Гормондар биохимиясы



бет13/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гипофиз гормондары
Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы үш бөліктен тұрады. Алдыңғы бөлікте гипофиздің тропты гормондары β-липотропты гормон, СТГ, АКТГ, ТТГ, пролактин, ФСГ, ЛГ және пропиомеланокортин өндіріледі.
Липотропты гормондар гопофиздің алдыңғы бөлігінің жасушаларында синтезделеді және 91 аминқышқылды қалдықтан тұратын полипептид болып табылады. Бұл гормон өзшешелік май мобилизациялаушы әсер көрсетеді, оның әсері басқа ақуыз - пептиді гормондар сияқты аденилатциклазды – протеинкиназды механизмі бойынша іске асырылады. Липопротеиндердің біріншілік құрылымының сараптамасы оның құрамында С-соңына таяу, ерекше фрагменттер орналасқанын көрсетті, бүтін молекуладан олар бөлінген кезде липотропиндердің ерекше биологиялық белсенділігі пайда болды. Олар мида морфиногенді (ауырсынуды тоқтату, қорқу сезімін тежеу т.б.), яғни жайландырушы әсер көрсетеді. Бұл пептидтер эндорфиндер және энкефалиндер деп аталады. Липотропиннің 61-91 фрагменті β-эндорфин, 61-77 фрагменті γ-эндорфин, 61-79 фрагменті α-эндорфин және 61-65 фрагменті метэнкефалин болып табылады. Эндорфин неғұрлым қысқа болса, оның морфин тәріздес белсенділігі соғұрлым жоғары болады. Әсіресе, мет-энкефалин опиат пентапептиді белсенді. 47-50 фрагменті (мет-глу-гис-фен) ұзақ есте сақтау қабілетінің қалыптасуы мен сақталуына жауап беретін тетрапептид. β-липотропиннің 41-58 фрагменті β-меланоцитынталандырушы (МЫГ) гормонның құрылымы болып табылады.
Эндорфиндер мен энкефалиндер тек гипофизде ғана емес, сонымен қатар гипоталамустың және мидың басқа да бөліктерінде – опиатты рецепторлар бар жерде синтезделеді. Ағзаға белгілі бір мөлшерде енгізген кезде, бұл заттар морфинге тән әсер көрсетеді. Оларға тез үйрену немесе физикалық тәуелділік дамиды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде β-эндорфиннен басқа, тағы меланоцит ынталандырушы гормон, кортикотропин байланыстырушы ортаңғы бөліктік пептид түзіледі. Мелиноцит ынталандырушы гормондар гипоталамустың мелано-либеиндері әсерінен гипофиздің орталық бөлігінде бөлінеді. Оның басты қызметі – ағзаның тері тіндерінің пигментациясын реттеу. Эффекторлы жасушалары шаш терісінің меланоциттері болып табылады, мұнда α- және β- интермединдер әсерінен тирозиннен қара пигмент меланиннің синтезі іске қосылады. Бұл үдерістің негізгі ферменті меланоциттер меланосомаларында орналасқан құрамында мыс бар фермент тирозиназа болып табылады. МЫГ – мен бірге меланоциттерде меланин синтезі қанда АКТГ әсерінен де күшейеді. Гипофиздің артқы бөлігінде (нейрогипофизде) гипоталамуста түзілетін үш гормон вазопрессин, окситоцин және нейрофизин шоғырланған.

вазопрессин



артқы бөлімі окситоцин
ортаңғы бөлімі меланоцит

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының перифериялық эндокриндік бездерде нысана-жасушалары болады және гормондар секрециясына осы бездер арқылы әсер етеді. Бірақ бұған ТТГ мен ЛГ қатыспайды. Мысалы; тиротропин негізгі әсерінен басқа тироидты гормондар белсенділігіне ие, ал ЛГ ОЖЖ-де әсер етеді.

Гипофиз


Алдыңғы бөлімі


сомато- кортико- тирео- лютеиниз- фолликул- пролак-


тропты тропты тропты деуші жетілдіруші тин

сүйекте бүйрек үсті қалқанша жұмыртқы тұқым сүт


безінің сыртқы бездерінде бездерінде бездерінде безде-
қабаты рінде

кортизол тироксин эстоген андроген






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет