Гормондар биохимиясы



бет15/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
Байланысты:
005 (2)

СТГ нысана-жасушалары – ағзаның барлық жасушалары.
Физиологиялық әсері:
Гормонның әсерлері төмендегіше:
1. нысана-жасушалар пролиферациясын ынталандырады;
Бұл СТГ бауырда соматомединдер және аздаған мөлшерде инсулин (инсулинтекті әсер) түзілуін ынталандыруымен байланысты. Сонымен бірге шеміршек жасушаларына аминқышқылдары, уридин, тимидин, сульфаттардың қосылуы күшейеді, ақуыздар мен нуклейн қышқылдарының синтезі жылдамдайды және хондриоциттер мен барлық басқа тіндер жасушаларының пролиферациясы жүреді.
2. метаболиттік әсері;
Алғашқы 30-40 минутта СТГ жасушаларға глюкозаның енуін, онда тотығуын ынталандырады, сондан кейін көмірсулар алмасуына контринсулярлы әсерін көрсетеді, май және бұлшықет жасушаларында глюкозаны қолдану төмендейді, бауырда глюконеогенез жоғарылайды. Дәл осылай липид алмасуына да әсерін көрсетеді, 30-40 минут инсулинтектес әсер көрсетеді, липогенезді күшейтеді, соңынан май тіндерінде липидтер синтезін төмендетеді, бауыр және май тіндерінде глюкоза ұсталуын (захват) азайтады, қанға бос май қышқылдарының босатылуын күшейтеді, липолизді де күшейтіп кетогенді әсер көрсетеді.
3. СТГ глюкагон өндірілуін күшейте отырып, асқазан асты безіне әсер етеді;
4. фосфатидилинозитті жүйе арқылы әсер ете отырып, гормон жасушаларының ортада және қанда кальцийдің төмендеуіне жағдай жасайды.
Осылайша, СТГ бұлшықеттерге инсулинтектес (қысқа мерзімдік әсер) әсер көрсетеді, бірақ көп мөлшерде бұл гормонды ұзақ уақыт қабылдау инсулинрезистенділікті тудырады және диабетті әсер көрсетеді. Бұл әсер, сонымен қатар СТГ бауырдан глюкоза босатылуын және тіндердің глюкозаны ұстап қалуын қамтамасыз ететіндігімен де білінеді. Сондықтан СТГ көбіне контринсулярлы гормонға жатқызады. СТГ екіжақтылық (инсулинтекті және контринсулярлы) әсері бой өсуін және анаболизмді күшейтеді және осы үшін гипогликемия мен катоболизм төмендеуіне тәуелді емес. СТГ өндірілуі келесі жағдайларда жоғарылайды:

    • тәтті ұйқыда жатқанда, тәтті ұйқының алғашқы сатысында;

    • жарақаттануға байланысты пирогендер әсерінен кейін;

    • бұлшықет жаттығуларынан кейін;

    • гипогликемияда;

    • аригининді егуден кейін;

    • вазопрессинді егуден кейін;

    • наркотикалық анальгетиктерді егуден кейін.

СТГ секрециясы соматолиберинмен (соматокринмен), сондай-ақ тиролиберинмен, β-эндорфинмен, дофаминмен, серотонинмен, норадреналинмен, ацетилхолинмен ынталандырылады. Ал СТГ тежелуі соматостатинмен, адреналинмен және қан сарысуының ЖМҚ-мен іске асырылады. Гормон серпінді (импульсті) бөлінеді, тәулігіне 4-10 рет. СТГ босатылуын эстрагендер мен глюкагон күшейтеді, ал прогестерон СТГ түзілуін төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет