Государственного педагогического



бет8/29
Дата20.06.2018
өлшемі2,35 Mb.
#44004
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

Аnnotation. In this work versatile research of the mechanism of social legal protection of citizens, in this regard finding of solutions of a problem in a new foreshortening and introduction of offers on changes and additions into RK legislation is considered, considering all its shortcomings.



940.5(574)

Қ56

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қожимбетова Р.Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Кейінгі ортағасырлық Қазақстан тарихындағы  маңызы өте жоғары оқиғалардың біріне - Қазақ хандығының құрылуы жататындығы баршаға мәлім. Ұлттық сипаттағы мемлекеттің тарих төріне шығуымен қазақ жеріндегі ежелгі замандардан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық, мәдени, рухани, мемлекеттілік және тағы басқа үрдістер өзінің этникалық межесіне жетіп, одан кейінгі тарихи кезеңдерде жаңа сипатта дами бастайды. Қазақ хандығының құрылуы - сонымен қатар қазақ тарихында хандық дәуір деп аталатын  жаңа тарихи кезеңнің пердесін ашып береді. Осы айтылғандардың бәрі Қазақ хандығының құрылуының  тарихи маңызын көрсетсе керек. 
Соған қарамастан Қазақ хандығының құрылуы мәселесі ұзақ уақыттар бойы толық шешімін таппай келді. Оның ең басты себебіне мәселеге қатысты жазба деректердің тапшылығы жатса керек. Үстіртін қарағанда осы мәселеге қатысты жазба деректер өте аз болып көрінгенімен, мәселенің әртүрлі аспектілеріне тереңірек үңілсек жазба деректердің біршама бар екендігіне көз жеткізуге болады. Бірақта олардың үзік-үзік, әрі шашыраңқы және әр түрлі тілдердегі туындыларда болуы, сондай-ақ әртүрлі тарихи кезеңдерде  жазылуы зерттеушілерге көптеген қиындықтар туғызады. Соған байланысты Қазақстан тарихының кейінгі ортағасырлық дәуірімен айналысатын зерттеуші мамандар  осы мәселеге қатысты жазба деректерді жүйелеуді қолға алып, мәселеге қатысты дерек мәліметтерін бірізділікке түсіру үшін  бірнеше принциптерді ұсынады. Сондай принциптердің біріне – әулеттік принцип негізге алынып, ол бойынша Қазақстан тарихының жоғарыда аталған кезеңіне  қатысты парсы тіліндегі тарихи шығармалар темірлік, шибанилық, аштарханилық, шағатайлық, хиуалық деректер  деп топтастырылады.  Біз төменде аштарханилық деректер тобына жататын ортағасырлық автор -  Махмуд бен Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал- ахйар» атты  тарихи шығармасының мәліметтеріне тоқталып, олардың Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде  қаншалықты маңызға ие екендігін қарастырамыз.  

  Алдыменен Мауереннахр аймағында шибанилық әулеттің орнына келген аштарханилар әулеті жөнінде қысқаша тоқтала кетелік. 


ХYІ ғасырдың ортасында Астрахань немесе Хажытархан хандығын Орыс мемлекеті жаулап алғаны белгілі. Қазан хандығындағы секілді бұл мемлекетте де билеуші әулет өкілдері Мәскеу княздығының үстемдігіне байланысты екі қарама-қарсы топқа бөлінеді. Орыс үстемдігіне қарсы топ жеңіліске ұшырап, амалсыздан басқа елдерге кетуге мәжбүр болады. Солардың қатарында болған билеуші әулеттің екі өкілі - Жармухаммед пен оның ұлы Жан Мауереннахрға келіп, шибанилық  Ескендір ханды паналайды. Ескендір хан қызын Жанға ұзатып, одан Бақымұхаммед  атты ұл  дүниеге келеді. ХYІ  ғасырдың соңында  шибанилық әулеттің соңғы өкілдері - ІІ Абдаллах  хан мен оның ұлы Абд ал-Мумин өлтірілгеннен кейін билікке 1599/1600 жылы Бақымұхаммед отырғызылады. Тарихта бұл жаңа әулет – Жанилықтар немесе Аштраханилықтар (астрахандық) әулеті деп аталады. Әулет билігі Мауереннахрда әртүрлі тарихи жағдайларды басынан өткере отыра, 1785 жылға дейін созылады [1, 232-233 бб.]. 
Әулеттің билігі тұсында Орталық  Азияда көптеген жазба туындылар дүниеге келеді. Олардың ішінде тарихи тақырыптарға арнап жазылған еңбектер бір төбе. Тарих ғылымында осы әулеттің билігі тұсында жазылған жазба дерек ескерткіштері  аштраханилық деректер тобына  жатқызылады. Аштраханилық деректердегі Қазақстан тарихына қатысты мәліметтерге шығыстанушы ғалым Ж.М. Төлебаева өзінің арнайы зерттеуінде жалпы ғылыми сипаттама береді. [2, 133-153 бб.]. Ал біз болсақ, осы топтағы Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайтын дерек мәліметтеріне ғана тоқталамыз. Ондай дерекке Махмуд бен Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар» (Море тайн относительно доблестей благородных) атты 1634-1640/41 жылдары жазылған еңбегі жатады. Еңбек алғысөз бен кіріспеден, жеті томнан, әрбір том төрт бөлімшеден тұрады [3, 1136-1137 бб.]. Шығарманың алтыншы томы ХІІІ  ғасырдан ХYІІ ғасырға дейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы, Мауереннахрдағы әулеттер тарихы мен саяси оқиғаларды баяндауға арналған [4, 70-71 бб; 2, 136-141 бб.]. В.П. Юдиннің жазуынша Махмуд бен Уәлидің мәліметтері көп жағдайда компиялтивті, соған қарамастан онда автор  тың мәліметтерді жиі пайдаланған [5, 323 б.]. Біз өзімізге қатысты «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар» шығармасындағы мәліметтерді К.А. Пищулинаның орыс тіліне аударып, «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихының материалдары» ( одан әрі жинақ атауын  МИКХ деп атаймыз – Б.К.)   атты жинаққа енгізген үзінділерінен алғанымызды атап өтеміз [5, 346-351 бб.].
Бұл шығармада Қазақ хандығының құрылу тарихынан басқа көптеген тарихи мәселелерді түсіндіруге негіз бола алатын құнды мәліметтер мол кездеседі. Олардың қатарына Ақ Орда атауы, Йуз Орда атауы, XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасыр басындағы қазақ-моғол қарым қатынастары, Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қатынастар және тағы басқа мәселелер жатады. 
Енді осы еңбектегі Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты нақты мәліметтерге тоқталалық.
Шығарманың екінші бөлімі Шығыс Түркістандағы шағатайлықтар әулетінің билігіне арналса, ал үшінші бөлімі Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси оқиғаларды баяндауға арналған. Деректегі оқиғалардың бәрін тізіп жатпай, біз тек шығарманың үшінші бөлімінде кездесетін  Қазақ хандығының құрылуына қатысты деректерді қарастырамыз.  Ол деректерді төмендегіше топтастыруға болады: 
1) ХІІІ - ХY ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген  Шибан әулеті шежіресінің  (деректе Шайбан деп жазылады – Б.К.) қысқаша тарихы туралы мәліметтер. Бұл мәліметтер XVI ғасыр басындағы шибанилық топқа жататын  анонимді «Тауарих-и гузида-ий нусрат- нама» еңбегінен алынған [6, 33-43 бб]. Махмуд бен Уәли ол мәліметтерді сол күйінде көшіріп алмай, ондағы әрбір шибанилық өкілге сипаттама беріп отырады және  олардың өміріне қатысты тарихи фактілерді мүмкіндігінше беруге тырысады. Ол мәліметтердің моңғолдар үстемдігі мен одан кейінгі кезеңдердегі Қазақстанның саяси тарихы үшін маңызы ерекше болып саналады. Мысалы, Жошы ханның бесінші ұлы Шайбанның (Шибан, Сибан,) екі ұлының кенжесі Бахадүрдің әкесінен кейін ұлысты басқарғанын, оның өзіне қарасты ру-тайпаларға арнап  қысқы-жазғы жайылымдық жер үшін Ақ Орданы таңдап алғанын, Ақ Орда атауының одан басқа тағы да Йүз Орда деп аталатынын айтып өтеді.[5, 347 б.] Сондай-ақ Махмуд бен Уәли одан әрі Шибан әулетін дәріптей отыра, Әбілхайыр  ханның билікке келуімен осы әулеттің Шығыс Дешті Қыпшақта саяси жағынан беделінің өскенін айтады және Алтын Ордадағы  Жәнібек ханнан  (1341-1357)  Әбілхайыр хан билікке келгенге дейін ел мен мемлекетті дұрыс басқара алатын тұлға табылмады деп шибанилық әулет өкілін асыра  бағалайды.  [5, 346-351 бб.].
2) Әбілқайырдың билікке келуі туралы мәліметтер. Мұнда өте қысқаша түрде Әбілхайырдың шибанилық әулет арасындағы билік үшін күрестерде жеңіске жетіп, тақты иеленгендігі жөнінде айтылады[6,141-150 бб]. Махмуд бен Уәлидің бұл мәліметі компилятивті. Автор Әбілхайыр ханның билікке келуі жөніндегі мәліметтерді Масуд бен Осман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр хани» атты еңбегінен алынғаны анық байқалады. «Тарих-и Абулхайр хани» еңбегінде кең түрде баяндалған оқиғаларды Махмуд бен Уәли өте қысқа түрде береді. 
3)   Керей мен Жәнібек бастаған шығысдештілік тайпалар тобының Моғолстанға көшіп келуі туралы мәліметтер [5, 352 б.]. Шығарма  авторының бұл мәліметтерді «Тарих-и Рашидиден» алғаны белгілі. Өйткені Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын ең алғашқы жазба дерек мәліметі тек Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде ғана кездеседі[8,110-111 бб; 305-306 бб]. Махмуд ибн Уәли ол мәліметтерді жай ғана көшіріп қоймай, оны өзінше түсіндіріп және бізге дейін жетпеген кейбір деректердің мәліметтерімен толықтырып береді. Негізінен алғанда, Қазақ хандығының құрылу тарихындағы ең басты оқиға – Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалар тобының «көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп, Моғолстандағы Есенбұға ханға келіп қосылғандығы туралы мәлімет «Бахр ал-асрарда» қайталанады. Махмуд бен Уәли тек кейбір тұстарда ғана  Керей мен Жәнібек хандардың бөлінуі мен Жетісу жерінде қоныстануына қатысты жерлерде нақтылық көрсетеді. Мысалы, «Тарих-и Рашидиде» Керей мен Жәнібекке Есенбұға ханның Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы өңірі берілді десе, Махмуд бен Уәли оның себептерін түсіндіреді. Махмуд бен Уәлидің баяндауы бойынша Керей мен Жәнібек хандарға берілген – Шу мен Қозыбасы  өңірі  - жай ғана жер емес, Есенбұға ханның иелігі мен оның ағасы Жүніс ханның ихтасы арасындағы өңір. Жүніс ханның ихтасы дегеніміз - Ферғана аймағының шығысындағы  Жетікент өңірі, Жүніс хан Мауереннахр билеушісі Әбусайд мырзадан ол жерді басқару үшін алған, сол себепті Махмуд бен Уәли ол өңірді Жүніс ханның ихтасы деп жазады. Автордың осы мәліметіне терең назар аударып, оны сол тұстағы  оқиғаларды баяндайтын басқа да дерек мәліметтерімен әрі салыстыра, әрі бір-бірімен толықтыра қарастырсақ, Қазақ хандығының не себепті Жетісудың батыс өңірінде құрылғандығына көзімізді жеткізгендей боламыз. 
Төменде сол жөнінде ойымызды тарқатып көрелік.
Моғолстан мемлекеті Орталық Азиядағы үш географиялық аймақтан тұрғаны белгілі. Оның құрамына XIV ғасырдың ортасында Шығыс Түркістан, Жетісу және қазіргі Қырғызстан аумағы енеді. Есенбұға ханның билігінің соңғы кезеңінде орталық билік әлсіреп, жергілікті әмірлердің, әсіресе, соңғы екі аймақтағы көшпелі және жартылай көшпелі тайпа әмірлерінің шағатайлық ханға қарсы наразылықтары күшейеді. Сол себепті де Есенбұға ханның ағасы Жүніс хан Әбусайд мырзаның қолдауымен Моғолстан жаққа бет алғанда оны бірінші болып Ыстық көл маңайында көшіп-қонып жүретін  Есенбұға ханға наразы тайпа әмірлері  қолдайды.Бұл туралы Бабыр былай деп жазады: «Сұлтан Әбу Сайд мырза Жүніс ханды моғол ұлысына хан етіп отырғызғанда, бұрын Есенбұға ханға өкпелеп кеткен Сағараш тұманының барлық бектері Моғолстанға қайтып оралды. Жүніс хан оларға келіп жолықты. Ол кезде Сағараш тұманының бегі Шир Қажы бек болатын. Жүніс хан оның қызы Исан Дулат бикеге үйленді. Моғолдардың әдеті бойынша Жүніс хан мен Исан Дулат бикені ақ киізге отырғызып, хан көтерді»[9, 30 б.]. Деректен көріп отырғанымыздай, Моғолстандағы үш аймақтың біріне жататын қазіргі Қырғызстан бірінші болып Жүністі хан көтереді. Оған іргелес жатқан Жетісу жерінің тайпалары да Жүніс ханды қолдап кетуі әбден мүмкін болатын. Сол себепті де Есенбұға хан Жетісу тайпаларының Жүніс ханды қолдауына жол бермеу үшін осы аймаққа Жүніс ханмен бір мезгілде келіп жатқан Керей мен Жәнібек хандарға Жетісудың батысынан, яғни Шу мен Қозыбасы өңірін береді. Шынында да картаға көз салсақ, Махмуд бен Уәли айтқандай, Шу мен Қозыбасы өңірі – Ыстық көл маңы мен бүкіл Жетісу жеріне апаратын жолда тұр. Осылайша, Есенбұға хан Керей мен Жәнібек хандарға Шу мен Қозыбасы өңірін беру арқылы бүкіл Жетісу тайпаларының Жүніс ханды қолдап кетуіне тоқтау қояды. Бірнеше дерек мәліметтерін бір-бірімен байланыстыра отыра қарастыру, бізге осындай қорытынды жасауға мүмкіндіктер береді. Сол деректердің ішінде әрине, Махмуд бен Уәли дерегінің алатын орны ерекше болып табылады. Осы топтағы құнды деректердің біріне - алғашқы қазақ ханы боп Керейдің тағайындалуы туралы мәлімет жатады. Осы үшінші топтағы мәліметтерге қатысты жоғарыда айтылған ойларымызды түйіндей келе, оның Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде  құндылығы өте жоғары деп санаймыз. 
4) Келесі маңызды деректерге - Әбілқайыр ханның Моғолстан жаққа ең соңғы жорығы мен  оның бағыттары және  жорық барысында ханның қайтыс болуы туралы мәліметтер жатады [5, 358-361 бб.]. Өкінішке орай, Махмуд бен Уәлидың осы мәліметіне зерттеушілер тарапынан онша мән берілмей  жүр. Дерек мәліметінде Әбілхайыр ханның  Моғолстанға жорық жасау ойы пайда болып, әскер жиюға бұйрық бергендігі, хан әскерінің Еділ өзені бойында жиналғандығы, жорық бағытының Еділ өзені бойынан басталып, Алатау (деректе Ала-Так деп айтылады. – Б.К.), Қызыл Нәдір жайлауы және Жетіқұдық деген жер арқылы өткендігі, Ақ қышлақ деген жерде Әбілқайыр ханның ауырып, қайтыс болғандығы және сол кезде оның жасы 57-де, хижра жыл санауы бойынша 874 жылы(1469/1470 жыл), тышқан жылы екендігі айтылады.[5, 358-361 бб.] Егерде автордың осы мәліметтерін жоғарыда айтып өткеніміздей, басқа да дерек мәліметтерімен салыстыра, толықтыра отыра қарастырсақ, Қазақ хандығының құрылуының соңғы кезеңіндегі көптеген мән-жайды түсінгендей боламыз. Махмуд бен Уәлидың бұл мәліметтерді бізге дейін жетпеген басқа деректен алғаны көрініп тұр, соған қарамастан біз оларды Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты оригиналды мәліметтер қатарына жатқызамыз. Осы дерек мәліметтерінің маңызын білу үшін олардың қандай мәселелерді шешуге жәрдемі бар екенін біліп алу қажет. Ол үшін алдыменен, не себепті Әбілхайыр хан дәл осы 1469/1470 жылы Моғолстанға кенеттен жорық жасады деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Тарихи деректерде дәл осы жылдың көктемінде Есенбұғаның мұрагері, әрі Моғолстан ханы Досмұхаммед ханның, Мауереннахр билеушісі Әбусайд мырзаның қайтыс болғандығы айтылады[8,117 б.]. Бұл хабарды естіген Әбілхайыр хан бірден Қазақ хандығын жою үшін жорыққа шығуға бұйрық береді. Өйткені Моғолстан құрамындағы  Қазақ хандығына Әбілхайыр ханға наразы ру-тайпалар кетіп жатқан болатын. Бұл үрдіс Әбілхайыр ханның жағдайын қалай әлсіретсе, керісінше қазақтардың жағдайын солай күшейтуде еді. Сол себепті де жорықтың мақсаты - Жетісу жеріндегі қазақ мемлекетін жою болып саналды. Ал жорықтың бағыты біздің ойымызша, Махмуд бен Уәли дерегінде қате берілген. Біз ол жөнінде – өзіміздің басқа бір жұмысымызда дәлелдеп көрсеткен едік. Жорық барысындағы географиялық атауларға деректанулық тұрғыда талдау жасау арқылы біз, Әбілқайыр ханның соңғы жорығының Моғолстанның батысындағы Қазақ хандығына бағытталғандығын анықтадық.[10, 11, 17-19 бб.]. Жорыққа қатысты мәліметтерде кемшіліктер болса да, олар  оған дейінгі ешбір деректе айтылмағандықтан, біз оны Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты оригиналды мәліметтер қатарына жатқызамыз. 
5)   Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейінгі оның мемлекетінде қалыптасқан жағдайлар туралы мәліметтер. Бұл мәліметтер Қазақ хандығының құрылуының соңғы кезеңін ашуға көмектеседі. Онда шығарма авторы Әбілхайыр ханнан соң билікке оның мұрагері Шайх - Хайдар ханның келгенін, бірақ та оның мемлекетті басқарудың сырын жақсы білмегенін, оған қарсы көрші елдердегі билеушілердің күрескенін, олардың ішінде қазақтар тарапынан Барақ ұлы Жәнібек ханның айтылатындығын және тағы басқа мәліметтерді баяндайды[5,361-368 бб.]. Бұл мәліметтер компилятивті сипатта, өйткені Махмуд бен Уәли бұл деректерді шибанилық деректер қатарындағы «Таварих-и гузида-ий нусрат нама», «Шайбани -нама», «Фатх - нама» деректерінен алған. Соған қарамастан автордың бұл деректері Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде өз маңыздылығын жоғалтпайды.
Осылайша, Махмуд бен Уәлидің еңбегіндегі мәліметтердің Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеудегі маңызы мәселесін қарастыра келе, біріншіден, автордың мәліметтері Қазақ хандығының  құрылуы тарихын  зерттеуде  басты, негізгі немесе мәселеге  тікелей қатысты деректер қатарына жатады, ал, екіншіден, Махмуд ибн Уәлидің біз қарастырып өткен мәліметтері ғылыми құндылығы жағынан «Тарих-и Рашидидың» мәліметтерінен кейін келесі орынды иеленеді дейміз.
 Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Стэнли Лень-Пуль. Мусульманские династии. – СПб; 1889.  

  2. Тулебаева Ж.М. Персоязычные источники по истории казахов и Казахстана  ХІІІ-ХІХ вв. –Астана, 2006.

  3. Стори Ч.А. Персидская литература. Библиографический обзор в 3-х частях / Перевод, переработка и дополнения Брегеля Ю.Э. – Москва; 1972. Ч. ІІ.

  4.  Ахмедов Б.А. Историко-географическая литература Средней Азии ХYІ -ХYІІІ вв. (Письменные памятники) –Ташкент, 1985.

  5. Бахр ал асрар фи манакиб ал-ахйар. Мына жинақта:// Материалы  по истории Казахских ханств в XV – XVIII вв.(Извлечения  из персидских и тюркских сочинений)  Составители: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата,1969. (Одан әрі – МИКХ.)

  6. Таварих-и гузидий нусрат- наме. Мына жинақта: //МИКХ., Алма-Ата,1969.

  7. Тарих-и Абулхайр хани. Мына жинақта: //МИКХ., Алма-Ата,1969.

  8. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003 - 616 б.

  9. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. Толықтырылып екінші басылуы. Қазақша сөйлеткен Байұзақ Қожабекұлы. Алматы: Ататек – 1993, 448 бет.

  10.  Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы. // Қазақ тарихы. 1995. № 6.

 Кәрібаев Б. Әбілқайырдың Моғолстанға жорығы //Қазақстан Ұлттық энциклопедия. – Т.1. –Алматы, 1998. – 624 б. 
Аннотация. В данной статье рассматривается создание казахского ханство, а также с помощью эпоха истроии казахского ханство открывается новый исторический занавес
Annotation. In this article creation is examined Kazakh government, and also with a help epoch history of Kazakh a government is opened new historical curtain

2(574)

К88

РАЗВИТИЕ РЕЛИГИОЗНОЙ ТОЛЕРАНТНОСТИ В КАЗАХСТАНЕ
Қуандықова Э. Ж., Мүтәлі Ұ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
В современном мире мы часто слышим и сами употребляем слово «толерантность», не до конца поняв глубину этого выражения. Само понятие толерантности формировалось на протяжении многих веков, и этот процесс продолжается до сих пор. Примечательно, что проблема толерантности впервые возникла в западной цивилизации на религиозном уровне, а религиозная толерантность положила начало всем другим свободам, которые были достигнуты в свободном обществе.

Религиозную толерантность можно сформулировать следующим образом: «это толерантное отношение адептов одной религиозно-конфессиональной общности к адептам других религиозно-конфессиональных общностей. Каждый следует своим религиозным убеждениям и признает аналогичное право других».[1]

Интересно то, что во многих странах мира существуют законы в рамках конституций этих стран, явно запрещающие государству принимать участие в определённых актах религиозной нетерпимости или предпочтения в пределах границ данного государства. Например, первая поправка к конституции Соединённых Штатов, 4-я статья основного закона Германии, статья 44.2.1конституции Ирландии, 40-я статья конституции Эстонии, 24-я статья конституции Турции и 36-я статья конституции КНР. Несмотря на то, что в конституциях многих других стран отсутствуют положения, напрямую относящиеся к религии, там, тем не менее, присутствуют положения, запрещающие дискриминацию по религиозному признаку (например, 1-я статьяконституции Франции, 15-я статья Хартии о правах и свободах (англ.) Канады и 40-я статья конституции Египта (англ.)). Следует отметить, что такие конституционные положения не обязательно гарантируют, что религиозная нетерпимость будет отсутствовать во всех элементах государства во все времена, и практика может широко отличаться от страны к стране.

В США хотя и категорически запрещается финансирование политических партий и религиозных организаций, если их целью является распространение религии, многие экстремистские общества легально проводят свои собрания и съезды, вербуют новых членов, на страницах газет и журналов выражают свое мнение по «решению расового вопроса». Власти не спешат принимать ответные действия, несмотря на то, что подобные организации выступают за весьма крайние взгляды на решение вопроса. Поощрение сектантских религий в США - нормальное явление в силу того, что идеи индивидуализма здесь очень развиты, как известно именно данные секты занимаются миссионерской деятельностью в странах Центральной Азии.[2]

А в России в основном все конфликты в религиозной сфере носят не межрелигиозный, а внутри религиозный характер.[3]

Религиозная толерантность сегодня стала решающим фактором обеспечения мира, стабильности и экономического прогресса Казахстана. Для казахстанцев принцип толерантности является не только нормой политической культуры, но и одним из ключевых принципов государства, который самым решительным образом поддерживает и укрепляет ее. О том, что религиозная веротерпимость является составным элементом не только культуры толерантности, но и этнополитики Республики Казахстан свидетельствует тот факт, что именно в Казахстане впервые в мировой практике был проведен Всемирный съезд представителей мировых и традиционных религий (2003). Впоследствии это стало доброй традицией в проведении подобных встреч и далее (2006, 2009 и 2012 гг.). Такая позиция государства, опирающаяся на общую основу взаимного признания, позволяет преодолеть отталкивающие друг друга конфессиональные разногласия.

Модернизация духовной жизни казахстанского социума в эпоху глобализации невозможна без нового конструктивного подхода к религии. Исторически Казахстан всегда был перекрестком, местом встречи и диалога различных религий, культур и цивилизаций Востока и Запада. Унаследованная из культурно-этических традиций казахов, терпимость в духовной сфере является хорошей основой для сохранения гражданского мира в настоящем и будущем. За годы независимости Казахстан обеспечил абсолютную свободу религиозного вероисповедания всем конфессиям: мусульманам, православным, католикам, протестантам, иудеям. Произошел значительный количественный и качественный рост религиозных институтов. Сегодня по данным Агентства по делам религий Республики Казахстан общая численность религиозных объединений представляющих 17 конфессий составляет 3 088, а в 1990 году их было всего 670. Количество Исламских объединений выросло с 46 до 2 229. Более четырех раз увеличилось число приходов Русской Православной Церкви (с 62 до 280). В два раза увеличилось число объединений Римско-Католической Церкви (с 42 до 79). Число протестантских церквей как традиционных, так и новых увеличилось почти до 500. Кроме них существуют еще - 4 иудейских, и 2 буддийских религиозных объединений. Религиозные праздники Курбан айт и Рождество Христово объявлены в Казахстане выходными днями.

При этом важной характерной чертой является то, что религиозные объединения в Казахстане не просто существуют сами по себе в отрыве от общества, но и привлекаются к участию в социально-культурных мероприятиях, направленных на упрочение в обществе гражданского мира и духовного согласия.


Список использованной литературы:

  1. «Религиозная толерантность в современном обществе» а. Симоварян, В.Овян.

  2. «Религиозная терпимость или взаимоуважение между конфессиями» http://easttime.ru/analitic/1/4/125p.html

  3. «Религиозная терпимость: традиционные проблемы» С. Градировский



Аннотация. Бұл мақалада автор діндегі толеранттылық пен оның нақты анықтамасы және әлемдегі АҚШ және Ресей секілді алпауыт елдердегі толеранттылық пен өз Отанымыздағы діни төзімділікті салыстырады. Ерекше назарды автор өзге елдердегі дінге байланысты заңдарға және Қзақастандағы діни ағымдар мен конфессиялардың жағдайына аударады.

Annotation.In this article the author gives information about religious tolerance and its definition6 also compares religious tolerance in our homeland with other countries like the U.S., Russia. The author pays special attention to the laws relating to religion in different countries of the world and religious sects and denominations in Kazakhstan.

УДК 519.71; 669

ПОСТРОЕНИЯ МОДЕЛИ И АНАЛИЗ ПРОЦЕССОВ, ПРОИСХОДЯЩИХ В ЭКОНОМИЧЕСКОЙ СИСТЕМЕ
Мадиярбекова А.М., Айтбаева И.Ш., Бупежанова А.К.

Жамбылский гуманитарно-технический университет, г. Тараз
Информационное обеспечение устойчивого развития регионов является одной из актуальных задач современности. При решении этой задачи необходимо учитывать специфику и особенности создания, внедрения и развития информационных технологий в конкретном регионе. Результаты исследований, представленные в данном сборнике, обладают общей теоретической значимостью, но в первую очередь они ориентированы на технологии, имеющие важное значение для поддержки и информационного обеспечения развития региона. Показатели функционирования экономической системы обычно представляются в виде временных рядов. Определяя темп роста показателя, находим скорость его движения, а темп темпов позволяет фиксировать ускорение.

Естественно, что качество первичной обработки статистических данных во многом определяет адекватность будущей модели. Для первичной обработки временных рядов предлагается новая процедура нормирования (сглаживания) – медианная. Пусть дан временной ряд A1, A2, …AK, тогда каждый новый элемент сглаженного ряда Ci вычислим по следующей формуле:


Ci = 1 + (Ai – Me) / ( Amax – Amin + 1), i= 1..k, (1)
где Me – медиана временного ряда; Amax, Amin – максимальный  и минимальный члены ряда.

Отметим некоторые преимущества предлагаемого подхода относительно других методов сглаживания.

Вопервых, уменьшается общая погрешность преобразования. При расчете темпов роста после медианного преобразования получаем еще одно серьезное преимущество – в преобразованном временном ряде отсутствуют нулевые и отрицательные компоненты при практически полном совпадении данного тренда с исходным. При анализе процессов, происходящих в экономической системе, нами используется показатель темпа темпов роста или ускорения движения. Здесь опять же очевидны преимущества медианного преобразования, практически полностью отсутствует фазовый сдвиг, что обеспечивается процедурой нормирования данных в предложенном методе сглаживания временных рядов.

После процедуры нормирования исходных данных начинается



третий этап построения модели – формируются фактические ранговые ряды движения показателей. Для этого выполняются следующие действия:

-рассчитываются темпы роста показателей (анализ темпов позволяет оценить изменение условий, в которых происходит функционирование исследуемой системы);

-рассчитываются ускорения изменения величин показателей;

-ранжируется список показателей по убыванию величины ускорения их движения, т.е. первый ранг закрепляется за показателем с наибольшим ускорением,  а  последний – за  показателем, имеющим наименьшее ускорение.

Одна из проблем, с которой можно столкнуться при выполнении расчетов, – проблема дифференциации показателей с равными ускорениями. Для решения этой задачи ранги показателей, имеющих одинаковые ускорения, можно определить по содержательным соображениям, вытекающим из конкретных задач исследования.

В результате выполнения этого этапа получаем несколько ранговых рядов (табл. 1), которые отражают структуру движения анализируемых показателей в разные периоды функционирования экономической системы.

Четвертый этап заключается в сравнении двух ранговых рядов – критериального и фактического. Как известно, ранговые ряды отличаются друг от друга по двум основным характеристикам: вопервых, разностью между номерами отдельных показателей и, вовторых, инверсией одного полного ряда по отношению к другому

Таблица 1

Матрица рангов движения показателей

Наименование покозателей

Критериальный

порядок движения



Фактич. порядок движения по периоду

Т1

Т2

Т3



ТК

Показатель 1

1

X11

X12

X13



X1K

Показатель 2

2

X21

X22

X23



X2K

>Показатель 3

>3

X31

X32

X33



X3K















Показатель N

N

XN1

XN2

XN3



XNK

Для оценки близости фактического и нормативного порядков используются коэффициенты ранговой корреляции Спирмена (по отклонениям) и Кенделла (по инверсиям).

Коэффициент ранговой корреляции Спирмена рассчитывается следующим образом:

1. Для каждого показателя из списка вычисляется квадрат разности (отклонения)  между его местом (рангом) в нормативном упорядочении и рангом в фактическом упорядочении по формуле


Yi = (Xi – Xk)2, (2)
Где Yi – разность между рангом iго показателя в критериальном упорядочении и в фактическом;

Xk – ранг показателя в критериальном упорядочении;

Xi – ранг показателя в фактическом упорядочении.

2. Подсчитывается сумма квадратов отклонений по всем показателям в рассматриваемом периоде времени и рассчитывается коэффициент Спирмена по формуле


, (3)
Коэффициент ранговой корреляции Кенделла рассчитывается в несколько приемов.

Вопервых, для каждого показателя подсчитывается число других показателей, имеющих в критериальном упорядочении место, большее, чем место рассматриваемого показателя, а в фактическом упорядочении – ранг меньший, чем ранг рассматриваемого показателя:


, (4)
где k – место рассматриваемого показателя в критериальном упорядочении;

S – число инверсий для данного показателя;

p – места показателей, сравниваемых с рассматриваемым показателем;

N – число показателей, включенных в список характеристик системы;

ap – функция, показывающая, находится или нет рассматриваемый показатель в инверсии с показателем, сравниваемым с ним (если да, то ap = 1, в противном случае ap = 0);

xk (xi) – ранг показателя в фактическом упорядочении, имеющего в критериальном упорядочении место k(p).

Вовторых, подсчитывается общее число инверсий по всем показателям и определяется коэффициент корреляции Кенделла:


, (5)
Оба коэффициента (Коткл, Кинвер) дают оценку близости данного рангового ряда к ряду, принятому за эталон (критериальный), на интервале от 1 до +1. Оценка +1 получается при совпадении фактического ряда с критериальным, а 1 при их полной разнонаправленности.

Показатель результирующей оценки близости фактической структуры движения показателей системы к критериальной (эталонной), основанный на двух коэффициентах ранговой корреляции для данного периода времени, можно рассчитать по формуле


, (6)

Результирующая оценка показывает, насколько характер изменений в структуре связей системы отвечает выбранному критерию оценки. Иными словами, можно сказать, что этот показатель позволяет оценить эффективность принимаемых управленческих решений в соответствии с заданным критерием. Диапазон изменения этого показателя от 0 до +1. При этом 1 полное совпадение изменений в структуре связей системы с выбранным критерием; 0 – полное несовпадение изменений в системе относительно выбранного критерия.



Участок, ограниченный по RK в интервале времени ( t 1, tk ), отражает ситуацию, когда в любой момент времени потенциал экономического пространства используется полностью. Участок, ограниченный ломаными и кривой R в интервале  времени  (t1, tk),  отражает  реальную   оценку   использования   потенциала экономического пространства.

Рисунок 1. Геометрическая интерпретация результативности использования экономического пространства


Величину этого уровня можно оценить соотношением площадей второго и первого участков. С учетом того, что RK = 1, предлагается следующая простая формула:

  , (7)
где T– число периодов времени.

Чем лучше согласованы процессы, происходящие в региональном экономическом пространстве, тем большее значение будет иметь L (максимум L = 1, минимум L = 0).

Количественная оценка использования потенциала экономического пространства региона сформирована. Остановимся на качественной оценке, позволяющей сделать вывод о принадлежности экономического пространства региона к той или иной типологической группе.

Исходными данными для такой оценки будут ускорения движения показателей по каждому из блоков (табл. 1, 2, 4, 5). С учетом того, что показатели в каждом блоке подвергались процедуре ранжирования, необходимо использовать весовые коэффициенты для величин ускорения по каждому показателю. Существует достаточно много способов определения таких коэффициентов – от использования экспертных оценок до применения регрессионного анализа. Вес каждого показателя ускорения должен, с одной стороны, определяться его местом в блоке, с другой – зависеть от количества показателей в блоке. Для получения весовых коэффициентов, отвечающих этим требованиям, нами предлагается использовать экспоненциальную зависимость от числа, обратного порядковому номеру показателя в блоке:


, (8)
где wiвесовой коэффициент показателя, занимающего iе место в блоке;

е – основание натурального логарифма;

n – количество показателей в блоке.

Для блоков, включающих до десяти показателей, числовые значения коэффициентов приведены в (таблица 2).



Таблица 2

Весовые коэффициенты для расчета среднего значения ускорения показателя в блоке



Номер

показателя



Количество показателей в блоке

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

0,622

0,472

0,386

0,329

0,288

0,256

0,232

0,211

0,195




2

0,378

0,286

0,234

0,199

0,174

0,155

0,140

0,128

0,118




3

- -

0,242

0,198

0,169

0,148

0,132

0,119

0,109

0,100




4

--

 -

0,182

0,155

0,136

0,121

0,109

0,100

0,092




5

- -

-

- -

0,148

0,129

0,115

0,104

0,095

0,088




6

--

 -

- -

- -

0,125

0,111

0,101

0,092

0,085




7

- -

-

- -

- -

- -

0,109

0,098

0,090

0,083




8

 -

 -

--

 -

 -

--

0,097

0,088

0,081




9

 -

 -

--

 -

 -

- -

- -

0,087

0,080




10

 -

 -

- -

 -

 -

- -

- -

-

0,079



Произведя расчет средних значений ускорений показателей по каждому из четырех блоков, получим матрицу (см. табл..9) для определения типа экономического пространства региона в соответствии с разработанной типологией.


Таблица 9

Матрица данных для определения типа экономического пространства региона

Найменование блока показателей

Среднее значение ускорения в блоке по периоду

Т1

Т2

Т3



ТК

Блок 1 (осн. процессы)

U 11

U 12

U 13



U 1K

Блок 2 (вспом. процессы)

U 21

U 22

U 23



U 2K

Блок 3 (проц. ж/обеспеч.)

U 31

U 32

U 33



U 3K

Блок 4 (препят. процессы)

U4 1

U4 2

U4 3



U4 K

По изменениям значений в (табл. 9) с учетом критериального признака можно будет проследить процесс трансформации экономического пространства региона и сделать выводы о причинах, вызвавших такую трансформацию.

Предложенная методология измерений в экономическом пространстве обеспечивает единство и комплексность получаемой оценки.

Методология разработана по принципу «открытой архитектуры»: критерий оценки экономических процессов и набор показателей, их отражающий, могут быть изменены в зависимости от целей и объекта исследования;

Применение методологии измерений в экономическом пространстве опирается на действующую статистику и не требует введения новых показателей, представляя собой качественно новую процедуру обработки экономической информации.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет