374:159.9
А32
ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЛАМТОРҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Айтенова Э.А., Аскарбек А.Қ.
Тараз мемлекеттік педагогкалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру [1].
Жасөспірімдік жас – адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жастың биохимиялық, физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үщін 16-20 жас аралығы белгіленді [2].
Жасөспірімдік жасты зерттеу XIX-ғасырдың аяғынан басталған, ол кезде алғашында қоғамның жоғарғы қабатындағы жасөспірімдер өкілдері зерттелген. Нәтижесінде XIX-ғасырдың аяғы мен XX-ғасырдың басында ішкі кризистің периоды болып табылатын жасөспірімділіктің романтикалық моделі алға шықты, оған сезімдердің оянуын да жатқызуымызға болады. XX-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді: Э. Шпрангердің, М.М.Рубинштейннің, М.Мидтің, Л.С.Выготскийдің еңбектерінен кейін, Б.Заззо этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды қарастырды және жасөспірімдік жастағы компьютерге әуестікті зерттеу маңызды мәселелердің біріне айналды.
Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.
Ғаламтор аудиториясы әрдайым өсіп бара жатқандықтан, ғаламтордың қоғамға әсер ететіндігін жоққа шығару мүмкін емес. Ғаламтор тек қана ақпарат көзі ғана емес, сондай-ақ адамдар коммуникациясының үлкен зонасы. Ғаламтортегі қарым-қатынастың өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады. Бүкіл әлемдік желінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдалану адмның психикалық қызметіндегі құрылымдық және функционалдық өзгерістерге әкеледі. Желідегі қарым-қатынас ерекшелігі екі түрлі феномен тудырады: біріншіден, ғаламтор виртуалды тұлғаны жасау мүмкіндігі пайда болды; екіншіден, реалды қарым-қатынастың виртуалды қарым-қатынастан айырмашылығының бар болуына байланысты ғаламтор-тәуелділігігіне жол ашылады. Біздің болжауымызша, ғаламтор-тәуелділік тұтынушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің индикаторы болып табылады. Ал ғаламторды танымның құралы және байланысты үзбеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қабылдау тұлғаның психологиялық есею, жетілудің кепілі деп санауға болады.
Ғаламтор – технологияларды дамыту туралы сұрақтар алғашында желіні утилитарлы контексті негізінде ғана қарастырылғанымен ол халықтың психикалық саулығы жағынан қарастырылуы тиіс. Алдын-ала сақтандыру бағдарламаларын, қалыпқа келтіру орталықтарын және көмек көрсету топтарын жасақтау қажет. Зерттеудің жаңа облыстарына кибер-тәуелді адамдарды анықтау мен олардың күйін бағалау үшін стандартты диагностикалық құралдарды дамытуға енуі керек. Бұл болашақта ғаламтордың басқа тұрақтанған әдеттерге (алкоголизм, азарттық ойындар, сексуалды комплекстер) және психиатриялық күйлерге (депрессия, маниакальды-депрессивті бұзылыстар, зейін тұрақтылығының төмендеуі) алдын алуға септігін тигізеді.
Ғылыми-зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, «ғаламтор-тәуелділігі» диагнозының негізгі 4 типін көрсетуге болады. Олар адамның нақты нәрсеге құмар екендігін сипаттайды:
виртуалды танысулар;
онлайнды биржалық сауда;
азарттық ойындарға құмарлық;
компьютерлік ойындарға деген құмарлық [3].
Неке, ата-ана мен бала арасындағы қатынас, жақын достық та ғаламтордың құрбандары. Компьютер компаниясындағы уақыт реалды адамдармен өткізген уақыттан асып кетеді. Алғашында тәуелділік әдеттегі істер – кір жуу, газон қырқу, магазин аралаумен емес, ал компьютердің алдында отырудан көрінеді. Бала жайындағы қамқорлық күнделікті жұмыстар сияқты жайдан жай қалады. Мысалы, анасы өз баласын сабақтан кейін мектептен алып, оған түскі асын беріп ұйықтатуды ұмытып кетіпті, бұл уақыт бойы ғаламторда отырыпты [4].
Телекоммуникация және IT саласында зерттеумен айналысатын ICT-Marketing тәуелсіз компаниясының мәліметінше, өткен жылдың аяғында Қазақстандағы интернет тұтынушылардың ұзын саны 3,16 миллионға жетіпті. Яғни, халқымыздың 20 пайызға жуығының интернетке шығуға мүмкіндігі бар. «2010 жылы Қазақстандағы интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 миллион адамға дейін өседі», - деген Елбасының сөзі де есімізде. Әйтсе де, бұл көрсеткіш Ресейлік Mail.Ru бағдарламасын, оның ішінде М-агент жылдам хабар алмасу қызметін пайдаланушыларға қатысты емес [5].
Ғаламтор-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И.Гольдберг. К.Янг 1994 жылы ғаламтор-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 анкета толтырылып, оның 400-ін аддиктілер толтырған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И.Гольдерг (1996) «ғаламтор-аддикция» терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды.
1998 мәліметтерінде М.Орзак ғаламтор-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдары бөліп көрсетілген:
Психологиялық симптомдар:
көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы эйфория сезімі;
тоқтаудың мүмкін еместігі;
компьютер алдында өткізілетін уақыт көлемінің артуы;
жанұя және жолдастарын елемеу;
компьютерден алыс кездерде бос болу сезімі, депрессия, мөлшерден тыс қозу;
өз қызметі жайлы қызметкерлеріне немесе жанұя мүшелеріне жалған айту;
жұмыс немесе оқудағы проблемалар.
Физиологиялық симптомдар:
карпальды канал синдромы (бұлшықеттің ұзақ күйзеліске ұшырау мен байланысты қолдың жүйкелік жолдарының туннельдік жолдарының зақымдануы);
көз сұйық затының құрғауы;
бас ауруы;
омыртқа ауруы;
уақытында тамақтанбау;
жеке гигиенаны сақтамау;
ұйқының бұзылуы [6].
К.Янг (Young, 1998) зерттеулеріне сәйкес қауіпті белгілерге (ғаламтор-тәуелділігінің нышандары) мыналар жатқызылады:
электрондық поштаны тексеруге деген бағыттылық;
келесі он-лайн сеансына алаңдаушылық;
он-лайн уақытын арттыру;
итернетке төленетін ақшаның артуы.
Ғаламтор-аддикция құбылысы әртүрлі әрекет-қылықтық тәуелділіктердің қосындысынан тұрады (жұмыс істеу, қарым-қатынас, ойындық қажеттілік). Компьютер мұнда тәуелділік обьектісі емес, ал оны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Компьютердің бала зиятына ізгі ықпал ететіні туралы жарнамаға сене отырып, біз компьютерге тәуелді жасөспірімдер ұрпағына ие болдық. Әрбір төртінші пайдаланушы компьютердің жанында аптасына 20 сағаттан аса уақытын өткізеді. Мұнымен бірге Психиатрлардың америкалық ассоциациясының мәліметтері бойынша күніне компьютерде екі сағаттан аса уақыт ойнау компьютерлік тәуелділік деп танылады.
Ғаламтор-тәуелділігінің себептерін талдау ғаламторға тәуелді адамдардың көпшілігі желіге қарым-қатынас үшін келетінін анықтады. Бұл осы топ адамдарының ғаламтордағы қарым-қатынастың компенсаторлық сипаты жайлы мәлімдейді.
Тәуелділік психологиясының (немесе аддиктологияның) тәуелділіктердің (аддикцияның) іс-әрекеттік формаларын бөліп алуға тырысумен байланысты қазіргі заманғы проблемалары қарастырылады. Талдау қазіргі кезде белсенді түрде талқыланып жүрген және проблемалық интернетке-тәуелділік мәселесіне байланысты жүргізіледі.
Эксперттер болса, күніне бір сағаттан артық компьютерлік ойын ойнаумен өткізетін жеті жасқа дейінгі баланың бейсанасында доминанта бекітіліп қалуы мүмкін деген мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Одан есею процесі барысында арылу өте қиын болып табылады, ал компьютерлік ойынмен ұқсас жағдайға түскенде жасөспірім қылмыс (оның ішіне «ауыр» түрі де кіреді) жасауға да бет бұрады. Жағдайды қиындататын тағы бір факт, жасөспірім компьютер экранында үнемі қатыгез сценаларды көре отырып, қорқынышты нәрсені көргенде қорқып, бөтенге эмпатиялық қабілет көрсете алмайды.
Жасөспірімдік шақтағы хакерлік формадағы ғаламтор тәуелділігі шектеулі масштабта таралса да (бұл ең алдымен олардағы кәсіби дайындықтың болмауымен байланысты), алайда ғаламтор тәуелділігінің қалыптасуына апаратын мұндай қызмет оларды потенциалды қызықтырады. ғаламтор тәуелділігіне түскен жасөспірімдердің әрекет қылығымен байланысты жағдайлардың ерекшеліктеріне тыйым салу шараларын жатқызуға болады: бір жағынан бұл балада қызулықпен жоғары агрессияны тудырса, екінші жағынан – «балалық» ренжу, суицидке де әкелуі мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан: 26 желтоқсан, 2003.
2. Орынбасаров М. Компьютер баланың қасы ма, досы ма? // Ана тілі. – №5. – 2011.
3. Көшкінбаева Г. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы құлдырап барады. // Алтын орда. – №2. – 2001.
4. АйдароваМ. Ғаламторға қамалған жастар. // Қазақ үні. – №5-6. – 2011.
5. Немов Р.С. Психология: учебник для студ.высш.пед. учеб. заведений. / 3 книга. – 1997. – 357 с.
6. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Психология. / Энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 2011. – 624
Аннотация. В данной статье рассматривается психологические характеристики интернет-зависимости детей подросткового возраста.
Annotation. This article examines the psychological characteristics of Internet addiction adolescent children.
374:159.9 А32
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ
Айтенова Э.А., Садық Н.М.
Тараз мемлекеттік педагогкалық институты, Тараз қ.
Бүгінде білім – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауыпсіздігінің кепілі. Сондықтан қазіргі білім беруді дамытудағы басты мақсат – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек [1].
Педагог-психологтық мамандық – адамтану, адамның күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңілу, баланы түсіну. Мұнсыз дамыта оқыту мүмкін емес. Бұдан бүгінгі мұғалімді айшықтайтын тағы бір сапа – оның психологиялықбілімінің тереңдігі мәселесі туындайды.
Кәсіби психологиялық іс-әрекеттегі танымдық үрдістердің дамуы, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдап, зерттеп отыру – ғылымға бағытталудың негізгі факторы. Өз педагогикалық-психологиялықбілімін тереңдету, оқытудың жаңа теориялары негізінде өз тәжірибесін қайта қарау, оған өзгерістер енгізу деп ұққан дұрыс. Кәсіби іс-әрекет – қазіргі адам өмірінің құрамдас бөлігі. Тұлғаның кәсіби карьерасы неғұрлым сәтті құрылуы, тек оның өз өмірімен қанағаттануы ғана емес, сонымен қатар гармониялық дамуына да тәуелді. Педагог-психологтың іс-әрекет – бұл кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларға білім беру, оқыту, тәрбиелеу, психологиялық кеңес беру және т.б. қызметтер көрсету.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тәрбиешінің тұлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.
Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оныњ мазмұны толықтырылып отырған.
Осындай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқытудың жоғарғы оқу түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында кәсіпке оқытудағы жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХVІІІ-ХІХ ғасырда зайырлық кәсіби білім берудің ұтымды жолдарын ұйымдастыру туралы ойлар. Содан бері жоғары оқу орындарында кәсіпке оқытуға ерекше көңіл бөлініп және соның арқасында қазіргі жоғары оқу орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі жалғасуда [2].
Жеке тұлға құзіреттілігі – өзінің еңбегін жоспарлауға, реттеуге барынша еркін құқықты болуы шарт. Іс-әрекет іс жүзіндегі объектілерді бағамдауға, жобалауда және құрастыруда кәсіптік педагогикалық білімді қалыптастыруымыз қажет.
Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің мәселелері «АКМЕ» – гулдену өсудің биік шыңы, кезеңдерімен түсіндіреді, ол антикалық заманның өзінде-ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше, «АКМЕ» деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы «акмеология» деп атаймыз.
Зертеушілер, оның ішінде швейцарлық психолог Э.Клапаредтің, ойынша кемелдік кезеңдегі өзінің гүлдену-өсінуіне өзінің кәсіби шыңына жеткенде өзінің шыңына жеткенде адам өзінің дамуын тоқтатады, жеткен нәтижесінде тоқтап, өзінің шығамаршылық потенциялына қанағаттанады. Кемелдік кезеңдегі «АКМЕНІҢ» бөлінуі – бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады [3].
Г.Кайктің анықтауы бойынша, кемелдік бұл – жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Бұл кезеңде көптеген адамдарды өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мәселелері, өзінен кейінгі ұрпаққа белгілі бір шеберлікті қалдыру қажеттілігі жүзеге аспай қалған жоспарлары мен назардан тыс қалған мүмкіндіктер уайымдатады, өзінің жақын-туыстарымен жақын қатынастарды қалай сақтау мәселесі ойландырады.
Кемелдіктің ерте және ортаңғы кезінде бірінші фаза сақталады, ортақ функциялар сапаларының прогрессивті даму фазасы жүзеге асады. Бірақта, екінші фаза да туындайды, бұл кәсіби қызмет процесіндегі арнайы психикалық функциялар мен байланысты прогрессивті даму болып табылады.
«АКМЕ» туралы түсінікті жақтаушылардың пікірінше акмеологияның негізгі міндеті – осы өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын орналастыру болып табылады. Бірқатар мамандықты меңгеруге қолайлы кезең өнімділік жас ерекшелік шыңы өздерінің мінез-құлқына негізделген. Барлық кәсіпкерлерінде шеберлік, білім мен тәжірибе физикалық және фунуционалды дайындықтың жоғары деңгейі жауап бере алуы тиіс. Сыналушы ұшқыштар, кәсіби спортшылар, әртістер өзінің «АКМЕСІНЕ» кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді, одан кейін біршама басылады. Басқа кәсіптерде мәселен, хирург-дәрігерлер, авиадиспетчер және т.б. «АКМЕ» кемелдік шақтың ортасында немесе соңына қарай жетуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың барлығында да кәсіптік өнімділік шыңы шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің қажетті оптималды үйлестілігіне байланысты, бір жағынан, функциональды дайындыққа негізделсе, екінші жағынан, физикалық дайындыққа негізделген [4].
«АКМЕНІҢ» мерзімі мен ұзақтығына адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, кез келген спорттың түрлерінде жас шағы ерекше маңызға ие. «АКМЕ» мәселесі, әсіресе шығармашылық кәсіптегі адамдарда қызығушылық туғызады оқымыстыларды, жазушыларда, ақындарда, композиторларда, суретшілерде және т. б. өте айқын мысалдарды келтіруге болады, А.Н.Верстовский өзінің шығармашылық өнімділік шыңына «Асколдова могила» 36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында осы секілді шығармаларды шығара алмады.
Тұлғалық және кәсіби даму мәселелері акмеологиялық зерттеулердің пәні болап табылады (А.А. Деркач, Н.В.Кузьмина, О.С.Анисимов, С.А.Анисимов, А.А.Бодалев, Э.В.Сайко, В.Н.Марков, Е.В.Селезнева).
Акмеология (грек тілінен «аkme» - шың, өрлеу, жетілу, биіктік, гүлденген кезең, logos – оқу, меңгеру). Бұл – даму психологиясының бір бөлігі болып, адамның жетістіктің шыңына жететін ғылымы болып табылады. Жеке адамның кез келген іс әрекетте биік жетістікке жету, өрлеу заңдылығын зерттейді. Акмеология өз алдына дербес ғылыми бағыт, педагогика, психология, синергетикалық білімнің соңғы жетістіктеріне негізделген. Акмеология адамның шығармашылық және өмірде өзін-өзі тәрбиелеу, өзектендіру және жетістікке жетудің жолдарын қарастырады [5].
Акмеология – адамның кемелдену кезеңінде, тұлғаның едәуір жоғары жетістіктеріне жету жағдайындағы даму феноменологиясын, заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндердің түйісуіндегі ғылыми сала. Акмеология ұғымын жетілген адамдардың дамуы жөніндегі ғылым ретінде ең алғаш 1928 жылы Н.А.Рыбников ғылыми айналымға енгізді. Акмеологияның маңызды проблемаларының бірі – адамның кемелденген жасында өзін-өзі үйлесімді көрсете білудің алғышарттарын жасайтын оның жас кезінде қалыптасуы қажет сипаттамаларды айқындауы.
Акмеология мәселесі бойынша көптеген ғалымдар айналысқан. Акмеология ғылымының негізін салушы Н.А.Рыбников, Б.Г.Ананьев, олардың қатарында акмеология ғылымын зерттеуге өз үлесін қосқан ғалымдарды атап өтсек: А.А.Деркач, А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмина, А.М.Зимичаев, Н.И.Конюхова, В.П.Бранский, С.Д.Пожарский және т.б ғалымдар қарастырған [6].
Акмеология – адамның дамуы мен тіршілік әрекет барысындағы биіктіктерге шығуын зерттейтін ғылым. Акмеологияның ғылым ретінде дамуына белгілі ғалымдар К.А.Абульханова, С.Анисимов, С.А.Анисимов, А.А.Бодалев, А.К.Маркова, И.Н.Семенов, А.П.Ситников, Д.Шадриков, соның ішінде қазақ зерттеушілері Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Оспанова және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
Акмеология – тұлға құндылығының ғылымы, оның жетілдіруі, өз кәсіби әрекетін қалыптастыру, әлеуметтік роль атқару, толықканды өмір сүру.
Акмеология – тұлғалық-психологиялық деңгейінің жетілуі, өзінің мүмкіншілігін қиын жағдайларда пайдалана алады. Әлеуметтік өсуін, өзінің тұлғалық жетіктігі мен кәсібилігін, өзінің даралығын, өз орнын табуын, қазіргі қоғамдағы өзінің орнын тұлға өзі анықтайды. Бұл тұлғаның даму процесі мен өзіндік дамуы деуге болады.
Акмеология психологиялық дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды. Олар:
дамушылық жетілдіру, өсуіне, жоғары деңгейдегі барысы;
даму сипатының субьектілігін тану;
даму процесі мен талдау процесі қарама-қайшылықсыз болмайды, субъектісі болмаса;
акмеологияда даму принципі жекешілік даму сипатын анықтайды;
акмеологияда дамуды өмірлік дамуында және іс-әрекетте, өмір жолындағы дамуының байланысы;
акмеология бірізділік кезеңдерін анықтамайды, тұлғалық кезеңі идеямен және болашақпен байланысты.
Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.
Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады. Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады. Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу – адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.
Сонымен, акмеология ғылымы ересек адамдарды кәсіби дамуды басқару мәселелерін, оның жас ерекшелігіне әсерін, қызығушылығын арттыратын, өз бетінше жетілдіру, шығармашылық қабілетін кәсіби қызметтің шарықтау шегіне дейін жеткізетін саланы зерттейтін ғылым болды.
Қорыта келе, бұл ғылым тек адамның жетістікке жетер кезіндегі кемелденгені ғана емес, сонымен қатар оны соған жеткізгендігі туралы зерттейтін ғылым. Адамның физикалық және интеллектуалдық мүмкіндікте, адам қандай жағдайда максималды рухани дамуына жететіндігін акмеология дәлме-дәл зерттейтінін көріп отырмыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. / Егемен Қазақстан: жариял. 17.12.2010.
2. Методические рекомендации и материалы к профессиограмме современного учителя . / Под ред. Г.А.Бордовского. – Л., 1987.
3. Кузьмина Н.В., Зимичев А.П. Проблемы акмеологических наук. –СПб., 1990.
4. Байер И.В., Семенов И.Н., Степанов С.Ю. и др. Психолого-педагогические технологии развития профессионального мастерства кадров управления. – М., 1997.
5. Бодалев А.А., Деркач А.А., Климов Е.А., Семенов И.Н., Суслова Е.А., Яблоком Е.А. Программа курса: общая и прикладная акмеология (для слушателей и аспирантов). – М., 1994.
6. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. – М., 1993.
Аннотация. В данной статье рассматривается значения акмеологической службы в профессиональном деятельности педагогов-психологов.
Annotation. This article discusses the value akmeologicheskoj service in professional activities of educational psychologists.
ӘОЖ 378-1А
БІЛІМ САПАСЫН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Алиханова Г.Е., Сарыбекова Қ.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесін заманауи бетбұрыстарға сәйкестікке бағыттап, тың арналарға жол салудың ғылыми негізі болып табылады. [1]
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни, педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгеруін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. [2]
Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орындардағы білім алушының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.
Елбасының «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» жолдауында он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп айтылған болатын. [6]
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне үлкен әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай,оқыту әдістемесінің де өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміздің дамуының демократиялық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейілінше белсенділік көрсетуге тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивтік деп атайды. Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушы мен мұғалімнің арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұлайша оқытуды интерактивті деп атауға болады. Әдетте мұндай қарым-қатынаста оқушылар әлдебір мәселені талқылап соның шешімін табуға талпынған маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі-оқушылардың өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету. Интерактивті технология өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі-«inter»-бірлесу, «aсt»- әрекет жасау ұғымын білдіреді.Сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес,бірін-бірі толықтыратын, сабақ кезінде барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі.
Интерактивті әдіспен оқытқанда білім алушының:
-ақыл-ойы дамиды,
-еркін ойлауға мүмкіндік береді,
-шығармашылық белсенділігі артады,
-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді,
-тіл байлығы жетілдіріледі,
-жан-жақты ізденушілігі артады.
Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Сабақта интерактивті технологияны қолдану оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, оқушы пікірін тыңдауға, белгілі бір идеяны қабылдауды, зерттеуді, салыстыруды үйретеді.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа әдістерді қолдануда интерактивті тақтаның пайдасы зор. Интерактивті тақта арқылы көптеген тпасырмалар орындауға болады. Тапсырманы орындауға барлық оқушы қатысады. Әсіресе тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушылардың өздері жазбаша жұмысты қызыға орындайды. Өйткені интерактивті тақтаның келесі бетінде ол тапсырманың дұрыс жауабы беріледі, сол арқылы оқушы өзінің жауабын салыстыра тексеріп, өзін-өзі бағалайды. Топпен жұмыстану барысында белсенділік көрсете отырып, топтау, Венн диаграммасына түсіру, сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада орындап,уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады. Сабақты бекіту бөлімінде активпультті пайдаланып,уақытты үнемдеу,оқушының шапшаңдық қабілетін, өз білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.
Қазіргі таңда білім беруші педагог оқу үрдісінде оқытудың дәстүрлі әдістерінен, мультимедиялық құрылғыларды пайдаланатын, жаңа интерактивті әдістерге көшуге тиіс. Ол үшін әр педагог өз біліктіліктерін көтеруге міндетті.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйеснің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. [5]
Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Автивті экран», яғни, интерактивті тақта болып табылады.
Интерактивті тақта (бұдан әрі ИТ)– бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Демек интерактивті тақта компьютердің дисплейі. Яғни, компьютердегі барлық материалдарды интеративті тақта бетінде көрсетуге болады.
Бұл төмендегі ресурстың барлық спекторларын кең пайдалануға мүмкіндік береді:
Презентация арқылы бағдарламалық қамтамасыз етілу;
Мәтіндік редакторлар
CD-ROMдар
Интернет
Видео-файлдар (телевизиялық бағдарламалардан, видео-фильмдерден, видео-кассеталардан үзінділер т.б.)
Кескіндер,суреттер мен диаграммалардың сәулелері
Дауыстық файлдар (радио, кассеталардан, оқушылар мен оқытушылардың дауыс жазылымдарының үзінділері). Дауыс шығарушы көмегімен CD-ROM немесе интернет беттеріндегі кез-келген дауыс
Ит-ға араналған барлық бағдарламалардың қамтамасыз етілуі
Әртүрлі пәндерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілуі
Оқу үрдісінде компьютер мен проектордың көмегімен интерактивті тақтаны қолдану оқытудың әсерлілігін барынша жоғары етеді. ИТ-ның барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін оқытушы сабақты түбегейлі жоспарлау керек. ИТ-да құрастырылған сабақты бір рет емес, бірнеше рет қолдануға болады. Бұл уақытты үнемдейді. Оқытушы өзіне қажетті бір емес бірнеше ресурстарды таңдай алады. Жоғарыда аталған реурстар кәдімгі сабақта қол жете бермейтін компьютердің мүмкіндіктерін, атап айтсақ, түс өзгерту, жылжыту, дауыс шығару т.б. ИТ арқылы пайдалануға үлкен жағдай туғызады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістік, барлық оқу орындары интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалауда. Оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттей бастады.
Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе гуманитарлық пәндерді оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына жетілдіруде мультимедиялық құрылғылар, оның ішінде интерактивті тақта арқылы интерактивті әдісті қолдану баланы тәрбиелеп, оған білім беруде үлкен жетістікке апарады.
ИТ-ның барлық мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, оның құрылғылары, яғни компьютер, проектор және ИТ-ға арналған бағдарламалар болуы тиіс. Сонымен қатар, басқада заманауи мультимедиялық құрылғылардың бағдарламалық қамтылуын қадағалаған жөн.
Ит-ның қондырылуына, орналасуына, қауіпсіздігіне, кепілдігіне және интернетке қосылуына көңіл аударған дұрыс.
ИТ білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін тақта, басқаруға керекті, бір, екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді. Көптеген интерактивтік тақталар монтаждан соң калибрлеуді, яғни маркердің тақта бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді. Калибрлеу экранның әр бұрыштарын және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы утилит көмегімен белгілеу арқылы жасалады. Егер тақтамен проектордың орналасу орны өзгермесе, калибрлеуді қайта жасау қажет емес. Проектордың орналасуына қарай интерактивтік тақталар тікелей (тура) және кері проекциялаушы деп екі класқа бөлінеді. Бірінші класқа жататындар – қолданушы кей уақытта экранды көлеңкелеп жауып қалу кемшілігіне қарамастан өте кең тараған. Сондықтан обьективті төменге еңкейтіп проектерді тақтаға мүмкіншілігінше жақындатып төбеге іледі. Екінші класқа жататындар біршама қымбат тұрады, онда проектор тақтаның артында орналасады да өте көп орын алып тұрады. Қазір интерактивтік тақтаны жасаушылар көбіне дайын кешендерді, яғни тақтамен жұмыс істейтін құралдардың барлығын бірге ұсынады. Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке бөлінеді:
Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология;
Электромагниттік технология;
Лазерлік технология;
Ультрадыбыстық / инфрақызыл технология;
Бірінші типтегі интерактивтік тақталарды өлшеу жүйесі аналогтық болғанымен қабылданған ақпарат цифрлық түрде өңделеді. Ақпаратты көрсету тігінен және көлденеңнен мыңдаған нүктелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, Smart Technologies компаниясының SMARTboard тақталары 4000 х 4000 нүктеден тұрады. Лазерлік технологиялы интерактивті тақталар жүйесіне екі инфрақызыл лазерлік бұрыш белгілеу құралы кіреді. Бұндай тақталарда тек маркермен жұмыс істеуге болады.
ИТ оқыту мен үйретуді әртүрлі бағытта өтізуге мүмкіндік береді:
Презентация, модельдер жасау және оны демонстрациялау: қажет бағдарлама мен қорды интерактивті тақтамен өзара үйлесімді қолдану жаңа сабақты түсінуді жақсартады.
Білімгердің белсенділігін, қызығушылығын арттыру. ИТ-ны қолдану арқылы білімгерді жігерлендіру артады;
Сабақтың өтуі мен жылдамдығы(темп). ИТ сабақты жоспарлау мен барысын оның темпін жақсартады.
Интерактивті тақта оқу материалын көрнекті түрде жеткізудің тамаша амалы, сабақты қызықты да қарқынды өткізуге, әр түрлі ресурс көздерінен мәлімет жинақтап ұсынуға мүмкіндік береді.
Оқытушылар интерактивті тақтаға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді және оның негізгі мүмкіндіктерін игеруі қажет. Және де интерактивті тақтамен жұмыс істеуде қандай ресурстар көмектесе алатынын анықтап алу маңызды.
Интерактивті тақтаның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Сабақта презентация, слайд жасауға мүмкіндік береді;
Интернет желісін пайдалануға мүмкіндік береді;
Сабақты жоспарлау мен өту барысы, жылдамдығы артады;
Білімгердің білімге деген қызығушылығы, мотивациясы жақсарады;
Түрлі – түсті айқын, ұқыпты әртүрлі кескіндер, объектілер мен диаграммаларды үлкен экраннан көріп оларды маркермен, немесе саусақпен ары – бері жылжытуға болады;
Бір емес бірнеше терезелерді бір мезгілде ашуға мүмкіндік береді;
Өткен сабақ материалдарын сақтап, оны қайта пайдалануға болады;
Қиын мәліметтер мен материалдардың түсіндірілуін жеңілдетеді;
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады;
Сабақтың өтілуі, екпінділігі мен өнімділігі артады;
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Топпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
Әрбір білім беруші оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолданса, жоғарыда аталған барлық мүмкіндіктерге қол жеткізіп, білім сапасын модернизациялауға үлкен үлес қосып, көптеген жетістіктерге жетері сөзсіз.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. [6] Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, оның ішінде интерактивті тақта әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .- Астана, 2010.
2. «Қазақ ұстазы» педагогикалық ғылыми-инновациялық ізденістерге арналған республикалық журналы-№ 1(1) 2014.
3. Қазақстан – 2030. Астана: Юрист, 1997.
4. Назарбаев Н.А. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2006.
5. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы /Егемен Қазақстан. 29.10.11ж.
6. Назарбаев Н.А. «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» жолдау
Аннотация. В этой статье рассматриваются методы и способы использования интерактивной доски, и интерактивных методов. Во время презентации проектной работы студенты могут использовать интерактивную доску. Интерактивная доска дает студентам большую возможность анализировать, систематизировать материалы и говорить на английском языке свободно.
Annotation. This article discusses the effective ways of using the interactive board. It is about the new technologies. The students can use all the opportunities of the interactive board at the presentation of the project work. It is independent work of the students. Interactive board gives a great opportunity for students to analyze and classify materials and speak English fluently.
614
А32
ВЛИЯНИЕ ТАНЦЕВАЛЬНОЙ ТЕРАПИИ НА ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ ЗДОРОВЬЕ ПОДРОСТКОВ
Ахмаджанов Ш.А., Аубакирова С.А.
Таразский государственный педагогический институт, г. Тараз
Современное казахстанское общество с его стремительными социально-экономическими изменениями, нестабильностью и утратой, в значительной мере, прежних ценностных ориентиров, в том числе и семейных, становится всё более равнодушным. В том числе и к эмоциональному состоянию одних из самых уязвимых его членов – подростков.
Актуальность темы определяется увеличением числа подростков, столкнувшихся с такой проблемой, как отсутствие должного внимания со стороны взрослых (социальная безнадзорность). Формирование у детей установок на недоверие к близким взрослым и барьеров в отношениях между ними выступает как результат отсутствия доверия в отношениях, неумения и нежелания взрослых принимать и по достоинству оценивать ребенка. Сегодня дети, и особенно подростки, проводят ежедневно гораздо больше времени в компаниях себе подобных, вне досягаемости родительского и другого «взрослого» контроля. И это неудивительно. Любой нормальный человек страдает в своей целостности от обособленности, отчужденности по отношению к самому себе и к миру (А. Камю). Заброшенность, ненужность доставляют особенно неприятные ощущения, если они не уравновешиваются полноценным общением. Подростки в силу своей незрелости, неумения самостоятельно организовать свою деятельность, поддаются сомнительным увлечениям, пропускают занятия в школе, плохо учатся, нарушают дисциплину. В самом деле, большинству родителей в настоящее время уже не до «хорошего поведения» своих детей. Даже если они и хотели бы опекать каждый их шаг, исходя из чисто эмоциональных побуждений, это редко становится возможным, так как все свое время они вынужденно проводят отдельно от детей, в разных местах — как дома, на досуге, так и на работе. Вместе с потерей неофициального контроля многие, и особенно наиболее нуждающиеся во внимании дети, сегодня перестали быть объектом и официального контроля со стороны социальных институтов. Поэтому, важным дополнением к традиционным методам обучения и воспитания является развитие деятельности психологических центров помощи населению, в которых подростки могут научиться понимать свои индивидуальные особенности и развивать имеющиеся способности, а также управлять своим поведением в рамках возникших ситуаций. Анализ данных официальной статистической отчетности последних лет говорит о тенденции распространения явлений безнадзорности, а также беспризорности в подростковой среде, что определяет уровень преступности среди несовершеннолетних в целом. В настоящее время важность улучшения организации свободного времени для детей и подростков, а также реализация различных психологических программ признается необходимым фактором гармоничного существования общества и одним из основных условий психологического здоровья и целостного развития личности.
Одним из средств поддержки психологического здоровья подростков является танцевально-двигательная терапия.
Основная задача танце-двигательной терапии - обретение чувствования и осознанности собственного «Я». Люди обращаются к танце-терапевту потому, что они, будучи отчужденны от тела, не чувствуют себя интегрированными, В нашей современной культуре мы относимся к телу часто как к вещи, предмету. Танце-терапевт относится к телу как к эволюционирующему процессу. И еще важнейшее отличие танце-двигательной терапии от различных подходов работы с телом состоит в том, что здесь клиент сам исследует себя (принцип активности клиента), свои движения и развивается по собственному пути, а терапевт следует за ним (т.е. недирективный стиль терапии). Данная терапия больше интересуется тем, как движение чувствуется, чем тем, как оно выглядит.
Все телесно-ориентированные методы развития, обучения или психотерапии базируются на одном эмпирически подмеченном факте:
Существует глубокая взаимосвязь между устойчивыми структурами психики, блоками, стереотипами, зажимами с одной стороны и с соматическими мышечными зажимами с другой стороны. Иначе говоря, человек, закрепощенный психически как правило закрепощен и физически. Верно и наоборот. Таким образом, воздействуя на мышечные зажимы возможно воздействовать на соответствующие структуры в психике, и наоборот. Глубина этих воздействий зависит от множества факторов. Важно помнить, что методы танцевальной психотерапии работают именно с психикой через тело. Само тело может являться объектом манипуляций в специальных случаях. Хотя при этом речь не идет о разделении тела и психики (психосоматическая проблема). Они представляют суть одно. Тело не есть дом пребывания личности. Тело это часть личности.
Стрессы, неразрешенные проблемы «подвисают» в человеческом сознании и проявляются на телесном уровне в мышечных блоках. Чем больше напряжение, тем меньше возможность двигаться, то есть не нашедшие выхода чувства оседают на нас этаким «панцирем скованности». Мы приобретаем «неосознаваемые» мышечные позы, лишая себя эмоционального здоровья и ограничивая собственную экспрессию.
Изучить эмоциональное состояние можно при помощи разных методов исследования. Предъявление психодиагностических методик подросткам.
Диагностика подростков по методике «Восьмицветовой тест Макса Люшера». Процедура диагностического обследования проводилась индивидуально с каждым.
Диагностика подростков по методикам «Диагностика состояния агрессии» (опросник Басса-Дарки), «Определение уровня конфликтоустойчивости». Процедуры диагностического обследования проводились в групповой форме.
Включение подростков экспериментальной группы в формирующий эксперимент. Подростки первой группы занятий не посещали.
Повторная диагностика подростков обеих групп.
Анализ полученных результатов.
Обработка выводов.
Например, при организации тренинга танце-двигательной терапии:
Танец «Кто Я?» («Танец – визитная карточка»)
Цели:
самопрезентация участников;
запуск интерпретационных процессов в группе;
исследование самоотношения участниками группы.
Время: 1 - 1,5 часа.
Материалы: музыкальное сопровождение по выбору участников.
Описание проведения: Группа садится в круг. Ведущим дается инструкция: «Мы с вами – члены племени, где основное средство общения – танец. При знакомстве там люди спрашивают друг у друга: «Как ты танцуешь?». Ваша задача – протанцевать танец, который позволил бы остальным участникам познакомиться с вами, танец – визитную карточку». Один из участников выходит в центр круга и танцует свой танец под выбранную им музыку. По окончании танца каждого из участников члены группы обмениваются впечатлениями. Упражнение длится до тех пор, пока каждый участник не побывает в центре круга.
Возможны также разнообразные вариации этого упражнения, связанные с выражением в танцевальной форме традиционных компонентов Я - концепции: «Я - реальное», «Я - идеальное», «Я - глазами других». Например: один из участников выходит в центр круга и танцует сначала танец «Какой я есть на самом деле», затем – танец «Каким бы я хотел быть», после этого – «Каким меня видят другие». Для начала тренинга такой вариант тяжеловат, его можно использовать в том случае, когда для группы станут актуальными социально-перцептивные аспекты общения; проблемы групповых и межличностных ожиданий; вопросы, связанные с пониманием, что я есть для себя и других. Танец в данном случае выступает материалом для последующего обсуждения, организовать которое становится главной задачей ведущего.
Схемы обсуждения:
что чувствовали участники - наблюдатели и сами танцующие?
какие образы, ассоциации возникали в связи с танцем центрального участника?
как в нескольких словах можно охарактеризовать танец того или иного члена группы?
каковы характерные особенности танцевальной экспрессии участников?
насколько отличаются танец «Я – реальное» от танца «Я – идеальное»?
танец был направлен на самовыражение или на взаимодействие с другими?
Упражнение «Нарцисс и ручей»
Цели:
разрядка психоэмоционального напряжения;
развитие позитивных взаимоотношений;
самопринятие и взаимопринятие.
Время: 15 - 30 минут.
Материалы: медитативная музыка, музыка с элементами звуков природы – шум дождя, плеск воды и т.п. (например, «The Sounds of Nature» - «Mountain Paradise»).
Описание проведения: Упражнение выполняется в парах, что и предыдущие два упражнения. Ведущий рассказывает группе легенду о Нарциссе, которой однажды, увидев свое отражение в ручье, влюбился в него. Участники становятся друг напротив друга и смотрят друг другу в глаза. Один из них – «Нарцисс», другой – его зеркальное отражение. «Нарцисс» начинает спонтанно двигаться, выражая лучшие стороны своей личности, наслаждаясь своими движениями, любуясь своим «отражением» и осознавая возникающие чувства. В роли Ручья участник зеркально отражает движения партнера. Через 5–10 минут Нарцисс и Ручей меняются ролями. По окончании участники делятся чувствами «здесь и теперь» в парах.
Разминка «Танец в кругу и зеркальное отображение»
Цели:
«разогрев» участников;
стимулирование межличностного взаимодействия;
эмпатическое принятие;
развитие танцевально-экспрессивного репертуара участников
Достарыңызбен бөлісу: |