ӘОЖ 745 Ж 26
Жанқожаева А.Қ., Шаринова Г.С. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстанда ұлттық қол өнер шеберлері, яғни зергерлер, қыш құюшылар, нақыштаушылар, ағаш кесушілер қашанда болған. Олардың өнер түрлері бүгінге дейін сақталған, алайда бәріне қарағанда киіз, яғни түйе, қой жүнінен өнім өндіру өнері ерекше және үлкен сұранысқа ие болып есептеледі. Киіз кілем беті мен киімдерді сонымен қатар, көшпенділердің мекені – киіз үй дайындауда қолданылған. Киіз үй киізбен сыртынан және ішінен қапталады. Ал оның табиғи қасиеттерін көптеген әлем елдері мойындаған. Киізді декоративті бағытта қолдануға болады. Декоративті киізбен жұмыс жасайтын шеберлер арқасында ол сән трендіне айналды. Қазіргі дизайнерлер оны киім үлгілерінің бөліктеріне қолданып қана қоймай, одан жеке костюмдер, пальтолар, қалпақтар тігетін болды. Соңғы кездері киізден жасалған сырғалар, алқалар, білезіктер кең тарауда. Сонымен қатар, сөмкелерді, ұялы телефондарға арналған қапшаларды, аяқ киімдерді, т.б. да атауға болады. Киіз өндірісі – белгілі бір шеберлікті қажет ететін күрделі үдеріс.[1]
Киіз өнімдерінің бірі – киіз шұлықтар. Киіз шұлықтар жасау үшін арнайы жұқа, жұмсақ, ақ және қоңыр түсті киіз қолданылады. Әр шұлықты біркелкі киізден пішеді. Табаны мен қонышы бір тігіспен тігіледі. Үстін қара түсті мақта матадан тігу керек.
Киіз ұлтарақтар ыңғайлы, төзімді әрі жылы болып келеді. Ондай ұлтарақтар суық мезгілде далада жұмыс істейтіндерге (балықшылар, аңшылар, құрылысшылар, шахтерлер, геологтар мен әскерилерге) арналған. Киіз ұлтарақтары қан айналымды реттеп, аяқтың шаршағандығы мен ауырғандығын басады, суық тию мен түрлі аурулардың алдын алады. Оларды түрлі өлшемде жасайды.
Киізден жасалған жабық тұмсықты байпақ жылы болады. Оларды пішу үшін үлгі ретінде үйдегі ескі аяқ киімдер жарайды. Тігістерін сөгіп, жеке бөлшектерін қағазда түсіріп, киізге аударыңыз. Тұтас киіз қолданған дұрыс. Табан, ұлтарақ пен ұйықтың үстіңгі және астыңғы бөлігін жекелеп дайындау керек. Ұйықтың екі бөлігін бір-біріне жабыстырып, үстіңгі бөлігін ораңыз. Оларды кантпен өңдеуге болады. Үстіңгі бөлік кант немесе аң терісімен өңделеді. Киізден бас киім де тігуге болады. Әйелдерге арналған қалпақтарды жасау оңай. Олар үшін көлемі жағынан үлкен киіздер қолданылады. Бөліктер біркелкі материалдан тігіледі. Үлгі бойынша қалпақтың үстіңгі бөлігін дайындаймыз. Үстіңгі бөлік айналдырылып тігіледі. Қалпақтың жиектері де оралып тігіледі. Әйелдерге арналған қалпақтардан бөлек, моншаға арналған қалпақтар, кілемшелер тігуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |