Дикроцелиоз ауруын емдеу жолдарын анықтау
№
|
Дәрі - дәрмек препараттары (химиялық жолмен)
|
Дәрілік өсімдіктермен емдеу (биологиялық жолмен)
|
|
Дәрі – дәрмек атауы
|
Бағасы
|
Дәрілік өсімдік атауы
|
Бағасы
|
1
|
Панакур
|
2210
|
Дәрілік зоря
|
200
|
2
|
Альбен таб
|
1500
|
Түймешетен
|
150
|
3
|
Түйіршікті Альбен
|
1500
|
Кермек Жусан
|
300
|
4
|
Бендаз плюс 535
|
1500
|
Құлмақ
|
200
|
5
|
Альбендазол
|
1700
|
Дермене
|
350
|
6
|
Роленол
|
1100
|
|
|
7
|
Клозантекс
|
1000
|
|
|
8
|
Рамектин
|
1750
|
|
|
9
|
Клозатерм
|
1100
|
|
|
10
|
Фазинекс-триклабендазол
|
1000
|
|
|
Дәрілік өсімдіктерді әсер ететін химиялық заттары толысып, әбден піскен кезінде жинайды. Жер бетінен жиналатын өсімдіктерді жауын-шашынсыз, ашық күні, жауын, шық ылғалы әбден кепкеннен кейін ғана жинау керек. жауын-шашынды, тұманды күндері жиналған өсімдіктер тезе кебе қоймайды, көбінесе олар қарайып, бүрісіп, немесе көгеріп кетеді. Ал өсімдіктің тамыры жиналатын болса, онда оны жауын жауып тұрған кезде де қазып ала беруге болады.
Жамбыл облысының географиялық климаттық зонасы әр ауданына байланысты әр түрлі. Жамбыл облысында 10 аудан бар. Соның ішіндегі көл-өзен жағасында орналасқан аудандарында дикроцелиоз ауруы кең тараған. Қой, сиыр, ешкі, қоян, шошқа және сирек адамдардың бауырында паразиттік тіршілік етеді. Ланцет тәрізді сорыштың организмде тудыратын ауруын химиялық дәрілік препараттармен қатар дәрілік өсімдіктермен де емдеуге болады.
Пайдаланған әдебиеттер
Бердіқұлов М.А. Қазақстанның Оңтүстігінде ауылшаруашылық жануарларының негізгі паразитоздарымен күресу шараларын ұсыныстар. – Алматы, «КазАгроИнновация»,2010ж. – 28 бет
Тыныбеков Б.М. Дәрілік өсімдіктер: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 158 бет,
Қожанов, К.Н. Ветеринариялық фармакогнозия: оқулық.-Алматы, 2009,-233
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1 бөлім: Оқулық. – Алматы: 2004ж. – 376 бет
Балабасов Б.Б. О сезонной и возрастной динамике дикроцелиоза овец наюго-востоке Рспублики Казахстан // Эпизоотология и профилактика паразитозов сельскохозяйственных животных. — Сб. науч. тр. Каз. НИВИ. Алматы: НИЦБастау, 1995. - С.28-35.
Акопян В.Д. Дикроцелиоз сельскохозяйственных животных и меры борьбы с ним в условиях Армянской ССР //Автореф. дис. . докт. вет. наук. М., 1973. 41с.
Скрябин К.И. Трематоды животных и человека //Изд-во АН СССР, М.1952. -Т.2. 606с.
http://parazity.net
Аннотация. Всасывающие существа похожие на ланцет твердят, что можно лечит с помощью химическими лекарственными препаратами создающейся болезни в организме.
Annotation. Similar to the suction lance being told that can cure through chemical drugs create disease organism.
574 Ж 28
ЛАСТАНҒАН СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУДА ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАР РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНАТЫН ЛАМИНАРИЯ БАЛДЫРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж., Жарлыхасын Г.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Теңіздің ластануын болдырмау өте қиын екені экологтарға жақсы белгілі. Теңізде мұнай таситын кемелердің апатқа ұшырауына байланысты, мұнай теңіз, мұхит суларына төгіледі. Теңіздің біртектілігі, ондағы жел және толқын мұнай қалдықтарының тез жайылуына әкеп соқтырады. Солтүстік теңіздердің спецификалық шарттарына байланысты, яғни онда температураның төмендігіне және мұнай қалдықтарын ыдырататын бактериялардың аз болуына байланысты теңіздің табиғи жолмен тазаруы қиынға соғады. Сонымен қатар, теңіздегі мұнай қалдықтары әлі зерттелмеген өзгерістерге, айналуларға ұшырайды. Мысалы, мұнай пленкасынан атмосфераға концерогенді заттардың, бинзопиреннің бөлінуі қауіпті болып саналады. Құрамында калий иондары болғандықтан, төмен температурада мұнай өнімдерінің еріген бөліктерінен грунттарға битуминирленеді. Судың температурасы жоғарыда мұнай қалдықтары қайтадан сұйық күйге өтеді. Сондықтан да ағзалар тек тікелей интаксикациядан кейін ғана тіршілігін жоймайды, оларға қосымша нәрселер де әсер етеді.
Жыл сайын мұхиттарға, теңіздерге жүздеген миллион тонна мұнай түседі. Теңіздерде мұнайдың төгілуінен атмосфера мен суда тіршілік ететін организмдердің арасында зат алмасу процесі болмағандықтан, организмдер тіршілігін жояды. Мұнай суда ерімейді.сол себепті мұнай судың беткі қабатында болғандықтан, күн сәулесі жарық, ауа, судың төменгі қабаттарына өтпейді. Соған байланысты организмдердің тіршілігін жоюға кері әсерін тигізеді. Қазіргі кезде осындай туындаған мәселелерді шешуде тек химиялық жолмен ғана емес, биологиялық әдістерді қолдануы, экологиялық мәселелерді шешуде маңызды орын алып отыр. Экологиялық катастрофаларды болдырмау үшін табиғи материалдар және теңіз микроорганизмдері қолданылады.
Бұл технологияда арнайы әдістермен қоңыр балдырларды бірінші кезекте қантты ламинарияны (солтүстік және шығыс Ресейде 80% әлемдік қоры бар) қолданады.
Ламинария қоңыр балдырларға жатады. Қоңыр балдырлар – РНАЕОРНҮТА - түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара – қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті) араласып келуінің нәтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады.
Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық) және өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге – ризоидтарға, өстік бөлікке (сабаққа) және филлоидтарға (жапырақтарға) бөлінуіне байланысты болса керек.
Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді-целлюлозадыклетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристамасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады.
Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді – Fucales қатары) көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспораларытетраспорангияларда пайда болады (диктиоталарда – Dictiotales қатары).
Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100 м дейін барады.
Ламинария балдырының биологиялық ерекшелігі. Теңіздерде және солтүстік мұзды мұхиттың теңіздерінде аса ірі көп клеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария өседі. Ламинариягетерогенераттылар класына жатады. Оның талломасы су астында жатқан тасқа немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің «риза» - тамыр және «идос» - кескін деген сөздерінен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100 см-ден аспайтын цилиндр формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы болып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ тәрізді пластинканың арасында интеркалиарлық өсу зонасы орналасады (басқаша айтқанда меристеманың участогі). Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыста шығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді. Көктемде сағақтың ұшыңдағымеристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.
Ламинария жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею органы болып зооспорангиялар саналады. Жапырақ тақтасы үзіліп түсер алдында онда көптеген бір клеткалы зооспорангилардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоралар жетіледі. Ал балдырдың әрбір особьінен миллиардтаған зооспоролар пайда болады. Зооспоролар біраз жүзіп жүргеннен кейін қозғалысын тоқтатып, судың түбіне шөгеді де ұсақ аталық және аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді. Аталық өскінше тарамдалған жіпшелерден тұрады, одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде бірнеше клеткадан тұратын қысқаша жіпшелер. Олардан аналық жыныс органы оогонилер жетіледі. Әрбір оогониде бір-бірден жұмыртқа клеткасы болады. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы жалаңаш күйінде оогониден сыртқа шығып, оның үстіне бекініп тұрады. Осы жерде оны антеридийден босап шыққан аталық жыныс гаметасы (сперматозоид) келіп ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі. Зигота тыныштық кезеңіне ауыспай-ақ өсіп диплоидты өсімдік (спорофит) береді. Әдетте ламинария күн сәулесі жақсы түсетін, судың онша терең болмайтын қабаттарында өседі.
Ламинария балдырының ластанған экологиялық апатты аймақтарда суларды биологиялық жолмен тазартуда табиғи материал ретінде пайдаланудың маңызы зор.
Ламинариямакрофит өзінің табанымен тасқа бекіп алады да, өте тез өседі. Ол құрлықтағы өсімдіктерге қарағанда 8-15 есе тез өсіп, жиырма метрге дейін жетеді. Бұл балдырлардың мұнай өнімдерінің адсорбциялау қызметі өте қарқынды жүреді. Мысалы: 100га ламинария 20000 т мұнай өнімдерін өз бойына жинап ала алады.
Бұл құбылыстың механизмдері әртүрлі. Балдырлардан бөлінетін альгин қышқылдары мұнай өнімдерімен әрекеттесе отырып жабысқақ субстанция түзеді. Макрофиттердің денелерінде төмен температураның өзінде, мұнайдың жеңіл фракцияларын бейорганикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микрофлора болады. Бұл кезде мұнай өнімдерінің битулинизациясы жүреді.
Бұл табиғи ликвидаторлардың жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол жерге моллюскалар (мидиялар) жіберіледі, олар суды жақсы фильтрациялайды. Ондаған миллион моллюскалар көптеген битулиндегенмұнай қалдықтарын концентрлеуге қатысады.
Сондай – ақ қоңыр балдырлар су астында аса көп мөлшерде фитомасса беретін шалғын түзеді. Оларды жем-шөптік, азық-түліктік, дәрілік және техникалық өсімдіктер ретінде маңызы жыл санап арта түсуде. Әсіресе тамаққа ламинария жиі пайдаланылады, оны теңіз капустасы деп атайды.
Қазіргі уақытта су қорларының ластануы бүкіл адамзатты алаңдатуда. Судың ластануы көп түрлі әрі судың экожүйесін құртады. Судың ластануы, оның сапасы флорасы мен фаунасына да кері әсерін тигізеді. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық түлікпен адам организміне де зиян келтіреді.
Сондықтан ламинария балдырының ластанған суларды биологиялық жолмен тазалауда ерекшелігі бар, әрі тиімді. Себебі, ламинария балдыры өте тез өседі. Төгілген мұнайларды өз бойына сіңіруге қабілеті бар.
Пайдалаған әдебиеттер:
1.Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2000ж., - 508б.
2.Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. – Алматы: «Дәуір», 2012ж.-376б.
3.Комарницкий Н.А. Ботаника. М., «Просвещение», 2000г.
4. Якавлев Г.П., Челомбитько В.А. Ботаника. М.: «Высшаяшкола», 1990-367с.
5.Васильев А.Е., Воронин Н.С. Морфология и анатомия растений. М.: «Просвещение», 1995-480с.
6. Хржановский В.Г., Пономаренка С.Ф. Ботаника. М.: «Агропромиздат», 1988-383с.
7. http://ru.wikipedia.org/wiki/Ламинария
Аннотация. В настоящее время связь между человеком и окружающей средой становится очень сложной. В республике экологическому кризису оказывает влияние химия, нефть, быстрое и в большом количестве развитие топливного производства. В морях и океанах, перевозка нефти на кораблях из-за аварий или из-за других причин, приводит к разливу нефти на поверхность воды. Нефть с водой не смешивается и не растворяется. Между воздухом и водой нет обмена веществ, поэтому приносит вред природному составу воды и существующим живым организмам. В местах, где разлита нефть, ведущее место занимает очистка биологическим путем выращиванием ламинариевых водорослей.
Annotation.Currently, the link between man and the environment becomes very complicated . The republic environmental crisis affects chemicals , oil , fast and lots of development of fuel production . The seas and oceans , transportation of oil on ships due to accidents or because of other reasons , resulting in oil spills on the water surface . Oil does not mix with water and does not dissolve . Between air and water no metabolism, so bring harm to the natural composition of the existing water and living organisms. In places where the spilled oil has taken the lead by biological purification laminaria algae cultivation .
УДК 378.02:37.016
ХИМИЧЕСКИЙ ЯЗЫК КАК ПРЕДМЕТ И СРЕДСТВО ФОРМИРОВАНИЯ НАУЧНОГО МИРОВОЗЗРЕНИЯ УЧАЩИХСЯ В ОБУЧЕНИИ ХИМИИ
Жарлыкапова Р.Б.,Омарова М.
Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз
В концепции государственной политики Республики Казахстан в области образования подчеркнуто, что стратегическим ориентиром в области образования должна стать идея формирования новой генерации людей с инновационным, творческим типом мышления. Учитывая все эти требования перед средней общеобразовательной школой ставятся новые цели и новые задачи, для того чтобы выпускник средней школы обладал определенным багажом знаний, потребующийся в его будущей профессии, специальности [1].
Ученик должен обладать определенным запасом знаний и навыков научных исследований, который станет движущей силой при развитии общества.
В концепции школьного химического образования указано, что химия вооружает учащихся конкретными химическими знаниями, необходимыми в практической деятельности и формирует качество мышления для полноценного его функционирования в обществе. Для этого учащийся средней школы должен хорошо владеть химическим языком, который является немаловажным звеном при обучении химии [1].
Знание химического языка способствует более осознанному овладению химическими понятиями и законами, развитию интереса к химии как средство изучения основ химии. Химический язык, вводится на первых уроках химии. В это время ученики знакомятся с обозначениями химических элементов, составлением формул и уравнений, их содержанием и написанием. Они используют номенклатуру веществ и терминологию, знакомятся с принципами составления названий и этимологией терминов. Использование химического языка на раннем этапе изучения химии важно для повышения научно-теоретического уровня курса химии. Важной задачей этого этапа обучения является овладение учащимися минимумом языковых знаний, умений и навыков, выработка умений и навыков составлять простейшие формулы и уравнения, раскрывать их содержание.
Химический язык – это система условных обозначений и понятий, предназначенная для краткой, емкой и наглядной записи и передачи химической информации. Этот язык является исскуственно созданным, который упрощает химическую науку, химическое образование, так как невозможна передача химической информации, обучение и общение без химического языка [2].
Химический язык включает в себе 3 важных раздела, на котором строится вся химия: символика, терминология, номенклатура, с помощью которых обучаемый познает, обучается и передает свои мысли.
Терминология – это совокупность терминов, употребляемых в какой либо области науки [3]. В химии, оно имеет очень большое значение и знакомство с ним осуществляется в школьном курсе химии уже в первой главе учебника 8-го класса.
В этой же главе автором закладываются основы второй составной части языка – символика. Символика – это система условных знаков химической науки, условно обозначающих объекты, явления, закономерности. Обзорно раскрывающие их существенные признаки, связи отношения и придающие им качественную характеристику.
Символику и терминологию химического языка дополняет его третий раздел – номенклатура, которая систематизирует элементы, вещества, частицы, помогает отличить их друг от друга, обобщая их в группы, обобщаемые терминами [3].
Актуальность исследования данной работы вызвана противоречием между необходимостью формирования научного мировоззрения учащихся при изучении химических дисциплин и недостаточной разработанностью рассматриваемой проблемы в ее сущностном, системном и концептуальном аспекте. Недостаточная разработанность данной проблемы в педагогической науке и практике, выявленные противоречия послужили основой для определения темы исследования: «Химический язык как предмет и средство формирования научного мировоззрения учащихся в обучении химии».
Целью изучения этой темы стала формирование совершенно новой методики изучения химического языка. С помощью которой усвоение и интерес к химии как к дисциплине и науке будет повышаться.
Так как химический язык вносит важный вклад в реализацию воспитательной функции обучения. Он может использоваться как активное средство формирования научного мировоззрения учащихся, поскольку позволяет раскрыть многие мировоззренческие вопросы. Например, символически выраженная периодическая система химических элементов Д.И. Менделеева используется для подтверждения законов диалектики.
Роль химического языка в овладении школьниками химическими знаниями, умением и навыками чрезвычайно велика. В процессе последовательного овладения предметом, химический язык совершенствуется в тесной связи с развитием теоретических знаний, с накоплением химических фактов и усложнением химических понятий.
Преследуя такие цели во время прохождения выпускной педагогической практики были проанализированы состояние проблемы методики формирования умений пользоваться химическим языком в средней школе в трудах различных авторов и в практике школьного преподавания. Также были апробированы различные методики формирования химического языка.
В период прохождения государственной практики в 8-х классах было замечено что овладеть языком науки химии помогают такие упражнения как перечисление сведений о том или ином веществе по формуле. Например, перечислите все сведения, которые можно дать на основании записи - H2O. Учащиеся указывают, что H2O - это формула воды, означает одну молекулу воды, состоящую из двух элементов - водорода (два атома) и одного атома кислорода; масса молекулы воды m(H2O) = 18 а.е.м., относительная молекулярная масса воды Mr(H2O) = 18. Водород имеет валентность равную I, а кислород - II. В дальнейшем учащиеся могут указать молярную массу воды, равную 18 г/моль, а также составить графическую и электронную формулы, назвать тип химической связи между атомами кислорода и водорода, определить степени окисления обоих элементов, охарактеризовать воду как слабый электролит, написать уравнения реакций, в которые вступает вода.
Упражнение-объяснение. Например, что обозначают следующие записи: 2H2O, 3Al2O3, 2Al(NO3)3, SO3. Выполняя это задание, учащиеся учатся различать коэффициенты и индексы, определять число атомов каждого элемента по формуле. Такие упражнения готовят учащихся к составлению и объяснению химических уравнений. Рассматривая формулы оснований, кислот и солей, учащиеся дают более содержательные ответы. Кроме характеристики качественного и количественного состава молекул учащиеся указывают также число гидроксильных групп или кислотных остатков и их валентность, заряды ионов, растворимость данного вещества в воде, приводят уравнения электролитической диссоциации и т.д.
Подробная характеристика уравнений реакций требует от учащихся еще больших усилий, сосредоточения ранее полученных знаний при выполнении упражнений, подобных приведенным выше. Учащиеся указывают тип химической реакции, названия взаимодействующих и образующихся в результате реакции веществ, их качественный состав, условия протекания реакции.
Например, рассматривая уравнение реакции между металлическим натрием и водой, учащиеся дают следующий комментарий: "Уравнение реакции:
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
означает взаимодействие металлического натрия с водой. В результате реакции образуется щелочь, которую можно обнаружить при помощи индикатора. Кроме щелочи образуется водород, который можно обнаружить поджиганием".
Во время прохождения практики успешно были использованы технологии опережающего обучения, что позволяло развивать творческий, познавательный интерес учащихся. Учащимся восьмых классов предлагалось подготовить сообщения и рефераты о веществах, которые человек использует в быту. В данном случае в задания включаются исторический материал, и проводится этимологический разбор всех используемых терминов и названий, в частности, названий химических элементов и веществ, а также химических и физических явлений.
Систематическое использование подобных заданий, этимологический анализ терминов и названий способствует созданию особого эмоционального фона, на котором возникает познавательная активность учащихся и интерес к химии как науке, более осознанному усвоению химического языка, повышению качества знаний учащихся. Работа со словарями, справочниками и другими источниками информации способствует развитию самостоятельности учащихся в добывании знаний.
Также в современном мире широко используются возможности инновационных технологий. Например при изучении структуры и строения веществ применяя такие программы как ChemOffice, ChemDraw, Chem3DUltra.
Проанализировав индивидуальные особенности учащихся можно прийти к выводу, что метод дидактической игры также хорошо подходит для усвоения химического языка. При разработке урока химии в виде дидактической игры можно использовать такие программы как ActivStudio, MS PowerPoint, и различные электронные учебники для соответствующего класса казахстанских и российских изданий.
В заключение можно отметить, что, реализуя в практике приведенные выше рекомендации по обучению химии в 8 класссах, мы убедились в их положительном влиянии на качество знаний учащихся по химии, а также интерес учащихся к этому предмету и в целом на формирование их культуры.
Таким образом, можно сделать вывод, что химический язык вносит существенный вклад в реализацию развивающей функции обучения. Особенно велика его роль в развитии мышления учащихся и формировании их творческой деятельности, так как все операции с химическим языком являются умственными. Химический язык играет важную роль на протяжении всего образовательного процесса, начиная с объекта изучения и заканчивая средством достижения знаний.
Литература:
Концепция развития образования в Республике Казахстан до 2015 г.// Казахстанская правда. - 2004. – 2525 февраля.
Кузнецова Н.Е., Владыкина Л.В. Химический язык в школе. Вологда, 1980.
Дорофеев М.В. Информатизация школьного курса химии. Химия (ИД «Первое сентября»), 2002
Аннотация. Мақала оқу бағдарламасында химиялық тілді қолдануда кездесетін көкейкесті мәселелерге арналған. Оқушылар алғашқы сабақтан бастап химилық терминдермен танысып (химиялық элементтің белгілерін, формуланың және теңеулер мен терминологияны) қолдана бастайды. Химиялық тілді меңгеру ойлау қабілетінін дамуына үлкен үлес қосып, сабаққа қатысушылырдың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми дүние танымын қалыптастырады.
Annotation. Acticle is about role of language of chemistry in education. Pupils from first days start to study and use this language (writing chemical elements, formulas, equatoins). Knowing this language will help to develop new ideas, forming abilities of pupils.
616
З-50
АДАМДАРДА ГЕНЕТИКАЛЫҚ АУРУЛАРҒА
БЕЙІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Зияева Г.К., Мадиярова Қ.Қ.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институты, Тараз қ.
Тұқым қуалайтын аурулар кезіндегі балалардағы ақыл - естің кемтар болуы соңғы жылдары ең басты мәселелердің бірі болып отыр.
Бір жағынан қарасақ, ол ортаның тигізетін әсері десек, ал көп жағдайда ол тұқым қуалаушылықтың негізі болып отыр. Түрлі аурулармен ауыратындарға әлеуметтік ортаның, қоғамның теріс әсерін тигізу (мазақ ету, күлкіге айналдыру). Медициналық биологияның алға басуының арқасында көптеген ауруларды алдын алуға болады. Тұқым қуалайтын аурулар кезіндегі балалардағы ақыл - естің кемістігі жайлы ақпараттарды монография және басқармадан алуға болады. Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу барысында психопатологиялық бұзылулар балаларда ақыл естің жетіспеушілігін көрсетеді. Балаларда тұқым қуалайтын аурулардың нәтижесінде ақыл-естің кем болуы балалар психиатриясында зерттеудің басты нысанына айналып отыр.
Қазіргі таңда жүзден астам тұқым қуалайтын аурулар белгілі, жылдан жылға 10-ға жуық тұқым қуалайтын аурулардың ішінде ақыл-естің кемшіліктері болатын аурулардың түрлері зерттелуде.
Туа біткен аурулардың себебі хромосомалар санының өзгеруіне байланысты екенін 1959 жылы француз генетигі Жером Лежен анықтаған. «Синдром» сөзі белгілер мен қасиеттердің жиынтығы деген мағына береді.
Медициналық-генетикалық кеңестің зерттеуіндегі ақыл-есі кемтар балалардың таралу жиілігі
Аурудың атауы
|
Сырқаттың саны
|
Жиілігі%
|
Даун синдромы
Хромосомалы аурулар
аутосомды
гоносомды
Фенилкетонурия
Корнелин де Ланге синдромы
Рубинштейн-Тэйби синдромы
|
731
116
77
39
325
17
8
|
12,9
2,04
1,3
0,68
5,7
0,2
0,1
|
Рубинштейн-Тэйби синдромы
Ең алғаш рет 1963 жылы 7 ақыл-есі кемтар балалардан анықталған. Тура мәнінде қазіргі таңда дұрыс жиілігі жоқ, бірақ кей зерттеулер бойынша жаңадан туылған сәбилерге шаққанда 1: 25000-30000.
6 жылдан кейін осы синдромға толық анықтама берілгеннен кейін 1969 жылы Рубинштейн 114 сырқатты осы аурумен ауыратынын көрсетті, мұның өзі синдромның таралуын көрсетеді. Кейбір зерттеулерге қарайтын болсақ бұл синдром өте сирек кездеседі. Медицинадық-генетикалық зерттеудің жиілігі бойынша ол 0,15% алды, ол 7 есе сирек Вильяс синдромынан, 2 есе Корнелин де Ланге синдромынан кездеседі.
Клиникалық көрсетулер. Ең бастысы ақыл-естің кемістігімен көрсетіледі, бет әлпетінде жіне денеде түрлі өзгерістермен сипатталады. Аяқ-қол саусақтарының қысқа болуымен, көп жағдайда синдактилия және полидактилия кездеседі. Туылған сәттен бастап көптеген ішкі мүшелердің ақауларымен бала дүниеге келеді: жүйке жүйесі, жүрек, зәр шығару жүйесі, тыныс алу жүйесі. Кейде көздің патологиясы: катаракта, нистагм, ақилық, көру жүйесінің атрофиясы және т.б.
Кейде дыбыс шығару жолдарының, көмейдің, дыбыс саңылауларының ақаулары көрінеді.
Терідегі түрлі өзгерістерді көруге болады.
Ақыл-естің кемістігі түрлі жағдайда көрсетіледі, баланың бір затты қабылдауы өте қиыншылық туғызады, көп заттарды түсінбеушілік туындайды. Бұл синдроммен ауыратындар өте агрессивті, ашу шаң болып келеді.
Патологиялық анатомиясы, этиологиясы және патогенезі. Жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты кемтар болады. Синдромның этиологиясы күні бүгінге дейін анықталмаған. Ұл да қызда бірдей ауырады, монозиготалы егіздерде және сибстерде генетикалық аурулар қатарына жатады. Жаңадан туылған сәбилерде трисомия-13 бойынша ұқсас, бірақ Патау синдромынан айырмашылықтары бар.
Зерттеулерге сүйенсек 10 отбасының ішінде 2 отбасыныда осы синдром бойынша ата-аналарында көз бен аяқ-қол кемістігі көрсетілген. Бірінші отбасында пробандтың 2 егіз әкпесі туылған сәтте өліп қалды. Біреуінде аяқ-қолында алтысаусақтан, екіншісінде қолында ғана болған. Екінші отбасында туған туыстарында аяқ-қолының және көзінің кемісітіктері және Рубинштейн-Тэйби синдромына сәйкес белгілер анықталған. Осындай бақылаулардан соң генетикалық тұқым қуалайтындығы көрсетілсе, келесісі экзогендік факторлардың әсерінен болатындығы көрсетілген. Жатырдағы нәрестенің қай уақыттан бастап осы синдромның көрсеткіштері бар екендігін анықтаған 1970 жылы Дж.Гранвихофф пен М.Тост. Эмбриональды даму барысында ұрықтың сыртқы отраның экзогендік факторларының әсерінен болады деп болжаған болатын. Жатырдағы нәресте 4-5 аптасынан бастап осы кемшіліктер пайда бола бастайды. Көбінесе емі бұл синдромның емі жоқ, көбісіне хирургиялық оталар жасау қажеттілік етеді.
Рубинштейн-Тэйби синдромынмен ауыратын балаға бақылау жасау
Қыз бала 3 жас 10 ай, екінші жүктілік кезінде дүниеге келген нәресте, анасы 23-те, әкесі 27де. Бірінші жүктіліктен жетілмеген өлі қыз бала дұниеге кеген. Екінші жүктілік кезінже жүрек айнумен өтті, туылған сәтте көкпеңбек болып тұншығын туылды. Дене салмағы 3100г, бойының ұзындығы 51см болып дүниеге келді. Туылған сәттен бастап жақсы еміп, бірақта қайта-қайта шашалып қалатын. Дауысы дұрыс шықпағандықтан 2 жасында дыбыс байланыстарына ота жасалды. Туылған сәттен қазіргі кезге дейін түрлі ауруларға шалдығып отырды, бірақ 2 айында басын ұстап, 6 айлығында отырып, ал 1 жас 1 айлығында жүріп кетті. Сөйлеуі өте кемшілікпен жүрді, ең алғаш сөзін 1,5 жасында бір ауыз сөз айтса, 3 жас 2 айында екі үш сөзден тұратын сөйлем айтты, бірақ толық сөйдем құрастырып сөйлеуде көптеген қиыншылықтар кездесті. Көп жағдайда аффекті түрде көрсеткіштер байқалады: қатты айқайлайды, басын қабырғаға ұрады, өзін анасын тістелейді. Физиологиялық тұрғыдан өзінің қатарынан кемшіліктер байқалады. Басы жалпақ, тыныс алуда кемшіліктері бар, юет әлпетінде мұрны жалпайған, жоғарғы жақтың кішіреуі, құлақ қалқаны төмен орналасқан. Алақаны жалпайған, ІІ және ІІІ саусақтарының тырнақтары мен сүйектері жалпайған.
Офтальмологиялық зерттеулер бойынша: сол көзі жасаурайды, оң көзі уақыт өткен сайын мұрын жаққа қарай жылжуда. Қарашығы ақшылдау. Офтальмологтың диагнозы бойынша: тапето-ретинальды дистрофия. Осы жағдайда тапето-ретинальды дистрофияның болуы Рубинштейн-Тэйби синдромының ауруы бір белгісі екендігі көрсетті.
Миотониялық дистрофия немесе Шрейнер-Баттон синдромы
Алғаш рет 1909 жылы Шрейнер мен Баттон осы синдромның анықтамасын жасады. Содан кейін «Миотониялық дистрофия» деген атау берді. Аурудың таралу жиілігі 1:50000-нан 1:10000-ға дейін жетеді.
Клиникалық көрсетулер. Осы аурудың көрсетілуі өмірдің 2-4 жартысында көрсетіледі, бұл жағдай невропотогтарға жақсы таныс. Өйткені осы синдром кездесетіндерде жүйке жүйесінің бұзылуы көп көрсетеді.
Т. Ваниер 1960 жылғы осы синдромға анықтамасында миотониялық дистрофияны «дұрыс бағаламаған кемтар аурулар» қатарына жатқызды.
Жатырда жатқаннан дүниеге келген кезде бет пішіні сопыйып, аузы ашылып тұрады, ауру адам күле алмайды, маңдай кең алқымды, қасын дұрыс көтере алмайды. Жаңадан туылған нәресте дұрыс еме алмайды, күлімсіре алмайды, тыныс алу жиі-жиі тыныс алады. Тамақ ішуде қиыншықтар туындайды, дауысы, айқайлағанда жаймен шығады. Туылған сәттен бастап кемшіліктер көрінді: аяқты қисық басу, асиммертиялы бас сауыты, артрогрипоз. Таңдайы өте жіңішке, жоғары орналасқан. Миотониялық дистрофиямен ауыратын балаларда қабырғалары жіңішке болып келеді. Ересек жаста балаларда тамақтануда көптеген қиыншылықтар болады, асқорыту жұмысының қиыншылықтары, пневмания, жүректің ақаулығы, катаракта. Шашының седіреуі, самай жағынан шаштың түсуі. Саусақтарын жұма алмайды, тез шаршайды, көруі төмендейді.
Ақыл-естің кемістігіне байланысты жүргізілген зерттеулер бойынша балаларда жасалған тесттер бойынша IQ 20 мен 70 аралығында болады. Осы бақылаулар мектеп оқушыларынан жасалған тесттер.
Этиология және патогенез. Бұл ауру аутосомды-рецессивті жолмен тұқым қуалайды. Л. Пенростың пікірі бойынша миотониялық дистрофияның доминантты гені «М» басқа аллельдің локусімен өзгеріске ұшырайды. Жатыр ішінде ұрықтың дамуы көбінесе ол анасынан берілетін тұқым қуалайтын аурулардың қасиеттер мен белгілері беріледі. Зерттеулер жүргізген кездегі 6 баланы бақылау кезінде көбінесе анасы мутантты генді тасымалдайтыны белгілі болды. 1983 жылғы Т. Джимм мен П. Харпердің сараптамасы бойынша 57 отбасында миотониялық дистрофияның берілуі анасы жағынан екендігін және анасының ерте жаста эндокриндік жүйенің бұзылуымен көрсетілген. Мутантты геннің функциясы анықталмаған, кейбір болжамға сүйенсек иммундық кемістік пен клетка мембранасының кемшілігін атап көрсетті.
Медициналық-генетикалық кеңес беруде миотониялық дистрофияны анықтауда бірнеше әдістер көрсетілген, солардың ішінде офтальмологиялық тексеріс пен электромиография. Т. Джимм мен П. Харпердің сараптамасына сүйене отырып миотониялық дистрофиямен ауыратын әйелдерде бала көтеру жиілігі 7%, ал баласы бар болып екінші рет бала болуы 35%. Бұл жағдайда да баласына ауру тұқым қуалайды.
Осыған байланысты жасалған бақылау:
Пробанд (IV-1) – ұл бала, 13 жаста. Кемтар балалар мектебінде жүргізілген тексеріс кезінде анықталан. Бала 1 сыныпта оқиды. Толық айы жетіліп, ешбір қиыншылықсыз 3100гр болып дүниеге келген. 7 күні жасанды тамақтану бөліміне аыстырылған. Кемшіліктермен дамыды, 1½ жасында жүре бастады. 3 жасында сөз айтты, 7 жасында сөздер құрастырып сөйлей бастады, бірақ сөзі түсініксіз тек анасы ғана түсінетін. Ешбір қиындық туғызатын аурулары болмады. 9 жасында мектепке барды, бірақ оұуда қатарынан қалып кеткендіктен ақыл-есі кемтар балаларға арнайы мектепке барды. Қазіргі таңда сол мектепте. Бала әлсіз, кем, өте жай қозғалады, икенмсіз, ойнамайды, жүрігмейді. Бірақ өзі киініп-шешінеді, өзі жуынады, жинастыруды біледі, көрсеткен нәрсеті қайталайды. Тілі дұрыс дамымаған, нашар сөйлейді, түсініксіз. Анасына ғана үйреніп қалған.
Миотониялық дистрофияны анықтауда шежіресі әдісі:
Боялған төртбұрыштаға ауру еркектер; боялған домалақта әйелдер; сызық жүргізілгенде ауруы мүмкіндер; төрбұрыш пен домалақтың ортасында нүктесі барлар тексерілген еркектер мен әйелдер; боялмаған төртбұрыш тексерілген еркек; боялмаған домалақ тексерілген әйел; сызықша пробанд; сандар текстте көрсетілген.
Пробандты анасы (III-3), 42 жаста, жол құрылысында жұмыс жасайды. Балалық жасында, жас кезінде дені сау, мықты болған, кез келген қиын жұмыстарды оңай атқарған. Ауылдық мектепте 6 сыныптан кейін оқуды тастап кеткен. Оқуды жақсы оқыған. 30 жастан кейін денсаулығының нашарлауын көп айтатын болған, тез шаршап, әлсізденетіне көп шағымданатын болды, көп жағдайда есінен танып құлап қалатынын көрсетті. Жұмысты қиыншылықпен атқарады, тез шаршайды, жас шамасына байланысты екендігін айтып, дәрігерге тексерілмеген. Орташа бойлы әйел, асқа тәбеті төмендеген, рефлекстері төмендеген. Бәт әлпеті бозарған, сөйлеуі қиыншылық туғызады, тыныс алуында қиыншылықтар көрінеді. Жүрегінде ақауы бар. Бұлшықет атрофиясы мен бұғана сүйектерінің өзгерістері анық көрінген. Офтальмолог дәрігер екі жақты катарактаға диагноз қойған.
Пробандтының анасының ағасы (III-1), 45 жаста, II топтағы мүгедек (ревматизм, жүрек ақауы), 20 жыл некеде, баласы жоқ. 20-22 жастан бері өзін ауру санайды. Ауруы аяқ-қолының әлсіздігімен, жүрегінде ақаулықпен және көру мүшесі нашарлауымен басталған.
Бақылаудағы адамның орташа бойлы, қозғалысы нашарлаған, шашышың бәрі түсіп таз болған, көзін жұма алмайды және күле алмайды. Шартсыз рефлекстерді аяқтың сан бөлімінде ғана қабылдайды, төменгі жағы сезбейді. Аяқ-қол саусақ сүйектерінде миотониялық симптомдары анық қөрінеді. 30 жастан бастап импотенцияға ұшыраған. Бұлшықет атрофиясы мен бұғана сүйектерінің өзгерістері анық көрінген.Офтальмолог дәрігер екі жақты көрмейтін катарактаға диагноз қойды.
Пробандтының анасының ағасы (III-7), 38 жаста, үйленген, 2 баласы бар. Өзін аурумын деп есептемейді, соңғы 2 жылда пайда болған күнделікті жұмыстан әлсізденіп, тез шаршайтынына шағымдануыда. Аяқ-қол саусақ сүйектерінде миотониялық симптомдары анық қөрінеді. Бақылау барысында бұлшықет атрофиясы мен бұғана сүйектерінің өзгерістері жаймендеп көрінді. Тілінің және бет әлпетінде өзгерістер болағанын анықтаған. Офтальмологқа қаралмаған.
Пробандтының анасының бөле ағасы (IV-27), 11 жаста, ауылдыұ мектепте 4 сыныпта оқиды. Тексеріс кезінде мимикасының нашарлауы анықталған және кей заттарды қиын қабылдайды, көзінде ақилығы бар. 4 сыныпқа қайта қалған, сабаққа үлгерімі өте нашар.
Пробандтының анасының бөле інісі (IV-28), 8жаста, денсалығы өте жақсы.
Пробандтының анасының кіші інісі (III-20), 32 жаста, мүгедек, жұмыстан босатылған, әйелінің айтуы бойынша, асқазаны ауырады және көруі нашарлаған, бірақ дәрігерге тексерілмеген. 3 баласы бар, қыздары егіз 11 жаста, ал ұлы 2 жаста, тексеру барысында балаларында патология көрінбеген.
Пробандтының анасының әкесі (ІІ-4), жүрек ауруынан 45 жаста бақилық болды, еш жерде емделмеген. Әйелінің ( пробандтың анасының анасы) айтуы бойынша, оның екі ағасы қарттар үйінде ерте қайтыс болып кеткен. Үлкен әкпесі жас кезінде өмірден өткен. 3 сибсте үйленген, бірақ балалары болмаған.
Пробандтың анасының анасы (II-5), 75 жаста, дені сау, жұмысқа жарамды, еш уақытта қатты ауырмаған. Өзінің айтуы бойынша әке-шешесінде, туған-туыстарында ешқанда психикалық, көз аурулары анықталмаған. Қалған туыстарын тексергенде ешбір патология байқалмаған,
Қорытынды айтқанда, миотониялық дистрофияға жауапты ген доминантты түрде тұқым қуалайды.
Пробандтының ақыл-есінің дұрыс дамымауы жатырда жатқаннан бастап анықталған. Пробандтының осы миотониялық дистрофиямен ауыратындағы отбасын тексеруде анықталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
Г.С.Матинчева, В.И.Гаврилов. Умственная отсталость при наследственных болезнях. – Москва.: Медицина, 1988г. ISBN 5-225-00185-8
Денсаулық журналы, 2011 ж Алматы қазан ISSN 0868-4782 28б.
Денсаулық журналы, 2012 ж Алматы қараша ISSN 0868-4782 5б.
Денсаулық журналы, 2012 ж Алматы тамыз ISSN 0868-4782 22б
Денсаулық журналы, 2013 ж Алматы сәуір ISSN 0868-4782 10б.
Денсаулық журналы, 2013 ж Алматы тамыз ISSN 0868-4782 4б.
Л.О. Бадалян, В.А.Таболин, Ю.Е.Вельтишев Наследственные болезни у детей. – Москва.: Медицина, 1971 – 367б.
Н.П.Бочкова Генетика и Медицина. – Москва.: Медицина,, 1979г. ISBN 4-160-00000-0
Аннотация. В этой статье дано объяснение о умственно отсталость при наследственных болезнях у детей, о синдроме Рубинштейн-Тэйби и было использовано родословная метод.
Annotation. In this article, is given explanation about mentally backwardness under hereditary disease near by children, about syndrome Rubinshteyn-Teybi and was used method family.
ӘОЖ 612.4
С 31
ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Кемелбекова Р.Е.,Сейдыбаева Ә.Қ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ішкі секрецялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән қасиеттері бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады.
Ішкі секреция бездерінің мөлшері өте кішкене болғанымен (барлығының жалпы салмағы 100 граммға жуық), олар қанмен мол жабдықталған. Безде қан тамырлары орасан көп каппилярлар торын құрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.
Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазды. 1656 жылы Вартон оны «қалқанша без» деп атады.
Бұл без мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) — 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған. Көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей тіндерінде протоеазалардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Адамда без арқылы минутына 5,6мл. қан ағып өтеді. Мұндағы қан айналысының жылдамдығы қаңқа еттерінен - 46 есе, бас миынан - 28 есе, бүйректен - 5,5 есе артық. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады. Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гормондардың түзілуі организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы алады. Тамақтанудың тәуліктік мәзірінде оның орташа мөлшері 100-200 мг болады. Организмде 30-50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безінің құрамына енеді.
Қалқанша без трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин деп аталатын екі гормон түзеді. Олар тирозин аминқышқылының туындылары. Тироксин – қалқанша безінің негізгі гормоны. Ол 1914 жылы алынған, ал химиялық құрылысы 1926 жылы анықталды. Тироксиннің құрамына тиронин ядросымен байланысқан төрт атом йод кіретіндіктен оны Т4 белгісімен белгілейді.
Тироксин белгілі болғаннан кейін 25 жыл өткен соң екінші гормон табылды. Оның молекуласында үш атом йод бар, сондықтан оған трийодтиронин деген атау берілген. Ол тироксинге қарағанда 5 есе активті және аз мөлшерде синтезделеді.
Қалқанша без гормондары организмде зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нерв қызметіне әсер етеді. Бұл гормондар клетка митохондрияларындағы тотығу прцесінің қарқынын жоғарылатып, клеткадағы энергия алмасу мен белок алмасуын күшейтеді.
Тироксин – қоректік заттардың, соның ішінде белоктардың, көмірсулардың, майдың тотығуын күшейтіп, тіндердің глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады. Бауыр мен бұлшықеттерде гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Сонымен қатар, денедегі су мен минералды тұздардың алмасуын реттеп, ас қорыту мүшелерінің қызметіне ықпал етеді. Аталған гомондардың әсерімен бұлшықеттердегі алмасу процестері күшейіп, сүттену процесі жақсарады.
Қалқанша без гормондары тек энергия алмасуын ғана емес, құрылымдық өзгерістерді жақсартып, организмнің өсіп-өнуін шапшаңдатады, сондықтан олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына әкеліп соғады.
Адам организмде зат алмасу процестері дұрыс жүрмеген жағдайда организмде де, бездерде де ауытқулар жүре бастайды. Эндокринді бездер бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың біріндегі өзгеріс, екіншісінің қызметінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Эндокринді сырқаттар көптеген ішкі және сыртқы әсерлер нәтижесінде дамиды. Клиникада олар без қызметінің күшеюі – гиперфункция, әлсіреуі – гипофункция немесе бұзылуы – дисфункция түрінде байқалады. Ал осы сырқаттар кезінде бездерде гиперплазия, атрофия, дистрофия және ісік секілді морфологиялық өзгерістер табылады.
Қалқанша без патологияларына: 1) туа біткен кемістіктер(аплазия, гипоплазия, эктопия); 2) эндемиялық жемсау; 3) спорадиялық жемсау; 4) диффузды токсиндік жемсау (Грейвс сырқаты); 5)гипотериоздар; 6)тиреодиттер; 7) ісіктер кіреді.
Атироз – бұл бездің бүтіндей жоқтығы. Егер қалқанша без өз орнын өзгертіп тілде жайғасса – тіл жемсауы, көкірек қуысында орналасса – төсасты жемсауы дейді.
Эндемиялық кретинизм – жас балаларда қалқанша без жетіспеушілігінен туындайтын ауытқулар болып табылады. Ауру балалардың өсіп жетілуі кешігіп, терісі ісініп, қалыңдап ұстап көргенде мұздай болып тұрады. Тілі үлкейіп ауызына сыймай тұрады. Сонымен қатар қаңқаның дамуы тоқтап, бала өспей қалады. Олардың бойы келте, мойыны қысқа, мұрны батық, маңдайы төмен болып келеді.
Микседема – ересек адамдарда гипотиреоз салдарынан пайда болатын ауытқу. Ауру адамның бүкіл денесі ісініп, терісі мен шырышты қабығы іркілдеп тұрады. Қалқанша без гормондарының жеткіліксіз болуына байланысты коллаген талшықтары ыдырап, қышқылды глюкозамингликандар жиналады. Бұл жағдайда қан тамырларының өткізгіштігі асып кетіп тінге қанның сұйық бөлігі шыға бастайды. Осылайшы мукоидты ісік пайда болады. Микроскоппен қарағанда қалқанша без семіп, фолликула эпителийі жойылғандығын, оның орнын дәнекер тіні басқандығын көреміз [3].
Грейвс жемсауы – бұл сырқат қалқанша без гиперфункциясымен, тиреодты гормондардың шамадан тыс түзілуімен клиникада экзофтальм (бадырақ көз), тремор және тахикардия белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Қалақанша без массасы әдетте 150-300 граммға жетеді. Без ұстап көргенде қатты болып, кесіп қарағанда сұрғылт түсті көрінеді. Микроскоппен қарағанда фолликула эпителийі биік призма түрінде болып, кейде қатарласа жайғасып, сорғышты өсінділер түзеді. Бұны Сандерсон бүртіктері деп атайды. Ал фолликула ішінде коллойд өте аз, ақшыл қызыл түсті болады, бірақ ШИҚ-реакциясымен жақсы боялады. Без стромасында лимфоциттердің, плазмалық және иммунобластық жасушалардың топталып қалғанын көреміз. Кейде олар нағыз лимфоидты фоликулалар түзеді. Аталған өзгерістер аутоиммундық реакциялардың морфологиялық белгісі болып саналады. Грейвс сырқатында ішкі ағзалар да зақымдалады. Тиреоидты гормондар миокардты зақымдап, ол жерді сірлі миокардит дамиды. Аралық тін ісініп, оған лимфоциттерден тұратын сіңбелер жиналады. Бұл өзгерістер аралық тіннің склерозына және жүректің гипертрофиясына соқтырады. Осылайша тиреотоксикозды жүрек пайда болады [7].
Бауырдағы дистрофиялық және некроздық үдерістер тиреотоксикозға байланысты дамитын бауыр циррозымен аяқталады. Ми жасушаларындағы дистрофиялық өзгерістердің және қантамырлар айналасында сіңбелердің пайда болуы тиреотоксикоздық энцефалит деп аталады. Бұдан басқа бүйрекүсті бездерінде сему, лимфоиды тіндерде гиперплазия пайда болады.
Диффузды токсикалық жемсау көп себепті сырқат. Олардың ішіндегі бастысы нервтік-психикалық бұзылыстар. Тиреотоксикоздың кейбір инфекциялардан, соның ішінде созылмалы тонзиллит, баспа және тұмаудан кейін дамитыны анықталған. Тиреотоксикоздың дамуы дегенімен де гипофиздің тиреотропты гормонының әсеріне байланысты. Ал гипофиздің өзі гипоталамус және нерв жүйесі арқылы басқарылады. Тиреотоксикозға шалдыққан сырқаттардың 1/3-нің тұқым қуалау жолымен пайда боладтындығы анықталған. Кейінгі кезде тиреотоксикоздың аутоиммунды механизмдер арқылы дамитыны дәлелденіп отыр. Аутоиммундық өзгерістерге, әсіресе, қалқанша безге тән Т-хелперлердің белсенділігіне алып келеді. Осы жағдайда В-лимфоциттер қалқанша бездің әртүрлі компоненттеріне қарсы аутоантидене түзу мүмкіншілігіне ие болады
Тиреоиттер – қалқанша безде жедел және созылмалы қабыну үдерістері де кездеседі. Созылмалы тиреоиттердің ерекше түріне Хашимото, Ридель, де Кервен жемсаулары жатады.
Хашимото жемсауы (аутоиммундық зоб) қазіргі кезде нағыз аутоиммундық сырқаттар қатарына жатады. Бұл негізінен 40-50 жастағы әйелдерде кездеседі. Аурудың дамуы қанға тиреоглобулиннің немесе тиреоциттердің микросомалы антигендердің өтуіне байланысты. Осы заттардың фолликуладан шығуы әуелі жергілікті иммунды реакция шақырып, осы жерге лимфоцит , плазмалық жасушалар топталады, қанға антитериоидты антиденелер түзіледі. Осы антиденелер қалқанша бездің одан ары бұзылуын, қанға антигендердің түсуін күшейтіп, аутоиммунды үдерістің басталуына әкеліп соқтырады. Хашимото жемсауында HLA-DR5 антигені жиі кездеседі. Қалқанша без ұстап қарағанда қатты және біраз үлкейген болады, кесіп қарағанда ақшыл-қызыл немесе ақшыл-сары түсте көрінеді. Кейбір жерлерінде дәнекер тіннің өскендігі байқалады. Микроскоппен қарағанда фолликулдар қалыпты жасушалардан 3-4 есе ірі, цитоплпзмасы түйіршікті, ақшыл-қызыл түске боялған, ядроларын гиперхромды Ашкиназе-Гюртл жасушаларымен қапталғанын көреміз. Без стромасында ошақты және диффузды, лимфоциттер мен плазмалық жасушалардан тұратын сіңбелер табылады. Кейбір жерде лимфоидты фолликулалар, олардың арасында көбею орталықтары байқалады. Бұл ұлпасы бірте-бірте семіп, дәнекер тінімен алмасады, осыған байланысты гипотиреоз дамиды [7].
Ридел жемсауы (фиброзды тиреоидит) – бұл сырқат қалақнша безде дәнекер тінінің өсуінен басталып, без паренхимасының толық жойылуымен аяқталады. Сондықтан клиникада гипотиреодизм белгілері дамиды. Микроскоппен қарағанда дәнекер тінінің тарала өсіп кеткенін, олардың арасында лимфоцит және плазмалық жасушалардан түзілген сіңбелерді көреміз. Бездің консистенциясы «темірдей» қатты, ол кеңірдекті бірте-бірте сырттан қысып, тарылтып, адам тыныс алуын қиындатады.
Бұл сырқаттың себебі әлі анық емес, кейде ол Хошимото жемсауына айналып кетеді.
Жедел деугранулематоздық тиреодит (де Кревер жемсауы) – қабынудың алғашқы кезінде қалқанша безде лейкоцитарлық сіңбелер, микроабцестер көрінеді. Кейін сол аймақта макрофагтар пайда болады. Бұл сырқаттың морфологиялық ерекшелігі қалқанша без тінінде көп ядролы, алып жасушалардан түзілген грануляциялық тіннің пайда болуы. Қанда антиденелер табылмайды немесе олардың мөлшері өте төмен болады. Осы сырқатты вирустар шақыруы мүмкін деген болжам бар.
Қалқанша без карциомасы жалпы қатерлі ісіктердің 1%-ын құрайды. Әйелдерде ерлерге қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі. Қалқанша без карциомасының дамуында радияцияның маңызы зор. Оған Херосима, Нагасаки, Чернобыль және Семей аймақтары мысал бола алады.
Папиллярлық карциома – қалқанша без ісіктерінің 70%-ын құрайды.Ісік түйіндерінің көлденеңінен бірнеше сантиметрге жетеді, консистенциясы қатты. Микроскоппен қарағанда ісік дәнекер тінінен және қан тамырларынан тұратын тәрізді немесе атипиялық эпителиймен қапталынған. Осы бүртікті құрылымдармен бір қатарда ісікте фолликулалық құрылымдар болуы мүмкін. Осы ісіктер үшін псаммомдық денешіктердің болуы да тән.
Ісік метастаздары мойын лимфа түйіндерінде табылады. Өте сирек жағдайларда гематогендік метастаздар дамиды. Жалпы қалқанша без карциомаларының басқаларына қарағанда нәтижесі жақсы.
Фолликулалық карциома кәрі кісілерде дамиды. Ісіктің капсуласы бар. Микроскоппен қарағанда ісік майда фолликулалардан түзілген, фолликула эпителийінде митоздар көп, атипизм күшті дамыған, кейде алыпжасушалық ісіктер кездеседі. Ісік айналасындағы қан тамырларына тіндерге сіңіп өседі. Сүйектерге, өкпеге, бауырға гематогендік метастаздар береді.
Анапластикалық карциома – 60 жастан асқан кәрі адамдарда жиі кездеседі. Ісік тез өсіп, метастаздар беріп, ауру өліміне әкеліп соғады. Микроскоппен қарағанда ісіктің өте атипиялық алып жасушалардан, ұршық тәрізді немесе майда жасушаларынан тұратыны анықталады. Ісік айналасындағы ағзаларға өсіп кіріп, өте көп метастаздар береді.
Медуллярлық карциома – бұл парафолликулалық С-жасушаларынан өсетін нейроэндокриндік жүйе ісігіне жатады. Медуллярық карциома өзінен карцитонин, АКТГ, серотонин, карцио-эмбриондық антиген бөліп шығарады. Микроскоппен қарағанда ісік жасушалары көпбұрышты немесе ұршықтәрізді болады. Олар дәнекер тінімен ұяшықтар түрінде бөлінген. Стромасына аммилоид, кальций тұздары шөгіп қалған. Кейде ісік отбасылық ісік түріне өтеді. Лимфогендік және гематогендік метастаздар береді [7].
Эндомиялық жемсау (зоб) – ең көп кездесетін патологиардың қатарына жатады. Ол йоды аз, негізінен таулы жерлерде, Оралда, Кавказда, Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанда (Алматы мен Жамбыл облыстары) кездеседі. Эндемиялық жемсау дамуының негізігі себебі йод жетіспеушілігі болып саналады. Қазақстан Республикасының 70-80% территориясында табиғатта йод тапшылығы анықталған, сондықтан йодтың организмге түсуі 2-3 есе аз. Йод тапшылығына байланысты эндемиялық жемсау (ультрадыбыстық зерттеулер нәтижелеріне қарағанда) 7 жастағы балалардың 15%-да, 12 жастағы балаларда 25-30%-да, жасөспірімдердің 35-40%-да кездеседі. Эндемиялық жемсауда қалқанша без үлкейіп, оның массасы бірнеше килограммға жетуі мүмкін.
Эндемиялық жемсаудың диффузды және түйінді түрлерін ажыратамыз. Жемсаудың алғашқы кезеңінен бастап, бездің фолликулдары бірте-бірте созылып, оның эпителийі жазықтала бастайды. Кейін олар жарылып бір-біріне қосылып кетеді. Сондықтан микроскоппен қарағанда олардың көлемі әртүрлі болады, яғни макрофолликулалық және микрофолликулалық жемсау. Кейбір жағдайларда осы түйіндер, бездегі қанайналымды бұзып, онда қан құйылуға, некроздың дамуына әкеліп соғады. Кейде коллойдты жемсау эпителийі көбейіп, пролиферацияланушы коллойдты жемсауға айналады. Ондай жемсауда без қызметі төмендейді.
Студенттер арасында жүргізілген жасырын сауалнаманың арқасында йод жетіспеушілікке қауіп туындаған адамдар тобы анықталды. Сауалнамаға 25 қыз бала мен 25 ер бала қатысты. Олардың жас аралығы 18-21 жас. Нәтижесінде 18,18% студенттерде йод жетіспеушілік қауіпі бар екені анықталды. Қыз балаларға жүргізілген есептеулер бойынша 25 қатысушының ішінде 55%-да осы қауіп анықталған. Ал ер балардың 45%-да йод жетіспеушілік қауіпі анықталды. Бұл нәтижелерге сүйенсек ер баларға қарағанда қыз баларда йод жетіспеушілік тән екенін аңғарамыз.
Қалқанша безінің үлкеюінің негізгі дәрежелері:
Бірінші дәрежелі үлкею кезеңінде қалқанша без қолға анық байқалады, бірақ көзге көрінбейді.
Екінші дәрежелі үлкею кезеңінде қолға анық байқалады және жұтынғанда көзге анық байқалады.
Үшінші дәрежелі үлкею кезеңінде ісінуді медициналық білімі жоқ адам да анық байқай алады.
Төртінші дәрежелі үлкею кезеңінде эндемиялық жемсау адам мойнының формасын күрт өзгертіп жібереді.
Бесінші дәрежелі үлкею кезеңінде мойын өте үлкен болып ісініп адамға көптеген кедергілер әкеледі. Бұл кезде адамнын тынысы тарылып, ауырлық сезімі пайда болады.
Әйел адамның қалқанша безінің көлемі 18мл-ден, ал ерлерде 25мл-дан аспауы тиіс.
Осы ауытқулардың алдын алу ол әрбір адамның өз қолында. Алайда көпшілігіміз организмге қажетті йодтың тәуліктік нормасын біле бермейміз. Мысалға:
-Ересектер мен жасөспірімдерге тәулігіне – 100-200 мкг;
-Нәрестелер мен 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне – 50-100мкг;
-Екіқабат әйелдер мен бала емізетін аналарға тәулігіне – 200мкг;
-Эндемиялық жемсауға қатысты ота жасатқан адамдарға тәулігне – 200мкг.
Адамның күнделікті тамақтану рационында құрамында йоды бар көптеген тағамдар кездеседі. Сонымен қатар ол тағамдардың құрамыда адам организіміне оң әсері етіп, йодтың сіңірілуін қамтамассыз ететін дәрумендер де бар. Ондай тағамдарға құрма, барбарис, ламинария балдыры, пияз, қызылша, треска балығының бауыры, қауын, саңырауқұлақ, жасыл бұршақ, шалқан, құлпынай, қызанақ, грек жаңғағы, сарымсақ, жұмыртқа, банан, шпинат, картоп, алма тұқымы, қара жидектер жатады. Адам үшін теңіз қырыққабаты ламинария мен құрма негізі йод көзі. Ол тағамдардың 100граммында 130-140мкг йод кездеседі. Сонымен қатар күнделікті тағам ретінде қолданылатын тауық жұмыртқасында йодтың 64мкг кезелседі. Осы тағамдарды қолдану арқылы организмдегі йодтың тұрақтылығын сақтап тұруға болады.
Тамақтанумен қатар, оргнизмінде йоды жетіспейтін адамдарға:
Теңіз жағалауында жиірек серуендеу;
Организмде йодты толықтыратын биологиялық активті қоспаларды пайдалану;
Көңіл-күйі көтеріңкі жүру;
Дәрігердің рұқсатымен берілген дәрілерді ( «Йодомарин», «Калий йодиді», «Бальзам возраждения», «Йодофол») пайдалану керек.
Эндемиялық жемсауда мынадай тұнбаны (халық медицинасы) пайдаланған тиімді:
1) грек жаңғағының сыртқы қабағымен қосып, ұсақтап майдаланған түрінен – 10г;
2) тазартылмаған сұлыдан – 2 ас қасығын;
3) қалақай шөбінің тамырынан – 2 ас қасығын алып үстінен 2 литр су құйып, 20мин қайнату қажет. Пайда балған тұнбаға 2 ас қасық бал, бірдей мөлшерде алынған 4 ас қасық жалбыз, қарағай бүрлері, қоспасын қосып тағы 15 мин қайнату. 1 ай көлемінде күніне 2 рет ас алдында 30мин бұрын 70граммнан пайдалану.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады ( 100 кг тұзға 2,5 г йодты калийді қосады). Қалқанша без қызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Қалқанша безі – ішкі секрецияның маңызды мүшесі. Оның гормондары зат алмасуын реттеуге қатысады, жүйке және жүрек-тамыр системасының қызметіне әсер етеді. Қалқанша безінің қызмет атқаруы гипофиз бен орталық жүйке жүйесінің әрекетіне байланысты. Өлшемдерінің шағындығына қарамастан қалқанша безі организмнің тіршілік әрекетіне зор әсер етеді: физиологиялық процестерді жандандырады және реттейді, адамның жұмыс қабілеті мен көңіл күйіне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |