Гормондар биохимиясы



бет12/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гипоталамус гормондары

Гипоталамус жасушаларында нейросекретиндер-либериндер (рилизинг-факторлар) және статиндер өндіріледі.


Химиялық тілмен айтқанда рилизинг-фактор деген не?
Егер таза күйінде бұл препараттарды дайындау мүмкін болса, көп нәрсені анықтауға болар еді. Бірақ гипоталамуста рилизинг-факторлар (releasing - босатамын) граммның миллиардтан бір үлесіндей ғана мөлшерінде кездеседі. Мысалы, 0,4мг тиреолиберинді дайындау үшін 3 жыл уақыт қажет екен. Осы уақытта 80 мың қойдан алынған 500 тонна ми өңделіп, 7 тонна гипоталамус қажет болған. 1977 жылы АҚШ ғалымдары Гиллемин және Шелли таза либеринді бөліп алып, химиялық құрамын анықтағаны үшін Нобель сыйлығының лауреаты атағын алды. Кейіннен олар рилизинг-факторды химиялық зертханады синтездеп алды. Біздің елімізде рилизинг-фактордың химиялық синтезімен медициналық академияның экспериментальды эндокринология институтының академигі Юдаевтың тобы шұғылданады. Осы жолдармен тиреолибериннің, гонадолибериннің, соматостатиннің, меланолибериннің амин қышқылдық құрамы анықталған.
Бұл гормондар, яғни либериндер мен стантиндер гипофиз гормондарының өндірілуіне әсер етеді. Либериндер-олардың секрециясын үдетсе, керісінше статиндер – тежеушілер болып табылады. Либериндер порталды қан айналымы арқылы аденогипофиздің жасушаларына жеткізіледі. СТГ секрециясына соматостатин және соматолиберин әсер етеді. Соматостатин гипофиздің алдыңғы бөлімінен бөлінетін соматотроптық гормондардың бөлінуін тежеуші полипептидік гормон. Соматостатин, сонымен қатар, ұйқы безінің Лангерганс аралшасының Д-жасушасында да түзіледі. Кортиколиберин пропиомеланокортин, АКТГ және β-липотриопты гормон секрециясын үдетеді. Люлиберин ФСГ және ЛГ түзілуін ынталандырса, гонадотропин-рилизингингибрлеуші гормон тежейді. Пролактолиберин мен пролактостатин пролактин секрециясына әсер етеді. Меланолиберин мен меланостатин меланоцит ынталандырушы гормон өндірілуіне әсер етеді. Тиролиберин ТТГ өндірілуін үдетеді.
Гипоталамустың барлық гормондары гипофиз гормондарына қатал арнайы түрде қатынасады. Негізінен тиролиберинге тек ТТГ секрециясын ғана емес, сонымен бірге пролактиннің де секрециясын жақсарту тән, ал люлиберин ЛГ мен ФСГ секрециясына оң әсер ете алады.
Барлық рилизинг-факторлар және пептидтер І механизм бойынша әсер етеді.

Гипоталамус

нейропептидтер

либериндер статиндер







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет