Гормондар биохимиясы


Гипоталамо-гипофизді жүйенің гормондары



бет11/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гипоталамо-гипофизді жүйенің гормондары


Гипоталамо-гипофизді жүйесі эпифиз, гипоталамус, гопофиз гормондарын топтастырады

Эпифиз – самай безі.


Пинеалоцитті және глиальды жасушалары бар бөліктерден тұрады.
Бұл гормондар бездердің паренхиматозды жасушаларымен (пинеалоциттермен) өндіріледі.
Эпифиздің белсенділігі жарықтық мезгілге байланысты. Жарық кезде синтетикалық және секреторлы үдерістер тежеледі, ал қараңғыда күшейеді.
Эпифизде кейбір ғалымдар «нағыз» деп атаған көптеген табиғаты пептидтік заттар өндіріледі, олар:
1. молекулалық массасы 1000-3000Д болатын, гипоталамустың люлиберинінің бөлінуіне кедергі келтіруші антигонадотропты белсенділікке ие пептидтер;
2. эпифиз гормондары арасында минералкортикоидтар түзілуін ынталандырушы адреногломерултропин бар;
3. гонадотропты гормондар өндірілуін бірі тежеп, бірі белсендіретін - екі пептид;
4. гипергликемияны тудырушы фактор;
5. СТГ (соматотропты гормон) өндірілуін жоғарылататын және пролактин түзілуін төмендететін фактор;
6. мелатонин тәрізді пептидтер.
Мелатонин – эпифиздің негізгі гормоны. 5-окситриптофан түзе отырып, 5 жағдайда гидроксилденетін триптофаннан түзіледі. 5-окситриптофан декарбоксилденіп серотонин түзеді. Серотонин ацетилсеротонин түзе отырып ацетилдене алады, содан кейін ацетилсеротониннің оксииндол -О- метилтрансфераза ферментінің әсерінен мелотонин түзе отырып метилденуі жүреді.
Тіндердегі мелатониннің мөлшері, сондай-ақ осы ферменттің белсенділігі эпифиздің шоғырлану жағдайын көрсетеді.



Мелатонин –тек эпифизде синтезделеді. Оны 1959ж Лернер ашты, бірақ гормон бұдан 10 жыл кейін ғана бүкіл дүние жүзіне белгілі болды.


Мелотонин туралы, оның түнгі уақытта өндіріліп, ұйқы сатыларына (кешкі сағат 23-тен таңғы 7-ге дейін тәулік бойы өндірілетін мелотониннің 70% өндіріледі) жауап беретіні бұрынырақ та белгілі болған. Ал қазір мелатонинді рилизинг-факторлар өндірілетін гипоталамустың ортаңғы дөңес жеріне әсер ететін мидың гипоталамустық аймағын басқаратын биологиялық сағат деп санайды.
Осылайша мелотониннің әсері анықталды, яғни:
1. инсулинтектес өсу факторы соматотропты гормон деңгейін жоғарылата отырып, ағзаның өсуіне әсер етеді;
2. мелатонин гипоталамус арқылы гонадотропты гормондар секрециясын тежей отырып, ағзаның жыныстық қызметіне әсер етеді. Эпифиздің ісігі кезінде жыныстық жетілудің бұзылатыны, эпифиздің жойылуы жыныстық дамуды тұрақтандыратыны белгілі. Мелотониннің тікелей аталық ұрыққа әсер ете отырып, тестостеронның түзілуін тежейтіні себепті антигонадотропты әсер көрсететіні дәлелденген.
Адамда жыныстық қызметті реттеудегі мелатониннің рөлі жасөспірім ұлдарда жыныстық жетілудің басталу кезеңінде қан сарысуында мелатониннің деңгейі бірден төмендеуінде.
Әйелдерде мелатоннің көп мөлшері етеккір айналымы кезінде, ал ең аз мөлшері овуляция кезінде байқалады;
3. мелатонин иммундық жүйе қызметін реттейді;
а) оған тікелей ынталандырушы әсер көрсетеді;
б) тимус инволюциясын (кері даму, кері қарай өзгеруін) тежейді;
в) Т-лимфоцит генерациясын қалпына келтіреді;
г) иммундық жүйеге жанама әсер ететін тироидты гормондар синтезі мен цинк метаболизмін ынталандыруға қатысады;
4. мелатонин қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, атеросклероз дамуы мен стенокардия ұстамасының пайда болуынан сақтандырады. Стенокардия ауруы кезінде мелатониннің мөлшері 5 есе төмендейді, ал мелатониннің мөлшерінің жоғарылауында стенокардия ұстамалары тоқтайды;
5. мелатонин артериялық қысымды төмендетеді;
6. мелатонин тез өсетін жасушалар пролиферациясын тежейді, сондықтан қатерлі ісік өсуі тоқтайды. Оны обыр ауруының алдын алу мен емдеу шараларына қолдануға болады;
7. эндокринді бездер қызметін және олардың морфологиясын қалпына келтіру арқылы ағзаны жасартады.
Жас адамдарда мелатонин 50 жастағыларға қарағанда 4 есе, ал 80 жастағылармен салыстырғанда 8 есе көп өндіріледі.
Мелатониннің өмір сүру уақытын ұзартатыны және қартаю үдерісін тежейтіні белгілі, қартайған шақта катарактаның және кәріліктің басқа ауруларын да липидтердің асқан тотығын тежеуінен болатын аурулардан сақтандырады.
Ағзаның қартаюының бір себебі және көптеген аурулардың себептері жасушалар бұзылуының күшеюі және молекулалардың асқын тотығының үдерісінде бұзылуы болып саналады. Осыған қарап мелатониннің – күшті антиоксидант екендігін байқауға болады, ол тотықсызданған глутатионға қарағанда 6 есе күштірек, яғни мелатонин жасушаларды липидтердің асқын тотығуынан (ЛАТ) және радиациядан қорғайды. Мелатининді қабылдағанда ДНҚ радиациялық бұзылуы 99%-ға кемиді, ол глутатионпероксидаза белсенділігін ынталандырады.
Мелатонин арнайы рецепторлары арқылы әсер етпейді, ол жасуша ішіне мембрана арқылы, сондай-ақ гематоэнцефалиялық тосқауыл арқылы да өтуге қабілетті. Сондықтан мелатонин миды өзге заттарға қарағанда жақсы қорғайды және оның жасқа байланысты төмендеуі ми тінінің күрделі өзгерістеріне алып келеді. Сондықтан мелатонин миға төменгі себептермен өте қажет:
1. ми О2 пайдалану жөнінен бірінші орын алатындықтан, ми тіндерінде липидтердің асқын тотығуы белсенді жүреді, онда прооксидант болып табылатын гемсіз темір көп және ол оттегінің белсенді түрінің түзілуін ынталандырады;
2. гематоэнцефалиялық тосқауыл ми тіндеріне антиоксиданттар түсуін тежейтіндіктен, ми тіндерінде антиоксидант жүйесінің салыстырмалы жетіспеушілігі байқалады;
3. мелатонин глутатионпероксидаза белсенділігін ынталандыра отырып, миды қорғайды. Ми тіндерінде бұл фермент тотықсызданған глутатион тотығуын тездетеді. Сонымен бірге сутегінің асқын тотығының суға айналуы дегенерациясы және ми жасушаларының өліміне кедергі келтіре отырып, қауіпті гидроксил радикалдарының тууын тоқтатады. Біздің қорғаныш антиоксиданттық жүйеміздің негізгі ақауы жас келе жинақталатын сутегінің асқын тотығымен байланысты болып табылады, бұл супероксиданионды инактивтеуші супероксиддисмутаза мөлшері басқа кілт ферменттер каталаза мен глутатионпероксидазалардың мөлшерінің жоғарыламай, өзінің жоғарылауы себебінен жүреді. Бұл антиоксидантты ферменттер дисбалансы түбінде жас келе мелатонин өндірілуінің төмендеуіне соқтырады.
Осылайша, мелатонин бірнеше үдерістерді реттейді, яғни:

    • ағзамызды қолдайды немесе демейді;

    • энергетикалық күшті;

    • ұйқыны бақылайды;

    • аппетитті;

    • жүрек жиырылуы жиілігін;

    • дене қызуын;

    • қимыл-қозғалыс координациясын;

    • қуану мен қамығуды;

    • репродукцияны;

    • жыныстық белсенділікті ынталандырушы болып табылады.

Мелатонин рилизинг-факторлардың өндірілуін реттей отырып, гипоталамус жұмысын басқарады, сол арқылы гипофиз және перифериялық ішкі секреция бездерінің жұмысын бақылайды. Бұл күрделі жүйенің қалыпты шоғырлануы ырғақты бірмезгілдендіру арқылы іске асады.
Сондай-ақ, мелатонин нейромедиатор ретінде нейроэндокринді жүйені басқарады, нейроэндокринді жүйе жұмысын бірмезгілдендіру үшін ГАМҚ-мен бірге бас миы қыртыстарында нейрондар қозуын тежеуі мүмкін.
Мелотониннің жетіспеушілігі ми жасушаларын шектен тыс және басқаруға көнбейтін қозуға алып келуі мүмкін.
Мелотонинді емдеу мақсатында қолдануға болады, өйткені мелотонинді аса көп мөлшерде және ұзақ уақыт пайдаланғанда да қарсы көрсетілімдері болмайды.
Келесі жағдайларда емдеуге пайдалануға болады:

    • ұйықтататын дәрі ретінде ұйықтау уақытын тездетеді, жалпы ұйқы ұзақтығын іске асырады;

    • уақыт белдеуліктері мен жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуді жеңілдетеді;

    • стресс әсерін төмендетеді;

    • Паркинсон, маниакалді-депрессиялық синдром ауруларын емдеуге;

    • обырды емдеуге.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет