Сахалинге жіберсе де кемпіріміз екеуміз сонда көшеміз!» деп, жауапты қысқа қайырады. Балаларының ішінен қалағаны Табын аға болып, ақыры бәрі бірге Маңғыстауға көшті. Бұл жерде Табын ағаның жары Оңай апамыздың да үлкен әсері бар болуы керек. Қаншама жыл бірге татy- тәтті тұрып, бауырына басып өсірген қарттарын қалай тастап кетсін. Содан, ол кісілер өмірлерінің соңына дейін сонда, Маңғыстауда бірге тұрды. Бәрі де бір қазақтың жері емес пе, ол жаққа да үйреніп, туған-туыс, құдалар тауып, нағыз маңғыстаулық болып алды.

Есіме түсіп тұр... Бірде Қапан тәтелер бізге жаққа келді. Әкем екеуі есік алдында күншуақта әңгімелесіп отырғанды. Біздер баламыз, жүгіріп ойнап жүргенбіз. Бір кезде Қапан аға:

- Мамай, Кенжебек! - деп шақырды. Үлкендердің сөзі бізге заң, жарыса жүгіріп алдарына келдік.

- Өмір бойы осылай доп қумайсыңдар ғой, өскенде кім болғыларың келеді? Соны айтыңдаршы бізге. Жігіт болып қалдыңдар, енді бірер жылда мектеп бітіресіңдер... - деді. Ал өздері бізге «осылар не айтар екен?» деп, тесіле қарап отыр. Әсіресе, бұл сұрақ әкеме ұнады, жауабы одан да қызық болып тұр.

Сол кездерде ауылға тоңазытқыш пен теледидардың жаңадан келіп жатқан кезі, әлі бір үйде бар болса, көбінде жоқ кез. Сол әсер еткен болар, ағам Мамай: «холодильник шығаратын заводтың директоры боламын» деді қасқайып. Мен де ойланбастан «те-левизор шығаратын заводтың директоры боламын» дедім. Екеуі тура біз ертең директор болғалы жатқандай қуанып кетті, әлгі жерде. Қапан тәте: «Молодец(, молодец, қара сирақтарым!» деп, қайта-қайта арқамыздан қағып, қалтасынан кәмпит алып берді. Қазір түсініп жүрмін, сөйтсем екеуі де өмір бойы қара жұмыс істеп қажыған, енді осылар, балаларымыз оқыса екен, біз көрген ауыр бейнетті көрмесе екен деген арманнан туындап жатқан қуаныш екен ғой ол. Ақыры екеуі де мақсаттарына жетті, бар балаларын жоғары білімді етті. Әкелерімізге біздер ризамыз.

Қапан тәтемнің мына бір тагылымын мен еш ұмыта алмаймын. Менін үлкен агам Асау (қазір Ақтөбе облысы «Қазтелеком» аймақтық дирекциясының директоры) үйленетін болып, тойға қам жасала бастады. Сонда әкем мал союмен оны жайғастыруды тек тәтеме сеніп тапсырды. Ол кісі малды өте әдемі жайғайтын. Туған-туыстар жиналып, үйдін іші абыр-сабыр, тойға келгендер гой. Бір кезде Қапекең мені айғайлап шақырып алды да, екеуміз қой соямыз деді. Ол кісі жетектеп, мен айдап үйдің қасынан ағып жатқан Жайыққа келдік. Астына шөп салып, қойдың аягын буып, бауыздауга кірісті. Пышағын қайраққа жалаңдатып қайрап қояды, мен сескеніп тұрмын. Шынымды айтсам қойды бауыздаға- нын көргім келмей тұр. Соны сезе қалған Қапекең «қорықпа, малда жазық жоқ, бізде азық жоқ» деді де, күбірлеп, арабшалап бір нәрсені оқыды да бетін сипады. Мен де қайталап жатырмын. Мен жүгіріп Жайықтан су тасып тұрдым. Тәтем тез-ақ қойды сойып, мүше- мүшеге бөліп, жіліктеп тастады. Сосын:

- Кенжебек, балам, сен қойдың мүшелерін білесін бе?-деді.

Менің жауабым біреу, «жоқ» дедім. Онда біліп ал, сен де жігіт болып, біліп алғаның артык болмайды. Сен телевизор зауытының директоры болып қой соймассың, бірақ, директордің үйінің қонағы көп болады, қонақ көп болған соң қой сойылады. Сонда қай мүшені кімге беруді білмесең ұят болады деді, маған қарап жымия күліп. Сөйтті де, басты дастарқан басындағы ең үлкенге қарияға бересің, құлазын кесіп есік алдында ойнап жүрген балаларға жібереді, ал, жамбасты күтіп отырған қонағыңның ең қадірлісіне бересің, құда болса құдаға бересің, құдағиға жақ пен бір жілікті қоясың, асық жілік одан кейінгі қонағыңа, төсті күйеу балаға, құйымшақты қыз балаза, омыртқа, қабырғаны одан кейінгі отырғандарға үлестіре бересің. Мынау кәрі жілік, сирақ... бұларды қадірлі қонақтарға бермейді, ұят болады. Түсіндің бе?- дейді, маған қарап.

- Түсіндім, - деймін, басымды қоса шұлғып. Шынымды айтсам бас пен жамбасты кімге беру керектігі ғана есімде, басқасын ұмытып қалдым. Бәрібір бұл менің малды жілікке бөлудегі «алғашқы» сабағым болғандықтан да алғашқы «ұстазым» Қапан тәтемді де ұмытпаймын.

Ал, мына әңгімені мен қарттардан естігенмін.

Совет Одағының батыры, ғарышкер Валерий Попович Гурьев қаласына 1972 жылы 7 майда келеді екен деп құлақтанады солай бар халық. Қапан тәтем ол кезде пенсияда, «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» орденін тазып көшеге шығады. Қараса елдің бәрі тірі ғарышкерді көреміз деп Гурьев іргесіндегі «Теңдік» совхозына, қалталдас жатқан «Аэрогеологыялық экспедиция орталығына» қарай ағылып барады. Жайлап Қапан тәтем де сол жаққа қарай аяңдайды ғой. «Аэрогеологиялық, орталыққа» жақындай бергенде екі ақ «Волза» машинасы тоқтап, оның бірінен зарышкер Попович түседі. Қарсы алған халықпен ғарышкер жазалай амандасып келе жатып, оқшаулау тұрған қартқа көзі түседі де кілт тоқтап, соған қарай бұрылып, өзі келіп амандасады.

- Қарағым, денсаулық қалай?- дейді, ғарышкер бейне бір ескі танысын кездестіргендей, жылы қабақпен.

- Heшaya, балам, нешауа!-дейді, Қапан тәтем де аспай-саспай.

- Осындай қарттарымыз аман болсын! Бұлардан қамқорлықты аямау керекі-дейді, қасында жүрген облыс басшыларына мақтаныш сезіммен. Боса-болмаса олар: «әрине, Валерий Попович, қамқорлыкты аямаймыз...» дейді ғой. Мәселе, олардың жауабында емес, мәселекеудесінде қос ордені жарқыраған, келісті қазақтың баяғының батырынша қасқайып тұрған тұрысында, ғарышкердің жәй қазақ емес екенін түсініп, оған бұрылып келіп, сәлем беруінде болып тұр. Содан, елдің бәрі Қапан тәтемді құттықтап, ортаға алады ғой. Қалжыңқой қайындары:

- Қапеке, Совет Одағының Батыры ұстаған қолыңызды әкеліңіз, біз де ұстайық. Енді бұл қолыңызды екі жыл жумаңыз,- дейді.

- Тәйт, әрі. Бес уақыт намазымды дәрет алмай қалай оқиды екенмін. Ол «батыр» болса, мен бұрғышымын! Ол мықты болса мұнай іздеп, бұрғышы болып көрсін,-деп, елді бір дүркірете күлдірген екен.

Міне, біздің есімізде Қапан тәтем, Зияда апамыз осындай қадір-қасиетімен қалып қойды...»

«Мұнайшы әулеті» атанып отырған Оржановтардан бұл кәсіпті алғаш бастаған XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп, XX ғасырдың 1935-ші жылы өмірден өткен Оржан ақсақал екенін жоғарыда біраз айттық. Қазір Оржанды көргендерден ешкім жоқ, ол анық. Ол түгілі Оржаннан кейінгі мұнайшы кәсібін жалғастырған баласы Қапанды көргендердің өзі де некен саяқ. Бірлі-жарым қалғандар болғанмен оның сізге әңгіме айтуға қауқары жоқ. Амал қанша, жаратушының адам пешенесіне жазып берген жазуынан қайда қашып құтылсын. Бірақ, солардың арасында асылдың сынығындай болып отырған аз қарияның бірі Мырзағалиев Қамысбай қария. Соғыс жылдарында техникумда оқып жүрген жерінен жұмысқа шақырып, барлау бригадасында жұмыс істейді. Сол кездерде Қапанмен танысқанын өзі жақсы баяндайды. Біз естігенімізді қағазға түсіріп, сіздерге ұсынып отырмыз.

Мырзағалиев Қамысбай:

«...Екібастан белгілі емес пе...(Қамысбай аза қисыны келсін-келмесін сөз арасына осы бір сөз тіркесін көп қолданады екен. Біз де азаның сөз саптасын бұзбай, сол қалпында түсірдік) Қапан ақсақалмен мен соғыс жылдарынан таныспын. Ол кісінің өзі де, әкесі Оржан да мұнайшы болған адамдар. Оны сөз арасында: «әкемдер алғашқы кезде мұнайды атпен тартып шығарған сол»- деп, айтып отыратын. Өзі болса Каспий өңірінің талай жерін: «Қаратон», «Қошқар», «Байшонас», «Құлсары», «Төлес», «Мұнайлы», «Нармонданаң», «Алтынкөл», «Жолдыбай».... шарлап, мұнай құдығын қазған, бұрғышы болзан адам. Қапан аға біз алмаған «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері болды, жарқыратып кеудесіне тағып жүретін. Өзі де кеудесі кен, шымыр денелі кісі еді, сол бойына ордендері жарасып-ақ тұратын.

Есіме түсті... Екібастан белгілі....Бірде даладамаңып, мұнай іздеп жүрміз ғой сол баяғы. Әбден шөлдедік, алған суымыз ысып кеткен, шөл қанбайды. Аспан айналып жерге түскендей. Аңтарылып, шарашап тұрғанымызда бізге жақында зана қосылған бұрғышы жігіт, «мына төбенің астында «Нармұңданақта» мұнай қазып жатқан отряд бар, қасында жатағы бар. Сонда Қапан ағаның үйінде шұбат бар, сонда барып жанды бір шақырып келейікші, әйелі де жақсы адам, қолы ашық... қысылмаңдар, жүріңдер жігіттер!» деп, болмады. Бәріміздің де барғымыз келіп тұр, бірақ ыңғайсызданып та тұрмыз. Ақыры бес-алты жігіт грузовикке отыра қалып, салып-ұрып бардық. Қапекең жұмыста, балаларымен Зияда апай үйде екен. Апай да біз сияқты «құдайы қонақтарға» үйренген болуы керек, шұбатын әкеле берді.

Сіз білесіз бе, сол шұбаттың дәмі менің аузымда әлі тұр.

Кейіннен тағы да бір рет кешқұрым, жолай өтіп бара жатып соқтық. Онда да шұбат ішу үшін әдейі бардық. Сол жолы Қапекеңмен таныстық. Ол: «Зияда, балаларға шұбатыңды әкел!» деп, бейне бір біз үшін дайындалып, күтіп отырғандай сөйлеп. Кейде мен ойлаймын, қазақтың жерінің асты да, үсті де түртіп қалсаң болды байлық шығады. Осынша ырысты, байлықты қазақтың осы дархан ниетіне берген-ау деп. Өмірімде біраз ұлттық өкілімен араластым-құраластым. Мұндай пейілдегі: «қонаққа!» деп қақталған сүрін кебеженің түбіне сақтап қоятын ұлтты көрген емеспін. Бірақ, - дей берді де Қамысбай аға бағанағы аңқылдаған-саңқылдаған мінезін бірден жоғалтып, диван үстінде үнсіз, жанарын жерге қадап, ұзақ отырды. Сөз жоқ, сол қазақи қасиеттің қалып, тіптен жоғалтып алғанымызға, сол байлықтың халық игілігіне емес, ел асып, жер асып келген «келімсектер» қалтасында кетіп бара жатқанына жүрегі сыздап, жаны ауырып отыр еді. Сексеннен асқан дәрменсіз қарттың шоғы азайған жанары соны айнытпай айтып тұрды. Қайтсін, бар өмірін мұнайдың тәтпішіне арнап, аптап ыстықта, ақырған аязда мұнай іздеп, тауып, ел игілігіне асырған ардагер азамат еңбегін, бүгінде жиырма мың теңгелік пенсиямен бағалап отырса, кімнің жаны ауырмақ... Әлден уақытта әңгімесін жалғады, бірақ бастапқы көңіл-күй болмады, ... Атырау аймағын, Маңғыстауды оңды-солды, Батысы мен Шығысын түгел шарладық қой балам, мұнай табамыз деп... таптық та. Ол ұңғылардан әлі де мұнай атқылап тұр, ел экономикасын көтеруге үлес қосу да...

Ал, менің Оржановтар әулетімен жыға танысуыма себепкер болған Табын. Онымен Мәскеуде, Губкин атындағы институтта, студент болып жүргенде таныстым. Жоғарыда айттым, ата-анасымен соғыс жылдарында геофизика отрядымен Ембінің даласын шарлап жүргенімізде, жертөледе түз-дәмін таттық деп. Бәріміз де Атырау, оның ішінде Доссор маңының тумаларымыз, қашаннан араласып жатқан елміз. Негізі біздін, менің тұрғыластарым жас кезімізде руға, атаңа бөлгенге үрке қарайтынбыз. Кеңес Үкіметініц саясаты бәрімізді «совет халқы» жасағысы келді ғой, сол үшін де біздің арғы тегімізді ұмыттырып, айтпауға, айтқызбауға әрекет жасады. Тарих бұрмаланып жазылды, біз ол тарыхты оқып тәрбиелендік. Ал, шыққан тегің-руыңды білу, ол-тарихты білу. Қазақтың тарихы ру-ру, тайпа-тайпадан тұрады. Оны қазақтан бөліп қарау мүмкін емес. Біз де со Байұлының бір баласы Берһи боламыз. Мұны білудің несі оғаш, қайта қазақ «арғы атасын білмеген-ақымақ!» дейді. Жастарды да ақымақ жасамай, айтып отыру керек...

Институтты бітіріп келген соң Табынның үйінде арнайы қонақ болдым. Ол кезде олар Қаралюнда тұратын, Табын сонда жұмыс жасаппын. Қазақта мынадай сөз бар: «Келін ененің топырағынан жаралады» деген, сол рас-ау деп ойлаймын кейде. Табынның әйелі Оңай тура енесі Зияда апамызға ұқсады. Пысық, қолы ашық, дастарханы мол.

Қапан ақсақалдың төрт баласы: Әбуғали, Жамал, Табын, Сәлімгерей. Аналары Зияда Шеркеш-шумақ Шерубай руындағы Ибраш деген азаматтың қызы. Өскен-өнген жандар болатын. Әсіресе, Зияданың ағасы Қазмұқаш сол кездегі аз ғана оқыған қазақ жастарының бірі болды. Өкінішке орай 1937 жылдың зұламатына ілігіп, опат болып, бертінде ғана ақталды. Бұл күнде Зияданың ірі қызметтерде істеп, есімдері ел аузында жүрген жас інілері бар, олар — қазір тоқсаннан асқан қазақ мұнайының ардагері Жұмағалиев Таумыш та, екіншісі қазіргі мұнай өндірісі басқарушылардың бірі Ыбырашев Кенжебек. Не керек, Қапан ағаның қайын жұрттан аузының салымы бар адам.

Әбуғали мұнай іздеумен, барлаумен айналыспағанмен сол мұнайшыларға жағдай жасайтын, әлеуметтік-тұрмыстық мәселесін шешетін бөлімінің бастығы болды. Төленетін айлықтан бастап, тұратын үй, балалардың мектебі, бақшасы... тағысын-тағылар. Осылардың бәрін қисынын келтіріп, басшылармен тіл табыса жүріп шешіп отыратын. Өте алғыр, орысша, қазақша бірдей сөйлейтін, жазатын сауатты, жұмысқа мығым, көпшіл адам еді. Менің білуімше ол Гуръевтің Мұнай техникумын бітірген алғашқы қазақ балаларының бірі.

Сәлімгерей әуелі Алматының Байланыс техныкумын бітірді де, артынша Ташкенттің Электротехникалық байланыс институтына түсіп, жоғары білім алып шықты. Қазір Атырауда тұрады, белгілі байланысшы, беделі бар азамат. Қапекеңнің қызы Жамал апай «ұлын ұяға, қызын қияға» қондырған бір от басының анасы болды...

Мен 2001 жылы Табын туралы шағын кітапша жаздық, қалған мәліметті содан оқып аларсың, балам,» -деп, шаршағанын сездірді.

Қамысбай атаның алдынан қалың ой құшағында шықтық. Жалпы қазақстандықтарға бермесе де, өмірін мұнай іздеу мен барлауға арнаған адамдарға бүгінгі мұнай үлесінен «сыбағаларын» беруге әбден болады ғой. Алатын пенсиялары не дәріге, не тамаққа жет- пей, осылай жүдеп отырғандарын көргенде сенің де жүрегің ауырады екен. Бұл-біздің де шарасыздығымыз бен дәрменсіздігіміздің белгісі. Ел аман жұрт тынышта, байлығымыз басымыздан асып жатқанда, тиесілі «сыбаға» иесін таппай жатса, ол «олардың» ғана кінә-күнәсі ғана емес, біздің де кінә-күнәміз. «Жыламаған балаға емшек жоқ» екені екі бастан белгілі емес пе? Амал қанша, «қайнайды қаның, ашиды жаның» болады да шығады.

«Өмір-өзен!». Өз ағысымен алға жылжи береді.

Ілесу-ілеспеу өз шаруаң...

* * *

Баяғыда, арғы ата-бабалары қой баққан, жылқы айдап, түйе өсірген қазақтың балалары енді жоғары білімді маман атанып, инженер, дәрігер, геолог, мұнайшы, мұғалім, құрылысшы ... бола бастады. Оржановтар әулетінен шыққан инженер-мұнайшы Табын Қапанұлы әңгімені былайша өрбітеді:



«-Атам Оржан екі ағайынды: Оржан, Бисен. Оржанның екі ұлы: Қапан (менің әкем) мен Қабден. Оржан атам менің есімде жоқ, ол қайтыс болғанда мен бар жоғы алтыда ғана екенмін. Ол кісі 1935 жылы қайтыс болыпты. Мен Оржан атамды ағам Әбуғалидің айтысынан ғана білемін. Атамыз сөзге шебер, бетті, ақылды адам болған екен. Ол оқыса нағыз ел билейтін адам болар еді дейтін Әбуғалы. Оржаннын заманы, яғни, XIX ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басы болған. Мазасыз шақ. Хандық дәуір бітіп, би-болыстың келген кезі. Бәрінен бұрын көрші жатқан орыстар біртіндеп-біртіндеп, қазақ жерін иемденіп, отарлап жатқан. Олар кейде тіптен қазақтар ауылына ашықтан-ашық шабуыл жасап, малын тартып алатын көрінеді.

Менің студент кезден досым Қожанияз (Есентаев) айтты ды сенің атаң да мұнайшы болған, мен оны өз құлағыммен Қапан ақсақалдан естігенмін, атпен шығыр тартып, құбырдан қара май алған деп. Бір қарасаң шындық бар бұл сөзде, Доссордан алғаш мұнай табылған кез 1911 жылы болса, жобада атам ол кезде қылшылдаған қырықтын ол жақ, бұл жағында екен. Кәсіпкерлер қара жұмысқа жергілікті халық қазақтарды салған ғой. Қызықтырып неше түрлі заттар әкелген, бұрын көрмеген қағаз пұл төлеген. Ауыл үстінен май табылып, жұмыс шығып жатса неге бармасқа?! Сондықтан атамның мұнай тартқан, тасыған дегеніне әбден сенуге болады.

Алғашқы кезде Доссордан өндірілген мұнай, оны қазақтар қара май деп атаған, мұнай атауын олар кейін берген ғой. Қара майды олар қазылған ұраларда сақтаған, сол жерден ағаш бөшкелерге құйып, Ракуш балықшылар кентіне түйе арбамен тасыған. Доссордан қашықтығы 60 шақырым мұнай құбыры Ракушкеге тартылады. Мұны құбырмен мұнай тасымалдаудың басы десе де болады. Біртіндеп Доссор мұнайын өндеуді ойлайды да, 1913-1914 жыл аралығында Ракушадан екімұнай айыру зауытын салады, қоймаларын үлкейтеді.

Мысалы, 1917жылға дейін 11 ұңғымаданмұнай алған көрінеді. Бұл қазақтар үшін қаншама жұмыс орны емес пе, бүгінгі тілмен айтқанда. Қара жұмыстын бәрін қазақтар атқарған. Болмысынан ышрақ, пысық Оржанның сол жұмыстардың бел ортасында жүрмеуі қисынсыз-ақ. Әкем Қапанды да мұнайшы болуға баулыған атам шығар деп ойлаймын өзім. Менің: «атам Оржан, әкем Қапан мұнайшы болған» деп, сенімді айтуыма осы ойларым себеп

Ал, әкемнің (Оржанов Қапан) менің қолымда «Еңбек кітапшасы» бар. Онда ол алғаш рет «Ембімұнай» бірлестігіне қараст барлау бригадасына қара жұмысқа қабылданады, кешікпей бұрғышы болып ауысты деген жазу бар.

Мұнай іздеушілер еш уақытта ұзақ бір жерде көп отырмайды, үнемі көшіп-қонып жүреді. Азын-аулақ көрпе мен жастығын, ыдыс-аяғын түйесіне арта салып, көше береді. Менің есімде қалғандары, әкемнің мұнай іздеуге қатысқан алаңдары мыналар: «Мұнайлы», «Құлсары», «Байшонас», «Төлес», «Комсомол», «Алтыкөл». Бұл кәсіпшіліктерден әлі де мұнай өндіріліп жатыр.

Қараңыз, қазіргідей көп дүкендер ол кезде жоқ қой, бар болса азық-түлік аз, сөрелер бос. Бұрын халық керек-жарағына Ойыл, Ақшатау, Ақтөбе жәрмеңкесіне барып әкелетін. Олардың қашықтығы мың шақырымнан асады, ол жолды түйе немесе aт арбамен жүріп көріңіз қазір. Осының бәріне табандылықпен, жігермен шыдаған біздің бабаларымыз. Ұрпақ өсіріп, той тойлап, шілдехана жасап, өмірдің қызығын да ұмытпаған. Қазір немере- леріме айтсам бұның бәрі өтірік секілді, сенгілері келмейді. Өмір күрт өзгерді гой, сенбейтін жөндері де бар.

Соғыс кезіндегі қиындық алабөтен болды. Ол кезде мен он жастан асып қалғанмын, анамның екі рет Орал облысындағы Ойылға және Ақтөбе облысындағы Ақшатау базарына барып, тары мен бидай әкелгені есімде. Анамның көп уақыт жоқ болып кеткені әсер еткен болуы керек және базардан аз да болса киім-кешек, кәмпит әкелді, оған қуандық, сол әсерден болар есімде қалып қойғаны.

Қоғамдағы қиындық қашан да халыққа түседі ғой. Менің ата-әкелерім де қиындықты көп көрген адамдар. Бүгін ойланып қарасам, оларды алып шыққан өздерінін адал еңбегі. Жандарын аямай қара жұмысқа салған, отбасын аштыққа ұшыратпаған.

Жеңістен кейін ел ішінде ерекіне бір тіршілік, өмірге деген құлшыныс басталды. Елдің қарны тойынып, жағдайы жөнделді.

Әсіресе, жастар жағының оқуға, білімге деген ұмтыльісы күшейді. Мен де 1947 жылы мектеп бітіріп, бір топ атыраулық балалармен бірге Мәскеуге оқуға аттанған жастың бірімін. Атап айту керек, сол кездегі Қазақстан Үкіметі қазақ жастарының түрлі саладан мамандық алуына ерекше көңіл бөлді, мемлекет жолдамасымен оқуға жіберді, қаржысымен оқытты. Мен оқу бітіріп келгенде әкем мен анамның қуанышында шек болған жоқ. Баласының жоғары білімді мұнайшы атанғанына, баяғы өзіне: «Баларымды қайтсем де оқытамын!» деп, ант еткен арманы орындалып, марқайып қалды. Ол сәт бүгінгідей менің есімде.

Кейіннен қызмет өсіп, «Маңғышлақмұнайгаз» Бас инженер етіп жіберді мені. Әкеме айтып ақылдасқанымда бір сөзге келмей-ақ: «балам, менің арманым сенің жоғары білімді мұнайшы болгғның болатын, енді сол салада өсіп жатсаң мен оған одан сайын қуанамын. Сондықтан алаңдама келісе бер, біз де сенен қалмаймыз, барамыз Маңғыстауға!» деді. Үлкен aғай Әбуғали үлкендердің ата-баба қонысынан ұзаққа кетеміз дегеніне біраз ренжіп жүрді, бірақ қарттарды көндіре алмады.

Ол кезде балалар жас болатын. Содан біздер Маңғыстауға көштік. Бір айта кететін нәрсе, менің анам өмір бойы түйе ұстаған, түйе сауған адам. Біздің үйде шұбаттың болмай қалған кезі кем де кем. Анам Зияда өте еңбеққор, бейнетшіл адам еді. Тек кейіннен қалада тұрдық, сол кезде түйе ұстауға мүмкіндік болмай қалды, содан амалының жоғынан қойды. Бәрі бір екеуі жер алып, дача салды, бау-бақша өсірді. Мен қажеті қанша, шаршайсыңдар, базардан-ақ сатып аламыз ғой деп, талай айттым, көнбеді. Кім білсін, екеуінің де ұзақ жасауына осы еңбек пайдалы болган шығар, әкем Қапан 87 жас, анам Зияда 84 жас жасады. Өзіміз атыраулық болғанмен жарықшақтарға 362 әулиелі жер, Маңғыстау топырағы бұйырды. Әкем мен анам бір жылда, 1985 жылы дүниеден озды. Өткен жылы біраз адамның басын қосып, немерелері ас берді...»- десе, бүгінде сол ордалы от басының әжесі Онай апай өткен өмір жолдарын былайша еске алады:

«...Қарап отырсаң өмір дегеніңіз де ащан су секілді, өтеді де кетеді екен. Біздің отау құрып, үй болғанымызға 56 жыл болыпты.

Мен Табын ағаңмен «Қаратонда» танысқанмын...қоя тұр, есіме түсірейін, басынан бастап айтайын. Қызық болды, бізді тоғызыншы классты бітірген соң орысша оқисыңдар деп орыс класына ауыстырды, ал, біздер бір ауыз да орысша білмейміз, содан әрең дегенде бітірдік-ау. Гуръевтің Жамбыл атындағы орта мектебін бітірдім. Институтқа түстім, бірақ, анам қайтыс болды да оқи алмадым. Үйдегі балалардың үлкені едім, соларға қарау керек болды. Біздер екі ұл: Сұлташ, Жүсіп, үш қыз: Жамал, Жәния деген сіңлілерім болды. Қазір ұлдар о дүниелік болыпп кетті, Жамал Алматыда, Жания Атырауда тұрады.

Әкемнің жұмысына байланысты Мақат ауданынан Қаратонға көштік. Сонда Табын мен бізідің үйдің арасын бір төбешік қана бөліп тұрды, көрші болдық. Әкем қойма бастығы болды, мен сол кісінің қарамғында болып жұмыс істедім. Соғыстан кейінгі жылдар ғой, халықтың тұрмысы әлі нашар кез болатын. Бүгінгідей шалқыған той болған жоқ, үлкендер әкемнің алдынан өтіп, құда түсіп, азын-аулақ туыстардың басын қосып шығарып салды. Табын үйінде де солай , беташар, неке қию болды. Табынға әлі наз айтып қоямын, білдей Мәскеуде бітірдің, ақ көйлек, фата, ақ туфли, сақинаң қайда деп. Бұлардың бәрі жәй нәрсе ғой, ең бастысы ынтымақ болса болды екен.

Қазіргі кейбір жастарға қайран қаламын, бэрі бар, үй де, дүние де. Бірақ бір-бірімен жараса алмайды. Сондағы жетпей жатқаны-ынтымақ! Біз ауылды жерде, барақ үйде тұрдық, өзіміз пеш жағамыз, күл шығарамыз, су тасимыз. Сонда да өзімізді бақытты сезінуші едік.

Мен келін болып түскенде атам (Қапан) бұрғышы болып жұмыс істеп жүрді, ал, aпa болса (Зияда) үй шаруасының бәрі сол кісінің мойнында екен. Және түйелері бар, шұбатты өте жақсы баптайтын апам. Кім болса да, екеуіне қарап қызығып тұратын, екеуі де әдемі адамдар болды.

Атам намаз оқыды, алласын аузынан тастамай, балаларының тілеуін тілеп отыратын. Көп сөйлемейтін, дөп айтатын. Арғы ата-бабалары туралы айтатын, жастықтан болар соның бірі де жадымызда қалмапты, әлде дұрыстап назар қойдық па, білмеймін.

Енем әдемі киінгенді жақсы көретін. Шатырдай аппақ көйлек киіп, ақ орамал тартып, ақ туфлимен көшеге шыққанда елдің бәрі, әсіресе, қатар-құрбылары қызыға қарайтын. Бір жылдары шешунга деген матадан пальто тіккізіп бердік, той болған жерге киіп баратын.

Апамыздың төркіні Атырау өңіріне белгілі, кезінде оқыған аз азаматтардың бірі Қазмұқаш, Ескендір Ыбырашевтар болды. Сондай от басынан шыққаны көрініп тұратын. Бір-бірімізді сыйлап өттік. Айлығымызды әкеп апамның қолына беретінбіз. Керегімізге ғана сұрап алатынбыз, қалғанын апам үй ішіне жұмсайтын. Бұны қазіргі жастарға айтсаныз күледі. Бірақ біз бұдан жаман болған жоқпыз. Бар баланы апам мен атам өсірді десем болады. Өмір бойы болып жұмыс істедім, балаларға үлкен кісілер қарады. Бір жылы Табынның жұмысы «Байшонасқа» ауысып, біздер сонда көшетін, ал, ол кісілер Қаратонда қала тұратын болды. Ол кезде тұңғышымыз Есенжан бар еді, баланы тастап кетпедіңдер деп екеуі жылап қалды. Тастайын десек жас болды. Бірер жылдан кейін қайта «Қаратонга» көшіп келдік, бірге тұрдық. «Доссорда» тұрғанда жазда ауыл сыртына ағаш үй тігіп, малмен сыртта отырды. Бар баланы жақсы көрді, бала бақшаға біз апарсақ, ата кешке өзі алып келетін, жетектеп жүріп өсірді десе де болады.. Жыл сайын курортка барамыз, ба- лаларды қайда тастаймыз дегеп мәселе бізде жоқ, қарттарга қалдырамыз да кете береміз.

Ата мен aпa қартайған кезінде оларға балаларым да қарады, күтті. Бірі дәрігерге апарса, екіншісі дәрісін беріп жататын. Ата қатты ауырып, төсек тартып жатып қалды, сонда Сабыржан төсегіне көтеріп жатқызып, тұрғызып жүрді. Aпa ауырғанда Есенжанның келіншегі болғаным басында тұрып, уколын салып, емдеді. Жатқан жерлері жайлы болсын, жарықтықтардың.

Табыннан кейінгі інісі - Сәлімгерейді апамның (Зияда) сіңлісі Сәлима апай жалғыз, баласы жоқ болды да соған берген. «Бай-шонаста» Сәлима апай қамыстан салынған қоржын үйде бізбен бірге біраз тұрды. Жамал апай тұрмыста, «Қаратонда» тұрды, араласып-құраласып жататынбыз. Үлкеніміз Әбуғали ағай Гуръевте еді ол кезде. Қара шаңырақ, болған соң біздің үйге келетін, бәрінің баласы бар, әйтеуір у да шу болып жататынбыз. Қазір бәрі де ер жетіп, алдының өз немерелері бар. Уақыт деген көзді ашып-жұмғанша өте шығады екен ғой. Оржановтар әулетінің үлкені біз болып қалдық қазір...»

Ата мен әже бауырында өскен немере Есенжанның да айтары көп. Әсіресе, жасы ұлғайған сайын, «жігіт ағасы» деген ауылдан өтіп, ақсақалдыққа бет бұрған кезде өткен күннің «ойдағы, қырдағысы» жиі ойға түсіп, «не дұрыс, не бұрыс» дегенді сараптағыш болып алған. Риза болатын сәті-ата мен әжеден ұлттық дәстүрдің не түрін көріп, сусындап, бойына жинап өскендігі. Өзі алған жылылық пен мейірді, тәртіпті өз балаларына жалғастырып келеді.

- «Біздің көргенімізді, жақсылығы болсын, жамандығы болсын бүгінгі жас білмейді, түсінбейді де. Оған өзіміз кінәліміз, айтып отырмаймыз. Бітпейтін, қайта үдеп бара жатқан жанталас өмір болды ғой, бір...

Жаз бойы қой соңында киерге аяқ киім таппай жалаң аяқ жүгірдім десем, балаларым «өтірік болар» деген көзқараспен Өкінерім, олар даланың кәусар ауасымен дем алған жоқ, шұбат ішкен жоқ, табадан жаңа ғана шыққан, буы бұрқыраған нан жемеді... Менің әжемнің пісірген нанындай нан әлемде жоқ, мақтап жүрген лаваш дегенініз жолда қалады. Ыстық нанды сары майға мыжғылап бергенде... дәмі әлі аузымда.

Осы нанның қадipін Бірінші хатшы Хрущев тұсында көрдік. ¥н жоқ. Әжемнің табалары каңырап бос қалды. Елдің бәріне талон таратты. Нан алудың кезегі пайда болды. Қырғын... Таңсәріден ұйқыдан оятып мені кезекке жібереді, үлкендермен таласып-тармасып жүріп тиесілі, талонның нанын алып, үлкен шаруа бітіргендей уйге келемін. Әжем мен атам айналып-толғанып жатады, мен мәзбін оған. Осыны көргендіктен болар, мен үшін нан қасиетті, бар астан да қымбат. Балаларыма айтып отырамын...»

«Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін». Өткен ғасырларда өмір сүрген ата Оржан мен әке Қапан о дүниелік болғанына көп болсада соңында қалған ұрпағы мен көне көз қариялардың есінде қалған ескі әңгімелері аз емес екен. Әңгіменің де әңгімесі бар. Біз солардың ішінен көпке өнеге, жасқа үлгі боларлығын ғана теріп айттық. Әңгімені көбі, көлемі анықтамаса керек, мәні, айтары болғанда ғана құнды емес пе ол. Біз де бабалар туралы әңгімемізді осы жерден түйіндеп, Оржановтар әулетінің бүгінгі ұрпақтарына қарай ойысамыз...

«Өмір -өзен!». Өз агысымен аға береді.

Ілесу-ілеспеу өз шаруаң...

Қапан ақсақал мен немересі Сабыржан

Зияда мен Қапан, немерелері Есенжан мен Сабыржан

Бірінші қатарда: Күлайса, Есенжан,Гүлжан, Сабыржан. Екінші қатарда:Оңай, Зияда, Қапан, Табын

Оңай, Табын, Әбуғали. Атырау, 1963 жыл

Зияда ағасы Ыбырашев Нияз және туыстармен той үстінде


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет