Государственного педагогического



бет3/29
Дата20.06.2018
өлшемі2,35 Mb.
#44004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Ли В.М., Сулейменов О.А. Индивидуальный стиль педагогического творчества в инновационной образовательной деятельности......................................................................................


131

Маханова Б.Д., Тағашбаева Л.А. 12 жылдық білім беру- қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолы..................................................................................................

135

Маханова Б.Д., Тағашбаева Л.А. The role of motivation in teaching process......................................

137

Маханова Б.Д., Тағашбаева Л.А., Сабыралы М.А. Салт-дәстүрдің жастар тәрбиесіндегі рөлі....

139







Оразбаева А.Ш., Ким К.С., Дубовик В.Д. Творческой активности в трудах ученых психологов..

142

Сабралиева Ж.Т., Иманбай Ә.Г. Тұлғадағы көшбасшылық жетістікке жету мотивациясын қалыптастыру ерекшеліктері....................................................................................................................

146

Савинова А., Исаева Ж.К. Социальное сиротство в Казахстане.......................................................

150

Удербаева Г. Көмекші мектеп балаларының дұрыс сөйлем құрауын жетілдірудің тәжірибелік-эксперимент нәтижелері............................................................................................................................

152


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ (математика, физика, информатика)




Джамалдинова М.Н., Кушербаева М.Р. Применение изопроцессов................................................

157

Жарлыкапова Р.Б., Омарова М., Назаргалина Н. Информационные компьютерные технологии в процессе обучения химии.................................................................................................

160

Жарлыкапова Р.Б., Туктибаева Н.К. Хромосодержащие сточные воды и методы их очистки...

162

Мулюкова В.Г., Нейфельд А.П. Возможности компьютерных графических программ в дизайн-проектировании интерьера.......................................................................................................................

165


ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ




Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж. Ланцет тәрізді сорғыштың биологиялық ерекшеліктері және тудыратын ауруы мен емдеу жолдары....................................................................................................

170

Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж., Жарлыхасын Г. Ластанған суларды тазалауда табиғи материалдар ретінде пайдаланатын ламинария балдырының биологиялық ерекшелігі мен маңызы........................................................................................................................................................

174







Жарлыкапова Р.Б.,Омарова М. Химический язык как предмет и средство формирования научного мировоззрения учащихся в обучении химии.........................................................................

177

Зияева Г.К., Мадиярова Қ.Қ. Адамдарда генетикалық ауруларға бейімділігін зерттеу..................

179

Кемелбекова Р.Е.,Сейдыбаева Ә.Қ. Қалқанша безінің қызметі........................................................

183

Кенжетай Г.К., Шолпанқұлова Г. Қаратау арқары.............................................................................

187

Көшербаева М.Р., Көбеева М.Қ. Интегралды микросұлба және оның транзисторлық технологиямен жасалуы............................................................................................................................

190

Құрбанбаева Ш.Т., Шолпанқұлова Г. Иппотерапия – жылқының емдік қасиетін қолдану..........

193

Сабыралиева Б.Н. Оценка экологического состояния бассейна реки Талас....................................

196

Сабыралиева Б.Н. Рационального использования водных ресурсов трансграничных рек............

199

Сабыралиева Ж.Ы., Камбарова Э.А.,Қылышбаева М.Ж. Мектеп оқушыларын химия пәні бойынша ҰБТ-ге дайындау әдістемесі...............................................................

201

Сейтказиева К.А. Технология промывки сероземно-луговых засоленных почв...............................

203

Сейтказиева К.А. Экологические оценки сероземно-луговых почв на Жамбылской области......

206

Шолпакулова Г., Аралбек Ж. Тараз қаласында қыстап қалатын құстар..........................................

210

Шолпанкулова Г., Татимбетова Ж. М. Жылыжайда өсірілетін көкөніс дақылдарының зиянкестері және олармен күресу шаралары..........................................................................................

212

Шолпанкулова Г., Бегзат А.Н. Аквариум балықтарының шабақтарына тірі жем дайындау.........

216

Мақалаларды рәсімдеу тәртібі

220

Условия оформления статьи

221

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ, ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҰҚЫҚТАНУ, ЭКОНОМИКА
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР
ӘОЖ 741

А14

СЫЗУ САБАҒЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖӘНЕ

БАҒДАРЛАМАЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ.
Абдирасилов М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Білім саласында мектеп оқушыларына нақты жүйелі білім беру мақсатында, оқыту процестерін жетілдіру және оны қадағалап іске асыру мәселелері тұр. Мұғалімнің терең білімімен сапалы дайындығы арқылы оқыту процесін жетілдіруге, оқушының білім дәрежесін көтеруге болады. Қазіргі уақытта талап етіліп отырған білім нақтылы, тиянақты, тұрақты болу үшін, білім берудің негізін жаңа технологиялармен түрлендіру керек. Оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, оқушының ізденіп қызығудың бір жолы оқыту барысында проблемалық оқытудың әдісін қолдану. Проблемалық оқыту әдісіне мектеп мұғалімдерінің көпшілігі сабақ барысында қолдана бермейді. Себебі бұл әдістер туралы бағыт беретін әдістемелік материалдардың теориялық жағынан айтылғанымен оны мұғалімдердің пайдалану тәжірбелері жетіспейді. Осы айтылған мәселелерді саралай келгенде, біздің зерттеп отырған жұмыстарымыздың маңыздылығы мен өзектілігі сол, проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыруға, соған байланысты оқыту материалын салыстыруға, жүйелеуге қорытындылауға және оқушыларға сызу тапсырмаларын дұрыс орындауларын үйретуге болады. Осы әдістерді сабақ барысына пайдалану үшін, сабақ берудің проблемалық әдістемелерін құрастыру керек. Проблемалық оқытуды жүзеге асыру жағынан зерттеу жұмыстардың маңызы зор.

Бұл жұмыстың мақсаты: проблемалық оқыту әдісі туралы бағдарлама құру , оқу материалын іріктеп, оқытудың әдістемесі туралы материал құрастыру. Проблемалық оқыту – ойлау қабылеттерін кезеңдерімен іске асыру (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйеге қолдана отырып іске асыру. Сондықтан проблемалық оқыту негізінен ол бәрінен гөрі көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуды, оның жалпы дамуын және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген ықыласын арттыру дегеніміз олардың ойлау қызметін жандандыру, дамыту болып саналады.

Сонымен, проблемалық оқытуды ұйымдастыру үшін мұғалімнің жан-жақты дайындық жұмыс әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымының мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерін ұдайы тудырып отырады. Мұндай қызметті ізденіс деп атайды [2]. Оқушы өзіне берілген тапсырмаға жауап іздейді, ол берілген мәселені шешудің тәсілін іздейді.

Жалпы педагогика саласында ғылыми танымдылықтың дамуында «проблемалық оқыту» әдісі пәндерді оқытуда кең таралған. Бұл проблемалық оқыту әдістемесінде таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалық оқытудың логикалық негізі тапсырмаларды шешу жолдарын ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің басты мақсаты – сызу пәніндегі тапсырмалардың ситуациялық проблемаларын ғылыми жолдарымен шешу меңгеріп қана қоймай, сызу сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілетін дамыту. [3]

Проблемалық оқыту әдісі – оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің алуды үйрету емес, олардың кеңістіктегі елестету ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.
Оқыту барысындағы басты міндет – оқушылардың кеңістіктегі ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың кеңістікте ойлау жүйесі арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттері мен игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажетті зейін – зердесін ойятуға тәрбиелеу болып табылады.
Психологтар адамның ойлау операциясын екі түрге бөледі. Біріншісі - өмірдегі дайын өнімді игеру туралы ойлау операциясы. Мұны дайын өнімді көшірме меңгеру деп атайды. Жалпы алғанда, репродуктивті оқыту әдісі дегенімііз осы. Екіншісі – шығармашылық ойлау операциясы. Мұндай ойлау операциясы адам баласының өз еңбегі арқылы қажетті өнімді өзі жасау үшін қолданылады. Осы шығармашылық ойлау жүйесіне байланысты сызу пәнінен проблемалық оқыту тақырыбына арналған тапсырма түрлерін өздері шешудің қысқа дұрыс жолдарын таңдап табу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Оқу-педагогикалық процесін тиімді датыту және мұғалім мен оқушылардың өзара белсенді араласу нәтижесі көпнесе оқытуға байланысты. Бірақ, көбіне бұл процесте мұғалім ғана белсенді болады. Бұл оқытудың ішкі жағдайында, оқушылардың белсенді ойлау ынтасы жоғары емес, өйткені барлық білім дайын күйінде қабылдап сол ырғанымен, өзіндік ойлауын дамытуға ынталандыруы қалыптастырылмаған.

Проблемалық оқытуды ұйымдастыру негізінен оқушылар ситуациялық проблеманы шешу жолдарының бірі ғылыми танымдылығына қызығушылық әрекеттері болуы, оқушының айналысатын оқу-танымдық ізденіс принциптер жатады. Дегенмен оқу зерттеуі, ғылыми тақырыптан ерекшелеу мәселесі тек ғана оқушы үшін оқу проблемасы жаңа нәрсе, мұғалім басшылғымен оқушыларға оқу зерттеу жұмысы жұргізіледі; проблемалық оқытуға тиімді ерекше ұсынылатын репродиктивті және оқушылардың шығармашылық әрекетінің бірлігі.

Проблемалық оқыту кезінде де мұғалім тусіндіруімен шектелінбейді, оқушылардың жаттығулары және тапсырмаларды шешу жолдары қарастырылады.

Кей-кездері сызу пәні мұғалімдері проблемалық оқыту барысында кейбір кездесетін қйындықтар деп санайтын, жаңа материалды игеру процесінде туындайтын немесе графикалық тапсырманы орындауда кездесетінді айтады. Оқушы алдына қиын сұрақ қоямыз, ол оның қорытынды нәтижесіне назар аударады, бірақ оның шешу жолдарын орындауына мән бермейді., Проблемалық элементтер көрінісінің мазмұны өзгерсе, көптеген тапсырсмалар қосылуы мүнкін. Егерде мағанасына кейбір өзгерістер енгізілсе өзара өзімізге жақсы таныс белгілі тапсырмалардың жауабын таңдап табу орындалғаны көрсетілген, қиманың дұрыс орындалғанын көрсету және сызбаға жеткілікті ету. Берілген көрністегі тапсырмада шығармашылық элементтері ізденісі туындамайды. Егер тапсырма шартын өзгертіп, оқушылардың өздеріне қажетті шартты белгілерді өзгерсе және олар қимаға дұрыс келетін жауапты табу керек болса, онда тапсырма мағансы бірден өзгереді.

Барлық бес шешімдерін белгілеу мағанасы жағынан бірдей болуы мүнкін. Оқушылардың мұндай тапсырмаларды шешу әрекеттері шығармашылық десе де болады.

Мектеп оқулығындағы бір қатар тапсырмаларды мүнкіндігінше әдістемелік өңдеудеуден өткізу керек. Осы арқылы олардың дидактикалық құндылығын арттаруға болады.

Мақсатты түрде проблемалық оқытуды қолдану барысында көпнесе оның тақырыптық мазмұнына байланысты, дұрыс шешімін табу.

Әрбір тақырып сабақтарын ұсынғанда фактрлардың логикалық шеңберінде шешу, түсіндіру, жеткілікті ақпарат беру, мұғалім алдында сабақты қайта өңдеп, ой елегінен өткізу керек.

Проблемалық ситуация туындайтын «Қима және тілік туралы түсінік» мағанасындағы сабақтары бойынша құрылған тақырыптарды қарастырамыз.

Жүргізуге жағдай жасау және проблемалық ситуацияны шешу, ол мүнкіндігінше қосымша рөл ойнайды және тәртіп бойынша құрастырады сабақтың шамалы бөлігін қамтиды.

Сызу сабағында, проблемалық оқыту әлі де қалыптасу процесі үстінде. Дегенмен, ол қазірдің өзінде оқушыға күдіктенбей айтуға болатын, оқу материалдарын табысты игеруіне көмектесетін, оларды тәрбиелеу арқылы сызуға қызығушылығын арттыру және оқушылардың белсенділігін көтеру.

Қарапайым және бағдарламалы оқыту шарты бойынша қолданылатын проблемалық оқытуды қолдану тең пайданылады.

Бағдарламалы оқытудың өзіндік артықшылығы бар, себебі сыныптың барлық оқушысына өз бетінше бесенді жұмыс істеуін ұйымдастыруға және әрбір оқушының менгерген қабілетіне қарай бағалануына мүнкіндігін беруге жағдай жасайды.

Бағдарламалы оқытудың келесі ерекшелігімен сипатталады: арнайы оқыту бағдарламасының болуы, оқыту элемент материалдарын кезең-кезеңмен беру, оқушы арасындағы циклдық ақпараттық байланыс сипаты (тікелей және керісінше қайта) және техникалық құралдарды пайдалану арқылы жекелей оқыту қарқынымен арнайы техникалық құралдарын қолданылады. Оқушыға оқу материалының аз бөлігі беріледі, содан-соң сұрақтар қойылады немесе берілген тапсырманың дұрыс меңгерілгені тексеріледі. Сұраққа жауап бергенде оқушы тапсырма жауабының дұрыстығын сол кезде тексеруге мүмкіндігі бар және оған материалдар түсінікті болса, өзіне сенімді болса, содан кейін тапсырманы жалғастырып орындай береді [4].

Бағдарламалы оқыту идеясы бастапқыда 1950 жылдары Америкада туындады. Оның авторы, профессор Б.Ф. Скиннер болды, мамандығы бойынша психологияны оқыту, оқу процесін басқарудың тиімділігін арттыруға байланысты баяндамасын жасады. Біздің елімізде және дүние жүзіндегі шет мемлекеттерде бұл идея кеңінен орын тапты

Бағдарламалы оқытуға қызығушылық 70-і жылдары төмен болды, біріншіден оқу процесін техникамен қамтамас етілмеуі және ғылыми-әдістемеліктің жоғары деңгейінде болмамағанымен түсіндіреді, екіншіден көп мұғалімдер бұл оқытудың түріне дайындалмады. Бағдарламалы тәсілімен оқытуды алдағы уақытта кеңінен дамытуға мүмкіндік туғызады, барлық оқыту түрлеріне компьютер мүнкіндіктерін пайдалану. Бұл бағдарламалы оқытуды жоғары деңгейде іске асыру үшін техникалық құрал машиналары арқылы жүзеге асырылатын құралы. Бүгінгі күні мектептер дербес компьютерлермен сонымен қатар мұғалімдер үшін автоматтандырылған пультпен басқарылатын компьютерлермен жабдықталған. Дегенмен бағдарламалы оқытудың негізгісі оқытудың бағдарламалы оқыту үрдісі оқытудың құрылысы емес. Соңғы нәтеже оқу бағдарламасын жүзеге асыру.

Оқу процесінде педагогтің рөлі бағдарламалы оқытуға қойылатын сұрақ жаңаша болу керек. Мұғалім сабақтың дәстүрлі түрімен жүргізу кезіндегі кейбір бір қатар оқыту процесін автоматтандырудың арқасында міндеттерден босатылады. Кейбір міндеттерінен оқушыларға еркіндік беру үлгермеуші оқушыларға негізгі уақытысын тапсырмаларын орындауға жіберіп алатын.

Оқушылардың бағдарламалы оқыту процесі кезіндегі белсенді жұмысын қамтамас ету, өйткені мұғалім оқытуға ғана емес, материалды өз бетінше оқуларына күш салады.

Негізгі ескеретілетін, теріс тұстары және сызуды оқыту бойынша бағдарламалық оқытудың жақсы оң жақтары бар: оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс нашарлайды, оның оқушыға мұғалімнің әсер етуі азайады, нәтижесінде сабақтық тәрбиелік қызметі ақсайды. Сабақтың ұжымдық жұмыс істеуі де болмайды. Үндемей жұмыс істеу оқушылар өз ойларын дұрыс құрастырып жеткізе алмайды. Оқу материалдарын бөліп түсіндіру оқушыларға жүйелі білім жинақтауына кедергі келтіреді. Сондықтан, сызу пәнінде бағдарламалы оқытуды мақсатпен пайдалану ана құрлым тиімді сызбаны ауызша оқыту дағдысын жетілдіру, сонымен қатар өзін-өзі бақықылау және мұғалім тарапынан білімді қадағалау ісінде қолданған тиімді. Қазіргі уақытта мектептерде кеңінен қолданылатын тапсырма түрлері, мысалы, суреттерде бейнеленген, таңдауға дұрыс жауаптары берілген. Жаттығуларды орындау процесін жеделдететін мындай тапсырмалар пайдаланылады, «емтихан қабылдаушы» машина жұмысы бойынша қолданылады оның жұмыс істеу принципі сәйкес жауапқа жалғастырылған сымды дұрыс басқанда қосылады. Жеке бақылау тапсырма карточлаларын тіркеу жұмысы көрсетілген вариант жауаптарының бірін оқушы таңдайды және сәйкес келетін кнопканы басқанда - қаламторға алған бағасы жанады.

Жекелей оқытуды қамтамас етуде бағдарламалы оқытуды педагогикалық жағынан дұрыс ұйымдастыру, оқушылар оқу материалын тиянақты менгеру арқылы оқу процесінің жеделдетуіне жағдай жасайды.

Дегенмен бағдарламалы оқыту, ешқандай жеке және мүғалімді оқу процесінен шеткері қалдыру мүнкін емес, бар оқу құралының бағдарламалық оқытумен аяқталуы немесе оқытушы машинаны қолдану емес, ең бастысы өз бетінше оқулық материалдарымен жұмыс істеу, кейде көп саладан жинақтаған білім тәсілі және бірегей білім бола алмайды.

Бағдарламалы және проблемалық жүйемен оқытуды жақсы біріктіре білу, оқу процесі тиімділігімен анықталады.

Бағдарламалы оқыту мен графикалық жұмыстары секілді сабақтарын біріктіруін ұйымдастыру, оқу процесінің тиімділігіне мүнкіндігінше жетілдіруін көрсетеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ботвинников А. Д., Ломов Б.Ф. Научные основы формирования графических знаний и навыков школников.- М., 1979

  2. Зуев Д.Д. «Проблемы структуры школьного учебника». М., 1975, 112-114 беттер
    Махмутов М.М. «Проблемы обучение». М., Просвещение, 1975. 82-84 беттер



  3. «Методика обучения черчению». Под ред. Е.А.Василенко.- М.: Просвещение, 1990. – 176 с.: ил.


Аннотация. В статье приведены материалы применение методика проблемного обучения по черчению в средней школе.


Annotation.
To the article materials are driven application of technologies of the problem educating on chemistry at high school.

ӘӨЖ.375.21.
БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМ АССОРТИМЕНТІН ЖОСПАРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Абдурахманова К.Р., Тулекова Н.Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қарастырылып отырған жұмыстың тақырыбы қазіргі кезде өте актуалды тақырып болып табылады. Себебі кез – келген кәсіпорын сапалы өнім өндіріп, сол өнім сапасына бағасын да сай етіп, өз ісінің нәтижесін көргісі келеді, ал нәтиже дегеніміз – ол табысқа қол жеткізу. Бұл орындалып отырған дипломдық жұмыстың маңыздылығы да осында деп айтуға болады.

Өнім өндірудің көлемі жалпы, тауарлық және таза өнім көрсеткіштерімен, ал өнім өткізудің көлемі өткізілген тауарлық өнім көрсеткіштерімен сипатталады. Өнім өндіру мен өткізудің орындалуын талдаудың міндеттері өнімге деген сұранымды неғұрлым толық қанағаттандырудың мүмкіндіктерін ашып табу, кәсіпорынның өндірістік қуаттары мен басқа да ресурстарын неғұрлым толық пайдалану негізінде сапасы жоғары категориялы өнімнің үлес салмағын арттыру болмақ. Өнімді өндіру мен өткізудің мақсаты тұтынушыларға ұсынатын тауарлардың номенклатурасын кәсіпорынның өндірістік қызметіне сай және олардың қажеттілігін толық қанағаттандыру мүмкіндігі болып табылады. Өнімді өндіру мен өткізуді талдау-жаңа тауардың пайда болуынан бастап, оның барлық өмірлік циклінде жалғастырылып, оның өндірістік бағдарламадан алынып тасталынуымен аяқталатын үздіксіз процесс.

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет. Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа және ассортимент мәселесін шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталады. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысады. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.

Өнімді өндіру және өткізу көлемінің өсу қарқыны оның сапасын арттыру, кәсіпорын шығынына, пайдасына (табысына, кірісіне) тікелей әсер етеді. Сондықтан өнімді өткізуді, өндіруді қарастырудың маңызы өте зор.

Оның негізгі көрсеткіштері болып төмендегілер табылады:

-жоспардың орындалу деңгейіне, өнімді өндіру және өткізу динамикасына баға беру;

-осы көрсеткіштерді өзгертетін факторлардың әсерін анықтау,

-өнімді өндіруді және өткізуді арттыру резервтерін анықтау;

-анықталған резервтерді енгізудің шараларын дайындау.

Өнімді өндіру және өткізу көлемі натуралды, шартты натуралды, еңбектік және құндық өлшеуіштермен өлшенеді.

Өнімді өндірудің жалпылама көрсеткіштерін құндық бағалау арқылы алады. Өнімді өндірудің негізгі көрсеткіштеріне жалпы өнім, тауарлы өнім жатады. Жалпы өнімге кәсіпорында өндірілетін барлық өнім көлемі және көрсетілген қызметтер, аяқталмаған өндіріс жатады. Тауарлы өнімге біткен өндіріс пен ішкі шаруашылықтың айналым заттары кірмейді.

Кәсіпорындағы біркелкі өнім көлемін натуралды көрсеткіштермен есептеуге болады. Кейбір өндірістерде шартты натуралды көрсеткіштер қолданылады. [4]

Өткізілген өнімдер деп дайын өнімдерді, яғни сатып алушыға берілетін өнімдерді атайды.Өзінің өнеркәсіптік көлеміне қолданылатын, өнеркәсіп шығарған дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың сол бөлімнің құнын өнім өткізуге жатқызбайды. Бірақ та көптеген өнеркәсіптік салалар бар, онда шикізаводтық айналымнан товарлы және өткізілген өнімдеріне қоса отырып, заводтық әдістен ауытқуына өндіріске рұқсат берілген. Бұл мезетте өзінің өнеркәсібіндегі өнімдер мен жартылай фабрикаттар берілген көтерме бағамен сол өнеркәсіпте ішкі, әрі қарай жұмыс істеуіне беріліп отырылады.

Өнім өткізудің өзі өнімнің түрлері, сапасы, көлемі мен бойынша тапсырма жасаудан тұрады. Бұл жерде өнімге нарықтағы сұраныс, бәсекелестердің ұсыныстары нарықтағы өнім сапасы және тағы басқа ақпараттар жиналып қалады.

Басқа да өнеркәсіптік салалардың өзінде өнеркәсіп атаулы өнімдерді (жартылай фабрикаттарды) тек қана өзінің цехтарынан ғана емес, басқа өнеркәсіптерден өңдеуге алынып отырады. Сондықтан да олар жартылай фабрикаттар мен өнімдердің шығындары мен түсімдеріне баға қойып отыруы тиіс.

Өткізудің есебінде үш міндетті түрде шарттар керек:

1. техникалық шарттарнемесе стандарттық қатаңдығына жауап беруі тиіс.

2. дайындалған өніркәсіптегі қоймадан шығарылуы тиіс.

3. сатып алушы түгелімен төлеуі тиіс.
Жаңа тауарлардың сапасы мен сұранысын анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Мысалы, бір жыл ішінде шет елінде бірнеше жаңа тауарлар тестіленеді. Ал оның ішінде шет елінде жаңа тауарлар болып шығады. Англия, Бельгия, Голландия және Германияда Еуропадағы ең жоғарғы беделге ие болған тестілеу орталығы орналасқан. Олар неше түрлі тауарларды және қызметтерді тестілеу жұмысын атқарады.

Кейінгі кезде Ресейде рынокқа ұсынылған шетелдік жаңа тауарларға тестілеу жүргізілетін болған. Тестілеудің қорытындысы тұтынушыға арналған «Спрос», «Добрые советы» журналдарында жариялануда. Ал бұл журналдар Қазақстанда да таратылады.

Біздің елімізде осылай тестілеу жүргізілуі тұтынушыларға тиімді және қолайлы болар еді. Бұл халыққа көрсетілген қамқорлық болуымен қатар кәсіпкерлерге де тиімді және өтімді тауарларды таңдап алуға көмектесер еді.

Өнімнің сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қазіргі әлемде барлық фирмалар көп көңіл бөледі. Бұл мәселелерге әр елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі байланысты. Себебі сапа және бәсекеге қабілеттілігі деген ұғымы елдің, әр өндірушунуң тауарлар мен қызметтерді өңдеу, өндіру. өткізу мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтаушы көрсеткіш болады.

Сапа дегеніміз ұлттық экономиканың даму серпіні мен деңгейінен бастап әр шаруашылық бірлікте сапаны құру үдерісін басқару мен ұйымдастыруды көрсететін синтетикалық көрсеткіші.

Нарықтық экономикада өнім сапасы тауар өндірушілерінің рынокта «өмір сүру» шарты болады және де олардың шаруашылық әрекеттерінің нәтижелілігінің, мемлекеттің экономикалық жағдайының өлшемі болады.

Тауардың бәсекеге деген қабілеттілігі дамыған бәсекелестік рынокта оның коммерциялық табысты көрсететін маңызды факторы болады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін тек басқа бәсекелес тауармен салыстырып қана анықтауға болады, сондықтан оны нақты рынокқа және сату уақытына байланыстырып қарастыру қажет.

Өзінің қажетін қанағаттандыру үшін сатып алушыға тек тауарға ие болу жеткілікті емес. Егер ол техникалық «күрделі» өнім болса, онда сатып алушы да оны пайдалану үшін қосымша шығын шығарады. Сондықтан сатып алушының шығындары екі бөліктен тұрады: сатып алу шығындары (тауар бағасы) және тұтынушымен байланысты шығындар (тұтыну бағасы).

Әдетте тұтыну бағасы сату бағасынан бір шама артық болады (жалпы пайдалану) шығындарында көліктің сату бағасы 20-дан жоғары болмайды, жүк автокөлігінікі-15-ке тең. Сондықтан бәсекеге қабілеттілігі мол тауардың тұтыну бағасы төмен болады.

Бірақ бұл экономикалық көрсеткіш бәсекеге қабілеттілік ұғымын толық бейнелей алмайды. Бәсекеге қабілеттілік параметрлер саны өнімнің күрделілігіне, түріне, зерттеу мақсатына және тағы басқа сыртқы факторларға байланысты болады.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жұмысы үзіліссіз және жүйелі түрде, тауардың өміршеңдік кезеңінің фазаларына сәйкес жүргізілуі қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Журнал «Қаржы-қаражат»: №3/2007 г

2. Жолдасбаева Г.Ө., «Кәсіпорын экономикасы»: Оқу құралы- Алматы: Экономика, 2002 ж

3. Грузинов В.П. «Экономика предприятия»: М 1998ж.

4. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә., «Кәсіпорын экономикасы»: Оқу құралы- Алматы: Экономика, 2003 ж

5. Экономика предприятия: Учебник для вузов/ Под.ред проф. В.Я.Гонфинкеля,В.А.Швандора,- 3 изд., перераб. и доп.- М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2000.-718 с.(с.126-142)

6.Экономика предприятия: Экономика предприятия/ Под ред. Е.Л.Кантора.- СПб.: Питер,2005 – 352 с. (с.319-325)

7. Воронова Л.К.Банково-финансово-правовой словарь-справочник-К. «А.С.К.», 2000 (с.186,205).


Аннотация. В работе были рассмотрены следующие вопросы: пути обновления ассортимента предприятия в условиях рынка, сущность и значение производства и реализации продукции, влияние цен на объем производства и реализации продукции и поведение реализации продукции предприятия.
Annotation. In the work the pricts on the realizing were estatlished, the analize of financial condition of undertaking was done. And also the measures for inorease of undertakings effect were instill. Subject of degree work perspective analysis development. Degree work consists of three parts. In first part were considered problems social-economic reforms and factors influencing upon social-economic position.

УДК 343.9:616.89-036(045)

ФЕНОМЕНОЛОГИЯ ДЕВИАНТНОГО ПОВЕДЕНИЯ В ПСИХОЛОГИИ, ДЕФЕКТОЛОГИИ И КРИМИНОЛОГИИ
Абилова А.Б., Пак Т.

Таразского государственного педагогического институт, г.Тараз

Проблема девиантного поведения подростков – одна из самых актуальных для нашего общества на сегодняшний день. Отклонения в поведении, понимаемые как нарушения социальных норм, приобрели в последние годы массовый характер и поставили эту проблему в центр внимания социологов, психологов, психиатров и дефектологов, работников правоохранительных органов (Г.А. Аванесов, А.И. Атоян, Я.И. Гилинский, Н.Г. Иванов, Е.П. Иль-ин, И.С. Кон, А.Е. Личко, В.Н. Синѐв, И.А. Фурманов, Л.Ф. Шестопалова и др.) [2, 4, 5, 6, 8, 9, 10].

Цель нашей работы – сравнительный теоретический анализ понимания данной проблемы в различных научных отраслях, в частности психологии, дефектологии и криминологии.

Термин «поведение» в психологии обозначает присущее живым существам взаимодействие с окружающей средой, опосредованное их внешней (двигательной) и внутренней (психической) активностью [3, с. 87]. Поведение – это система действий, поступков, способ жизни по установленным правилам. Правила устанавливает общество, они отражены в законе (Г.А. Аванесов) [1]. Тогда под девиантным поведением (англ. deviation – отклонение) ученые-криминологи понимают действия, которые не отвечают установленным в обществе моральным и правовым нормам, которые ведут человека к изоляции, лечению, перевоспитанию или наказанию. Основными видами девиантного поведения являются, по их мнению, преступность, алкоголизм, наркомания, суицид, проституция, сексуальная девиация [3, с. 35]. По мнению известного психолога И.А. Кона девиантное поведение подразделяется на две большие категории:

1. Поведение, отклоняющееся от норм психического здоровья (нали-чие явной или скрытой психопатологии).

2. Антисоциальное поведение, нарушающее социальные, культурные и особенно правовые нормы. Если поступки незначительны, их называют правонарушениями, а когда серьѐзные – преступлениями с уголовной ответственностью. Соответственно говорят о делинквентном (противоправном) и криминальном (преступном) поведении [8, с. 237].

К девиантному поведению психологи относят:

1. Алкоголизацию.

2. Наркотизм и наркоманию.

3. Агрессивное поведение.

4. Суицидальное поведение.

5. Противоправное поведение.

6. Психические расстройства.

При этом психические расстройства Игорь Кон не всегда рассматривает как патологию психики, а относит их проявления к проблемам формирования самосознания подростка, связанным с социальным окружением [8, с. 244]. Фурманов И.А.вообще обращает внимание на то, что девиантное поведение можно наблюдать только у подростков с нормальным психическим здоровьем [10, с. 21]. А отклонение от норм психического здоровья – это уже не психологическая, а дефектологическая проблема. Такой же точки зрения придерживаются и представители криминологической науки (Г.А. Аванесов, А.Р. Ратинов) [1]. Ученые говорят о том, что девиантное поведение – это противоправное поведение, т.к. нарушает нормы общества, а значит и закон. В дефектологии поведение, отклоняющееся от норм, рассматривают как расстройство поведения (Д.Н. Исаев, А.Е. Личко, К.С. Лебединская, Б.Е. Микиртумов, О.Е. Фрейеров) [7]. По мнению ученых, речь идѐт о психогенных патологических формированиях личности, нарушенном поведении или психопатиях. К одному из видов психопатий относят, например, бродяжничество, сексуальные девиации и алкоголизацию (Д.Н. Исаев, А.Е. Личко) [7]. Как объяснить причины девиантного поведения с точки зрения психологии? Предпосылкой поведения человека, источником его деятельности является потребность. Возникающая потребность вызывает мотивационное возбуждение (Е.П. Ильин) [6, с. 265]. Удовлетворение потребности снимает мотивационное напряжение, вызывает положительную эмоцию. Неудовлетворение потребности – вызывает отрицательную эмоцию. Так мотивация заставляет сознание принять решение. Принятое решение – это сознание мотива действия, понимание результата действия.

Итак, мотив – это сознательный выбор данной цели. Касаясь нашей темы: мотивация – это побуждение к девиантному поведению. Мотив – сознательность этого поведения. В уголовном кодексе мотивы и мотивации не имеют четкого разграничения и зачастую подвергаются административной и уголовной ответственности. К мотивам, например, относят «корысть» ст. 265 п. в) УК, «кровная месть» ст. 102, п. к) УК, «национальная вражда» ст. 74 УК. Психологи склонны к мнению, что девиантное поведение вначале всегда бывает немотивированным. Подросток, как правило, хочет соответствовать требованиям общества, но по каким-то причинам не может самореализоваться. А девиантные поступки могут увеличить привлекательность подростка в кругу его друзей. Подросток тогда уже осознанно идет на девиантные поступки, чтобы получить одобрение группы. В результате его поступки из немотивированных становятся мотивированными (И.С. Кон) [8].

Что же касается подростков с психическими отклонениями (объект изучения дефектологии), то их действия можно рассматривать как имеющие мотивацию, но не имеющие мотива, а значит – немотивированные в силу неосознанности действий (Т.Р. Морозова, А.П. Северов, В.Н. Синѐв) [9, с. 46].

Немного иная точка зрения принадлежит криминалистам и суд. экспертам (Л.Ф. Шестопалова, Т.А. Перевозная), они считают, что поведенческие расстройства приводят к изменению ценностных ориентаций и, как следствие, формированию мотивов противоправного поведения [11, с. 66-71]. При этом указывается, что сами мотивы преступными не бывают. Подросток несѐт ответственность за противоправное действие, а не за смысл этого действия (Е.П. Ильин) [6, с. 210-269].

При ответственности нет разницы, по какой причине нарушено поведение – социальной или биологической. Криминология и юридическая психология отмечают, что девиантное поведение имеет социальный характер и социально обусловлено (Г.А. Аванесов, А.М. Яковлев) [1].

В дефектологической науке в подтверждении того, что биологические факторы могут сами по себе приводить к девиантному и делинквентному поведению и передаваться по наследству, приводят данные о том, что в общей массе преступников и правонарушителей много лиц с расстройствами психи-ческой деятельности и умственной отсталостью, об этом говорили Т.Р. Морозова, В.Н. Синѐв. По мнению специальных психологов интеллектуальная недостаточность и психические отклонения способствуют возникновению таких черт характера, как раздражительность, агрессивность, жестокость, и, вместе с тем ведѐт к снижению контроля, волевых процессов, повышению внушаемости. Эти черты препятствуют нормальной социализации личности (В.Н. Синѐв, М.С. Певзнер).

Однако ещѐ Л.С. Выготский доказал, что не интеллектуальная недостаточность сама по себе является причиной девиантного и криминального поведения, а отсутствие своевременного воспитания и коррекционного воздействия ещѐ на ранних этапах развития личности. Отсюда встает правомерный вопрос об особой форме криминальной ответственности лиц с отклонениями от норм психического здоровья, профилактической работе с ними ещѐ на ранних этапах школьного обучения и воспитания. Таким образом, подводя итоги обозначенной проблемы в различных областях науки и практики, можно предложить общую схему причин возникновения девиантного поведения:

1. социально-демографические причины (социальное происхождение, семейное положение, уровень материального обеспечения, положение в коллективе);

2. уровень умственного развития;

3. уровень сформированности нравственных качеств и правовых знаний (ценностные ориентации, стремления личности, позиции, интересы, потребности, наклонности, привычки);

4. психические процессы (свойства личности);

5. биофизические процессы (пол, возраст, состояние психического и физического здоровья).

Поскольку вопрос о девиантном поведении – в любом случае вопрос о личности человека, склонного к нему, то нужно учитывать точки зрения всех сторон:

1. Психологии – потребности личности, интересы, способы решения трудностей, мотивы и мотивации, умственные способности;

2. Криминологии – сформированность нравственных норм, правовых знаний, их понимание, цели деятельности, мотивы;

3. Дефектологии – если возникает сомнение в психической полноценности личности, необходим учет биофизических факторов – наследственность, врожденные и приобретенные нарушения развития.

Дальнейшее наше исследование будет касаться проявлений виктимности у подростков. Виктимное поведение – как отклонение от норм безопасного поведения, реализующееся в совокупности социальных, психических и моральных проявлений.

Таким образом, мы можем рассматривать виктимное поведение как девиантное, т.е. как одну из форм социальной дезадаптации. Подобное определение дают пенитенциарная и юридическая психология: «Девиантное поведение выражает социально-психологический статус личности на оси «социализация – дезадаптация». (Г.А. Аванесов, А.И. Атоян) [1, 2].

Из определения понятно, что в этих отраслях психологической науки клинико-психологический аспект практически не учитывается, поэтому психологическое состояние дезадаптации рассматривается на оси «дезадаптация – изоляция», рассматривается и учитывается поведение агрессора: «Девиантное поведение рассматривается как отклонение от групповых норм и ведѐт к изоляции, лечению, исправлению или наказанию правонарушителя» (И.А. Ярмыш) [11, с. 17].

Внимание сосредотачивается на поведении агрессоров, а особенности провоцирующего или виктимного поведения потенциальной жертвы практически совсем не учитываются. Хотя известно, что поведение потенциальной жертвы сильно влияет на характер эскалации агрессивного взаимодействия и его последствия (Р. Берон, Д. Ричардсон, К. Изард и др.). Очень часто именно поведение жертвы становится основной причиной актуализации агрессивных проявлений со стороны потенциального агрессора или преступника.

Таким образом, мы можем построить схему: психическое состояние – адаптация (дезадаптация) – поведение (девиантное (виктимное поведение).


Список литературы:

  1. Аванесов Г.А. Криминология и социальная профилактика / Г.А. Аванесов. – М.: Академия МВД СССР, 1980.

2. Атоян А.И. Маргинальность и право / А.И. Атоян // Социально-политический журнал. – 1994. – № 8. – С. 158-160.

3. Большой психологический словарь / Сост. и общ. ред. Г. Мещерякова, В. Зинченко. – СПб.: Питер Ком, 1999. – 688 с.

4. Гилинский Я.И. Социология девиантного поведения как специальная социологическая теория / Я.И. Гилинский // Социс. – 1991. – № 4. – С. 74-76.

5. Иванов Н.Г. Нравственность, безнравственность, преступность / Н.Г. Иванов // Государство и право. – 1994. – № 11. – С. 26-30.

6. Ильин Е.П. Мотивация и мотивы / Е.П. Ильин. – СПб., 2004. – 509 с.

7. Исаев Д.Н. Умственная отсталость у детей и подростков. Руководство / Д.Н. Исаев. – СПб.: Речь, 2003. – С. 245-253.

8. Кон И.С. Психология ранней юности: книга для учителя / И.С. Кон. – М.: Просвещение, 1989. – С. 237-254.

9. Синѐв В.Н. Особенности нравственных представлений и социального поведения умственно отсталых подростков / В.Н. Синѐв, А.П. Северов // Проблемы изменения и восстановления психической деятельности: Тезисы докладов к 5 Всесоюзному съезду психологов СССР. – М., 1976. – С. 46.

10. Фурманов И.А. Психология детей с нарушениями поведения / И.А. Фурманов. – М.: ВЛАДОС, 2004. – 351 с.

11. Шестопалова Л.Ф. Ценностно-смысловая сфера личности со специ-фическими расстройствами и склонностью к противоправному поведению / Л.Ф. Шестопалова, Т.А. Перевозная // Психологический журнал. – 2003. –Т. 24, № 3. – С. 66-71.


Аннотация. Мақалада девиантық мінез-кұлық проблемаларына криминологиялық, дефектологиялық, психологиялық тұрғыдан талдау берілген. Нормадан ауытқыған форманың бір түрі ретінде виктим мінез құлық ұғымы қарастырылған.

Annotation. In the article the analysis of problem of behavior is presented from the point of view of psychology, defectolodi, criminology. The concept of viktim behavior is considered as one of forms of rejections in a norm.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет