Государственного педагогического



бет16/29
Дата20.06.2018
өлшемі2,35 Mb.
#44004
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

Использовав различные занятия танце-двигательной терапии мы пришли к выводу, что они положительно влияют на психическое эмоциональное состояние подростков. Результаты исследования показали, что при использовании Восьмицветового теста Макса Люшера исследовался уровень непродуктивной нервно-психической напряженности. Для того, чтобы получить достоверное подтверждение тому, что при организации целенаправленной, систематической коррекционной работы произойдут позитивные изменения в структуре личности подростков, состоящих на учете в ИДН, необходимо сравнить первоначальные и повторные данные об уровне выраженности непродуктивной нервно-психической напряженности как актуального состояния личности подростков. Цель первичной диагностики – определение актуального уровня исследуемой характеристики. Цель повторной – определить, произошли ли изменения в структуре личности у подростков, участвующих в эксперименте.


Методика «Диагностика состояния агрессии» (опросник Басса-Дарки)

По результатам первичной диагностики подтвердилось, что у подростков обеих групп регистрируется нарушение психологического здоровья, высокие показатели по всем шкалам опросника Басса-Дарки тому подтверждение. Полученные результаты ответов по данной методике подростков первой и второй групп были обработаны и сведены в таблицы.

В последнее время в силу ряда причин, в том числе из-за нестабильности общества и интенсивных социальных сдвигов, усилились негативные тенденции, предъявляющие повышенные требования к самоопределению и стабильности личности, а также провоцирующие ее девиантное поведение и нередко деградацию и саморазрушение. Это связано с кризисом общества, глубокими социально-экономическими, политическими переменами, переходом к рыночным отношениям, что резко обострило социальные проблемы, увеличило обездоленность большого количества населения.

И все же в настоящее время именно в подростковом возрасте наблюдается относительный пик этих расстройств, определяемый психологическими особенностями подростка (возникшее противоречие потребностью проявить самостоятельность и реальными возможностями ее осуществления выступает в качестве своеобразного конфликтообразующего фактора), поведением субъективной ценности нравственного здоровья.

В нашем обществе существует ряд причин для развития личности с девиантным поведением. И одна из основных задач психолога – определение основных направлений восстановления нормального процесса социализации подростка, т.е. разработка основных профилактических мероприятий психолого-педагогического характера.

Множество источников стихийно влияет на формирование личности современного подростка: влияние отдельных людей, читаемые книги, средства массовой информации и пр.. Однако любой опыт можно специально обогащать, пополнять, насыщать. В этом, собственно, и состоят суть и содержание проведенного эксперимента – целенаправленной организации положительного (преодоления отрицательного) опыта взаимодействия с окружающей средой.

При этом главная педагогическая задача состоит не в том, чтобы вынудить ребенка изменить взгляды, заставить его мыслить и относиться иначе, чем он это уже делает. А в том, чтобы создать условия, в которых подросток ощутит на себе положительное влияние танцевальной терапии.


Литература:

  1. Гаркави Л.Х., Квакина Е.Б., Кузьменко Т.С. Антистрессорные реакции и активационная терапия. – М.: «ИМЕДИС», 2008.

  2. Грёнлюнд Э., Оганесян Н. Танцевальная терапия. Теория, методика, практика. СПб.: Речь, 2004.

  3. Гарбузов в. И. Практическая психотерапия. СПб., 1998.

  4. Рудестам К. Танцетерапия. М., 2001.

  5. Юнг К.Г. Аналитическая психология: теория и практика. Тавистокские лекции. – СПб.: Б.С.К., 1998.

  6. Шкурко Т.А. Танцевально – экспрессивный тренинг. – СПб.: Издательство «Речь», 2003.


Аннотация: Мақала әумесерлік мінез-құлқы бар жасөспірімдерінің эмоциялық сферасына би терапиясының әсерін ғылыми жолмен зерттейді.

Annotation: This article scrutinizes influence of dancing therapy to teenager’s emotional sphere

ӘӨЖ 004.378
МОНИТОРИНГ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН БАҚЫЛАУДЫҢ САПАСЫН

АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ
Баймырзаева Г.Ж., Айдаралиева З.Д., Бупежанова А.К.

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Білім беру аймағында дүниежүзілік көсемдердің тәжірибесі бәсекелестік стратегиясының негізі ИСО 9001 сериялы халықаралық стандарт талаптарына сай келетін менеджмент жүйесінің сапасы арқылы сапаға деген бағыт–бағдары болып табылады деп көрсетеді. ЖОО білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мемлекеттік міндеттер тұрғысынан стратегиялық мақсат және ЖОО өз міндеттері тұрғысында оның гүлденуін және дамуын, жұмысын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады. Бүгінгі күнде ЖОО өз жағдайын «нарық субъектісі»ретінде қабылдауы керек және соған орай барлық нарықтық экономиканың заңдылықтарын, тірі қалудағы күрестің заңдылықтарын, «табиғи сұрыптау»да білім беру қызметтері нарығында да жүретінін мойындауы керек.

Білім берудегі сапа менеджменті жүйесіндегі принциптердің бірі мониторинг нәтижелерін ескере отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру принципі болып табылады.

Ұлттық және өңірлік деңгейдегі білім беру нәтижелері мен әлеуметтік әсерлердің жүйелі мониторингін жүргізу мақсатында басқарудың ақпараттық базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі.

2015 жылға қарай статистикалық деректердің бытыраңқы электрондық базалары білім беру статистикасының бірыңғай базасына біріктіріледі. Аталған база бастапқы деректер негізінде толықтырылып (мектеп, колледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтері және т.б.), ҚР БМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай әкімшілік есептіліктің барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз етіледі.

Әртүрлі бейінді және даярлық деңгейіндегі мамандар қажеттілігін бағалау мемлекеттік реттеу тетіктерін тұжырымдау және ел экономикасының, басқару мен әлеуметтік саласының қажеттілігіне сәйкес мамандар даярлауды ынталандыру үшін арналған еңбек нарығын мониторингтеу, талдау және болжау жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.

САПА (АКАДЕМИЯЛЫҚ)

Бұл білім моделінің контексті мазмұнын, жоғары оқу орындарының мақсаттарын, міндеттерін және миссияларын, сонымен қатар, әрбір жеке жүйенің, жооның, бағдарламалардың немесе пәндердің спецификалық стандарттарын қамтитын динамикалық, кең өлшемді, кең деңгейлі концепция.

Осылайша, сапа:

- жоғары білімнің барлық оқу процесінің сан-алуан мүдделерін түсінуге (студент – университет – еңбек нарқы – қоғам - өкіметтің сапаға қойған талаптарын);

- оның аспектілеріне: қорларына, процестеріне, соңғы нәтижелеріне, мақсаттарына, миссияларына т.с.с.;

- жоғары білімнің дамуындағы тарихи мезгілдерге байланысты әртүрлі маңыздарды қабылдай алады.

Қазіргі таңда академиялық сапа дефинициясының кең спектрлері пайдаланылуда:

- Жетілдірілген сапа: тек жетілдірілген стандарттар ғана (әдетте, оқу бағдарламаларының күрделілігінің жоғары дәрежесін көрсететін, студенттерді тестілеу сұрақтарының күрделілігінің жоғарылауы т.с.с.) шынайы академиялық сапа болып есептелінетін әдет-ғұрыптық элитарлық академиялық әдіс;

- Мақсатқа жетуге жарамды сапа: қанағаттанудың қажеттілігіне немесе аккредиттеу агенттіктері немесе сапаны қамтамасыздандырудың басқа да органдары анықтайтын жалпықабылданған стандарттарға мән беретін концепция. Бағдарлама жұмыстарының тиімділігіне және жазылған міндеттерге, мақсаттарға және миссиялардың орындалуына алып келетін жоолардағы процестерге жоғары мән берілуі керек. Кейде бұл түсінік бойынша сапа мынадай түрлерге бөлінеді: сапаға қорларды тиімді пайдалануы тәсілі ретінде қарау; әртүрлі білім процестерінің нәтижелерінде алынған өзгерістер жағынан нәтижелерді бағалау бойынша құндылықтарды жинау арқылы сапаға көңіл бөлу. Сапаға ең алдымен, студентке бағытталған трансформация ретінде қарау, сапа түрлерінің соңғы нұсқасы болып табылады. Осы тәсіл сапаны, оқу орны неғұрлым жақсы болса, соғұрлым ол өз мақсаттарына толығымен жететін: студентті «замануи қоғамда – білім қоғамында өмір сүруіне және жұмыс істеуіне» мүмкіндік беретін мамани шеберлікпен, біліммен және көзқарастармен қамтамасыздандыратын трансформацияланған процесс ретінде қарастырады;

- Мақсатқа сәйкес сапа: процестердің сыртқы мақсаттар мен күтулерге қаншалықты сәйкес келетіндігін ескермейтін, жооның немесе бағдарламаның белгілі мақсаттары мен миссияларына негізделген концепция. Осы тәсілдің ішінде тоқсаныншы жылдары жасалынған бірнеше альтернативті тәсілдерді бөліп көрсетуге болады, мысалы, сапа белгілі нормалар мен шарттарды бекіту нүктесі болуы керек, ал кез келген жоо немесе бағдарлама, сапалы болып есептелінуі үшін сол нүктеге қол жеткізулері керек. Жоғары білімнің көптеген еуропалық жүйелерінің: сапаны аккредиттеумен тығыз байланысты базалық/минималды стандарт ретінде және сапаны клиенттің қанағаттануы ретінде (бұл жерде, «жоғары білімде тұтынушылардың – студенттердің, олардың жанұяларының, жалпы қоғамның – және оқу процесінің басқа да қатысушыларының сыртқы күтулерінің маңыздылығына негізделген нарықтық күштердің өсуімен сапа тығыз байланысты»,- деп есептейді) сипаттайтын өз нұсқалары бар.

- Жетілдірілген сапа: үздіксіз жетілдіру жолдарын іздеуге бағытталған, жоғары оқу орнының институционалдық еркіндік пен автономияны жақсы пайдалануының жауапкершілігін көрсетеді. Сапаға қол жеткізу, сапаның не екендігін өздері анықтайтын академиялық ортаның негізгі міндетіне айналды.

Уақыттың өзіндік мезгіліне және ұлттық контекстіне байланысты, әрбір тәсілдің өз артықшылықтары мен жетіспеушіліктері бар. Қоғамның дамуы барысында ішкі және сыртқы міндеттерді шешуге бағытталған, базалық/минималдық және сапаның ілгері дамыған және күрделі түсініктерінің салыстырмалығының және абсолюттілігінің арақатынастарында үнемі өзгерістер болып отырады.

Бірақ, жоғарыда айтылған сапа тәсілдерінің кез-келгеніне ортақ нәрсе – төмендегі элементтердің интеграциясы:

- минималды стандарттар мен бенчмаркингті жүзеге асыру кепілдігі;

- мәліметтердің ауыспалы қорлары мен контекстеріне байланысты мақсаттарды қоя білу және оларға жету қабілеті;

- тіке немесе жанама тұтынушылардың сұранысын және күтімдерін қанағаттандыру қабілеті;

Сапаны бағалау: Бұл жоғары оқу орнының немесе бағдарламаның сапасын сыртқы бағалаудың (оқып білу, өлшеу, талқылау) толық процесі. Ол жоғары оқу орнындағы оқыту процесінің, практиканы ұйымдастырудың, бағдарламаның және қызметтердің сапасына баға беру үшін сыртқы органдар өткізетін тәсілдерден, механизмдерден және әрекеттерден тұрады. Сапаны бағалау концепциясын анықтағанда, алдыңғы жоспарға төмендегі аспектілер шығады:

- контекст ( ұлттық, институционалдық);

- әдістер ( өзін-өзі бағалау, сыртқы сарапшылардың бағалауы, жоодағы комиссияның жұмысы);

- деңгейлер ( жүйе, ЖОО, бөлім/кафедра),

- механизмдер ( ынталандыру, саясат, құрылымдар, мәдениет);

- сапаны бағалауға байланысты құндылықтар жүйесі (академиялық құндылықтар, кәсіби саладағы әдет-ғұрыптық құндылықтар, ЖОО бітірушілеріне байланысты басқарушылық, педагогикалық құндылықтар).

Сапаны қамтамасыздандыру: Бұл жоғары білім беру жүйесінің, жеке жооның және бағдарламалардың сапасын бағалаудың үздіксіз процесіне (экономикалық бағалау, мониторинг, сапаны жоғары дейгейде ұстау және жетілдіру) жататын кең көлемдегі термин. Реттеуші механизм ретінде сапаны қамтамасыздандыру, ақпараттармен қамтамасыздандыра отырып (бірақ ранжирлемей), келісілген және үздіксіз процестер және жақсы белгіленген шарттар арқылы есеп беруге және жетілдіруге бейімделеді. Көптеген жүйелер, сапаны «ішкі сапаны қамтамасыздандыру (жоғары білім беру сапасын жақсарту мен мониторингтеудің ЖОО ішіндегі процесі) және сыртқы сапаны қамтамасыздандыру (жоғары оқу орындары мен бағдарламалардың сапасын қамтамасыздандырудың институтаралық схемасы)», - деп бөледі.

Сапаны қамтамасыздандыру жұмыстары, сапа мәдениетін сүйемелдейтін қажетті институционалдық механизмдерге байланысты. Сапаны басқару, сапаны бақылау және сапаны бағалау – сапаны қамтамасыздандыру құралдары болып табылады.

Сапаны қамтамасыздандырудың аккредиттеуден айырмашылығы, сапаны қамтамасыздандыру аккредиттеудің басты шарты болып табылатындығында. Практика жүзінде әр елдерде олардың арсындағы байланыс әртүрлі айтылып жатады. Осы екі түсінік, жұмысты жүргізе білу қабілеті және білім беру қызметтерін көрсету, ресми түрде құпталған дәрежелер беру қабілеті және мемлекеттен қаржылай көмек алу құқығы сияқты әртүрлі салдарларды қарастырады. Көптеген жағдайларда, сапаны қамтамасыздандыруды жоғары білім беру сапасын басқарудың басты бөлігі ретінде қарастырады, кейде осы терминдерді синоним ретінде пайдаланады.

Сапаны бақылау: Бұл термин, жооның немесе бағдарламаның ішкі бағалауына шоғырланған сапаны бағалау процесіне жатады. Ол сапаға қойылатын талаптарды орындау үшін жасалған және пайдаланудағы операциялық тәсілдер мен әрекеттердің белгілі жинағымен байланысты. Сапаны бақылауды жоғары білім өнімдерінің, қызметтерінің немесе процестерінің сапасын қамтамасыздандыруға және белгіленген сапа дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың жиынына қатысты «сапаны басқару» және «сапаны қамтамасыздандыру» түсініктерінің синонимі ретінде жиі пайдаланады. Сапаны бақылау мониторинг процесін және қанағаттанарлықсыз салдарларға алып келетін себептерді одан алып тастауды болжамдайды. Кейде минимумды сапа бақылауы ( әдетте сертификаттау түріндегі), жооның сапаға қойылған талаптарды жеткіліксіз орындап, әрі қарай мониторинг жұмыстарын жүргізуідің фильтрі болып табылатындығын көрсетеді.

Сапаны басқару: Бұл жүйеде немесе институционалдық деңгейде, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру және жалпы оны жақсарту үшін жиі пайдаланатын іс-шаралар жиынтығы. Осы термин сапаны жоспарлау, сапаны бағалау, сапаны қамтамасыздандыру және оны жоғарылату механизмдері арқылы сапаны көтеруге бағытталған саясатты жүзеге асыру іс-шараларының барлығын қамтиды.

Сапаның жалпы менеджменті (СЖМ): Бұл қызметкерлердің арасында қызығушылық тудыруы мүмкін үнемі жетілдіру, клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталу, стратегиялық менеджмент, басқарушылықтың шеберлігі сияқты факторларға ерекше мән беретін, сапаны басқарудың ерекше толық және жан-жақты тәсілі. Сапаны басқарудың мұндай тәсілі:

- қойылған мақсаттарды және стандарттарды ( өз күштерімен немесе сыртқы органдардың, қаржыландыру ұйымдарының көмегімен бекітілген);

- тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру шараларын;

- сарапшыларды және кәсіби ой-пікірлерді;

- бәсекелестерді бағалауды қарастырады.

СЖМ концепциямен және бенчмаркингтің методологиясымен тығыз байланысты. Бұл тәсілді экономикалық секторда жиі пайдаланады, ал академиялық ортада аз пайдаланады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Аветисов, А.А. Основные положения системно-квалиметрической концепции повышения качества образования / А.А. Аветисов // Надежность и контроль качества. — 1999. № 2. С. 57-60.

2. Адлер, Ю. П. Повышение качества подготовки специалистов / Ю.П. Адлер, А.И. Кочетов, В.П. Соловьев и др. // Стандарты и качество. -2000.-№2.-С. 68 -72.

3. Андреев, В.И. Педагогика: Учебный курс для творческого саморазвития / В.И. Андреев. Казань: Центр инновационных технологий, 2000. - 608 с.

4. Аристов, О.В. Управление качеством: Учеб. пособие для вузов / О.В. Аристов. М.: ИНФРА - М, 2004. - 240 с.
Аннотация. В данной статье рассматривается управление качеством образовательного процесса в вузе должно реализовываться с учетом следующих закономерностей: общих (единство внутривузовской системы управления; сочетание централизации и децентрализации в управлении; воздействие функций управления на результат) и специфических (зависимость эффективности управленческого воздействия от интенсивности обратных связей между субъектами образовательного процесса.

Annotation. In this article a management is examined in institution of higher learning must quality of educational process be realized taking into account next conformities to law : general(unity of внутривузовской of higher learning control system; combination of centralization and decentralization is in a management; affecting of management functions result) and specific (dependence of efficiency of administrative influence on intensity of feed-backs between the subjects of educational process.

74.580:159.9

Б73
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Болтаев А.Д., Серперова А.

Тараз мемлекеттік педагогкалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектісін байыту» деп көрсетілгендей, қазіргі қоғамымыз шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер адамдарға мұқтаж болып отыр.

Шығармашылық белсенділікті біз адамның жеке түсінуіндегі талпынысынан туындайтын белгілі зерттеушілік және қоғамдық пайдалы маңызы бар міндеттерді шешуге және жетудегі әрекетшіліктің жоғары сапалық деңгейі деп анықтай аламыз [1].

Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады [2].

Студенттік проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялар ретінде қою еңбегі Б.Г.Ананьевтің психологиялық метебінікі. Б.Г.Ананьевтің өзінің, Н.В.Кузьминаның, Ю.Н.Кулюткинның, А.А.Реанның, Е.И.Степанованың зерттеулерінде, сондай-ақ П.А.Просецкий, Е.М.Никиреев, В.А.Сластенин, В.А.Якунин және т.б. еңбектерінде осы проблема бойынша бақылаулардың үлкен эмпирикалық материалдары жинақталған, эксперименттер мен теоретикалық жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы көптеген зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше субъекті ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін  студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін  болашақ  жұмысқа деген қызығушылықтары мен  сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады. Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер  өз білімдерін жеке іс ашудың құралы ретінде  қарастырады, саудамен айналысады және т.б. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары бірінші  топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады. Үшінші топтағы  студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан  олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға  көңілдерін көбірек бөледі.

Зерттеушілер қазіргі кездегі студенттердің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

1)      бірінші топты шартты түрде «тұтынушылар» деп  атауға болады. Бұл студент негізінде бизнес саласында жетістіктерге жетуді көздейді, бизнестің теориясы мен практикасын ұғу үшін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметпен айналысу үшін жоғарғы  білімді алады.

2)  екінші топ – «эмигранттар». Олар шетел тілін еркін меңгеру үшін, шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін  оқу орнында оқиды. Оларға жаңа ортаға тез бейімделу және  өмірлік оптимизм тән болып келеді.

Студенттердің оқу-танымдық  қызметін талдау нәтижесін-де  студенттердің үш типологиялық  тобы анықталды.

Т.И.Лисовский мынадай   студенттер типологиясын ұсынады:



  • «Гармониялық». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Өте 
    жақсы оқиды,  ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Дамыған, мәдениетті, ашық, әдебиет пен өнерге қызығушылығы бар, спортпен шұғылданады.

  • «Кәсіби». Өз мамандығын саналы түрде таңдайды. Жақсы оқиды, ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарға сирек қатысады, себебі жоғарғы оқу орнынан кейінгі практикалық  жұмыстарға бейімделген, қоғамдық жұмыстарға қатысады. Мұндай студенттер үшін ең бастысы – жақсы оқу.

  • «Академик». Мамандығын  саналы түрде  таңдайды. Тек «өте жақсыға» оқиды. Аспирантурада оқуға бейімделген. Өзге пәндерге зиян келтірсе де,  көбінде ғылыми-зерттеушілік жұмыспен айналысады.

  • «Қоғамшыл». Оған қоғамдық жұмыстарға икемділік тән. Осының салдарынан оқуға және ғылыми жұмыстарға деген  белсенділігі төмендейді. Дегенмен, ол өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына толығымен сенімді. Әдебиетпен және өнермен шұғылданады.

  • «Өнер сүюші». Әдебиет пен өнерге жақын болғандықтан, ғылыми жұмыстарға аз қатысады. Бірақ, сабақты жақсы оқиды. Оған көркемдік қабілеттілік пен кең  ой-өріс тән.

  • «Ынталы». Өз мамандығын саналы түрде таңдамайды. Бар күшін сала отырып, сабақты  адал ниетпен оқиды. Ұжым адамдарымен аз араласады. Уақытының басым бөлігін оқуға жұмсағандықтан, өнермен және әдебиетпен аз шұғылданады, киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады.

  • «Орта деңгейлі». Сабақты артық күш жұмсамай  мүмкіндігінше оқиды. Соны мақтан тұтады. Оның мақсаты: «Диплом алып, басқалардан кем жұмыс жасаймын». Мамандықты таңдауда көп ойланбайды. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек  деп пайымдайды.

  • «Түңілген». Өзі қабілетті болғанымен, таңдалған мамандығы ол үшін аз тартымды болып табылады. Оқуға түскен соң, аяғына дейін оқу керек  деп пайымдайды. Жақсы оқуға тырысқанымен, оқудан  ешқандай ырзашылық алмайды. Өнермен, спортпен шұғылдануға талпынады.

  • «Еріншек». «Аз күш жұмсау» мақсатында нашар оқиды. Дегенмен өзін толығымен мақтан етеді. Болашақтағы кәсібіне жауапкершілікпен қарамайды. Ғылыми-зертеушілік жұмыстарға және қоғамдық өмірге қатыспайды.

  • «Өнерпаз».  Оған кез-келген жұмысты  шығармашылық жолмен шешу тән – оқуға да, қоғамдық жұмыстарға да қатысады. Ұқыптылықты, жинақтылықты, бас көтермей істейтін жұмысты  жаны сүймейді. Сондықтан да, «Маған  бұл қызық емес» немесе «Маған  бұл қызық» принципы бойынша дұрыс оқымайды. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстармен айналыса отырып, түрлі мәселелерді шешудің бірқилы жолдарын іздейді.

  • «Ұлы». Мәртебелі факультеттерде  сәтті оқиды, қарапайым студенттерге жоғарыдан қарайды. Компанияда басшы болуға ұмтылады, басқа студенттерге немқұрайлы, менсінбей қарайды [3].

Шығармашылық сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп тұжырымдалады. Л.С.Выготский «Шығармашылық» деп жаналық ойлап табатын іс-әрекетті атаған.

Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді. Ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден-бір жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін-өзі тануына өзіндік «Мен-ін» қалыптастыруға, сол «Меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау әр оқытушының міндеті. Бұл саты студенттердің білім деңгейлерінің шығармашылық деңгейге дейінгі даму жобасын бейнелейді. Сабақтардада студенттердің білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс-әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып табылады. Шығармашылық тапсырмалардың өзін студенттердің қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады.

Студенттерге қойылатын талап:


  • Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

  • Қорытынды жасап отыру;

  • Қосымша материалдар табу, іздену;

  • Өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру [4].

Сонымен, осы қасиеттер толық болған жағдайда ғана тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Оқытушының біліміне қойылатын талаптар:

  • Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

  • Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

  • Білім беру, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

  • Студенттердің қаблеттерінің ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Көбінесе “дарынды студент – бұл жақсы оқитын студент” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің педагогтардың арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын студенттер көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек студенттер ұнамайды.

Студенттердің шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады: 

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта студенттер өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда оқытушыға үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, студенттердің біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен студенттердің шығармашалық қасиетін дамыту – басты қағида болып табылады. Студент тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс-тәсілдің оқытушылар үшін маңызы өте зор.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. / Егемен Қазақстан: жариял. 16.11.2010.

2. Выготский Л.С. Детская психология. // Собр. соч.: В 6 т. М., 1984.

3. Ананьев Б.Г. Педагогические приложения современной психологии. // Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Работы советских психологов периода 1946-1980 гг. / Под ред. И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис. – М., 1981.

4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. – М.: Логос; Алматы: TST-company, 2005. – 368 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет