Гормондар биохимиясы


Соматотропты гормон немесе өсу гормоны



бет14/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Соматотропты гормон немесе өсу гормоны


Химиялық табиғаты:
Гормон 191 аминқышқылы қалдығынан тұратын, көріністі арнайылыққа ие, яғни түр өзгешелік қасиеті бар бірден-бін жәй ақуыз болып табылады.
Өсу гормонының бөлінуі гипоталамустың соматолиберині мен соматостатинінің бақылауында болады, өз кезегінде олардың бөлінуі қандағы глюкозаның деңгейіне тәуелді. Адамға тек адамның СТГ немесе адамдарға ұқсас маймылдар СТГ әсер етеді.
Әсер ету механизмі:
Гормонның әсер етуі күрделі, бірінші және үшінші механизм бойынша әсер етеді. Өз әсерін тирозинкиназды-фосфатты каскад (пролиферативті әсер), фосфотидилинозитті жүйе және соматомединдер (метаболиттік әсер) арқылы көрсетеді. Рецепторлары арқылы пролактинмен байланыса алады. Өсу гормонының әсерінен бауырда соматомединдердің үш типі А, В, С түзіледі. А және С типті соматомединдер инсулин сияқты шеміршек, дәнекер және сүйек тіндеріне, ал В типті соматомединдер ОЖЖ әсер етеді. Соматомединдер әсерімен нысана-жасушаларының өткізгіштігі артып, аденилатциклаза белсенділігі төмендеуі арқылы білінетін инсулинтекті әсерге ие. Сонымен бірге А және С типті соматомединдер шеміршек тіндері жасушаларының пролиферациясын тездетеді, ДНҚ, РНҚ және сүйек, дәнекер тіндерінде ақуыз синтезін күшейтеді. Дәл осындай әсерді В соматомединдер жүйке тіндерінде көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет